Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Балалалық шақ әлемі
[ Скачать с сервера (28.8 Kb) ] 2016-01-04, 8:22 AM
Тақырыбы: Балалық шақ әлемі.
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ертеңгілік.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Кіріспе сөз.
Магнитофонға жазылған дауыс:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепалды даярлық сыныбымен қоштасу ертеңгілігіне Семей қаласының №7 мектебінің 0 «А» сыныбының түлектері «Бақытты балалық шақ» ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында қалта телефондарыңызды өшіріп,дабыр сөзді қойып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп,әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.

Тәрбиеші:
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.

Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Тәрбиеші: Ән «Мектебім».Барлық балаллар айтады.

Мұғалім: Алдымдағы балалар
Мектепке кетіп барады
Тақпақ айтып бір – бірден
Қимай кетіп барады- дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ, өлеңдерін айтуға шақырамын.
1 оқушы:Дамир А
Нағыз білім ырыс бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.

2 оқушы:Тамирлан А
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге барамыз.
3 оқушы:Медина
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.
4 оқушы:Дамир Б
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
5 оқушы:Темірлан
Ән салайық бас қоса
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.
6 оқушы:Радмир
5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
7 оқушы:Нурали
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім,
Ата-анамыз қуансын.
Мұғалім:
Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып, би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады
«Қазақ биі» орындалады . 5 қыз орындайды.
Сол кезде доппен Жалқаубек келеді (қолында рогатка, допты теуіп кіреді )
Жалқаубек: Ой мында не болып жатыр, кеттік балалар ойнауға, не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр, кеттік .(бір баланы қолынан жетектеп алып кетпекші болады)
Мұғалім: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой, қарашы біздің балалар қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емес пе?
Жалқаубек: біз мектепке бармаймыз, біз үшін аналарымыз, әжеміз оқиды, біз басымызды ауыртпаймыз.
Мұғалім:Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір, бүгін мектепалды даярлық сыныбымен қоштасып жатыр, сен анаңнан қалмай жылап келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып, біліп алған, кәне, отыршы көресің.
Мұғалім : мен балалармен ойын ойнап көрейінші балалар мектепке дайын ба:
Ойын «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.
Жалқаубек: балаларға қате сөздер айтып , шатастырып жүреді.
Мұғалім: Ал Жалқаубек қалай екен біздің балалар?
(Жалқаубек үндемей тұрады)
Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық. Мен балаларға сұрақтар қоямын, балалар иә,иә немесе жоқ, жоқ деп жауап берулері қажет, келістік пе?
1.Мектепке біз барамыз ба? «Иә, иә»
2.Кілең бестік аламыз ба? «Иә, иә»
3.Айтқан тілді аламыз ба? «Иә, иә»
4.Ақылды бала боламыз ба? «Иә, иә»
5.Нан жеймін деп жылаймыз ба? «Жоқ, жоқ»
6.Ертеңгісін тұрамыз ба? «Иә, иә»
7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба? «Жоқ, жоқ»
8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба? «Жоқ, жоқ»
9.Екі алғанда жылаймыз ба? «Жоқ, жоқ»
10.Оқушы біз боламыз ба? «Иә, иә»
Жалқаубек: Ой балалар аналарыңда, апаларыңда шаршайды ғой, бармаңдар мектепке не керек?
Мұғалім: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1.Балаңызға әрқашан тірек сіз ба? «Иә, иә»
2.Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба? «Иә, иә»
3.Тамағын уақытылы бересіз бе? «Иә, иә»
4.Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба? «Иә, иә»
5.Сериал көріп жатасыз ба? «Жоқ, жоқ»
6.Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба? «Жоқ, жоқ»
7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба? «Жоқ, жоқ»
8.Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба? «Жоқ, жоқ»
9.Балаңыз үшін басқа балаларды соғасыз ба? «Жоқ, жоқ»
10. Бала үшін асулардан асасыз ба? «Иә, иә»
Жалқаубек: Жауаптарды керісіңше айтып жүреді.
Мұғалім: Рахмет көп- көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік
Тәрбиеші: Үнді биің тамашалаңыздар

Мұғалім: - Балалар біз мектепке не үшін барамыз?
Айзере С: - Оқып білім алу үшін
Ислам: - Еліме еңбек ету үшін
Айжан: Білімді азамат болу үшін
Мұғалім : Мен балалармен тағы да ойын ойнағым келіп тұр, Жалқаубек сенде ойна.
Ойын «Тез тұратын сандар» деп аталады.
Шарты: Балаларға 1 -ден 10 – ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға, ретімен тез тұру керек.
Жалқаубек: Балалар сендер бәрін біледі екенсіндер, менің асығымнан, фишкамнан, добымнан да қызық ойын екен, менде үйге барып мектепке дайындалайын, балалар сау болыңдар, күзде мектепте кездесейік. (Жалқаубек кетіп қалады)
Мұғалім: Балалар сендерге көп рахмет, Жалқаубекті дұрыс жолға салдыңдарғой. Біздің де балалардың сіздерге дайындаған бір көріністері бар, «Портфель » көрінісін тамашалаңыздар.
Көрініс «Портфель»
Портфельдің суреті салынған үйшік тұрады.
Мұғалім:
Биік те емес, аласа
Бір портфель тұр жараса
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа
Сонда бұны кім алған,
Ішіне оның не салған
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік
Тук, тук, тук
Кіруге бола ма?
Әлде біреу тұра ма
Әрине ешкім тұрмайды
Тұрса үнсіз болмайды.
Әне пенал келеді
Мүмкін пенал кіреді.
Пенал: Пай, пай, пай
Түсім бе, әлде өңім бе?
Жай портфель емес тегінде
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын
Кім тұрады бұл жерде
Жайын біліп алайын
Тук. Тук, тук
Болар ма екен кіруге?
Кім тұрарын білуге
Жауапсыз қалды сұрағым
Онда өзім тұрамын
(Ішіне кіріп кетеді)
Мұғалім: Енді әліппе келеді
Портфельді олда көреді.
Әліппе: Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
Кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер
Бірге өмір сүрейін
Мұғалім: Есікті ашып осы сәт
Пенал шықты ақылды
Әліппені өзімен
Бір тұруға шақырды
Пенал: Кір әліппе бас қосайық
Бірге тұрып достасайық.
Мұғалім: Жүгіріп дәптер келді де
Кіргісі келіп ішіне
Қарайды олда телміре
Дәптер: Жазу жазар болса кім
Онда менде керекпін
Кіргізіңдер мені де
Бір тұрайық демекпін
Мұғалім: Әліппеде жөн көрген
Адал досты
Қатарына дәптерді
Жедел қосты
Әліппе: Кел дәптерім келіңіз
Портфельме кіріңіз
Оқушы үшін әрқашан
Керекпін деп жүріңіз
Мұғалім: Түрлендірген бір - бірін
Достарды күтіп алыңдар
Келіп жетті жүгіріп
Түрлі – түсті қаламдар.
Пайда болды «4»-тік те
Көп ұзамай «5»- тік те
Айтып жатты жарасып
Өз ойларын естірте.
«5»- тік: Оқушының бәрі де
Мені жақсы көреді
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.
«4»- тік: Жақсы оқитын балалар
«4»-пен «5»- ті алады
Ұқыпты, өзі ынталы
Тәрбиелі болады.
Қызыл қалам: Әрине, әрине
Керексіңдер бәріңде
Көңіл сиса сиямыз
Тар болса да ұямыз
Көк қалам: Тәртібінен сабақтан
«4», «5» алып жарыссын
Кіріңдер жақсы бағалар
Оқушылар танысын
Мұғалім: Міне осылай портфельдің
Лезде іші толып кетті
Арттарынан жүгіріп
«2»- лік пен «3» те жетті
«3» - тік: Портфелім мені қалдырмай
Кіргізіп ал ішіне
Жалқауларға жайлымын
Жалынбаймын екіге
«2»- лік: Жалқауларды жалдап алам
Аңқауларды алдап алам
Көшпей қалса сыныпта
Досым үшін менде қалам
Мұғалім:Сұрланып босағадан
Пенал шықты
Ұрысып «2» мен «3»- ті
Жерге тықты
Пенал: Сөздеріңді жөн көретін
Бізді аңқау деп едің
Балалардың досы мықты
Сендерсіз- ақ күн көретін
Еңбек етпей ерінсе
Ол оқушы болама?
Достарымыз «4»пен « 5»
Кетіңдер бізге жолама!
Мұғалім: Кіргізбей «2» мен «3»- ті
Сарт етіп есік жабылды
Cыйқырланып портфель
Пішіндерін өзгертіп
Иесін енді іздеді
Оқушы екен иесі
Міне өзі табылды
(оқушы қыз жүгіріп шығады)
Оқушы қыз:
Мен іздеген портфель
Іздеп жүрсем алыстан
Шыға келдім алдымнан
Ант беремін , уәде айтып
Жақсы оқушы боламын
Кілең бестік аламын
Тәрбиелі, үлгілі
Қазақстан азаматы боламын

Тәрбиеші:
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше.
Даярлықпен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
ӘН: «Ұстазым менің» орындайтын Айзере С,Алихан
Тәрбиеші:
Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді ,
Айтып берер санамақ.
(Санамақтар айтқызу)
1 саны-Әлихан
Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Барлық санға жол бастап
Ең басында тұрамын
2 саны-Аяла
Бірден кейін тұрағым
Бірден кейін тұрамын
Бірді-бірге қосқанда
Мен шығамын шырағым
3саны-Рахимжан
Екіден соң арқашан
Үш санымен тұрамын
Орныма барамын
Екі айшық саламын
4саны-Айзере Султангазина
Үш сызықтан аяғым
Оқушылар қояды
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы
5саны-Аружан Б
Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті
Санашы бір қолымның саусағын
6саны- Даяна
Мен өзімді қатарға
Бестен кейін тұрамын
Басым бестен басталып
нөлмен бітер аяғым
7саны- Амина
Қара мына қызықты
Көсеуді ұмытты
Жазылғанда қос дөңгелек
Бел ортамнан сызықты
8саны-Аружан Е
Менің атым сегіз
Жетіден соң десеңіз
Жеті болам бір тартсаң
Мен боламын сегіз
9саны-Ислам
Сегізден кейін тоғыз
Алтыны төбесінен тұрғыз
Сонда боламыз тоғыз

20 бала:Айзере Серікқалиева
Еткен еңбек жемісі,
Ақталды деп санаңыз.
Білім, әлем көгіне,
Қанат қағып ұшамыз.
Тәрбиеші:Испан биің тамашалаңыздар
Тәрбиеші:
Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар

Тәрбиеші: Алдарыңызда соңғы флешмоб биің тамашалаңыздар.

Балаларға алғыс хат тапсыру.
Тәрбиеші:
Балаларға диплом тапсыру муз

- Келесі кезекті құрметті ата-аналар , енді мен осы бір жыл бойы оқыған бүлдіршіндерімен дипломмен марапаттағым келеді.

Тамирлан біздің ізденгіш
Талпынады биікке

Комьпютерді меңгерген
Дамир кім тең келген?

Аружан біздің жан-жақты
Білімді жиды салмақты!

Спортта үздік үнемі
Тобымыздың бұл бір жүрегі
Дамирды кім білмейді?

Мынау біздің Аружан Е
Тұрған бойы наз-иба!

Ибалы, инабатты
Айжан біздің сыйға батты.

Аминаға
Бойына шаң жуытпайды,
Сабағында ұмытпайды.

Нурайға
Кіршіксіз пәк жүрегі
Көңілді әр кез жүреді.

Нуралиға
Сегіз қырлы, бір сырлы
Өнері бар сан түрлі.

Шыңғысқа
Табиғатты сүйеді
Білімге бас иеді.

Даянаға
Берген өлең,тақпақты
Лезде жаттап алады
Тек жұлдызша алады.

Исламға
Математика десе
«ішкен асты жерге қояды»
Тек есепті тереді.

Айзере
Сабағын жақсы меңгерген
Жақсылықты көп түйген.

Радмирға
Топтағы әр баланы
Бауырындай көріп жүреді.

Рахимжанға
Жетелеп жүріп түрлі арман
Білімімен шыңдалған!

Айзере
Білімге құштарлықпен бас ұрады,
Білгенін шыдамайды ақтарады

- Құрметті ата-аналар жыл бойы қоғамдық жұмыстарға белсене араласып , көмегін көрсете білген үшін келесі ата-аналар алғыс хатпен марапатталады.
Қорытынды
– Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.
Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.
Категория: Дошколенок | Добавил: alma88alma | Теги: Жакипова
Просмотров: 1075 | Загрузок: 5 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-17, 2:20 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru