Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУ Тақырыбы: «Үй жануарлары»
[ · Скриншот ] 2016-11-02, 5:18 PM
ШҚО
Семей қаласы
МКММ №3 «Ясли-бақша»
Тәрбиеші: Жамашева Анар Берекболқызы

Білім беру саласы: «ТАНЫМ»
Бөлімі: ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУ
ҰОІӘ арасындағы байланыс: «Коммуникация»-сөйлеуді дамыту, «Денсаулық», «Таным»-ҚМҰҚ, «Шығармашылық»-Жапсыру, Ән күй
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Педагогтың мақсаты:. Педагогикалық процессті ересектердің балалармен бірлескен іс-әрекеті мен баланың өз бетінше еркін іс-әрекеті негізінде құру. Үй жануарлары туралы толық мағлұмат беру. Зейінді белсендіру, ынталандыру тәсілін енгізу арқылы балалардың жұмысқа қабілеттерін көтеру, баламен қарым-қатынаста және жұмыс істеуде баланың қызығушылығын және белсенділігін жоғарылату.
Балалар үшін мақсат: үй жануарларының белгілеріне қарай анықтап және ажырату іскерліктерін дамыту. Бұрын оқылған материалдар компетенцияларын дамыту және қиын мәселелерді шешу.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қолдың ұсақ моторикасын, бейнелі логикалық ойлауын, ақыл ойын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Білімділік: үй жануарлары мен жабайы аңдардың тіршілік әрәкеті туралы ұғымдарын кеңейту.
Тәрбиелік: балалардың жағымды көңіл күйін тудыру, жасаған жұмысынан қуаныш алуға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: саяхат
Құралдар мен көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, үй жануарларының төлдерінің суреттері, жұмсақ матадан тігілген жануарлар, полимерлік глина, түрлі түсті картон, құрғақ және дымқыл майлықтар, қозының, қойдың кейіпкері, орман бейнесі.
Сөздік жұмысы: төлдер, қой, ит, сиыр, жылқы, бұзау, қозы, құлың, күшік, карта, жолдорба.
Билингвальдік компонент: үй жануарлары-домашние животные-domestic animal.
Ұйымдастыру кезеңі
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Есік қағылып қозы келеді.
-Қозы жылап анасынан адасып қалғанын айтып береді.
-балалар, кім келгенін білесіңдер ме?
Қозы қандай жануар?
- Неге үй жануары дейміз?
Қозының терісінің түсі қандай?
- Қозының терісі жұмсақ па әлде қатты ма?
-Қозы сен қайдан жүрсің?
Мен анамна адасып қалып қойдым. Анамды таба алмай жүрмін.
- Сендер маған көмектесесіңдерме?
- Балалар, біз қозыға қалай көмектессек болады?
- Менің анам жолдорбама карта салып кетіпті, мүмкін сол арқылы іздеп көреміз.
Картадағы тапсырмаларды орындау арқылы табу керектігін айтып береді.
- Балалар жолға автобуспен барсақ қалай болады. Сендер менімен келісесіндер ме?
«Қошақан» өлеңін айтып жолга аттанады.

Жазда апамның аулынна,
Барып едім қыдырып,
Бір қошақан алдымнан .
Шықты ойнақтап жүгіріп.
Ақ маңдайлы ай мекен,
Шеке мекер бал мекен
Кеттім оны сағынып
Қошақаным қайда екен.
- Балалар ондай болса тапсырмамызды орындайық.
- Балалар, картада бізге қызыл шеңберді тауып алыңдар дейді.
Шеңбердің ішінде мынадай тапсырма бар екен.
«Жануарларға төлдерін тауып бер».
Балалар енді келесі тапсырмаға бару үшін қошақанмен сергіту сәтін жасайық.
Шөре, шөре лағы,
Тентек болма шырағым.
Секектемей деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
- Балалар, енді бізге картада көк шаршыны тауып ал дейді.
Шаршының ішінде мынадай тапсырма бар екен.
«Жануарларды орнына апар».
Қозғалмалы ойын: «Қасқыр мен қошақандар»
- Балалар картада бізге сары үшбұрышты тауып ал дейді.
Үшбұрыштың ішінде мынадай тапсырма бар екен.
«Қошақанның енесіне арналған естелік»
Балаларға глинамен жұмыс істеуді түсіндіру.
- Балалар картада бізге жасыл шеңберді тауып ал дейді.
Жасыл шеңбердің ішінде мынадай тапсырма бар екен.
«Қошақаннын енесінің дауысын ажырат».
Қошақанның енесінің дауысы естіліп, енесі келеді.
Қошақан енесін қуана қарсы алады.
Сыйлықтарын сыйлату.
-Рахмет, балалар, өте әдемі екен, мынаны кім жасады? Қалай жасадыңдар? Не қолдандыңдар?
Рефлексия: -Сендер қалай жеттіңдер, мені қалай таптыңдар, не көрдіңдер соны мына суреттер арқылы айтып беріңдерші.
-Рахмет, балалар сендерге, менің қозыға мені тауып бердіңдер. Сыйлықтарың сондай керемет.- Қошақанның енесі балаларға өз сыйлығын табыс етеді.
Қозының енесі мен қошақан қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Педагог үшін: Ұйымдастырылған іс-әрекетті жүргізу барысында балаларды зеріктіріп, қызығушылығы мен белсенділігін төмендетіп алмас үшін жұмыстарды түрлендіріп, сөйлеу кезінде балаға түсінікті, көркем тілмен жеткізе білу
Балалар үшін:
Нені білу керек: үй жануарлары туралы толық мағлұмат;
Нені игереді: глина материалдармен жұмыс істеуді, өзбеттерінше таңдау жасауды, үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді мұсіндеп, жапсыруды;
Нені біледі: сұрақтарға толық жауап беруді, ұқыпты, таза жұмыс жасауды.
Категория: Дошколенок | Добавил: natusel
Просмотров: 1389 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 12:15 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru