Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Эссе «Ұстаз болу – жүректің батырлығы»
2019-01-02, 5:07 PM
Эссе «Ұстаз болу – жүректің батырлығы»
Аманжолова Сәуле Шаяхметқызы
Ленин орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы 
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы 
Ұстаз болу – адамның асылдығы, — деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, ұстаз ақылды, мейірімді, батыл, білімді, жан-жақты болу керек. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Сол себепті де ұстазға өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялайтын жан, — деп Ж.Ж.Руссо баға берген болатын. Ұстаздардың әсерлі үнмен асықпай, мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай болу керек. 
Ұстаз болу бала кезімнен арманым еді. Сол кезден ақ ұстаз – мектептің айнасы, бәйтерегі екендігін жете түсіндім.Мұғалім мамандығын таңдап, еңбек еткеніме 20 болды. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған ұзақ еңбек жолындағы өмірілік ұстанымым - әрқашан шығармашылық ізденісте, ой қозғалысында болу. Мұндай ұстаным мұғалімде болмаса, ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер деп айтар едім. Ал ұстаздардың ішінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің қазіргі қоғамымызда жүгі ауыр. Себебі болашақ ұрпаққа мемлекеттік тілді үйрету – қазақ тілі мамандарының міндеті. Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыру үшін оқытудың көптеген әдіс- тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. Кейінгі жылдары «Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын ақпараттық техникалық және көрнекі құралдар арқылы оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру» атты әдістемелік- шығармашылық тақырып бойынша жұмыс жасап жүрмін. Шығармашылық- өте күрделі психологиялық процесс. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – шығармашылық. Мұғалім өз шығарамашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Ал менің мақсатым – оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын білдіру, баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын жаңа технологиялар , 
сыныптан тыс жұмыстар, тіл дамыту жұмыстары арқылы жүзеге асырудамын. 
Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Мемлекет мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім жүйесі негізгі фактор болып отыр. Сондықтан дамып келе жатқан елімізде мектептердің жаңа техникалық құралдармен жабдықталуына үлкен мән беріліп отыр. Соған орай біздің мектептегі химия пәнінің кабинеті бір интерактивті тақтамен, 2-11- сыныптарға арналған электрондық оқулықтармен жабдықталды. Интерактивті тақта қазақ тілі кабинетінде болу керек деп ойлаймын. Бірақ бұған әлі қолымыз жетпей отыр. Бұл өзгерістер бізге жаңаша ізденіске жол ашты. Ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін дәстүрлі әдістермен ұштастыра отырып, жаңаша сабақ түрлерін өткізе бастағанымда өзім де, оқушыларым да қызығушылықтың жаңа бір белесіне шыққандай болды. Біріншіден, электрондық оқулықтағы лексикалық тақырыптарды оқушы тыңдайды, қайталайды, тыңдап отырып өз бетінше диктант жазады, сөз тіркестерін құрап, қатемен жұмыс түрлерін орындайды. Екіншііден, проблемалық сұрақтар қою, оның жауабын жеке өзі, соңынан жұппен, топта талқылау арқылы шешімін тапса, бұл оқушы тілін дамытудың, қабілетін әрі шығармашылығын дамытудың басты бір жолы болып табылады.Үшіншіден, мұғалім көрнекілік жасап жатпайды. Оқушы өзі де көрнекіліктерді призентация түрінде дайындап әкеліп, сол тақырып бойынша қорғайды, түсіндіреді. Әрине, мұндай тіл дамыту жұмыстарын дәстүрлі әдістермен де орындаймыз. Алайда басқа сыныптарға қарағанда мультимедиялық кабинетте сабақ кестесі бойынша оқитын сынып оқушыларының оқу сапасы да жоғары, сабаққа деген мотивациясы да жоғары болуы – қазіргі заман оқушысының танымдылық, шығарамашылық қабілетін дамытудың тура жолының бірі - ақпарттық коммуникациялық технология деп білемін. Әрине, бұл жұмыста кемшіліктер де жоқ емес. Бұл кемшіліктерді жою, оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыра білу мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. 
Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейтіндігін», – айтады. 
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі, екіншіден, пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі, үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. 
Оқу мен сыныптан тыс жұмыс түрлерінің сабақтастығы да әрбір оқушыны, оның ішінде орыс тілді оқушыны танып білуге көп әсер етеді. 
Мектебімізде әр оқу жылы сайын мектепішілік сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың жылдық жоспары жасалады .Сол жоспар негізінде әр түрлі сыныптан тыс жұмыстар жүргізіледі. Мысалға «Абай оқулары», «Қазақ тілі апталығы», « М.Жұмабаев оқулары», сол жылғы мерейтой иелеріне байланысты іс-шаралар, әр тоқсан сайын әрбір сынып параллель арасында жүргізілетін «XXI- ғасыр көшбасшысы», "Не? Қайда? Қашан?" зияткерлік сайыстарға қатысып, оқушылар өз білімдерін дамытады және көрсетеді. 
Оқытуда қандай инновациялық оқыту әдіс - тәсілдер бар, соның бәрін қолданып, үйреніп, тиімді әдіс-тәсілдерді әр мұғалім өз тәжірибесінде қолдану керек деп ойлаймын.Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. 
Біртіндеп «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының қарапайым стратегияларын пайдалана отырып, сабағымды жандандыра бастадым. Оқушыларымның көзіндегі қуанышты көргенде, меннен бақытты жан болмады. Осыдан түйгенім: жаңа технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне, қиыншылықтарға қарамастан өз жұмысын сүйетініне байланысты. Олай болса 
«Ақырын жүріп, анық бас 
Еңбегің кетпес далаға 
Ұстаздық еткен жалықпас 
Үйретуден балаға –деген ұлы Абайдың сөзі ақиқат екенін өмір дәлдеп отырған жоқ па?! Осы балаға үйретуден жалықпаудың арқасында біраз жетістіктеріміз де бар. Мысалға 2013 жылы 10-сынып оқушысы Райспих Ксения қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша аудандық олимпиадасында 3 жүлделі орынға ие болды.2010 жылы 11-сынып оқушылары Ұлттық Бірыңғай тестілеуде жақсы нәтиже көрсетті. Менің тобымда 2 оқушы қазақ тілінен беске, екеуі – Нахматов Руслан т және Аманжолова Жанар 25 баллға тапсырды. 
Оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің жеке тұлғасы, әдістемелік шеберлігі, адамгершілік қасиеттері, өз пәніне деген қызығуы, оқушыларға деген мейірімді қарым-қатынасы мен оларды түсіне білуі маңызды орын алады. Сабақ үстіндегі мүғалімнің өзін-өзі ұстауы, сөзі, көңіл-күйі, іс-әрекеттері оқушытарға өте күшті әсер етеді. Бұл туралы А.Макаренко былай деп жазды: "Келешекте педагогикалық жоғары оқу орындарында міндетті түрде дауыс ырғағының қойылуы, өзін ұстауы, өз жан дүниесін игере білуі және өзінің бет-әлпетін игере білуі сияқты маңызды жайттар оқытылатынына сенемін және мұндай жұмыс түрлерінсіз мен тәрбиеші жұмысын көзіме елестете алмаймын". Әрине, дауыстың дұрыс қойылуы әдемі ән айтуда немесе сөйлеуде ғана маңызды рөл атқармайды, сонымен қатар өз ойы мен сезімін неғұрлым анық, әсерлі және бұлтартпай жеткізе білуі қажет. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. 
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман – уақыт талабы.«Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет.Қазіргі талаптарға сай мұғалімдерге қойылатын талап білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. 
Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайтын адам.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: azat1429
Просмотров: 1198 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 10:00 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru