Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Айналайын, анашым!
2015-03-09, 5:42 PM
Алматы облысы
Қарасай ауданы
Қаскелең қаласы
"Сандуғаш" балабақшасының тәрбиешісі
Базарбаева Шынар Ибадуллаевна
Тақырыбы: Айналайын, анашым!
Мақсаты: Мерекелік көңіл-күй құру, анасы мен әжесіне деген сыйластыққа тәрбиелеу. Ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру. Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Балалар көңілді әуенмен залға кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы аналар, ұлағатты ұстаздар, сымбатты арулар! Өздеріңізге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Армысыздар ару қыздар, абзал ана,
Анаға тең келетін бар ма дана?
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,
Қуанышпен құшағың гүлге толсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбастарыңызға амандық, татулық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Балаға ең жақын сіз-Аналар, сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар. Әлемдегі ең ғажап, ең әсем сөз бұл-Ана. Ендеше, құрметті аналар балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!
Мөлдір:
Ақ тілекті ағытып біз тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздерінен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әр күнің мен әр айың.
Арман:
Аналар осылайша жүзге жетсін,
Ұл-қызың енді өзіңді еркелетсін.
Әрқашан шаттықтардан орын алып,
Уайымның не екенін білмей өтсін.
Айғаным:
Әр сөзіңді жаттағам, жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам, айналайын ақ мамам.
Аналарды сүйеміз, сөзін ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап, әдеппен бас иеміз.
Аяна:
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың,
Аман сау бол ақ мамам.
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған.
Алтыным деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам.
Ельдар:
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде,
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан да ана сізбен берекеміз,
Ақтасақ ақ сүтіңді асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Зейнеп:
Аяулысың бұл өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән менен күй өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Ән: "Әже"
Көңілдегі көктем еткен,
Асыл әжем еркелеткен.
Өнегеңіз алғыс болған,
Әрбір сөзің еркелеткен.
Қайырмасы:
Асыл әжем, асыл әжем,
Өзіңізді басып өсем.
Асыл әжем, асыл әжем,
Ән арнаймын шашып әсем.
Перзентіндей аялаған,
Немереден аямаған.
Сағынышта бейнеңізді,
Ұрпақтарын саялаған.
Жүргізуші:
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.
Ән: "Ай дидарлы, анашым!" Орындайтындар: Зейнеп, Жансая.
Ай дидарлы анашым,
Ақыл айтар данасың.
Аман болшы әрқашан,
Тек тілейді балашың.
Тең көрмейтін ешкімге
Орның бөлек данасың.
Жүрегімде бар өзің,
Өзіңде мол қарызым.
Мәңгі бақи алдында,
Өтей алмай парызың.

Залға ән айтып Қызыл телпек кіреді. Қызыл телпек бүгінгі мерекеге арнап әжесі мен анасына гүл теріп орманда жүреді. Алдынан Арман мен Аделья шығады.
Қызыл телпек:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар:
-Сәлеметсің бе, Қызыл телпек! Сен орманда не істеп жүрсің?
-Мен анама арнап гүл теріп жүрмін.
-Біздің де аналарымызға арнаған сыйымыз бар. Біз "Ча-ча-ча" биін билеп береміз.
Би: "Ча-ча-ча". Арман және Аделья
Қызыл телпек қыдырып жүріп Саңырауқұлақтарға кездеседі.
Қызыл телпек:
-Қандай керемет саңырауқұлақтар! Сәлеметсіңдер ме, Саңырауқұлақтар! Біреуін жұлып алсам бе екен?
Саңырауқұлақтар:
- Жоқ-жоқ-жоқ. Біздің де аналарымызға арналған сыйымыз бар.
-Онда көрейік.
Саңырауқұлақтар:
-"Әжетайым" әнін қабыл алыңыздар!
Ән: Әжетайым. Орындайтындар: Арман, Айқын, Өмірхан.
Еркелетіп күнде сен,
Ертегі айтып бересің.
Құлыным деп бір иіскеп,
Еркелетіп келесің.
Қайырмасы:
Әжетайым, әжешім,
Сағынамын мен сені.
Еркелетіп аймалап,
Қасыңа алшы сен мені.
Әжем менің әжешім,
Қартаймашы ешқашан.
Екеумізде баламыз,
Тойға бірге барамыз.
Қызыл телпек келе жатып, көп гүлдерге кезігеді.
Қызыл телпек:
-Қандай әдемі гүлдер! Сәлеметсіңдер ме, әдемі гүлдер!
Гүлдер:
-Сәлеметсің бе, Қызыл телпек! Ал сен, орманда не істеп жүрсің?
-Мен анама арнап гүл теріп жүрмін.
-Біздің де мерекеге арнаған биіміз бар. Біз "Көктем" биін билейміз.
-Менің де билегім келіп тұр.
-Онда бәріміз бірге билейік. "Көктем" биін қабыл алыңыздар!
Би: "Көктем". Аяна, Альфия, Мөлдір, Әсем, Зейнеп, Айғаным.
Қызыл телпек гүл теріп жүреді. Гүлден-гүлге ұшып-қонып жүрген көбелектерді көреді. Оларды қуалайды.
Қызыл телпек:
-Сәлеметсіңдер ме, әдемі көбелектер!
Көбелектер:
-Сәлеметсің бе, Қызыл телпек! Сен орманда не істеп жүрсің?
-Мен әжем мен анама арнап гүл теріп жүрмін.
-Біздің де аналарымызға арналған әніміз бар.
-Менің де сендермен бірге ән айтқым келеді.
-Онда бірге айтайық. "Ақ мамам" әнін қабыл алыңыздар!
Ән: "Ақ мамам". Аяна, Жанель, Айлин, Мөлдір.
Еркелеймін шаттанам,
Жарқын күлкің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйейін.
Келші, келші, келші, келші ақ мамам.
Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші, келші, келші, келші ақ мамам.
Қызыл телпектің алдынан бір топ бала шығады.
Қызыл телпек:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар:
-Сәлеметсің бе, Қызыл телпек!
-Балалар, сендер испан елінен келген жұлдыздар емессіңдер ме?
-Жоқ, бірақ біз испан биін билей аламыз.
-Аналарымызға арналған "Испан" биін қабыл алыңыздар!
Би: "Испан биі" Нұрай, Елдар, Жанель, Өмірхан, Рабия, Әділжан, Айлин, Зарина, Алинур, Алдияр.
Көрініс: "Мен анамдай боламын".
Мөлдір дастарқан әзірлеп жүреді.
-Анамыздың мейрамы,
Не істеу керек білмейміз.
Қалай көңілін тапсақ деп,
Түнде көзді ілмейміз.
Сабағым ғой болмаса,
Дүкенге өзім барар ем.
Күлін алып, от жағып,
Ағашын да жарар ем.

Аңсар еден жуып жүреді.
-Қойым болса қорада,
Оған шөбін салар ем.
Қи шығарып, су тасып,
Қозыларға қарар ем.
Қыз болсам ғой қиналмай,
Кірін жуып берер ем.
Шай қайнатып, бала ойнатып,
Үйін жинап жүрер ем.

Зейнеп ыдыс жуып жүреді.
-Епті емеспін мен дағы,
Еден жуа салмаймын.
Екі-үшеуін сындырмай,
Ыдыс жуа алмаймын.
Қайдан біле берейік,
Көп тірліктің бәрін біз,
Қандай тірлік болса да,
Ана үшін дайынбыз.

Альфия оқтаумен нан жаяды.
-Тыным таппай күнімен,
Ұйқы көрмей түнімен.
Бар тірлігін тындырып,
Бірге ойнайды менімен.
Қамқоршы боп жүреді,
Маңдайымнан сүйеді,
Суға түсіп отқа да,
Бір мен үшін күйеді.

Жанель сурет салып отырады.
-Сеніміңді ақтайды,
Еркелеткен балашың.
Аман жүріп әрқашан,
Мұңаймашы, анашым.
Мерекеңмен өзіңді,
Құттықтаймын балашың.

Айғаным сыпырып жүреді.
-Өнегесін үйреніп,
Көмекші боп жүрейік.
Алдарыңда бас иіп,
Би де билеп берейік.
Барлығы:
-Уһ, шаршадым. Мына тірліктің бәрін анам қалай үлгеріп жасап жүр екен.

Қызыл телпектің алдынан балалар шығады.
Қызыл телпек:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар:
-Сәлеметсің бе, Қызыл телпек!
-Балалар, сендердің көйлектерің қандай әдемі! Сендердің қандай өнерлерің бар?
-Біз қазір "Тентектер" биін билейміз. Қабыл алыңыздар!
Би: "Тентектер". Айқын, Аида, Жансая, Аделья, Мейрамбек, Мусайб, Рахат.
Ән: "Ақ мамам"
Мамам менің ақ мамам,
Балын маған сақтаған.
Әнін маған сақтаған,
Бәрін маған сақтаған.
Мамам менің ақ мамам,
Мамам менің ақ мамам.
Мамам менің ақ мамам,
Менсіз таңы атпаған.
Мен ұйықтамай жатпаған.
Мамам менің ақ мамам,
Мамам менің ақ мамам.
Көрініс: "Әжелер"
Әжелер әңгімелесіп отырады.
Бәрі:
Келіннен қорқып саспайық
Келіңдер, өсек бастайық
Немеренің әртүрлі,
Қылығын айтып тастайық..
Апыр-ай, белім-ай,
Қайда кеті келін-ай.
1 бала:
Немерем менің қазақша,
Таза сөйлей алмайды.
Орыс тілде сөйлесе,
Алдына жан салмайды.
Ойпырым-ай, сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай!
2 бала:
Немерем менің компьютер
Ойына тоймайды.
Тамақа да қарамайды.
Үзіліссіз ойнайды.
Ойпырым-ай, сұмдық- ай,
Бұл не деген масқара-ай!
3 бала:
Немерем менің сабақтан,
Екі алып келеді.
Жамандаса апайын
Келін соған сенеді.
Ойпырым-ай, сұмдық-ай,
Ұят екен масқара-ай!
4 бала:
Немерем менің теңгеге,
Үйір болып алыпты.
Он теңгені сағызға,
Аямай бере салыпты.
Ойпырым-ай, сұмдық-ай,
Бұл не деген масқара-ай!
Бәрі:
Келіндер келіп қалған ба,
Біз де үйге кетейік.
Немере тәтті жалғанда
Барына шүкір етейік.
Апыр-ай, белім-ай,
Шай қойдың ба , келін-ай?
Қызыл телпек:
-Сәлеметсіздер ме, әжелер!
Әжелер:
-Сәлеметсің бе, Қызыл телпек!
-Әжелер-ау, әжелер, менің әжем мен анамды көрдіңдер ме?
-Ия, көрдік. Жаңа анау дүкенге кіріп бара жатқан.
Қызыл телпек әжесі мен анасына барып, теріп алған гүлдерін сыйлайды.

Мейрамбек:
Бәріміздің анамыз,
Бәріміздің панамыз.
Бұл кісінің алдында,
Бәріміз де парызбыз.
Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын,
Айналайын әжелер,
Құтты болсын мерекең.
Жанель:
Өмірде маған ең жақын,
Данасың сен анашым.
Болмаса мейлі зор даңқың,
Мен үшін мәңгі дарасың.
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың,
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
Балалар аналарына арнап жасаған сыйлықтарын сыйлайды.
Ұлдар қыздарға арнап жасаған сыйлықтарын сыйлайды.

Аялы да, алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың, - деп бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Категория: Дошколенок | Добавил: shynar9842 | Теги: Базарбаева
Просмотров: 1313 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 6:36 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru