Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Жаңа мектептің – жаңа талпыныстары
2019-11-27, 10:03 AM
Жаңа мектептің – жаңа талпыныстары

Дүйім елге мәлім болған жер жаннаты Бурабай өлкесінің орталығы Щучинск қаласының оңтүстік-шығыс бағытында орналасқан жаңа білім ордасы – №7 мектеп-лицейінің ашылу лентасын қию сәтіне үш жылдан астам уақыт өтті. Мектеп заманауи талапқа сай материалдық-техникалық базасымен жабдықталып, оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған.
Бүгінгі өмір сүріп жатқан ғасыр – білімділердің ғасыры. Әр білімге қол созған жастардың болашағы жарқын екені анық. Елбасы Н. Назарбаев білім ошағы – мектеп алдына ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек деген жауапты міндет қойды.
Ұстаз деген ұлы сөз ұққан жанға,
Ұстаздықты ту етіп ұстағанға.
Жаңа ғасыр ұрпағын тәрбиелеп,
Білім берген ұстазда арман бар ма?- деп, ұлы ғұлама Шәкәрім Құдайбердіұлы керемет өз ойын айтып кеткендей, мектепке қабылданған мұғалімдерден бәсекеге қабілетті, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі талап етілді. Ұжымда 72 педагог болашақ ұрпаққа білім беруде. Жоғары білімді – 65, орта арнаулы – 7, жоғары санатты -17 мұғалім, І санатты - 32 мұғалім, ІІ санатты –12 мұғалім қызмет атқаруда.
Жауапты істі жүзеге асыруда педагогикалық ұжым ашылған алғашқы айлардан бастап сапалы білім, саналы тәрбие беру баспалдақтарына нық қадаммен көтерілуде. Қазақстан Республикасының Білім министрінің Құрмет грамотасымен – 4 мұғалім, облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен және грамотасымен –20 мұғалім, аудандық білім бөлімі басшысының грамотасымен – 29 мұғалім марапатталды. Ұстаз беделі оның іскерлігінде, ізденуінде, алдына қойған мақсат-міндетіне жетуінде. Ойы озық, ізденісі ілгері білімді мамандар сайыстың қандай үлгісі болсын, білім бәсекелері болсын өздерін де, шәкірттерін де шыңдап, биік тұғырдан көрініп жүр. «Ұстаз – шеберліктің қайнар бұлағы» деген нақыл бүгінгі күннің жаңашыл мұғалімінің бет-бейнесін ашары сөзсіз. Республикалық «Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2018» байқауына бірінші санатты дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Жаркеев қатысып, «Ең үздік авторлық бағдарлама» номинациясын жеңіп алды. Аудандық «Үздік педагог - 2018» байқауының гран-при иегері бастауыш сынып мұғалімі А.Сейфулина облыстық кезеңде де жаңашыл, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман екендігін көрсете білді. «Үздік педагог - 2019» байқауының бірінші орын иегері бастауыш сынып мұғалімі А.Молдабаева, барлық талаптардан сүрінбей өтті.
«Өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз» - демекші, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірт жүрегіне жол таба білу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті. Сондай ұстаздардың бірі - орыс тілі пәні мұғалімі А.Жилкайдарова. Оқушысы Жакупбекова Әсия облыстық пән олимпиадасында І орын жүлдегері атанып, республикалық пән олимпиадасының грамотасымен марапатталды. Айгүл Сагинбаевна - еңбекқор жан, оның негізгі мақсаты әрбір баланың жүрегіне жол тауып, заман талабына сай функционалды сауатты азаматты тәрбиелеп шығару.
Физика пәнінің мұғалімдері - Е.Жеңісхан, Ж.Здуалиева ізденгіш, шығармашыл тұлғалар. Оқушылары облыстық ғылыми жұмыста да, пән олимпиадасында да ІІІ орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, Республикалық «Педагогикалық идеалар панорамасы» атты бейне сабақ байқауының І дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін сүйетін «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Марта Бәдел республикалық ғылыми конференцияда «Адамгершілік – асыл қасиет» тақырыбында баяндама оқыды. Жұмысы энциклопедияға енді.
Әр оқу жылы дәстүрлі түрде өтетін аудандық, облыстық пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүрген оқушылар саны жылма-жыл артып келеді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада оқушылар жақсы нәтижелерге жетті. 2016-2017 оқу жылы аудандық кезеңге 32 оқушы өтіп, 10 оқушы жүлделі, 2017-2018 оқу жылы аудандық кезеңге 34 оқушы өтіп, 18 оқушы жүлделі, 2018-2019 оқу жылы аудандық кезеңге 34 оқушы өтіп, 22 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Білім бәйгесінің облыстық кезеңінде 2016-2017 оқу жылы Құрбан Ұлжан қазақ тілі пәнінен ІІІ орын, 2017-2018 оқу жылы Өтелбаева Айғаным информатика пәнінен ІІІ орын, 2018-2019 оқу жылы Мейрамов Темирлан, Жусупов Галихан физика пәнінен ІІІ орынды жеңіп алды. 2016-2017 оқу жылы «Алтын белгі» иегерлері – 5 оқушы, «Үздік аттестат» - 2 оқушы, 2017-2018 оқу жылы «Алтын белгі» иегерлері – 4 оқушы, «Үздік аттестат» - 2 оқушы 2018-2019 оқу жылы «Алтын белгі» иегерлері – 5 оқушы атанды. «Талантты ұстаздан дарынды шәкірт» дегендей, түрлі сайыстардың жеңімпазы атанып жүрген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі К.Амиржанованың оқушысы Ахметжан Шыңғыс облыстық «Жарқын болашақ» байқауында ІІ орын, «Дебат» пікір сайысында «Ең үздік спикер» атанды.
Мектеп балаға жаңа әлемнің есігін ашып, рухани дүниесінің қалыптасуына жол ашады. Білім додасындағы түрлі сайыстарда облыс деңгейінде жеңіс тұғырында көрініп жүрген мектебіміздің білімді шәкірттері: Бектасова Аружан ІII орын, К. Шауалиева ІІ орын, Е.Асылбеков ІІІ орын «Абай, Махамбет оқулары» байқауының жеңімпаздары. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұсы – тұлғаның жүрегіне жол таба білуі десек, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Е.Дағыстан, М.Рахимжанов сынды ұстаздардың оқушылары республикалық қашықтық олимпиадасының, шығармалар, эссе сайыстарының жүлдегерлері атанып, мектеп мәртебесін көтеруде. Астана қаласында республикалық «Біз – Махамбет ұрпағы» атты әдеби-музыкалық байқауға қатысып Алғыс хатқа, оқушысы О.Алимжанов «Үздік өнерпаз» дипломының иегері атанды. «Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты», - дейді халқымыз. Мектебімізде жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке, ынтымақ пен бірлікке баулуда сыныптан тыс шаралар үнемі атқарылып тұрады. Тәжірибелі ұстаздар Ү. Габдуллина, Ы.Болыспаева, С.Шаяхметова, М.Тауышева, К.Байгошкарова, Г.Утегенова, Б.Шаткенова, Г.Мугжанова, Ж.Оспанова, Н.Сарсенбаева сынды мұғалімдер шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді сіңіріп, ғылыми жұмысқа бағыт-бағдар беруде. 2018-2019 оқу жылында республикалық Президенттік олимпиадада 11-сынып оқушысы А.Қоныспай, 2019-2020 оқу жылында11-сынып оқушысы Т.Мейрамов мадақтамалармен марапатталды. 2018-2019 оқу жылында 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» байқауының облыстық кезеңінде екі оқушы ІІІ орын, бір оқушы мадақтамамен марапатталып, мектеп қоржынын толықтырды
Осындай істердің басы-қасында жүріп ұйымдастырып, басшылық етіп, жақсы істерді қолдап, әр әсті ақылмен, парасатымен, тынымсыз еңбегімен, терең танымымен басқарып отырған мектеп директоры – Сураганов Дамир Чоканович бүгінгі күні ата-аналар алғысына, ықыласына бөленіп жүр. Еліміздің көк байрағын желбірететін білімді де алғыр ұрпақ тәрбиелеп, еңбегіңіздің жемісін көріп, әрдайым жаңалық пен шығармашылықтың қайнар көзі бола беріңіз дегіміз келеді.
Жарқын болашақтың бастауын бүгіннен қалап жатқан мектеп-лицейінің ұстаздары еңбекқор, шәкірттері қабілетті ұжымының алар биіктігі әлі алда.

№7 мектеп-лицейінің оқу ісі
жөніндегі орынбасары
Г.Ғалымжанова
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Bahgan | Теги: мектеп, ЖАҢА, табысты
Просмотров: 282 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 3:07 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru