Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ӨМІРМЕН ҮНДЕС АСҚАҚ ЖЫРЛАР
[ Скачать с сервера (16.8 Kb) ] 2013-03-01, 8:32 AM
ӨМІРМЕН ҮНДЕС АСҚАҚ ЖЫРЛАР
Мақсаты: Оқушылардың Мұхтар Шаханов туралы білімдерін жетілдіру,пысықтау.Ақын өмірінен,шығармашылығынан үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу. Ақын шығармаларына деген қызығушылығын арттыру,шығармашылығы бойынша өзіндік ізденістеірін дамыту.
Түрі: әдеби-сазды кеш
Көрнекілігі: слаид бойынша деректер, суреттер, банер
Кеш барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, сөз өнерін құрметтеуші, жыр сүйер қауым!
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ағайын!
1-жүргізуші: Халқымыздың біртуар азаматы, ақын Мұхтар Шахановқа арналған «ӨМІРМЕН ҮНДЕС АСҚАҚ ЖЫРЛАР» атты кешімізді бастауға рұхсат етіңіздер!
2-жүргізуші:
Сәлем бердік, кешіміздің көрермені
Қазақтың ол анық қой өнер кені
Ақынның кешіне хош келдіңіз,
Алдарыңда болашақ өрендері-деп алғашқы сөзді осы кешіміздің ең жас қатысушылары 3 сынп оқушыларына берсек.
1-жүргізуші: «Жайықпен жүздескенде» оқитын 3 сынып оқушылары:
2-жүргізуші: «Өзен» оқитын 3 сынп оқушысы:
1-жүргізуші: Мұхтар Шаханов бүгінгі әлемдік өркениет тағылымдарын пайымдауға өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған сан қырлы талантты философ ақын. Жыр керуені алға жылжыған сайын Мұхтар Шаханов шығармалары жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай түседі.
2-жүргізуші:
Мықтылардың күйін шертіп өтер күн,
Заман - терек, адам соның бұтағы.
Мен туғанда досым сенің әкеңнің,
Жазылыпты Абай жайлы кітабы...

Жинап алып достары мен қастарын,
Ниетімді құптар деп.
Бұл есімде ерекше бір құт бар деп,
Ат қойыпты Мұхтар деп.. «Мені неге Мұхтар қойған?» өлеңінде жырлағандай М. Шаханов осыдан 70-жыл бұрын асыл қазынамыз «Абай жолы» эпопеясының бірінші кітабы жарыққа шыққан жылы дүниеге келіп, кіндігі кесіліпті.
1-жүргізуші: Әкесі бұл есімді Мұхтарға берерде де, оның болашағынан көп үміт күткен еді:
- Ұлым сенен сұранам,
Тірлігіңде бой көрсетпе жырадан – деп арман қиялына жетелегендей болған еді.
1-жүргізуші: – «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» деп бекер айтылмаған.Сол айтпақшы адам баласы армандау арқылы жетістікке жетеді. Ақынның «Арман» атты өлеңі де сол армандардың жетегінде туса керек.
2-жүргізуші:
«Арман» оқитындар 10 сынып оқушылары Арғынбекова Аяжан, Омар Алмас және 5 сынып оқушылары: Акмағанбет Сұлтан, Құсайн Думан

1-жүргізуші: Көшербай Ғасырбектің орындауында «Әке туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар, әні Нұрғиса Тілендиевтікі
2-жүргізуші: «Ғайша жеңгей» оқитын 8 сынып оқушысы Дәурен Бағдат
1-жүргізуші: «Кешікпей келем деп ең» , әні Ш. Қалдаяқовтікі, орныдайтын 10 сынып оқушысы Мекебаева Асемгүл
1-жүргізуші:
Тек мына аман тұрсын, нұрлы Отаным,
Туламас көңіліңді тулатамын.
Әніммен, ала құйын жырыммен
Мен әлі құлағыңды шулатамын, - деп өзі айтқандай ақын ағамыздың өмірмен үдес, оқырман қауымның жүрегінен орын алған тағы бірнеше өлеңдеріне кезек берсек.
2- жүргізуші: «Бақыт геометриясы» оқитын 10 сынып оқушысы Ақтаева Айжан
1-жүргізуші: «Достық өлкесінің заңы» оқитын 10 сынып оқушысы Құсайнова Шолпан
2- жүргізуші: «Достық пен махаббат» оқитын 10 сынып оқушысы Нұрғалиева Аяжан
1-жүргізуші:
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда, көңілдің өсері бар, – деп Абай ақын жырлағандай Шаханов шығармашылығындағы өлеңдерге жазылған әндердің де адамның көңілін көтерердей қасиеті бар. Олай болса кезекті ақын ағамыздың сөзіне жазылған тағы бір тамаша әнге берсек. «Айналайын» , әні Ескендір Хасанғалиевтікі Орындайтын: Мекебаева Асемгүл, қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
«Ақын болу дегеніміз – туған халқының парасат биігін меңгеру» дейді. Мұхтар ақынның адам бойындағы жігер, намыс, ерлік, батылдық сезімдерін оятатын өлеңдері де бар. Соның бірі Мұхтар Шахановтың «Жігерлендіру» өлеңі
1-жүргізуші: «Жігерлендіру» немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап. Оқитын 10 сынып оқушысы Алтынбек Нұржігіт
2-жүргізуші: «Жігіттер мақтанбалық» Оқитын 10 сынып оқушысы Жүсіпназар Досбол
1-жүргізуші: Кезекті ақын ағамыздың тағы тамаша әніне берсек. Мұхтар Шаханов «Өмір-өзен» өлеңін жалындаған жастық шағында жазған екен. Өлең ақынның өмірге деген құлшынысы зор, болашаққа деген сенімі мол кезде үлкен шабытпен дүниеге келсе керек. Кейін өлең жолдары Шәмші Қалдаяқовтың қолына тиіп, ол ақын інісінің өлеңіне арнайы әуен жазып береді. Әуелі жаңа ән кішігірім басылымдарда жарық көреді. Бірақ, ән орындалмай, шаң басып қалады. Ақын Мұхтар Шаханов Қырғыз еліндегі Қазақстанның елшілігінде қызметте болған кезде мұрағаттарды ақтарып, іздеп жүріп «Өмір-өзен» әнін тауып алады. Араға отыз жыл салып ән халыққа жетеді.
2-жүргізуші: Назарларыңызда «Өмір-өзен» әні, орындайтын Мекебаева Асемгүл
1-жүргізуші: – Көркем сөз шебері Ғ. Мүсірепов былай деген екен: «Дарын танылды. Адал күш танылды. Бұл ақынымыздың әрбір шығармасын оқығаннан кейін, азды-көпті ойланбай қала алмайсың . Ой мен сезімге недәуір жүк түседі… Тек автобуста келе жатып, оқыма, басыңды жастыққа сала беріп оқыма! Өйткені оның әрбір жолы қадағалап оқуды керек етеді» деген екен.
2-жүргізуші: Өйткені Мұхтар ағамыздың өлеңдері ар-намыс ережесі, дастандары - тарихтың ағыны іспетті. Ақын жырларының арасындағы «Төрт ана» өлеңі бүгінгі күні ұлтымыздың ұранына айналғандай.
ХОР: «Рух пен тіл» әнін орындау
1-жүргізуші: «Төр ана» оқитындар 5 сынып оқушылары: Мамырбек Алишер, Байбеченов Тұрар, Асылбекова Арайлым, ......................
1 – жүргізуші:
Осымен Қазақстанның халық ақыны, жазушысы, «Түрік халықтары арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны » атағының иегері Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған «ӨМІРМЕН ҮНДЕС АСҚАҚ ЖЫРЛАР» атты әдеби – сазды кешіміз өз мәресіне жетті!
2-жүргізуші: Назарларыңызға көп рақмет!
Екеуі бірге: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: анарка
Просмотров: 1610 | Загрузок: 186 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 2:30 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru