Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Этнобұрыштың мазмұны және оны безендіру.
2016-02-03, 2:58 PM
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,
№4 «Балдәурен» ясли – бақшасының
әдіскері Анар Қанатқызы Кемерханова

Этнобұрыштың мазмұны және оны безендіру.
Педагогтарға арналған кеңес

«Тәрбие - тал бесіктен басталады» деп бағалаған халқымыз бала дүниеге келген күннен бастап-ақ өзінің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тыйым сөздерін құлағына құя отырып, оның ақылды, еңбексүйгіш, адамгершілігі мол, білімді, мәдениетті, ел намысын қорғайтын ер азамат болып өсуіне ерекше мән берген.
Баланы ұлттық дәстүрлер негізінде тәрбиелеу туғаннан бастап, балабақша, мектеп болып, үздіксіз іске асатын процесс болғандықтан, біздің мақсатымыз балабақшалардың жұмыс мазмұнына қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесіне мұра болып келе жатқан ұлттық дәстүрін, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, әдебиетін, өнерін баланың түсінігіне сай лайықтап енгізу. Ол үшін ең әуелі мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, балалардың балалығына бағытталған білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы орта құру. Ол ортаның бір бөлігі ретінде әрбір топта ұйымдастырылған этнографиялық бұрыштың мәні аса зор екенін атап кеткен жөн болар.
Ұлттық бұрышқа қандай бұйымдарды алуға болады?
1. Киіз үйдің макеті (шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық, түңлік, баулар, жабулар, киіз, ши т.б)
2. Бесік (жабдықтарымен)
3. Сандық
4. Ағаш төсек
5. Көрпе, жастық, текемет, сырмақ, түскиіз.
6. Дөңгелек үстел
7. Ұлттық үлгіде безендірілген ыдыс - аяқтар (тостаған, торсық, ожау, кесе, табақ)
8. Ұлттық тағамдардың муляждары: ет тағамдары (бас, мүшелеп салынған ет, қазы-қарта т.б), нан тағамдары (шелпек, бауырсақ, жент), сүт тағамдары (құрт, қатық)
9. Зергерлік бұйымдар (сырға , сақина,алқа, білезік, белдік т.б)
10. Ұлттық аспаптар (домбыра, қобыз, асатаяқ, сақпан, үшбұрыш, дауылпаз т.б)
Киіз үйдің макетін сым темірден немесе ағашты иіп жасауға болады. Балаларға киіз үйдің бөліктерін таныстырғанға ыңғайлы болуы үшін, жабуларының алынып, шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық (есік) көрінетіндей етіп жасау және оның жуылуын да ойластыру қажет. Яғни оларды киіз үйге байланатын баулармен байлап бекітсе ыңғайлы болар еді. Ағаштан немесе сым темірден жасалған макеттің сыртынан керегені тоқылған шимен орайды. Шидің сыртынан киізбен, содан кейін ақ оюлы матамен қаптайды.
Бесік – ағаштан жасалады (топтағы бұрышқа сым темірден жасаған да жарай береді) Жабдықтары матадан тігіледі, бауларына дайын оюлы тоқыма баудың жалпағын пайдалануға болады.
Сандық – ағаштан жасалып, қаңылтырдан ойылған оюмен әшекейленіп жасалады. Этнографиялық бұрыштағы сандық балаларға қауіпсіз болу үшін ою – өрнектерін аракалдан жасаған дұрыс.
Ағаш төсек те ағаштан жасалып, қаңылтырмен әшекейленген. Мұны да сандық сияқты ағаштан жасап, аракалмен әшекейлеуге болады.
Көрпе, жастық, текемет, сырмақ, түскиіз – көрпені оюлап та, қиық маталардан құрап та тігуге болады. Жастыққа ою салып өрнектеп тігуге болады. Сырмақ, текемет, түскиіз негізінде киізден жасалады. Ол үшін екі түсті киізді бастыру әдісі арқылы оюлап жасаған. Ондағы оюларды түрлі-түсті боялған жіптермен көмкеріп, жиектеп тіккен.
Дөңгелек үстел –ағаштан жасалып, оның бетіне бояумен ою-өрнек салынады. Үстелдің үстіне кестелі немесе оюлы дастархан жайылады.
Ыдыс аяқтар - тостаған, торсық,ожау, кесе, табақ.
Тостаған, ожау, кесе, табақ ағаштан жасалған. Балабақшадағы ұлттық бұрыш үшін бұл ыдыстарды папье маше әдісі арқылы жасап, бояумен өрнектеп, үстінен лактауға болады.
Торсық негізінде теріден жасалады. Оны былғары немесе дермантиннен жасап аракал немесе басқа ашатындай түсті былғарымен оюлап әшекейлеуге болады.
Ұлттық тағамдар муляжы: ет тағамдары (бас, мүшелеп салынған ет, қазы-қарта т.б), нан тағамдары (шелпек, бауырсақ), сүт тағамдары (құрт, қатық). Ет тағамдарын папье маше әдісі арқылы, ал нан тағамдарын және құртты тұзды қамырдан жасауға болады.
Зергерлік бұйымдар (сырға , сақина,алқа, білезік, белдік, шашбау т.б)
Сырға, сақина, алқа, білезіктер – алтын немесе күміс сынды бағалы металдардан жасалған. Балабақша жағдайында бұларды қаңылтыр немесе басқа балалардың қолын кесіп кетпейтіндей етіп әзірленеді. Оны бос қораптарға орналастырып, бетін мөлдір пластмассамен (оргстекломен), балаға көрінетіндей етіп жасаған ыңғайлы. Белдікті былғарыдан жасап, аракалмен өрнектеуге болады. Ал шашбауды әдемі таспаға тиын теңгелерді тігу арқылы жаасуға болады.
Ұлттық аспаптар – домбыра, қобыз, дауылпаз, үшбұрыш, асатаяқ, сақпан.
Домбыра мен қобыз ағаштан жасалатын шекті аспап.
Үшбұрыш металдан үшбұрышталып жасалады. Ол метал таяқшамен ұру арқылы дыбысталады.
Асатаяқ пен сақпан сілкімелі аспап. Яғни сілку арқылы дыбыс шығарады. Мұны жұқа тақтайдан немесе ПВХ-дан жасап, ескі сырғалардың бөліктерімен толықтыруға болады.
Дауылпаз негізі ағаштан ойылып жасалатын, ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталатын аспап.
Этнографиялық бұрышты жалпы безендіргенде оның эстетикалық талғамға сай, әрі пропоцияларының сақталуы шарт. Атап айтсақ, қуыршағымыз бесігімізге сай. Дөңгелек үстеліміз киіз үйімізден үлкен болмауы керек және т.б.
Осылайша безендірілген этнографиялық бұрыштағы ұлттық бұйымдарды пайдалана отырып, өз халқының ұлттық бұйымдарын білуге, салт-дәстүрін тануға, баланы өз тілінде сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға, эстетикалық сезімін оятуға, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеудің маңызы орасан зор.
Категория: Дошколенок | Добавил: kemerhanovaanar
Просмотров: 1605 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 2:24 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru