Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Аналар мерекесі
2015-03-05, 6:58 PM
Алматы облысы
Қарасай ауданы
Қаскелең қаласы
"Сандуғаш" балабақшасының тәрбиешісі
Базарбаева Шынар Ибадуллаевна
Ертеңгіліктің тақырыбы: Мерекең құтты болсын, Аяулы ана!
Мақсаты: Балаларға 8-наурыз аналар мерекесі жайлы мағлұмат беру. Балаларды наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір қасиеті туралы мағлұмат беру.
Балалардың ой өрісін танымын, анаға деген сүйіспеншілігімен құштарлығын одан әрі дамыту.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананның махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбелеу.
Барысы:
Қыздар музыка әуенімен залға кіреді, содан соң ұлдар кіреді де қыздарға гүл сыйлайды, барлығы бірге билейді де, орындарына тұрады.
Аянұр-Арслан, Аяулым-Елнур, Асылай-Мадияр, Каусар-Төрехан, Айша-Нұрасыл, Сымбат-Аслан, Ақбота-Дінмұхаммед, Фатима-Санжар, Ланура-Дамир, Дамилия-Алихан, Еркебұлан, Бақдәулет, Ерасыл.
Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осы мерекеге орай «Мерекең құтты болсын, Аяулы ана! » атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
-Үйдегі алтын қазық кім?
-АНА!
-Ашты тоқ, жоқты бар ететін кім?
-АНА!
- Ана! Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ең қадірлі ана.
Балалар:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Ән: Анашым
Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ мамам.
Менің мамам сүйкімді,
Бәрінен де жақсы адам.
Күнде осылай шыдамай,
Қарсы аламын мамамды.
Құшақтаймын қуана,
Ең әдемі адамды.
Балалар:
Аяулысың, ардақты асылдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Балалар қолдарындағы гүлді шашып, орындарына отырады.
Нұрасыл:
Сенен өскен балалар,
Сенен өскен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті асыл аналар.
Каусар:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Еркебұлан:
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтанған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ мамам.
Ақбота:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Арслан:
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Ланура:
Мен анамның оң қолы,
Тілін алып жүремін.
Мен анамның оң қолы
Бәрін істей білемін.
Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Оқып білім аламыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
-"Ананы сағыну" көрінісін тамашалаңыздар.
Анасы жұмысқа кеткен, қыздары аналарын күтіп отырады. Кешке анасы жұмыстан келеді. Қыздары аналарының алдынан жүгіріп шығып құшақтайды.
Ана:
- Қыздарым менің, мені қалай сағындыңдар?
Қыздар қалай сағынғандарын айтады:
Ақбота:
-Анашым, мен сені күн сәулесін күткен гүл сияқты сағындым.
Ланура:
- Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.
Фатима:
-Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.
Сымбат:
-Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.
Каусар:
-Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай жыладым.
Ал кішкентай қызы үндеген жоқ. Анасына орындық әкеп беріп отырғызады, сосын су әкеп береді.
Анасы:
- Қыз-қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.
Кіші қызын құшақтайды.
- Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
-Ана.
-Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім?
– Ол – мейірімді ана.
-Құрметті де ардақты, аналар! Адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін!
Жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі Жорға биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Жорға биі», қабыл алыңыздар!
Санжар, Еркебұлан, Аслан, Төрехан, Елнур, Мадияр, Дамир.
Жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Аянұрдың орындауында "Ақ мамам" әнін қабыл алыңыздар.

"Ақ мамам"
Еркелеймін шаттанам,
Жарқын күлкің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші, келші, келші, келші ақ мамам.
Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші, келші, келші, келші ақ мамам.
Дамир:
Анамыздың мейрамы,
Не істеу керек білмейміз.
Қалай көңілін тапсақ деп,
Түнде көзді ілмейміз.
Алихан:
Сабағым ғой болмаса,
Дүкенге өзім барар ем.
Күлін алып , от жағып,
Ағашын да жарар ем.
Мадияр:
Қойым болса қорада,
Оған шөбін салар ем.
Қи шығарып, су тасып,
Қозыларға қарар ем
Аслан:
Қыз болсам ғой қиналмай,
Кірін жуып берер ем.
Шәй қайнатып, бала ойнатып,
Үйін жинап жүрер ем.
Елнур:
Епті емеспін мендағы,
Еден жуа салмаймын.
Екі-үшеуін сындырмай
Ыдыс жуа алмаймын.
Бәрі:
Қайдан біле берейік,
Көп тірліктің жайын біз.
Қандай жұмыс болса да,
«Ана» үшін дайынбыз.
Жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге,- деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
"Гүлдер" биі
Кәусар, Айша, Дамилия, Ақбота, Фатима, Сымбат, Асылай.
Жүргізуші:
Құлыным дейді әжем,
Бірақ мен баламын.
Әппағым дейді әжем,
Бірақ мен қарамын, - дегендей, біздің қуанышымыз бен ренішімізді анамыздай бөлісетін әрқашанда мейірімді жүзбен, сағынышты көңілмен бізді қарсы алатын-ол біздің әжеміз. Әжелеріміздің құрметіне ән шырқайық.
Әже
Үйреткен сөз мәнін,
Тілімізсің әже.
Жарқыраған дәйім,
Күнімізсің әже.
Қ-сы:
Ұл-қызыңа ерген,
Немереңбіз әже.
Немереңнен өрген,
Шөбереңбіз әже.
Шуағыңды сеуіп,
Жайна анамыз әже.
Жұлдыздарың сені,
Айналамыз әже.
Дамилия:
Ана, әже, апалар,
Құтты болсын мереке.
Осы келген ортаға,
Тілейміз біз береке.
Сымбат:
Бал бөбегін баптаған
Мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.
Бағдәулет:
Менің әжем ақ әжем,
Ұл мен қызың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Елнур:
Әже деген көп шығар,
Әжемдейі жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.

Жүргізуші:
Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп, еркелеттің, аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!
- Фатима мен Ланураның орындауында "Әже" әнін қабыл алыңыздар.
Ән: "Әже" Орындайтындар: Фатима, Ланура.
Әже
Ақ кимешек киген, киген.
Ақ бетіңнен сүйген, сүйген.
Әжем менің қандай,
Әжем менің айдай.
Бізді жақсы көрген, көрген.
Ертегі айтып берген, берген.
Әжем менің қандай,
Әжем менің айдай.
-Әжелеріміз келіп қалыпты, әжелерді тыңдайық.
"Төрт әже" көрініс
Бәрі:
Келіннен қорқып саспайық
Келіңдер, өсек бастайық
Немеренің әртүрлі,
Қылығын айтып тастайық..
Апыр-ай, белім-ай,
Қайда кеті келін-ай.
1 бала:
Немерем менің қазақша,
Таза сөйлей алмайды.
Орыс тілде сөйлесе,
Алдына жан салмайды.
Ойпырым-ай, сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай!
2 бала:
Немерем менің компьютер
Ойына тоймайды.
Тамақа да қарамайды.
Үзіліссіз ойнайды.
Ойпырым-ай, сұмдық- ай,
Бұл не деген масқара-ай!
3 бала:
Немерем менің сабақтан,
Екі алып келеді.
Жамандаса апайын
Келін соған сенеді.
Ойпырым-ай, сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай!
4 бала:
Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты.
Он теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
Ойпырым-ай, сұмдық-ай,
Бұл не деген масқара-ай!
Бәрі:
Келіндер келіп қалған ба,
Біз де үйге кетейік.
Немере тәтті жалғанда
Барына шүкір етейік.
Апыр-ай, белім-ай,
Шай қойдың ба , келін-ай?
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- "Испан биін" қабыл алыңыздар.
Димаш, Аянұр, Арслан, Аяулым, Нұрасыл, Ланура.
Жүргізуші:
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім.
- "Үш ана" көрінісін тамашалаңыздар
Жүргізуші:
Ойыннан келген Аяулым
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да,
Хал сұрауды көздеді.
Қызы:
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)
Жүргізуші:
Аяулымның осы сәт,
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі
Анасы:
Аяулым-ау, бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде саған ұмытпай,
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып,
Осы сені не істеймін (отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан,
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әжесі:
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та,
Жайын ойлап жалпының.
Қарашығым, қарағым,
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)
Жүргізуші:
Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.
Бәрі – үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес,
Білсеңіздер ана болу!
-Рөлдерде ойнағандар: Аяулым– қызы, Аянұр– анасы, Фатима-әжесі
Жүргізуші:
Бүгін мейрам, жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.
Жарығыңмен шуағыңмен күн – Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Көктем
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ару көктеммін. Мені күтіп отырсыңдар ма?
Сәлем өрен достарым,
Алақанды тос бәрің.
Қымбатты сый алыңдар,
Қызығыма қаныңдар.
Міне, балалар бұл менің мол байлығым. Қыздарымыз көктемдей құлпырып жүрсін. (Көктем қыздарға сый таратады).
-Балалар, "Көктем" әнін шырқайық.
Көктем
Көктем келіп шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай,
Құстар сайрап,
бақтар жайнап, гүл атты.
Дала гүлге толыпты,
Аққу көлге қоныпты.
Алақай-ау, алақай,
Көктем қандай,
көктем қандай, көрікті.
Балалар:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүз жасап,
Ауырмашы анашым.
- Әр баланың өзі дайындаған, аналарына арналған сыйлықтары бар екен. Сыйлықтарын табыс етсін. Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.
Категория: Дошколенок | Добавил: shynar9842 | Теги: Базарбаева
Просмотров: 1274 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 3:31 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru