Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

9 сынып, Бақылау жұмысы, ІІ тоқсан
[ Скачать с сервера (25.2 Kb) · Скриншот ] 2018-01-03, 8:53 PM
№1 гимназияның 9 сыныпта ІІ тоқсан бойынша бақылау жұмысы
Тыңдалым бөлімі.
Әлкей Марғұлан
Әлкей Хаканұлы Марғұлан – белгілі қазақ ғалымы. Марғұлан Ленинградта оқып жүрген кезінде Қазақ Ғылым Академиясының Қазақстан мен Алтайдың өндіргіш күштерін, халқын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. Адайлар мен Наймандардың әдет – ғұрпын, тұрмыс – салты мен өнерін зерттеді.
1945 жылы «Хандар тарихының тарихи – әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.Бұл көне қыпшақ зерттеудегі құнды еңбек.Марғұлан 1943 жылдан Оңтүстік Қазақстандағы көне қалалар Отырар, Сауран, Сығанақ орындарында қазба жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан» деген еңбек жазды.
Марғұлан тарих, археология, әдебиет, өнер тарихынан 300-ден астам ғылыми – зерттеу жұмысының, 100 – ден астам энциклопедиядық мақалалардың авторы.
Әлкей Марғұлан Шоқан Уәлиханов жазып алған «Манас» жырының бөлігін қазақ тілінде жариялады. Сонымен қатар 1971 жылы «Шоқан мен Манас» атты монографиялық еңбегін жазды.

1. Әлкей Марғұлан кім?
А) белгілі қазақ суретшісі В) белгілі қазақ ғалымы С) белгілі қазақ әншісі
2. Алтай жерінде экспедицияда жүргенде қай қалада оқып жүрді?
А) ленинград В) Омск С) Мәскеу
3. Кімдердің тұрмыс-салты мен өнерін зерттеген?
А) Қыпшақтар В) Үйсіндер С) Адайлар
4. 1945 жылы қандай диссертация қорғады?
А) «Билер тарихының тарихи – әлеуметтік мәні»
В) «Хандар тарихының тарихи – әлеуметтік мәні»
С) «Хандар мен билер тарихының тарихи – әлеуметтік мәні»
5. Марғұлан Отырар, Сауран, Сығанақ орындарында қазба жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде қанадй еңбек жазды?
А) «Жаңаі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан»
В) «Ежелгі Қазақстан өнерінің тарихынан»
С) «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан»
6. Оңтүстік Қазақстандағы көне қалалар Отырар, Сауран, Сығанақ орындарында қазба жұмыстарын қашан жүргізді?
А) 1943 жылы В) 1942 жылы С) 1934 жылы
7. Ғылыми – зерттеу жұмысының саны
А) 300-ден астам В) 410-нан астам С) 100-ден астам
8. Қанша энциклопедиядық мақалалары бар?
А) 300-ден астам В) 410-нан астам С) 100-ден астам
9. Монографиялық еңбегінің атауы
А) «Шоқин мен Манас» В) «Шоқан мен Минас» С) «Шоқан мен Манас»
10. Әлкей Марғұланның әкесінің аты
А) Хананұлы В) Хаканұлы С) Хакимұлы

Оқылым бөлімі.
Қазақтың тұңғыш суретшісі
Әбілхан Қастеев қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі, кескіндемешісі, қоғам қайраткері, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушысы. Ол 1904 жылы Талдықорған облысында туған. 1929 жылы Алматыға келіп, Хлудовтың студиясына қатысады, бейнелеу өнерінің негізін үйренеді. Әбілханның суретшілік мұрасы өте бай. Оның мыңнан астам туындылары бар. Қастеевтің суреттері табиғат, ескі және жаңа тұрмыс, халықтың өмірі, дәстүрі туралы.
Әбілханның Абайдың, Жамбылдың, Шоқанның кескіндерін жасады. Дарынды суретшінің қазақ халқының тұрмысын бейнелеген туындылары «Колхоз тойы»,, «Жайлаудағы радио», «Соңғы хабарлар», «Сүт фермасы», т.б. Көптеген суреттерінің бас кейіпкерлері – еңбек адамдары.
Әбілхан Қастеев 1973 жылы қайтыс болды. Алматыда оның атында көркемсурет училищесі және мемлекеттік көркем галереясы бар.
(Парасат журналы, 19-бет, 2012 жыл №9,96 сөз)
1. Әбілхан Қастеев қандай өнердің негізін салушы?
А) бейнелеу В) Ән мен күй С) Айтыс өнері
2. Әбілханды сурет салуға үйреткен кім?
А) Қастеев В) Шоқан С) Хлудов
3. «Колхоз тойы»,, «Жайлаудағы радио», «Сүт фермасы» суреттері қандай адамдарды бейнелеген?
А) Еңбексүйер В) Баласүйер С) Әнсүйер
4. 1973 жылы қандай оқиға болды?
А) Дүниеге келді В) Дүниеден озды С) Дүниежүзін шарлады
5. Қай жерде дүниеге келді?
А) Талдықорған В) Шымкент С) Астана

Оқылым бөлімі 2 мәтін
Шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді. Қамырды жазып, төрт бұрыштап немесе жіңішкелеу кеседі. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады.

1. Мәтін не туралы?
А) Қымыз В) Бауырсақ С) Шұбат
2. Байырсақты қандай ұннан пісіреді?
А) бидай ұнынан В) күріш ұны С) қарақұмық ұны
3. Бауырсақ пісіру үшін ұнға не салады?
А) қант, В) соя, С) тұз
4. Піскен бауырсақтың түрі қандай болады?
А) Қызыл-сары В) Қызыл-күрең С) Қызыл-жасыл
5. Бауырсақ қандай тағамдарға жатады?
А) Сүт тағамдары В) Ет тағамдары С) Нан тағамдары

Лексика-грамматикалық блок
1. «Дыбыс» сөзінің аудармасын табыңыз.
А) Слог. В) Ударение. С) Звук. D) Буква. Е) Слово.
2. Түбір сөзді табыңыз.
А) Қоныстану. В) Қон. С) Қону. D) Қондыру. Е) Қоныс.
3. Сан есімнің сұрағын көрсетіңіз.
А) Не? В) Кім? С) Қандай? D) Қай? Е) Қанша?
4. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз. Себебі, өйткені, сол себепті.
А) Талғаулықты. В) Себеп-салдар. С) Ыңғайластық. D) Қарсылықты. Е) Іліктес.
5. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Мен келген кезде, қоңырау соғылды.
В) Жаңа кітаптар алмақ болып, мен дүкенге бардым.
С) Ғылым таппай, мақтанба.
D) Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын.
Е) Сабақты жақсы оқыса, озат оқушы болады.
6. Одағай сөзді табыңыз.
А) Паһ-паһ. В) кет. С) Талапты. D) Мырс. Е) Жеңіс.
7. Қазақстан облыстарының санын белгілеңіз.
А) 16. В) 15. С) 14. D) 17. Е) 13.
8. Қазақстанның бейнелеу өнерінің негізін салушыны анықтаңыз.
А) Ә. Қастеев. В) Ә. Қашаубаев. С) Ю. Рахманов. D) Р. Рымбаева. Е) Ә. Марғұлан.
9. Мемлекеттік Елтаңбада киіз үйдің қай бөлігі бейнеленгенін көрсетіңіз.
А) Сықырлауық. В) Қанат. С) Шаңырақ. D) Кереге. Е) Есік.
10. Үй ішіне қатысты сөздерді табыңыз.
А) Бөлме, есік, терезе. В) Емен, қайың, шырша. С) Тұлпар, күн сәулесі. D) Дәптер, кітап, сызғыш. Е) Қабырға, қора, күрек.
11. Синоним сөздерді табыңыз.
А) Нәзік, толық. В) Думан, той. С) Бала, мұғалім. D) Үлкен, кіші. Е) Ажарлы, ажарсыз.
12. Антоним сөздерді белгілеңіз.
А) Ескерткіш, қоршау. В) Күмбез, ғимарат. С) Ежелгі, мекен.
D) Тұрғын, өнер. Е) Мықты, әлсіз.
13. Дауысты дыбыстардың жақтың қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.
А) Ашық, қысаң. В) Үнді, жуан. С) Ұяң, қатаң. D) Еріндік, езулік. Е) Жуан, жіңішке.
14. Үнді дыбысқа аяқталатын сөзді көрсетіңіз.
А) Емен. В) Қаз. С) Көйлек. D) Алыс. Е) Қораз.
15. Тұйық, ашық және бітеу буындардан жасалған сөзді табыңыз.
А) Жұмыс. В) Автобус. С) Мереке. D) Отбасы. Е) Сынып.
16. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) Жылқышы. В) Қонжық. С) Біраз. D) Көжек. Е) Табиғат.
17. Табыс септік жалғауын табыңыз.
А) –лар, -лер. В) –менен, -бенен. С) –мын, -сың, -сыз. D) –ны, -ні, -н. Е) –ң, -ың, -ің.
18. Сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Ащы, тәтті. В) Ақ сары. С) Қып-қызыл. D) Сары жапырақ. Е) Бақытты.
19. Пысықтауыш қай сөз табынан жасалғанын табыңыз. Кеше үлкен жиын болды.
А) Үстеуден. В) Етістіктен. С) Зат есімнен. D) Еліктеуіш сөздерден. Е) Сын есімнен.
20. Жалқы есімі бар сөйлемді табыңыз.
А) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.
В) Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, қызыл пүліш қамзол.
С) Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым.
D) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.
Е) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Сакен0683 | Теги: Лексико-грамматика, жұмысы, Оқылым, Тыңдалым, сынып, бақылау
Просмотров: 1628 | Загрузок: 49 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 1:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru