Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Жеті түсті гүл жапырағы
2015-05-17, 4:23 PM
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Державин қаласы
«Шаңырақ» б/б
Ахметова Гүлнар Кошербайқызы

Жеті түсті гүл жапырағы

Автор: Валентин Катаев.

Ұйымдастырылған іс - әрекет: «Таным»
Білім беру саласы: Математика
Мақсат –міндеттері: Балаларды қарапайым математикалық дағдырларын қалыптастыра отырып, сандар жайлы түсініктерін тереңдету. Балаларды 10-ға дейінгі сандардың таңбасын тануға, атауға, санай білуге, геометриялық пішіндерді тануға, ретімен және кері жанылмай санауға ынталандырып, тапсырмалар арқылы ықпал ету, санның реттік таңбасының орнын есте сақтауға үйрету. Таяқшадан үшбұрыш, төрт бұрыш, бес бұрыш құрастыруға болатынын үйрету; баланың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту, зейінін, тез ойлауын, шапшаң есептеуге қызығушылықтарын ояту; бір – біріне деген достық қарым – қатынасын, досының қуанышын сезіне білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Таяқшалар, пішіндердің суреттері,таяқшалар,т.б.
Билингвальды компонент: Жеті түсті гүл жапырағы – цветик семицветик.

Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Бәріңізді құрметтеп,
Бас иеміз біз!

- Мұхтар иттің жылаған дыбысын естіледі.
- Мұхтар сен неге жылап отырсын?
- Балалар, қараңдаршы, Мұхтардың қолында хат бар екен.
Мен алып оқиыншы ішінде не жазылған екен?
Менің қолымда сиқырлы гүл болған еді.Сол гүлдің алты жапырағынан мен алты тілек тілеген едім. Ал енді мен өз аяғымды ауыртып алдым ,енді сендер сол гүлдің жетінші жапырағын тауып алуға көмек көрсетуіне өтінемін. Бірақ тауып алу үшін тапсырмаларды орындау керек.
- Балалар, көмек көрсетіңдерші. Мен аяғымды қатты ауыртып алдым. Аяғымның тез жазылып кеткенін қалаймын. Мен болсам гүлдің жапырағын жоғалтып алдым.
- Балалар тауып беруге көмек көрсетеміз бе?
- Иә.
Қолында хат болады.
Тәрбиеші алып оқиды. Балалар гүл жапырағын тауып алу үшін сендер біраз қиындықтардан өтесіндер.
Бірінші тапсырма: Қазір біз екі топқа бөлініп машиналарды құрастыруға кірісеміз.
Ұлдар бөлек, қыздар бөлек. Қай топ бірінші құрастырады, сол топ қолын көтеру керек.
Өте жақсы. Ал енді маған айтындаршы ,қыздар сендердікі жүк машина ма әлде жеңіл машина ма?
Қыздар: Жеңіл машина.
Ұлдар Сендердің машиналарын қандай?
Ұлдар: Жүк машина.Өте жақсы.
Ал енді маған қарай жақыңдандар.

Екінші тапсырма: Мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Үрлесең жеп -жеңіл
Елпілдеп кетеді
Ұшырсаң көк – теңбіл,
Бұлтқа да жетеді
(Шар)

Ал енді біздің шарлар жан –жаққа ұшып сандар шатасып кетті. Ал сендер осы шарларды қатармен қойыңдар. Балалар қатармен санайды. Содан соң ретпен санату. Сосын сандардың көршісін тауып айтқызу.
Өте жақсы.
Тапсырма: Менің қолымда сиқырлы таяқша бар. Мен кімді осы сиқырлы таяқшамен түртіп қалсам сол санайды.
Қане енді есеп шығарайық.
Логикалық есеп.
Қайың ағашында екі алма өсіп тұр.Бір алманы Арнұр жеп қойды . Қайың ағашында неше алма қалды?
Софина дүкенге барды да үш алма сатып алды. Біреуін Аделяға берді. Софинаның қолында неше алма қалды?
Жұлдыздың қолында екі кәмпит болды, сосын Аделя Жұлдызға бір кәмпитті берді. Жұлдызың қолында неше кәмпит қалды?
Балалар бүгін аптаның қай күні?Дүйсенбі .Өте дұрыс.
Ертең қандай күн? Сейсенбі.
Бір аптада неше жұмыс күні бар? 5күн
Қане, атап шығайық. Дүйсенбі т.б
Бір аптада неше күн демаламыз? 2 күн
Атап шығу: Сенбі, жексенбі.

3 тапсырма: Балалар, мынау қандай пішін?
Дөңгелек.
Үшбұрышта неше бұрыш?
Үш бұрыш.
Мына жерде қандай пішін артық?
Шеңбер
Неге?
Cебебі шеңберде бұрыштар болмайды.
4 тапсырма: Балалар орнымызға отырып тапсырмамызды жалғастырайық.
Енді үш таяқша алып қандай пішін құрастыруға болады.
Төрт таяқшадан қандай пішін құрастыруға болады? Төрт бұрыш.
Ал енді бес таяқша алып қандай пішін құрастыруға болады?
Бес бұрыш.
Бес бұрыш қандай пішінге ұқсайды?
Үйдің пішініне ұқсайды..
Өте жақсы таяқшаларды жинап қояйық.
Сергіту сәттері:
Балалар қай жерде тақта орналасқан? Алдымызда.
Сөрелер қай жақта орналасқан? Артымызда.
Алдарымызда сандар жатыр.Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер сол сандарды алып, маған көрсетулерін керексіңдер. Кім айтады оң қолымызда неше саусақ? Бес санын көрсетеді. Сол қолымызда неше саусақ ?Бес санын көрсетеді. Бағдаршамда неше көз?
Үш санын көрсетеді.
Мысықта неше құйрық? Бір құйрық
Тауықта неше қанат? Екі қанат.
Алдарында сурет салынған пішіндер жатыр. Сол пішінге сәйкес суретті тауып оны сызықшалар арқылы қосындар.
Ал енді карточкаларымызды жинап қояйық. Өте жақсы.
Балалар мен сиқырлы жапырақтың гүлін тауып алдым.
- Мұхтар арманынның орындалғанын қалайсың ба?
- Иә,әрине.
Ондай болса тілегінді айт..

Үш гүл жапырағы өте биікке.
Менің арманым орындалып,
Мұхатрдың аяғы тез жазылып кетсін!

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндер,кеңістік,шамалар туралы білу.
Үйрену керек: бір – бірін сыйлау,құрметтеуге,ұқыпты жұмыс жасауға.
Категория: Дошколенок | Добавил: m_kanatovna
Просмотров: 1003 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 4:19 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru