Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Тіл дамытудағы дидактикалық ойындар
[ Скачать с сервера (35.0 Kb) · Скриншот ] 2016-02-20, 4:59 PM
Тіл дамытуда қолданылатын ойындар

Бұл қандай зат?

Мақсаты: затты атап, оны сипаттай білуге үйрету.
Барысы.
Бала сиқырлы сандықтан (қапшықтан) бір затты алып шығып, оны атайды(бұл доп, ол сары түсті, ол дөңгелек)

Ойыншықты тап.

Мақсаты: Басты белгілерге негізделіп, затты тауып алу, бейнелеу дағдыларын қалыптастыру
Барысы.
Балалардың назарына 3-4 таныс ойыншық қойылады. Тәрбиеші хабарлайды: мен затты бейнелеймін , ал балалардың мақсаттары мұқият тыңдау және оны атау.

Кім көп көреді және атайды
Мақсаты:Ойыншықтың бөліктерін және белгілерін сөзбен дұрыс айтуға үйрету.
Барысы.
Тәрбиеші: Гауһар бізге қонаққа келді. Гауһар біреу оны мақтағанды, киімдеріне көңілдерін аударғанды ұнатады. Қуыршаққа қуаныш жасайық, оны мақтайық.

Гауһардың көмекшілері

Мақсаты: Етістіктен көпше түрін құрастыру
Құрал: Гауһар деген қуыршақ
Барысы.
-Гауһар өзінің көмекшілерімен бізге қонаққа келді. Мен сендерге оларды көрсетемін, ал сендер оларды тауып, олар Гауһарға қалай көмектеседі екенін айтыңдар.
Қуыршақ үстелдің үстімен жүреді. Тәрбиеші оның аяғын көрсетіп:
- Бұл не? (Бұл аяқ)
- Олар Гауһардың көмекшілері. Олар не істейді? (Жүреді, секіреді, билейді және т.б)
Кейін басқа дене мүшелеріне нұсқау жасап, іспеттес сұрақтарды қояды. Балалар жауап береді. (Тіс шайнайды. Қол жазады, сурет салады.)

Түрлі –түсті сандық

Мақсаты: сөздерді дұрыс айту, жалғауын дұрыс ұғынықты айтуға үйрету. Сөздегі дыбыстарды нақты айтуға дағдыландыру.
Құрал- жабдықтар: сандық, ішінде балалар санымен суреттер.
Барысы.
Тәрбиеші:
Түрлі-түсті сандыққа
Мен суретті салдым да-
Қане балам,суретті
Алып шық та - сен ата.
Балалар суретті шығарып алып, онда не бейнеленгенін айтады.

«Сиқырлы кубик»

Ойын құралы: кубиктердің әр жағында суреттер белгіленген.
Ойын шарты. Бала кубикті лақтырады. Кубиктің үстіңгі жағында не белгіленгенін айтып, оның дыбыын келістіру. (Ұшақ. Ол ұшады, гуілдейді.)

«Кім көп әрекетті атайды?»

Мақсаты: етістікті сөйлемде белсенді қолдануды, әртүрлі етістік формаларын құрауға үйрету.
Құрал-жабдықтар. Суреттер: киімдер, ұшақ, қуыршақ, ит, күннің көзі, жаңбыр, қар.
Барысы.
Неменешка келіп, суреттерді әкеледі. Балалардың міндеттері: суреттерде бейнеленген іс- әрекетті белгілейтін сөз табу.
Мысалы:
- Ұшақ туралы не айтуға болады?(ұшады, гуілдейді, көтеріледі)
- Киіммен не істеуге болады?(жуу, үтіктеу, тігу, киу)
- Жаңбыр туралы не айтуға болады? (жауады, тамшылайды,ағады, құяды, төбеден соғады)

«Буратино- саяхатшы»

Мақсаты. Етістіктер белгілерінде хабардар болу. Тәулік мезгілдері туралы білімдерінт толықтыру.
Материал. Қуыршақ Буратино.
Барысы.
Буратино – саяхатшы. Ол көптеген балабақшаларда аралады. Ол өзінің саяхаттары туралы айтып береді, ал сендер, ол балабақшалардың қай бөлмелерінде болғанын тауып алыңдар.
- Бір бөлмеге кірдім, ол бөлмеде балалар жеңдерін түріп, қолдарын сабындайды, жуады, сүртеді.
- Есінеді, демалады, ұйықтайды ...
- Билейді, әндетеді, айналады …
- келеді, амандасады … (Бұл қашан болады?)
- Ас ішеді, рахмет айтады…
- киінеді, қоштасады…
- шанамен жүреді, доп ойнайды
Категория: Дошколенок | Добавил: balapanovaasel2013
Просмотров: 1496 | Загрузок: 17 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 1:17 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru