Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » География

Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну.
[ · Скачать удаленно () ] 2012-11-14, 7:04 PM
«Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну.»

А.Р.Закарина
география пәнінің мұғалімі
Ғұмар Қараш ЖББОМ
Жәнібек ауданы

Сабақтың тақырыбы: Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну.
Сабақтың мақсаты.
1. Білімділік мақсаты: оқушылардың литосфера туралы білімдерін кеңейту, « жер қыртысының қозғалуы – жер сілкінісі» ұғымын қалыптастыру.
2. Дамыту мақсаты: қосымша білім көздерін пайдалана отырып,жер қыртысының қозғалуын ғылыми тұрғыдан ойлау біліктілігін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты:танымдық және адам өмірінің қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:конструкциялау ( жобалау) технологиясы
Сабақтың әдісі: жоба-бағыт, талдау- жинақтау, зерттеу.
Сабақ көрнекілігі: дүние жүзінің жарты шарлар картасы, тірек сызбалар, суретті сызба, слайдтар,тақырыптық-дыбыстық бейнеүзіктер
Сабақтың құрылымы:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа материалды түсіндірудің бағыт жоспары. ( «Б» - бағыт)
Б 1.
IV. Жаңа сабақты өкен сабақпен байланыстыра қорытындылау.
V. Үйге тапсырма , білімдерін бағалау.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өрмекші ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау (арнайы 3 деңгенй бойынша сұрақ-тапсырмаларға жауап алу)
Ішкі шеңбер ( орташа деңгей) Ядро.
1. Жердің ең орталық өзегі не деп аталады?( Ядро)
2. Жердің тас қабаты не деп аталады?( Литосфера)
3. Тау жынысы дегенім із не?(Жер қыртысын толтырып жатқан табиғи денелер)
4. Минерал деп нені атаймыз?( Тау жыныстарын құрайтын заттар)
Орташа шеңбер (жеткілікті деңгей) Мантия.
1. Тау жынысын тегіне қарай қанша топқа бөлеміз?( Магмалық, шөгінді, метаморфтық)
2. «Магма» сөзінің мағынасы.( грекше «магма» - былғама, қойыртпақ)
3. Шөгінді жыныстар қалай пайда болады?(Жер қыртысының бетінде су, жел, мұздық т.б сыртқы күштер әсерінен пайда болады)
4. Магмалық жыныстардың ішінде ең көп кездесетіні не?
Сыртқы шеңбер ( жақсы деңгей ) Жер қыртысы.
1.Магмалық жыныстар қалай қалыптасады? ( Жердің терең қойнауында жоғары температура мен орасан зор қысым жағдайында түзілген жыныстар)
2.Метоморфтық тау жынысы дегеніміз не? ( Жер қойнауында үлкен қысым мен жоғары температураның әсерінен тау жыныстары бастапқы түрден құрамы өзгереді, әктас-мәрмәрға, құмтас-кварцитке.)
3.Шөгінді жыныстар жер қыртысының қанша пайызын құрайды? (75%)
4. Шөгінді жыныстардың топтарына сипаттама беріңіз. Кесек-(сыртқы фактор әсерінен үгітілген кесек сумен, желмен ұшып су түбіне тұнады) химиялық-(судағы заттар еріп, жер қабатына қосылуы), органикалық-(су,құрлықтағы өсімдік, жануар қалдығынан түзіледі)
III. Жаңа материалды түсіндірудің бағыт жоспары:
Жер беті жұмбақ әлем.
Былай қарағанда жер беті бізге мызғымай, еш уақытта қозғалмайтын, бірқалыпта тыныш тұрғандай көрінеді. Ол шын мәнінде солай ма? Егер біз жердің адамзат баласы пайда болғаннан бергі тарихына үңілсек, онда жер беті үнемі қозғалыста болғанына көзіміз жетер еді. Ондай қозғалыстардың іздерін жер шарының көптеген өңірлерінен табуға болады. Мысалы: Италиядағы Венеция қаласы қазір жартылай су астында тұр,кезінде ол түгелдей құрлық бойына салынған.
Жер қыртысының қозғалыстары.
1.Баяу көтерілуі мен төмендеуі – жер қыртысының бір аймағы баяу көтерілсе, басқа бір жері шөгеді. Ғалымдардың зерттеуінше Скандинавие түбегі көтерілуде, ал Жерорта теңізі аймағы шөгіп бара жатқанын аңғарған.Баяукөтерілу мен шөгу жер бетінің географиялық жағдайларын да өзгертеді. Мысалы: теңіз жағалауы-құрлыққа,шығанақ – көлге, арал-түбекке айналады.
2. Жер сілкіну дегеніміз – жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысул және ыдыраудың әсерінен туатын жер асты дүмпуі мен жер бетінің тербеле
қозғалу.

Мифтік аңыз әңгімелер.
Жер сілкінуінің себептері туралы аңыздар ел арасында көп таралған. Ертеде жер беті сілкінісі жер шарын көтеріп тұрған алып жануардың қозғалысына байланысты деп жорамалдаған.Бір елдер піл десе,екіншісі жайын, енді біреуі өгіз деп есептеген.
Ғылыми тұрғыдан көзқарас.Табиғаттың осынау қатал құбылысын, оның себеп-салдарын бүгінгі күнде тек ғылыми тұрғыдан түсіндіруге болатынына көз жетті. Алдағы сабақтағы жердің ішкі құрылысына қайта ораламыз. А. Вегенер теориясы бойынша литосфералық тақталардың қозғалысы арқылы түсіндіру. Литосфера тақталары мантияның беткі қабатымен баяу жылжып,орнын ауыстырады.Жер серіктерінің жәрдемімен жүргізілген өлшеу жұмыстары тақталардың жылына 2-5см ығысатындығын көрсетеді. Таулардың түзілуі бірыңғай материктік тақталардың бір-бірімен соқтығысқан жерлерінде де жүреді. Мәселен,Еуразия тақтасының Үнді-Аустралия тақтасымен соқтығысқан жерінде Жер шарындағы аса биік Гималай таулары түзілген.
Тектоникалық.
Ішкі күш әсерінен жер қыртысын түзетін тау жыныстары белгілі шекке дейін майысады, одан кейін морт сынады.
Опырылмалы.
Жоғарғы мантияның кейбір аудандарында жер асты қуыстары-үңгірлер кездеседі. Осы үңгірлер кенет опырылып,құлаған тау жыныстары салдарынан жер бетінде сілкініс пайда болады.
Жанартаулық.
Жанартаулық сілкініс сұйық магманың жер қойнауындағы жарықтар мен көтерілген кездегі жердің сілкінуі.
Жасанды.
Жасанды жер сілкінулер адамның іс-әрекет салдарынан жер қойнауының тектоникалық тепе-теңдігінің бұзылуынан пайда болады.
Мысалы: а) су қоймаларын салу;
ә) газ, мұнай кен орындары;
б) жер асты ядролық жарылыстар;
в) тау-кен жұмыстары.
Кескін картамен жұмыс.Жер шарындағы басты жер сілкіну белдеулерін түсіру. Халық шаруашылығына көп зиян келтіріп, адам өміріне қатер төндіретін жер сілкінісінің қосалқы әрекеттеріне тау көшкіні, цунами, өрт, сел жатады.
Тау көшкіні.
Тау көшкіні- тау баурайындағы шөгінді тау жыныстарының босап, төмен қарай жылжуы.
Цунами.
Цунами- мұхит түбіндегі жер сілкінісі әсерінен туатын апатты толқын.
Өрт.
Өрт ошақтарының қирауынан, электр сымдарының үзілуі салдарынан өрт шығады.
Сел.
Сел тау бауырайындағы су сіңіп ылғалданған топырақтың жер сілкінісі әсерінен саймен жылжып ағуы.
Цунами ( Жапония еліндегі цунамиден бейнематериал 01.10.2009)
Жер сілкінуді зерттеу.
Жер қыртысының қозғалысын сейсмограф құралы арқылы тіркеп отырады.Жер сілкінісінің күшін 1-12 балдық шкаламен өлшейді.
Жер сілкінісі зардабын азайтудың 2 түрлі жолы бар.
Жер сілкінісін болжау.
Төзімді берік құрылыс салу.
Жер сілкінісін болжау дегеніміз – оның күшін анықтау.
Биологиялық әдістердің орны ерекше.Жер сілкінісі алдында жәндіктер мен жануарлардың мазасызданып, ерекше күйге түсуі ертеден-ақ белгілі, Бұл әдіс ғылымда кеңінен пайдаланып келеді.

Бекіту ,бағалау бөлімі.



Соңғы жер сілкінулерді баяндай отырып сабағымызды аяқтаймыз.
01.10. 2009ж Жапонияның Самоа аралынан 130 км қашықтықта мұхит астында жер сілкінуді.Содан орасан 3 сағаттан соң биіктігі 10м орасан зор цунами келіп жетті.Жапон елінде 5000 сейсмикалық станция жұмыс істейді.
Цунами- су астындағы өте қатты жер сілкінуден туындайтын апатты толқын. (жапонша «қойнаудағы үлкен су»деген мағына береді.
Цунами толқындары үйлерді құлатып,электр желілерін істен шығарады, ағаштарды тамырымен қопарып ағызып алып кетеді. Машина, кеме ,қайықтарды сіріңкенің қорабындай төңкеріп тастайды,сансыз көп адам өмірін алып кетеді.
Кейбір өсімдіктерді – сейсмологтар деп те атайды. Себебі табиғи апаттың жақындағанын сезеді. Ява аралында «ханша – жауқазын» өсімдігі жанартау атқылар алдында жаппай гүлдейді. Ал, жер сілкінуден бірнеше күн бұрын акацияның жапырақтары мен гүлдері түсін өзгертеді екен.
Жаңа ұғымдарға сипаттама беру.
Қорытындылау. Бұл сабақ толығымен оқушы белсенділігін, танымдық қабілеттерін арттыруға жоспарланған.
Категория: География | Добавил: Megaberish
Просмотров: 8622 | Загрузок: 494 | Рейтинг: 3.8/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 3:53 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru