Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » География

Жас географтар сайысы
2015-10-24, 8:09 PM
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
«Шаған кенті №24 жалпы негізгі білім беретін мектеп» КММ
Жуанышева Балгын Сериктаевна
География мұғалімі
Сайыс сабақ
Сайыстың тақырыбы: «Жас географтар сайысы»
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың пән бойынша алған білімдерін бақылау; Ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ана тілін сүюге тәрбиелеу.
Сайыстың көрнекілігі: Дүние жүзілік карта, үлестірме қағаздар, техникалық құрал-жабдықтар.
Пән аралық байланыс: Ағылшын, орыс тілі
Сайыстың өту барысы: Сайыс IV айналымнан тұрады.
І айналым. «Таныстыру» (Әр топтың өздерін таныстыруы, 3 минут).
ІІ айналым. «Полиглот» ( Жұмбақтардың шешуін үш тілде айту).
ІІІ айналым.«Ең ерекше» (Үлестірме қағазда берілген 5 сұраққа «ЕҢ» деген сөзді қосып жауабын айту).
ІV айналым. «Чемпион» ( Картамен жұмыс. Берілген тапсырманы жылдам орындау).

І айналым.
Әр топ өздерін таныстырады. Жоғары ұпай 30, орташа ұпай 20, төменгі 10.

Таныстыру сайысына «Жайық» тобын шақырамыз

Ұраны:
Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесу:
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

Таныстыру сайысына «Еділ» тобын шақырамыз

Ұраны:
Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесу:
Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз,
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
ІІ айналым. «Полиглот»
( Жұмбақтардың шешуін үш тілде айту)
«Еділ» тобының жұмбақтары
1) Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.
(Бұлт, облако, сloud)
2) Шым — шытыр,
Шидай қотыр.
(Жұлдыз, звезда, star)
3) Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ жетеді,
Аузы жоқ ұлиды
(Боран, метель, snow-storm, )
4) Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады
(Жел, ветер, wind )
5) Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне.
(Ай, месяц, month)

«Жайық» тобының жұмбақтары
1) Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер, земля, ears)
2) Таң мен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады.
(Күн, солнце, sun)
3) Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі,
Тереземнің әйнегін
Жуады, бірақ сүртпейді
(Жаңбыр, дождь, rain)
4) Гүл-гүл жайнап көк аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан,
Гүлдерімен қай кезең?
(Көктем, весна, spring)
5) Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады
(Қар, снег, snow)

ІІІ айналым. «Ең ерекше»
(Үлестірме қағазда берілген 5 сұраққа «ЕҢ» деген сөзді қосып жауабын айту).
«Еділ» тобының сұрақтары
1. Африка материгіндегі ең ірі жануар? (Африка пілі)
2. Анд тауларында дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі? (Титикака)
3. Солтүстік Американың ең ыстық жері? (Өлім аңғары)
4. Жер шарындағы ең мол сулы және су жинау алабы өте үлкен өзен?(Амазонка)
5. Жер шарындағы ең аласа материк? (Аустралия)
«Жайық» тобының сұрақтары
1. Африкадағы ең терең көл? (Танганьика)
2. Дүние жүзіндегі ең биік ағаш? (Секвойя)
3. Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі? (Флинт-Мамонт)
4. Дүние жүзіндегі ең мол жауын-шашын түсетін жер? (Черапунджи)
5. Африка материгіндегі ең ірі сарқырама? (Тугела)
ІV айналым. «Чемпион»
( Картамен жұмыс. Берілген тапсырманы жылдам орындау).
«Еділ» тобының тапсырмалары
1. Картадан Аустралия материгінің шеткі нүктелерін тап.
2. Картадан дүние жүзіндегі ең үлкен аралды көрсет.
3. Картадан Ла-Плата, Ориноко жазығын, Амазонка ойпатын тап.
«Жайық» тобының тапсырмалары
1. Картадан Африка материгінің шеткі нүктелерін тап.
2. Картадан дүние жүзіндегі ең жылы ағысты көрсет.
3. Картадан Солтүстік Африкадағы ежелгі су айдындарының орнында сақталып қалған Чад көлін тап.
Қосымша тапсырмалар:
«Не? Қайда? Қашан?» сұрақ-жауап. Бұл кезең әр топ өздері әкелген сұрақтарын бір-біріне қойып, жауап береді.
Категория: География | Добавил: zhannaSS
Просмотров: 1196 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 9:23 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru