Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Школьная библиотека

Тақырыбы: Қазақтың «Үш бәйтерегі»
2014-01-23, 12:54 PM
КІТАПХАНАЛЫҚ САБАҚ
Ақтөбе қаласы
№ 1 орта мектеп кітапханашысы
Шакибаева Гулсум Мухамбетовна
Тақырыбы: Қазақтың «Үш бәйтерегі»
Мақсаты:
1. “Үш бәйтерек” жайлы мәлімет бере отырып, олардың өмірі мен еңбектерімен таныстыру.
2. Оқушыларды өз бетінше ізденіп ,оқып-үйренуіне дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік : туған жеріне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу.
Ілияс Жансүгіров (1894-1938)
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 1 мамырда бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Тадықорган облысы, Ақсу ауданы) туған.
Жансүгіров Ілияс – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор. Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды.
Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшпелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Өз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс біраз уақыт Карағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады.
Бұдан кейін тұрмыс жағдайы билеп шаруа күйттеп, тіршілік қарбаласына араласып кетеді.Жастық қиял, арман толқулары, ауыл көріністері, табиғат суреттері оның жүрегін қозғап, тіліне ұйқасты сөздер оралып, өлең шығара бастайды. 1920 ж. Ілияс Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді. Артынан Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының жанындағы қысқа мерзімді курсте бес-алты ай оқыған.

Бейімбет Майлин (1894-1938)
“Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді шыға бергенде үзіліп кетті“.
Ғабит Мүсірепов
Бейімбет Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары) туған. Екі жасында әкесі қайтыс болып, күн көріс үшін шешесі бір байға сауыншылыққа жалданады. Жетілерге келгенде Бейімбеттің өзі де әлгі байдың қозы-лағын бағып, соңынан ат-арбасына делбеші болады. Алуан түрлі аңыздар мен ел іші әңгімесін мол білетін, өмір тауқыметін әсерлі етіп өлеңге айналдыратын әжесі немересінің жасынан қисынды, қызық сөзге, әдебиетке зауықты больш өсуіне әсер етсе керек.
Алғашында ауыл молдасынан оқып, қара таныған зерделі де орнықты бала өзі талпынып, сол ауылдағы татар мұғалімнен сабақ алады. Содан кейін 16—18 жастарында жақын жердегі Әбдірахман Арғынбаев деген кісінің медресесінде оқиды.
Білімге құштар Бейімбет осымен тоқтап қалмай, 1913-1914 жылдары Троицкідегі “Уазифа” (“Міндет'') мектебін бітірген соң, 1914 жылы Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияға түседі. Онда әйгілі оқымыстылар, жазушылар Мәжит Ғафури, Ғалымжан Ибрагимов (бертінде — 90-жылдардың басында қайтыс болған) дәріс беретін. Әйгілі башқұрт жазушысы Сайфи Құдаш пен Мағжан Жұмабаев та осы медреседе қатарлас оқыған. Медреседе шығьш тұрған "Садақ" атты қолжазба журналдың 1914 жылы 3-санында Бейімбеттің тұңғыш туындысы — "Шұғаның белгісі" хиқаяты жарияланады. Проза жанры қазақта енді ғана тәй-тәй тұра бастаған кезде жиырма жасар жігіттің бірден осыншалық көркем, әсерлі хикаят жазуы зиялы қауымды таң-тамаша қалдырады. Бұл хикаят өзінің барша асыл қасиеттерімен осы күнге дейін тамсандырьш келе жатқан татымды туынды болып қалып қойды. Бейімбет сол жылдары орыс тілін үйреніп, орыстың классикалық әдебиетімен танысады. Бірақ ол денсаулығына байланысты оқуын аяқтай алмайды.
Емделу жағдайымен Троицкіге барады (1915 ж.), ондағы "Айқап" журналына өлеңдер бастырып, журналдың шығарушылары: Мұқамеджан Сералинмен, өте дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровпен жүздеседі. Ауылында мұғалім болып жүрген кезінде қазақ жастарын майдандағы қара жұмысқа алу туралы 1916 жылғы атышулы патша жарлығына қарсы бүкіл ел көтерілгенде, Бейімбет Майлин ұлт-азаттық көтерілісін жақтап, азаматтарды атқа қонуға шақырған өлеңдер жазады. 1917 жылғы ақпанда патшаның тақтан түсуін, қазақ елінің азаттық алуына мүмкіндік туды деген оймен қуана қарсы алады. Елді мал деп, мансап деп, немесе бай, кедей болып бөлініп, ала ауыз болмай, тұтас ұлттың мүддесі жолына жұмылуға шақырады.
Туған елінің Қазан төнкерісіне дейінгі және одан кейінгі өмірін, ондағы өзгерістер мен олардың терең себептерін, адамдарының психологиясы мен мінезін жетік білетін сұңғыла талант иесінің қаламынан туған өлең, поэмалары, соның ішінде, әсіресе төңкерістен кейінгі қазақ кедейінің типтік бейнесін табиғи сомдаған "Мырқымбай" топтамасы, қысқа да қызықты әңгімелері, әйгілі "Шұғаның белгісі", "Раушан — коммунист" хиқаяттары, "Азамат Азаматыч" романы, "Талтаңбайдың тәртібі", "Майдан", "Неке қияр", т.б. драмалары — бәрі жиналып келіп, ауыл өмірінің біртұтас көркем күнделігі, ғажайып суреттің шежіресі іспетті. Даңқты замандастары Бейімбет шығармашылығын солай қабылдап, солай бағалады да. 1933-1936 жылдары жарық көрген төрт томдық шығармалар жинағын қоса алғанда, көзі тірісінде Б. Майлиннің елу шақты жеке кітабы шыққан.
Бұл жағынан кезінде оған теңдес басқа қазақ қаламгері болған емес. Ерен талант, біртоға мінезді ерінбейтін еңбеққор жазушы 1937 жылы нақақтан қамауға алынып, 1938 жылдың ақпанында, өзінің даңқты қаламдас, түйдей құрдас-достары С. Сейфуллин,
Жансүгіровтермен бірге тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.
Үлкен суреткер артына тамаша туындыларын қалдырды. Бейімбет сол замандағы қазақ ауылының тұрмысын, ауыл адамдарының мінез-құлқын қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған ауқымда, терең білгірлікпен және шыншылдықпен жан-жақты суреттеді. Кедейінің болсын, байы мен орташасының болсын дәл, шынайы, типтік бейнелерін жасады және соның бәрін тарихи даму, өзгеру үстінде суреттеді. Бейімбет жасаған бейнелер, оның прозасы мен драмаларындағы сияқты, оқырманға езу тартқызып, сүйіндіріп отыратын ұтымды да шуақты күлкімен — әзіл-ажуамен даралана, әсерлі де қызықты бола түседі.
Сәкен Сейфуллин (1894-1938)
“Желісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы – жеңіл жол емес. Күш-қуат, ой-сезім, істері нәр атаулының барлығын, қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында, жалындай жанып ортада солған жылдар. Осы күйді, әсіресе, Сәкен басынан мол кешті”.
М.Әуезов
Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894-1938) Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған.
Сәкен Сейфуллин - қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.
С.Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті. «Жұбату» әңгімесі - Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер, «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді. Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зерттеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары», «Батырлар», «Ақан сері - Ақтоқты», «Ләйлі - Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» кітабы - осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі.
Сәкен Сейфуллин
С.Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жазу ісіне де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға көп күш салды, сол тұста әдебиетке келген қаламгерлер М.Қаратаев., К,Бекхожин, Ж.Саин, тағы басқалары С.Сейфуллиннің көмегіне сүйенген. С.Сейфуллин олардың алғашқы кітаптарын бастыруға көмектесіп, алғысөздерін жазған. Жазушының шығармалары бірнеше рет шет тілдеріне аударылған. Ол 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс - әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт – сенімдері кеңінен көрінеді.
«Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.
Категория: Школьная библиотека | Добавил: sultan1001
Просмотров: 5353 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 10:43 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru