Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Жыр жүрегі- Мұқағали Мақатаев"
2017-05-11, 11:34 AM
Әдеби - сазды кеш: «Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев»

МАҚСАТЫ:
Білімділік: Тыңдаушыларды поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын М.Мақатаевтың өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстыру;
Дамытушылық: М. Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралуының сыры неде екенін таныту, сезіндіру;
Тәрбиелік: Ақынның шығармалары арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге үйрету, тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бейнежазба, өлеңдер, ақын туралы бейнебаян, баннер

Әдеби кештің өтілу барысы:
1 -жүргізуші: Қош келіпсіздер, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! XX ғасырдың
ақиық ақыны М.Мақатаевқа арналған «Жыр жүйрігі- Мұқағали» атты әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші:Шарасында шаттықтың мұңы басым,
Нұр сәуле болып жүректе нұры қалсын
Мұқағали мұзарттың мұзбалағы,
Шашып өткен әлемге шұғыласын, - дей отыра назарларыңызға Мұқағали Мақатаев туралы бейнебаян ұсынамыз.
Бейнебаян
Өмірбаяны

Ол 1931 ж. 8-ші наурызында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз». Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның туған күні туралы былай дейді: «Құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде өзі жаздырып алған екен.Мұқағалидің жеке өміріне тоқталатын болсақ, жары-Лашын,ұлдары- Айбар, Жұлдыз, қыздары – Алмагүл, Шолпан, Майгүл, Ләззат. Ақын 1976 жылы мәңгілікке көз жұмды.
2-жүргізуші:Назарларыңызға әдеби монтаж.
1. Әдеби монтаж( СЛАЙД)
1.Қайролла Асанәлі «Барлығы да менікі» М.Мақатаев
2. Амангелді Мерей «Отан» М.Мақатаев
3. Салық Әділхан «Үш бақытым» М.Мақатаев

1-жүргізуші: Ендігі кезекте ақын өміріндегі айтулы кезеңдерге тоқталайық.

Хронология (слайд)
• 1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;
• 1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
• 1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;
• 1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;
• 1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
• 1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;
• 1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
• 1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;
• 1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;
2-жүргізуші: Ұлы ақынның өлең жолдарына жазылған әндер еліміздің бейбіт аспанында әуелейді. Ендеше әсем әнге кезек берейік.
Орындаушы: Рудт Альбина
1-жүргізуші: Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі..
Орындаушы: Бексұлтанова Индира « My Motherland(ағылшынша)
2-жүргізуші: Балтабай Серәлі мен Нұртаева Әйгерімнің орындауында «Махаббат диалогы»
1-жүргізуші: Ақын өлеңдерінен үзінділер оқылып, бір сөзі тасталып кетеді, соны тауып, орысшаға, одан кейін ағылшынша аударасыздар.
1. Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,
Құшақ-құшақ ... шоқтарын лақтырып.
Мынау шапан, мынау атың мін демей.
Гүл-цветок-flower
2. Жігітінен қазақтың ... таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Дос-друг-friend
3. Ең .... бақытым халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенің.
Бірінші-первый-first
6. Мен ... болсам, сен таң болдың жаңа атқан,
Мен – ашу да, сен – ақылсың нәрі аққан...
Түн-ночь-night
7. Ақ ұлпа жерді жапқанда,
.... сырға таққанда....
Ағаштар-деревья-three

1-жүргізуші:
Қырансың, аға, топтан сен бөлек дарасың,
Хантәңірі сынды заңғар боп мәңгі қаласың.
Құрметті жыр сүйер қауым!

Талғат Мағзұмұлының орындауында (Отыздан асып барамын)

2-жүргізуші:
Әлем - дархан, саялаңдар,
Бәріңе де орын бар,
Қорған емес, салтанатты
Сәнді сарай соғыңдар.
Ей, адамдар, сендер тату,
Сендер тату болыңдар!- деп жырлап өткен ақын

Мұкағалидың өз даусымен айткан өлеңін тыңдайық.
Бейнетаспа (Пай-пай, өмір-ай)
1-жүргізуші: Отты жылдар ақын жүрегінде жазылмастай дерт қалдырған. Оның куәсі осы жылдарға арналған өлең жолдары.
Мурашова Динаның орындауында өлең «Ерлікті аңсаймын»
2-жүргізуші : Композитор Нұрғиса Тілендиев ақын қазасынан кейін қатты қайғырып, екі айға жуық емханада жатып шықаннан кейін, жұмысқа киетін пешпенттің қалтасынан хат шықты.
Мұқағалидың жазуы. «Аға, мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін? Мынаған назар аударып көрерсіз» -депті. Міне, аяулы ақынның сөзіне жазылған ән «Есіңе мені алғайсың»

Дыбысова Айжанның орындауында ән «Есіңе мені алғайсың» (СЛАЙД)

2-жүргізуші: Бүгінгі кеш барысында алынған мағлұматтар бойынша сұрақтарға жауап берейік.
Мұқағали қай жылы, қай айда дүниеге келді? (1931 жылы, 9 ақпан)
Мұқағалидың шын есімі кім? (Мұқаметқали)
Мұқағалидың ата-анасының есімдері? (Сүлеймен,Нағиман)
Мұқағалидың әжесінің есімі? (Тиын)
Ақын өз анасын қалай қабылдады?(жеңгесі ретінде қабылдап,Нақа деп атаған)
Ақынның жары?(Лашын)
Мұқағалидың ұрпақтары кімдер? (Екі ұлы – Айбар, Жұлдыз. Қыздары – Алмагүл, Шолпан, Майгүл, Ләззат).
Мұқағали қазақтың қай ақын қызына арнап өлең шығарды? («Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» өлеңі, Ф.Оңғарсынова)
Мұқағали қай жылы , неше жасында дүниеден өтті?(1976 ж. 45 жасында)
Егер ақын ортамызда болса, биыл неше жасқа толар еді?(85)
1-жүргізуші: Ақын жалғысыраған сәтте, туған табиғатына табынып, тау тасына, мөлдір бұлағына, ақ қайыңына мұңын шақты.
Сен адам бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын
Келісесің бе, жас қайың? –деп әділетсіз өмірден түңілген ақын бір сәт ақ қайың боп өмір сүргісі келді.

Күміс көмей жезтаңдай әншіміз Айымгүлдің орындауында «Өмір сүрейік алмасып» әнін тыңдаңыздар.
2-жүргізуші: Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы ,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?-деп Абай атамыз жырлағандай, Мұқағали мұрасы мәңгілік. Осымен әдеби кешіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: aishan2017
Просмотров: 37 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2017-07-25, 3:44 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [178]
Педагогика [302]
Математика [824]
Физика [264]
История [360]
Классному руководителю [539]
Русский язык и литература [723]
Физическая культура [224]
Английский язык [433]
Искусство [195]
Родительский совет [17]
Биология [337]
Информатика [382]
Начальная школа [1951]
Мой Казахстан [250]
Технология [138]
Самопознание [180]
Технология труда [61]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [46]
Профессиональное образование [168]
Дошколенок [508]
География [138]
Школьная библиотека [54]
Казахский язык и литература [585]
Химия [41]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • /li>
  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru