Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » География

Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары. Туристік объектілері.
[ Скачать с сервера (15.7 Kb) ] 2014-12-18, 10:38 PM
КММ «Б. Сахариев атындағы Бақты орта мектебі»
Кабакова Салтанат Даулетовна
География пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары.
Туристік объектілері.
Сабақтың мақсаты:Қытайдың экономикалық аудандары туралы білімдерін ғылыми
тұрғыда меңгеруге қолайлы орта жасау.
Сабақтың міндеттері:1.Білімділік:Қытайдың экономикалық аудандары,ішкі айырмашылықтары,туристік нысандары туралы мағлұматтар беру, түсіндіру;
2.Тәрбиелік:Географиялық білімдерін тереңдете отырып, адамгершілікке, имандылыққа, табиғатты түсінуге,аялауға тәрбиелеу, баулу;
3.Дамытушылық:Оқушылардың дүниетанымын картамен жұмыс арысында дамыту, қалыптастыру.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақты ұйымдастыру формасы:Білім жүйесі.
Оқытудың формасы:Ұжымдық, жеке даралап.
Пәнаралық байланыс:Тарих.
Сабақтың көрнекілігі:Компьютер, проектор,электронды оқулық,карта.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
«Қытайдың шаруашылығы» тақырыбындағы үй тапсырмасын сұрау үшін «Ти»кестесін толтырып,өткен сабақтарда оқып-білген Жапония мен Қытайдың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратып, кесте жасалады.
«Ти» кестесі
Қытай Ортақ белгілері Жапония
Көлемі жөнінен 3-ші орында
Халқының санынан 1-ші орында т.б.

Солтүстік жарты шарда
Еуразия құрлығында т.б.
Аралдық
«Үлкен жетілікке» кіреді
т.б.
«Ти»кестесін жедел орындаған оқушыға үлестірме сұрақтар тарату.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Қытай шаруашылығының даму ерекшеліктері қандай?Оған қандай факторлар әсер етеді?
2.Қытайдың өнеркәсіп құрылымының қалыптасуы мен дамуына табиғат ресурстары қалай әсер етеді?
3.Қытайда байланыс құралдарының қандай түрлері дамыған?
Үй тапсырмасын жете меңгеріп, сабаққа белсенді араласқан оқушыларды «Бағалау парағына» түсіріп отыру.
ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру.
Білу.Жаңа тақырып жоспары:
1.Ерекше экономикалық аудандар және теңіз маңы ашық белдеуі.
2.Баж салығынсыз сауда аймақтары.
3.Шекара маңындағы ашық қалалар.
4.Туристік объектілері.

Түсіну.Электронды оқулықтағы материалдарды жоспар бойынша пайдаланып, нақты түсінік қалыптастыру.
«Өз ойыңды түйінде» стратегиясы бойынша қажетті мәліметтерді дәптерге түсіріп алу.
1.Қытайдағы барлық ерекше экономикалық аудандар (ЕЭА) түгелдей дерлік елдің оңтүстік-шығысында орналасқан:ШэньчженЕЭА Гуаньдун провинциясының оңтүстік бөлігінде; Шаньтоу ЕЭА Гуаньдун провинциясының оңтүстік-шығыс бөлігінде;Чжухай
ЕЭА Гуаньдун провинциясындағы Чжуцзян өзені сағасының батыс жағалауында;Сямынь ЕЭА Сямынь қаласының Сямыньган және Гуланчюй аралдарында (Фуцзянь провинциясы) орналасқан; Хайнань ЕЭА елдің оңтүстігінде Хайнань аралын тұтастай алып жатыр (ауданы 34 мың км ) және елдегі бар ЕЭА-ның ең үлкені.
Ерекше экономикалық аудандар сыртқы рынокқа бағытталған даму зонасы болып табылады.
2.Қытайлық баж салығынсыз аймақ «еркін портты» еске салатын оқшауланған аумақ болып табылады.Бұл аумақта негізінен, экспорттық өнімдер шығаратын өңдеуші өнеркәсіп пен сыртқы сауда дамиды. Онда ерекше кедендік полиция әрекет етеді және кедендік басқару мен қадағалаудың ерекше ережелері жүзеге асырылады.
3.1992 жылдың наурыз айынан бастап Қытай сыртқы саудаға шекара маңындағы 13 қаласын қосты. Олар:Хуньчунь, Суйфэньхэ, Хейкэ, Маньчжурияны, Эрлянь-Хото,Тачен,Болэ, Инин, Хэкоу,Ваньдин,Жуйли,Пинсян және Дунсин.Сонымен бірге Қытай үкіметі тағы да шекара маңындағы және теңіз маңындағы провинциялардың әкімшілік орталықиарын ашық деп жариялады.
4.Табиғаттың көркемдігі мен ежелгі тарихи орындарының молдығы,өзіндік өркение,ті,ұзақ тарихы Қытайды туристер үшін ерекше тартымды етеді. Пекин- Қытайдың туристік орталығы.Мұнда әсіресе, Мин және Цинь әулеттерінің резиденциялары болған бұрынғы император сарайы, саябақтар мен храмдар аса қызықты.Пекиннің солтүстік –батысындағы таулы ауданымен Ұлы Қытай қабырғасының бір бөлігі өтеді.
Қолдану. «Ең,ең,ең» жедел тапсырма орындау.
«Қытай дүние жүзіндегі ең...»деп басталатын тапсырманы орындаған оқушыға тереңдетілген тапсырма беріледі.
Жеке оқушыға озық тапсырма «Сәйкестендір» :
Мына берілген сөздерден Жапония мен Қытайға тән тіркестерді табу:
Кимоно,Бейжің,Каратэ,Икебана, Юань,Шанхай,Хуанхэ,Фудзияма,
Тибет,Синтоизм,Конфуций,Кюсю,Аквакультура,Саньлань,Самурай
1Жапония: 2.Қытай:
Кимоно Бейжің
Каратэ Юань
Икебана Шанхай
Фудзияма Хуанхэ
Синтоизм Тибет
Кюсю Конфуций
Аквакультура Саньлань
Самурай
Талдау .«Кім жылдам?»Тест тапсырмаларын орындау.Электронды оқулықтан Қытайға байланысты тест сұрақтарына жауап беру.
ІҮ.Қорытынды.Бекіту.
Топтау:Жаңа сабақты бекіту,негізгі түсінік қалыптастыру.
Сабақты қорытындылауға, бекітуге арналған сұрақтар:
1.Қытайда қандай ерекше экономикалық аудандар бар?
2.Қытайда қандай туристік объектілер бар?
3Қазақстанда мұндай аймақтарды қалыптастыру мүмкіндігі бар ма?
Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысуы мен белсенділігі, үлгірімі,тапсырмаларды орындауына орай толтырылған «Бағалау кесте» бойынша білімдерін сараптап,бағалау.
Ү.Үйге тапсырма. «Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары» тақырыбын талапқа сай оқып меңгеру. Картамен жұмыс жасау тапсырылады.
Категория: География | Добавил: OnE_SouL
Просмотров: 2093 | Загрузок: 39 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 6:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru