Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Мектепке дейінгі жастағы балаларды қазақ тіліне үйретудегі қолданылатын жаңа технологиялар
[ Скачать с сервера (522.0 Kb) ] 2016-02-03, 1:38 PM
Қазіргі кезеңдегі қоғам дамуында мемлекеттік тілге үйрету- мектепке дейінгі білім берудегі өзекті мәселеге айналып отыр. «Басқа тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- деп Қадыр Мырзалиев ағамыз бекер айтпаған.
Тілді үйрену- оңай емес, бір тілді білгеннен гөрі бірнеше тілді білген адамның рухани байлығы мол болмақ.
«Нұрсәт» МдБО-ның педагогикалық ұжымы бұл мәселені шешуде тарихи-мәдени құндылықтарды білім беру іс- әрекетін жүйелі ұйымдастырып, баланы жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізуде.
Бұл тұрғыда негізгі әрекеттер:
-заттық-дамыту, дидактикалық тілдік орта;
-жаңа технологиялар мен әдіс- тәсілдерді қолдану;
-ата-аналармен қарым-қатынас.
Мектепке дейінгі мекемедегі қазақ тіліне үйретудің негізгі міндеттері: өзіне айтылған сөзді түсінуге үйрету, қарапайым сөйлемдерді қолдану арқылы айналасымен қарым-қатынас жасай білу, өз ойы мен әсерін жеткізе білу, сөздік қорын дамыту,қазақ тіліне тән дыбыстардың айтыла білуін қалыптастыру.
Біздің орталықта қазақ тіліне үйрету 3 жастан бастап, қазақ тілі мұғалімі мен тәрбиешінің тығыз қарым-қатынасында жүргізіледі. Тіл үйрету және бекіту жұмыстарын
Әр түрлі іс-әрекетте жүргізіледі:
-күн тәртібі кезеңдері (ертеңгілік жаттығу, гигиеналық дағдыларды , мәдени дағдыларын, қарым-қатынас мәдениеті,еңбекке баулу т\б.).
-Ұймдастырылған оқу-тәрбие іс-әрекеті (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, ертеңгіліктер, балалардың өзіндік іс-әрекеттері);
-ойын іс-әрекеті (дидактикалық ойындар, қимылды ойындар, мазмұнды –рольді ойындар).
Қазақ тілі бойынша ұйымдастырылған оқу іс –әрекетіндегі мыс: «Отбасы», «Көкністер», «Жемістер» , «Үй жануарлары» атты тақырыптар өзара тығыз байланыстырылып , уақытында ағылшын тілі сабағында, ойын іс-әрекетінде , мазмұнды-рольді ойындар «үйде», «Дүкенде», «Ауруханада» атты ойындармен бекітіледі. Алынған білім ойын-сауықтарда («Әжеде қонақта», «Айша қонаққа барады») мерекелерде (Жаңа жыл, Наурыз, Тәуелсіздік күні) жүзеге асырылады. Наурыз айында ата-аналармен бірігіп «Өнерлі жанұя», «Қазақтың салт-дәстүрі-сарқылмайтын қазына» атты мерекелердің өтуі дәстүрге айналды. Біздің орталықта қазақ тілі, ағылшын тілі апталықтары өтіліп педагогикалық ұжымы , балалар , ата-аналар қатыстырылып , өтілетін жақсы үрдіске айналды. «Ең әдемі қоржын», «Рождественский сапожок», «Ең әдемі көрпе» атты сайыстар өткізілді. Ата-аналар балалармен бірігіп «Біз үйде қазақ тілін қалай үйренеміз» атты коллаждар жасады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға қазақ поэзиясы мен әдебиетіне қызықтыруда әрдайым өлең, тақпақ, жаңылтпаштар, санамақтар үйретеміз, сонымен қатар олардың жас ерекшеліктеріне мән беріп, көру, есту, саусақ моторикасына арналған құралдар пайдаланып, есте сақтау қабілеттерін дамытуға күш саламыз. Халық ауыз әдебиетіне сүйіспеншіліктерін арттыруда Қазақстанның ақындарының шығармалары мен таныстыру үшін «Поэзия кеші» өткізіліп, балалар қазақ- орыс тілдерінде тақпақтар айтты. Ата-аналар авторлар туралы материалдар дайындап, интерактивтік тақта, слайдтарды пайдаланып көрсетті.
Қазақ халық ертегілерінің көріністерін қойып балалар ертегі кейіпкерлерінің әзілдерін түсініп, ұлттық ерекшеліктерін сезінеді. Осы бағыттағы жүйелі жұмыс балалардың есту қабілетін, сөздік-логикалық ойлау қабілетін, сезім екпінін дамытады.

Өз республикасын толық танып білу үшін, сабақтарда біз балаларды бейнелеу, сонымен қатар қазақтың ұлттық әуендерін , қазақ ақындарының лирикасын қолданамыз. Балаларды сергіту үшін міндетті түрде сергіту сәттерін, бұрын үйретілген санамақтарды , қазақ тіліндегі тақпақтарды қайталаймыз. Осылайша, өнермен танысу- сөздік қорының сарқылмас еңбектің жалғасы болып табылады.
Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу үшін , әр бала рухани қатынастың сезінуін, патриоттықты дамыту қажет. Ал ол үшін , бала ата-бабамыздың тұрмыс –тіршілігін , ескерткіштерін, әдебиетін, тіл ерекшелігін білуі керек. 5-6 жастағы мектепалды топтары 5-6 жастағы мына тақырыптардағы «менің сүйікті қалам – Ақтөбе», «Біз –үлкен елдің балаларымыз» атты сурет көрмесінің әрдайым қатысушылары болып келді.
«Нұрсәт» МдБО-ның педагогикалық ұжымы балаларды оқытудағы қойылған міндеттердің табысты жүзеге асырылуын , оқу- тәрбие ісіне қазақ тілін кіргізуде қажетті жұмыстарды қазақ тіліне үйретуде тиімді материалдар мен жаңа технологиялар, әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде қолдану керек деп есептейді. Осы мақсатта мен өз жұмысымда көпдеңгейлі Занков технологиясын тиімді түрде пайдаланамын. 4-5 сөзден құралған сөйлемдерді құру үшін Лысенкованың әдіс-тәсілдерін кеңінен қолданамын. Лексикалық тақырыптарда модельдер мен белгілерді пайдаланып, 6-7 сөйлемді құрайтын қысқаша әңгіме құрау жұмысын қызықты өткізіледі. Қазақ тіліне тән дыбыстар бойынша жұмыста балалармен ойын арқылы жүргізілетін ойын тапсырма , жаттығулар модельдер жақсы нәтиже береді. Өз жұмысымда мнемотехника әдісін тиімді пайдаланып жүрмін.
Мнемотехника дегеніміз не? Ол балалардың қоршаған орта туралы алған білімдерін тиімді есте сақтауы, хабарламаны сақтап және жаңғыртуы , тіл дамуын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер жүйесі.
Мақсаттары мен міндеттері:
1. Балаларды ойын түрінде тірек кестелер және модельдер арқылы қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс анық айтқызу,грамматика құрылысын сақтай отырып дұрыс сөйлем құру және де лексикалық тақырыптар бойынша балалардың сөз қорына және тәжірибелеріне сүйене отырып байланыстырып әңгіме құрастыру.
2. Балалардың шығармашылық елестеуін, есте сақтау қабілеттерін, көру зейінін, конструктивті және кескінді бейне арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижесі:
Белгілерді кескінді бейнелерге түрлендіре отырып, мнемокестелермен, модельдермен және тірек үлгілермен жұмыс істеуге және әдістер мен тәсілдерді игеруге дағдыландыру, оқыту уақытын қысқарту.
ТРИЗ- ойындарын қолдану балалардың логикалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуда дұрыс бағыт береді.
Тілді меңгеруде пәнаралық байланыс үлкен роль атқарады, сабақта өткізілген тақырыптар дене шынықтыру, ән-күй, айналамен таныстыру, ағылшын тілі , тіл дамыту, математика сабақтарында бекітіледі. Осындай біртұтастық жұмыс , балалардың сөздік қорын, түсінігін ,сөйлемнің грамматикалық құрылымын , тілге тән дыбыстардың дұрыс айтылуын үйретеді. Балалармен жұмыста ТОҚ қолданылады: балалардың өз отбасы, Отаны, жыл мезгілдері, балабақша туралы айтқан әңгімелері үн таспаға жазылады. Үн таспадан тек балалар ғана емес, ата-аналар да дәстүрден тыс ата-аналар жиналысында олардың дауыстарынан тіл үйренудегі жетістікігін анықтайды. Бұл әдіс- тәсілдер ата-ана мен балабақша арасындағы оқу-тәрбие ісіне белсенді қатысуына мүмкіндік туғызады. Біздің топтардағы жұмысымыз әдістемелік , дидактикалық , көрнекілік материалдар арқылы өлкетану бұрыштарын ұйымдастырудан басталды. Онда ерте кездегі материалдар, көрнекіліктер, фотосуреттер тәрбиеші мен қазақ тілі мұғаліміне көмектесетін және балаларға тақпақтарға байланысты берілетін құралдар. Бұл өлкетану бұрышы дамытатын, оқытатын заттық ортаға айналды.
Әрбір көрнекілік материалды қолға ұстап көруге болады. Олар түрлі сабақтарды өткізіп, қазақ тілін бекітуде елестетуде кеңінен қолданылады. Мұнда олар ойнайды , айналаны қоршаған ортаны танып біледі, қазақ тілінде сөйлейді. Қазақ тілін үйрету мен бекіту жұмыстары серуенде жалғастырылады. Жыл мезгілдеріне байланысты тақырыптар үйретіліп көктем, жаз, күз, қыс мезгілінде саябаққа серуен ұйымдастырылады. Әр жыл мезгілінде бір жерді бақылау өте тиімді (жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін салыстыру). Мезгілдің өзгерістеріне назар аударту (өсімдіктің гүлдену уақыты, жеміс беру кезеңі, құстардың ұя салуы).
Саяхатта қазақ көркем әдебиетін кеңінен қолданамыз: тақпақтар, жұмбақтар, мақалдар. Қимылды ойындарда қазақ тілінің терминдерін бекітеміз. Табиғатпен тығыз қарым-қатынас , қазақтың ауызекі сөйлеу үлгілерін , есте сақтауға үлкен мүмкіндік береді. Толық талдау үшін қазақ тілі мұғалімі мен тәрбиешіге мектепке дейінгі мекемеде тоқсан сайын балалардың білімін анықтау мониторинг жүргізіледі. Сонда да көп жағдайларда көптеген балалардың сабақтан тыс тілдік дамыту ортасы жоқ. Ал бұл өте қажет.Бұл іс-әрекеттиімді жүзеге асырулы үшін қазақ тілі мұғалімі , тәрбиеші, ата-ана тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Ата-аналарды дидактикалық ойындармен , жаттығулармен, өлең-тақпақтармен таныстырады, осындай жолмен (олар бекітеді) олар фонетикалық жаттығуларды қайталап, үйде бекітеді. Бұл тек қана өзге ұлт өкілдері отбасылары емес , үйде қазақ тілінде сөйлемейтін қазақ отбасыларына да қажет. Сондықтан, ата-аналармен жеке әңгімелер жүргізілді: ұлттық мәдени құндылықтар өз халқының салт- дәстүрлері туралы.
Жүргізілген жұмыстарды қорытындылай келе біз қазақ тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді іздеу керектігін ұйғардық. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, қазақ тілін үйрету жұмысына қызығушылықтарын арттыру. Әйтсе де қазақтың ұлттық мәдениеті мектепке дейінгі мекемелердегі оқу- тәрбие ісінің белсенділігін көтеруге үлкен мүмкіндік береді, және оның өтілу жалпы дидактикалық бағынатынын айта кету керек, жеңілден күрделіге таныс нәрседен бейтаныс нәрсеге ұмтылдыру педагогикалық бір бөлінбейтін бөлімі болып табылады. Жұмыстың жемісті нәтиже беретініне сенімім мол.
Категория: Дошколенок | Добавил: makony
Просмотров: 1927 | Загрузок: 13 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 7:54 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru