Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

кәсіби қазақ тілінен ашық сабақ
[ Скачать с сервера (52.0 Kb) ] 2017-12-12, 5:17 PM
Тақырыбы: Құрылыс материалдары.
Грамматикалық тақырып: Күрделі бастауыш. Күрделі баяндауыш
Мақсаттары:
білімділік: студенттердің бастауыш пен баяндауыш жайлы білімдерін қалыптастыруды жалғастыру, студенттерге құрылыс материалдары туралы мәліметтерді алуға жағдай жасау, студенттерді кәсіби терминдермен таныстыра отырып, үйренген сөздерін ауызекі тілде қолдануға машықтандыру;
тәрбиелік: студенттерді кәсіпке бағыттау, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру, студенттердің қазақ тілінен ғана емес, арнайы пәндерден де өз білімдерін көрсете алу мүмкіндігінен қанағатану сезімін, ұжыммен жұмыс істеуді тәрбиелеу.
дамытушылық: ақпарат ағынынан өзіне қажеттісін ала білу қабілетін дамыту, жалпы қабілеттілікті дамыту /сөздік пен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану/, танымдық қызығушылықты дамыту, сын тұрғысынан ойлау іс-әрекетінің жолдарын игеру, ауызша және жазбаша тіл дамыту. Мәтін арқылы сөздік қорын байыту.
Екі тілде сұрақтарға жауап беруді дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер:
Студенттер түсінуі тиіс: жаңа сөздердің мағыналарын, орыс тіліндегі аудармасын, мәтіннің мазмұнын түсінуі тиіс.
Студенттердің құндылық бағдары болуы: нақты мақсатқа жету үшін оқу материалының маңызын бағалауы, мамандығы туралы өз жеке пікірлері болуы тиіс.
Студенттер жасай біледі: тақырып бойынша әңгіме құрастыру; дайындалған хабар бойынша пікірін, ойын айту, әңгімеге қатысу; мәтін мазмұнын түсіну; мәтінді дауыстап та, іштей де дұрыс оқу; сөздерді бір-бірімен дұрыс тіркестіре білу; берілген сұрақтарға тақырып бойынша толық жауап беру.
Көрнекілік материалдар: мәтіндер, түрлі тапсырмалармен кәртішкелер, тақтада - кроссворд – «Құрылыс», «Қызықты әріптер» -ойын
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, топаралық сайыс.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа эмоционалды бейімдеу.
2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту кезеңі.
Сабақ сайыс түрінде өтеді, топ екі шағын топқа бөлінеді.
Бірінші топ – 1қатар, екінші топ – 2 қатар
Әр топтың өз қолбасшысы сайланады. Сабақтың соңында жеңімпаз тобы анықталады.
3.Үй тапсырмасын тексеру. Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін қайталау. Мысалдар келтіру.
4. Жаңа материалды саналы және белсенді игеруге дайындық кезеңі.
-Бүгінгі сабақта ең алдымен кроссворд шешуіміз керек. Қай топтың оқушысы бірінші қол көтереді, солар бастайды да тақтаға шығып жауабын жазады.1 жауап 1 ұпай.
Кроссворд «Құрылыс» (Әр топтан бір-бір оқушы шығып, жауабын тақтаға жазады. Кім бұрын жазып болса, сол топтан келесі оқушы шығып жазады. Соңында жеңімпаз топ аталады).
Сабақтың тақырыбы: Құрылыс материалдары
Сұрақтарға жауап беріңдер.
Үй салу үшін не керек?
Қандай құрылыс материалдарын білесіңдер?
Қандай көлік құрылыста қажет?
Мәтінмен жұмыс
1 топ. Құрылыс материалдары — үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:
табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);
органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар;
жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар);
ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);
металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.);
синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.)
жасанды - искусственный; құрастырмалы – сборный, блочный; құралымдар - соединение
2 топ. Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жоңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады.
3 топ. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір -бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады.
Ойын «Қызықты әріптер» Б, С, Қ
Сенің атың кім?
Жасың нешеде?
Сен қай көшеде тұрасың?
Қай колледжде оқисың?
Кім болғың келеді?
Колледжде қандай пәндерді ұнатасың?
Қандай калаларды білесің?
Наурызда не жейсің? Не ішесің?
Ұлттық тағамдарды білесің бе?
Өмірде кімді жақсы көресің?
Ойын қызықты ма?
Мәтінді оқып, аудару. Сұрақтарға жауап беру.
Күрделі бастауыш пен күрделі баяндауыш.
Жаттығу орындау. Көшіріп жазу, күрделі ( жай) бастауыш пен күрделі баяндауыштың астын сызыңдар
Құрылыс материалдары табиғи және керамикалық болып бөлінеді. Табиғи құрылыс материалдарына-тас, құм, балшық, әктас, мәрмәр, гранит, туф, т.б. жатады. Гранит – құрылымы кварц, дала шпаты, тақтатастан тұратын кристалды тау жынысы. Түсі оның құрамындағы дала шпатының мөлшеріне байланысты. Мәрмәр – жоғары температура жағдайында әктас немесе доломиттің кристалдануынан қалыптасқан ақ түсті тау жынысы. Мәрмәр ескерткіштер және қаптама тастар ретінде кең қолданылады. Туф – магманың атқылауынан пайда болған ұсақ түйіршікті тау жынысы. Күлгін, сары, қара түріндегі құрылыс материалы ретінде пайдаланылады.
Жеңімпаздар тобы аталады
5.Үй тапсырмасы. Мәтінмен жұмыс: аудару, мазмұндау, сөздік сөздерді білу.
6.Қорыту. Жеңімпаздарды белгілеу. Баға қою.
Соңғы бір сұрақ қойғым келіп тұр. Балалар, Қазақстанда құрылысшылар күні қашан тойланады?
10 тамыз күні- құрылысшылар күні.
Дүние жүзінде 50 мыңнан астам мамандық бар. Бірақ сол мамандықтардың ішіндегі ең ардақтысы – құрылысшы мамандығы. Құрылысшыларға арналған Құрылысшылар гимнін тыңдап, бірге қосылып айтайық.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 999baktiyar
Просмотров: 896 | Загрузок: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 10:26 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru