Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » География

Африка материгі
[ Скачать с сервера (70.5 Kb) ] 2013-01-28, 1:16 AM
Сабақтың тақырыбы: Африка материгі

Г.С.Закарина
Жалпы білім беретін Х.Халиуллин
атындағы орта мектептің география және биология пәнінің мұғалімі.
БҚО, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы.

Сабақтың тақырыбы: Африка материгі
Сабақтың мақсаты: Африка материгінің географиялық орнының ерекшеліктерін, табиғатын, тарихы туралы жаңа ақпарат беріп, білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше іздене білу қабілетін дамытып, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тәрбиелік: танымдылыққа, ұйымшылдыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің физикалық картасы, африка материгінің физикалық картасы, плакаттар, интерактивті тақта, слайдтар, оқулық.
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың әдісі: деңгейлеп, саралап оқыту арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Ой қозғау.
1. Оңтүстік материгінің халқы қанша ? (320млн)
2. Байырғы халқы үндістер неше пайыз құрайды ? (10пайыз)
3. Еуропалықтар мен үндістерден таралған ұрпақ ? (метистер)
4. Оңтүстік Америка халқының көпшілігі қай тілдерде сөйлейді ? (португал және испан).
5. Бір миллионнан асатын қанша милионер қала бар ? (20)
6. Анд еліндегі дүние жүзіндегі ең ұзын ел қалай аталады ? (Чили)
7. Ең ірі портты қалалаларды ата ! (Рио-де Жанейро, Сан – Паулу)
8. Дүние жүзінде теңіз деңгейінен ең биікте орналасқан қала?(Ла-Пас)
2. Картамен жұмыс.
Картадағы Оңтүстік Америка елдерін көрсету.
3. Адасқан обектіні табу.
Чили – халық
Испан – ағаш
Мулат – қала
Титикака –тіл
Гевея – көл
Игуасу - өзен
Амазонка – сарқырама
4. «Қарлы кесек» ойыны.
Оқушыларды топқа бөліп, әр үстелге сұрақтар таратылады. Дайындалуға уақыт беріліп, әр топ өз жауабын айтып, басқалардың жауабын тыңдайды.
ІІ. Жаңа сабақ. (тақырыбы мен мақсаты айтылады).
Мұғалім сабақта төменгі жоспар бойынша қандай жұмыстар атқарылатындығымен таныстырады. (жоспар слайдта көрсетіледі).
1. Африканы өз бетінше тану.
2. Картографиялық саяхат.
3. Салыстыру кестесін құрастыру.
4. Қызықты африка
5. Үйге тапсырма. Реферат дайындау.
1. Оқушыларды төрт топқа бөліп, әр топ жетекшісі сайланады.
Оперативтік кезең:
Әр топ мәтінмен жұмыс жасайды. Мәтінді оқып болған соң, топ бөлім бойынша түсінік береді.
І-топ – Африканың географиялық орнына
ІІ-топ – Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерге.
ІІІ-топ- Африканың зерттелу тарихына
ІV-топ – Атлант, Үнді мұхит алабына
2. Картамен жұмыс.
А). Координаталары бойынша географиялық объектілерді анықтау.
Ә). Картадан географиялық объектілерді көрсету.
3. Салыстыру кестесі.
Оңтүстік Америка мен Африканы салыстыру.
І топ - ұқсастығын табу.
ІІ топ –айырмашылығын табу.
Оңтүстік Америка – Африка
Ұқсастығы Айырмашылығы


4. Қызықты Африка
Африка түйеқұсы – саваннадағы ірі ұшпайтын құстың бірі. Оның бойының ұзындығы 2,75 см, ал салмағы 50-90кг. Түйеқұстың бір жұмыртқасының салмағы тауықтың 40 жұмыртқасының салмағына тең. Оңтүстік Африканың қойшылары түйеқұсты қой отарларын қорғау үшін пайдаланады. Бұл құстар күзетшілік қызметі де жақсы атқарады. Олар жақындап келе жатқан жүргіншілерге шабуыл жасап қана қоймай, сонымен бірге велосипедшілер мен машиналардың артынан қуады. Түйеқұстардың басын құмға тығып тұрып жасыратынын көпшілік біледі. Мұны олар қорыққандықтан емес, санитарлық әрі тазалық мақсатта жасайды. Түйеқұс өзінің үлкен көздерін жұмып, ыстық құмға басын тығып (шыдамы жеткенше), басындағы барлық паразиттер қырылғанша күтеді. Бұдан кейін ол құмға кеудесімен жатып құмды қанаттарымен сабалайды, яғни шын мәнінде нағыз «қымды ванна» қабылдайды. Хатшы құс саваннананы мекендейді. Бұл атау сол құстың басындағы айдары бұрынғы кездегі хатшы адамның құлағының үстіңгі жағына қыстырып қоятын каздың қауырсындарына ұқсас болғандықтан солай аталған. Хатшы құс – ұзын сирақты және жылдам жүгіретін құс. Кейде бұл құстарды тауық қораларын егеуқұйрықтардан, жыландардан қорғау мақсатында қолда асырайды.
Таңғаларлық вельвичия – Намиб шөлінде өсетін ерекше өсімдіктің бірі. Аласа ағаш діңінің жартысы жер астында болады да, небәрі 50 сантиметрдей жер бетінде. Оның есесіне діңінің жуандығы 1,2 метрдей. Діңнің ұзындығы 6 метр, ені 1 метрден асатын екі ғана жапырақ тарайды. Вельвичия үшін ылғалдың көзі –тұман. Сондықтан бұл өсімдік мұхит жағалауынан 50 км-ден қашық жерлерде кездеспейді, жүздеген жылдар бойы өсе береді.
Африка пілдерінің орташа салмағы -5-7 тоннаға жетеді. Осындай алып тұлғалы пілдер суда жақсы жүзе алады. Африка пілі су жүзгенде оның маңдайы мен тұмсығының ұшы ғана судан шығып тұрады. Пілдер баласын 20-21 ай көтереді. Баласының салмағы 90 кг дейін болады. Пілдер қатты ашуланғанда 500г темекіні бірден ашырқанбай-ақ, рақаттана шайнайтын көрінеді. Пілдің суда қалай ішетінін білесіңдер ме ? Ол сендер ойлағандай, ұзын тұмсығымен ішпейді, онымен тек суды алып, ондағы суды аузына құяды. Ұзын тұмсығына 10 литр су сияды.
Саяхатшылар лианасы – Африкада өседі. Бұл лиананың жуындағы адам қолындай. Кесіп алынған лиананадан таза әрі салқын сусын аға бастайды. Ылғалды орманда лиананың басқа түрі өседі. Егер оның жапырағын уқаласа ерекше өткір иіс сезіледі. Африкалықтар лиананың жапырақтарын тұмауды емдеу үшін де пайдаланады.
Құбылмалы жануар – Хамелеон. Егер хамелеондарды тас арасынан кездестірсең, онда олардың түсі тастың сұрғылт түсіндей екен байқайсың. Ал көгәлға қуса лезде жасыл түске ауысады. Ал ағашқа қарай қусаң, ағаш қабығы түріне ұқсап, қоңыр түске енеді. Хамелеонға түсін өзгерту үшін көп уақыттың қажеті жоқ. Осы қасиеті арқылы олар жауынан қорғанып, қорегін аулай алады. Хамелеонның бір көзі төмен қарап, астыңғы кеңістікті болжаса, екінші көзі жоғары қарап, үстіңгі кеңестікті бірден көре алады. Хамелеондар насекомдар аулағанда олар көп қимыл жасамай, өзінің ұзын да, жабысқақ тілін ұшып бара жатқан насекомға атып жібереді. Кейбір түрлерінде 10см қашықтыққа жететін мұндай мерген тіл ешқашанда ауызға олжасыз оралмайды.
Әр топ басшысы өз тобының сабаққа қатысуын бағалайды.
Үйге тапсырма: § 44
Африка материгіне сөзжұмбақ құрастыру.
Категория: География | Добавил: Kairat
Просмотров: 2697 | Загрузок: 304 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 10:27 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru