Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Домбыра
[ Скачать с сервера (20.4 Kb) ] 2013-03-04, 8:48 AM
Ғ. Қайырбеков атындағы
№2 мектеп-гимназиясының
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Кампитова Салтанат Амановна
Сабақтың тақырыбы: Домбыра
Мақсаты:
1. Оқушыларға қазақ халқының ұлттық аспабы, оның қасиеті туралы білімдерін арттыру.
2. Ұлттық мәдени байлық жайлы танымдарын тереңдету, алған білімдерін өмірде қолдана білуге баулу.
3. Оқушылардың эстетикалық дүниетанымы мен ұлттық музыка өнеріне деген өзіндік ойларын, көзқарастарын қалыптастыру.
Түрі: интеграциялық сабақ
Әдісі: кеңейте түсіндіру, тарихи кезеңдермен байланыстыру, мәнерлеп сөйлеу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: слайд арқылы көрсетілетін: күйшілердің суреттері, нақыл сөздер, Құрманғазының суреті, домбыра
Пән аралық байланыс: әдебиет, тарих, экология, өнер, музыка, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
• Оқу құралының дайындығын текскру.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Домбыра». Осы сөзге байланысты танымдарды тереңірек білу, ұлттық аспаптың қасиеті туралы және ұлттық мәдени байлық туралы әңгімелеу, жаңа сөздерді меңгеру, ұлттық музыка өнеріне деген өзіндік ойларын, көзқарастарын дамыту.
ІІ Үй жұмысын сұрау
Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап:
-Қандай зат есімдерді күрделі зат есімдер дейді?
-Күрделі зат есімнің неше түрі бар?
-Олар қалай аталады? Мысал келтіріңдер.
-Ережелерге байланысты жазба жұмыстарын тексеру, бағалау.
-Үйге берілген мәтіннің мазмұнын тірек сөздер арқылы тексеру.
• Дәстүр (дәстүр бойынша сырттан келген жолаушы рұқсатсыз үйге кірмеген)
• Қарсы алу (келген қонақты қарсы алып үйге кіргізеді)
• Сәлемдесу (қонақ аяқ киімін шешіп, үй ішіндегі адамдармен сәлемдеседі)
• Төр (қонақты төрге шығарып отырғызады)
• Сыбаға (қазақ елінде қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған)
• Арнайы, сыйлы (арнайы қонақ шақырғанда, сыйлы кісі келгенде қой сойған)
• Сыйлы қонаққа тағы не тартқан (қойдың басын тартқан)
• Ауылдың алты ауылы (ауыл адамдарының ән айтуы)
• Қонақ кәде (келген қонаққа ән айтқызу)
• Бұйымтай (қонақ кетер алдында отағасы қонағынан келген жұмысын сұрау)
• Ат, мылтық, ит (дәстүр бойынша қонақ иесінің аты, мылтығы мен итінен басқа кез келген затты сұрауына болады.)
• Қалауы (үй месі қонағының қалауын береді)
• Қош сау болыңыз (қоштасып, шығарып салады)
Мұғалісм сөзі: Міне, балалар, қазақ халқы әрқашан қонақжай болған. Келген қонағына дастарқанын жайып, көңілін аулап, төрге отырғызып, ән айтып, бас тартқан. Әр қазақтың төрінде домбыра ілулі тұрған.
Жаңа сабақ:
Бүгінгі жаңа сабақты Қ. Аманжоловтың мына сөздерімен бастағым келеді:
Домбыра, мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыз қозғап ғасырлардан жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.
1. Жаңа сөздермен жұмыс «Қос жазбалы күнделік»
Аспап – қазақтың ұлттық аспабы
Бөліктері –
Тартады –
Ағаш –
Тарихы –
Күй, ән –
Зат –
2. Мәтінді түсініп оқу, түсінігін баяндау
3. Оқулық бойынша тапсырмалар орындау
1-тапсырма. Қосымшаларды дұрыс қолдана отырып сөйлем құрастыру

Домбыра мен күй орындады
Қобыз бен сазды әуен ойнап берді
Баян мен әнді сүйемелдеді
Сыбызғы да өз туындысын тартты
Скрипка да ойнап берді

4. Талдау жұмыстары
• Күйші сөзіне фонетикалық талдау жасау
1. Жіңішке буынды сөз
2. күй-ші -2 буын- б. б.-а. б.
3. күй-ші – 1 жағдайда тасымалданады
4. күйші- екпін соңғы буынға түседі
5. күй-түбір, -ші-сөз тудырушы жұрнақ
• Домбыра сөзіне лексика-грамматикалық талдау
1. Құрамы: жай сөз
2. Тұлғасы: негізгі
3. Құрылысы: дара
4. Лексикалық мағынасы: ұлттық музыкалық аспап
5. Грамматикалық мағынасы: зат есім
6. Сұрағы: не?
5.Домбыра – қазақ халқының ұлттық аспабының бірі. Тағы қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер? (оқушылардың жауабын тыңдау)
Сыбызғы, асатаяқ, даңғыра, қобыз, шертер т. б.

7. Домбыраны әңгімелегенде қандай адамдардың аты есімізге келеді? Күй өнеріне байланысты, әлемді аузына қаратқан атақты талант иелері де белгілі. (Слайд көрсету арқылы әңгімелеу).
Олар:Құрманғазы, Тәттімбет, Байжігіт, Асанқайғы, Қазтуған, Махамбет, Қазанғап, Дина, Абылай, Дәулеткерей, Қорқыт, Балуан Шолақ т. б.)
8. Оқушылардың шығармашылық жұмысы:
Құрманғазы өмірі туралы мәлімет, күйлеріне сипаттама беру. «Күрескер күйші» тақырыбына эссе жазу.
9. Домбыра – әнге әр болып, әншіге демеу болған аспап. Осы кезде, қазақ даласына танымал болған Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Кенен Әзірбаев еске түседі (Слайд бойынша Кенен Әзірбаев туралы шағын мәлімет).
10. Ережені түсіндіріп, мысал келтіру. Көмекші есімдер (слайд арқылы көрсету)
• Жаны – около Алды-перед
• Қасы-возле Үсті-верх
• Асты-низ
11. Көмекші есімдерді қолданып тақырыпқа байланысты сөйлем құрастыру.
1. Домбыра әдемі кілемнің үстінде ілулі тұр.
2. Шеберлер домбыраның сыртын оюмен әшекейлейді.
12. Сөйлем талдау
1. Күйлерінің арасында шешесіне арналған туындылар бар.
2. Құрманғазының күйі адамның ішкі сырын суреттеуге бағышталған.
13. Домбыра аспабының тарихы, ол қазақ елінің тарихы. Сондықтан алдарыңдағы домбыраның кесте суретіне қарап, әңгімелейік, салыстырайық. Домбыра қазақтың ертеден келе жатқан музыкалық аспабы болғандықтан ең бірінші күйлерін орындаған жауынгерлер мен әншілер болған. Домбыраның тарихын зерттей отырып, әңгімелейік.
- Алдарыңдағы домбыраның кесте суретіне қараңдар.
- Тілді алған кезде қай тілдерді айтуға болады? (орхон, араб, лорыс, латын)
- Тарихты алғанда қандай есімдер еске түседі? (Күлтегін, ...)
- Күй сөзі кімдерді еске түсіреді? (Қорқыт, Кетбұға ...)
- Қиса, дастандарды алсақ кімдерді айтамыз? (Қазтуған, Ақтамберді...)
- Әдебиетті алғанда кімді айтамыз? (Әл-Фараби, Қожа Ахмет Йассауи ...)
- Әнді алғанда еске кім келеді? (Біржан, Ақан ...)
- Айтыстың шешендері (Мұрат, Жамбыл ...)
- Терме (Шернияз, Нұрым ...)
14. Домбыра қазақ елінің өмірінде өте маңызды орын алған аспап. Отбасындағы той-думандар, қуанышты мерекелер, тұрмысқа байланысты салт-дәстүрлер ән-күймен өткізілетіні белгілі (слайд бойынша «Беташар» тойы туралы ақпарат беру).
15. Музыкалық аспап жасайтын шеберлер туралы әңгімелеу.
- Қандай ұлттық аспаптар оркестірін білесіңдер?
- Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестірі;
- «Отырар сазы» оркестірі;
- «Сазген» фольклорық – этнографиялық ансамбілі
Артық болмас білгенің: Құрманғазы Сағырбаевтың «Сарыарқа» атты күйі «Юнеско»-ның жанынан құрылған әлемдік музыканың таңдаулы қрына енді.
16. Сабақты бекіту

17. Үй жұмысын түсіндіру. Мәтінді оқу, талдау, жаттау
18. Бағалау
[color=red][size=12]
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: анарка
Просмотров: 2879 | Загрузок: 208 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 6:58 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru