Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ҒАСЫРҒА БЕРГІСІЗ 20 ЖЫЛ
[ Скачать с сервера (1.05 Mb) ] 2013-03-04, 8:54 AM
Ғ. Қайырбеков атындағы
№2 мектеп-гимназиясының
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Кампитова Салтанат Амановна

ҒАСЫРҒА БЕРГІСІЗ 20 ЖЫЛ

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктерімен қатар, сол жолда құрбан болған боздақтарды еске алу. Ел тілегі мен халық мұраты –Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну. Елжанды, ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу.
1-жүргізуші : Тында жамағат,тында дала,тында ел! Сөйлеп тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке - менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!

2-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ағайын!

1-жүргізуші:Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында өткізіліп отырған «ҒАСЫРҒА БЕРГІСІЗ 20 ЖЫЛ» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:
Мерейім – нұрлана бер,азат Күнім,
Көрейін бақытымның азаттығын.
Тауымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
Құттысың тәуелсіздік – киелі күн!
Құт күшім –егемендік иелігім,
Уақыттың биігінен шуақ төгіп,
Бақытым – еркіндік боп үйілер күн.

1-жүргізуші:

Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым,
Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын.
Байрағым желбіреп тұр биіктерде,
Байладым тәуелсіздік - өмір бауын!
Би «Әдемі-ау» тобы
2-жүргізуші: «Құбылған заманда құбылнамасынан жаңылмаған Қазақстан дамудың өзіндік даңғыл жолына түсті.Аз уақытта айбыны асқақ алаш жұрты әлеуеті асқан, дәулеті тасқан іргесі берік, беделі зор айбынды елге айналды »- Иә, аз ғана уақыт небәрі 20 жыл. Тарих жылнамасындағы сан ғасырға бергісіз қас-қағым сәт қазақ халқын барша әлемге танытты, ел еңсесін көтерді,рухын асқақтатты.
1-жүргізуші:Енді бір сәт Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық. «Тәуелсіздік шежіресі»
• 1991 жылғы 29 тамыз. Ядролық полигонның ресми жабылуы. 16 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.
• 1992 жылғы 2 наурыз. Қазақстан БҰҰ-ның мүшелігіне қабылданды.
• 1993жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды.
• 1993 жылғы 15 қараша. ҚР ұлттық ақша теңге айналымға енгізілді.
• 1994 жылғы ақпан. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.
• 1995 жылғы 1 наурыз. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.30 тамыз ҚР-ның қазіргі Конституциясы қабылданды.
• 1996 жыл. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
• 1997 жылғы 10 желтоқсанда мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары жаңа астанаға көшіріле бастады.
• 1998 жылғы 10 маусымда Қазақстанның жаңа астанасы- Астана қаласының тұсау кесер рәсімі өткізілді.
• 1999 жылғы 24 ақпан. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы санақ өткізілді.
• 2000 жылғы 10 қазан. Жаңа халықаралық ұйым-Евразиялық экономикалық одақ құрылды.
• 2001 жыл. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.
• 2002 жыл. Денсаулық жылы.
• 2003-2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы
• 2005 жыл- 4-желтоқсан. ҚР Президентінің Бүкілхалықтық сайлауы болды.
• 2006 жыл. Ресейдегі «Абай жылы» және Қазақстандағы «Пушкин жылы». Тәуелсіздіктің 15 жылдығы, «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылдығы.
• 2007-2009 жылдар. «Мәдени мұра» бағдарламасының екі жылдық жоспары қабылданды.
• 2008 жыл 6-шілде. Астана қаласында «Қазақ елі» момументі ашылды.
• 2009 жыл 25 ақпан-6 наурыз аралығы. ҚР Ұлттық санағы өткізілді.
• 2010 жыл. ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.
• 2011 жыл. ҚР Ислам Конференциясына Төрағалық етті.
• 2011 жыл. Астана мен Алматыда 7-Қысқы Азия ойындары өтті.
• 2011 жыл. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. «Желтоқсан оқиғасының» 25 жылдығы.

1-жүргізуші: Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.
Бірге:Тәуелсіз Қазақстаным!

Ән «Отан» Алишер

2-жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады,күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
1-жүргізуші: Қазақ халқының мемлекет, ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болған, елдігіміздің негізін құрап, ұлттығымыздың ұлтаны болған, Керей хан мен Жәнібек ханның орны ерекше.

Көрініс «Керей мен Жәнібек»

Ән «Егемен ел» 10 Ә

1-жүргізуші: Үш ғасырға жуық бодандықтың құрсауында болып, алаш азаматтарын жалмаған заманда ел тілегі мен халық мұраты –Тәуелсіздік еді.
Түлкі бұлаң тарихтың неше бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ұлттың ұлылығын сақтап, бостандығын баянды етудің жолында ат жалын ұстаған қазақтың қаһарман ұлдары басын бәйгеге тікті,құрбандыққа шалынды, шейіт кетті.
Махамбет:
Мен-мен, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында,
Екі тарлан бөрі едім.
Ерегіскен дұшпанға
Қызыл сырлы жебе едім.

Абай:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.

М. Дулатов:
Автономия алу-мемлекет болды дегенмен бірдей. Біз енді өз алдымызға мемлекет боламыз деп тұрмыз. Бірақ «боламыз» бен «болудың» екі арасы жер мен көктей. Сондықтант «боламыз» деген соң, болуға аянбай қам қылу керек. Боламыз деп бола алмай қалсақ, дүниеде одан артық қорлық жоқ, кез келгеннің қолында кеткеніміз. Қолдан келмейтін іске армтер болудың қажеті жоқ. Қолымыздан келеді деп тәуеклге бел байлаған соң, сол жолда иә өлу керек, иә көздеген мақсатқа жету керек.
Азаматы алаштың
Аттанатын күн туды,
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Баптанатын күн туды.

А. Байтұрсынов:
Алаш. Алаштың асыл арманы – қазақы қалпымызды сақтау. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай, күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады». Осы бағытта қазақ жоғының орнын толтыруға білек сыбана кірістім. Мектептерде оқу ана тілінде берілуі керек. Осы мақсатпен «Тіл құралын» жаздым. Тілді дұрыс жұмсай білуі үшін «Тіл жұмсарды» ұсындым. Оқыту методикасы «Баяншыны» бердім. Тіл ұстарту мақсатында «Маса» жинағын, әдебиет теориясын меңгерсін деп «Әдебиет танытқышты» ұсындым. Мақсаттарымның, Алаш идеясының толық іске асуына Кеңес үкіметінің орнауы мүмкіндік бермеді.
Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары, қазақ жұмысына қолыңнан келгенше іс қыл.
Қасым Аманжолов
Елу жаста елім бар деп айта алмай,
Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай.
Елім бар деп айтатын бір туды күн,
Елім бар деп шырқатамын мен бүгін.

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін

Б. Момышұлы:
Біздің қазақ балалары өз халқын мақтан тұтатын әрі басқа ұлттарды өгейсітпейтін қазақ болуы тиіс.Тек паспорт бойынша ғана емес, ет жүрегемен де қазақ болуға тиіс.
Халықтың жолымен жүрсең ешқашан адаспайсың. Халықпен бірге болсаң, ешқашан жалғызсырамайсың. Өз халқыңның өгей баласы атансаң, өзгеге де сыймайсың. Осы естеріңде болсын.
Өз қадірін білмеген,
Ел қадірін білмейді.
Ел қадірін білмеген,
Ер қадірін білмейді.
2-жүргізуші:

Мерейім - нұрлана бер азат Күнім!
Көрдік біз бұл бақыттың азаттығын,
Таңымды тамылжытқан әсем әнмен
Тыңдаңыз елін сүйген жастар үнін!

Ән «Атамекен»
1-жүргізуші:
1986 жылдың желтоқсаны.Атыраудан Алтайға, Сарарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанныңқанды қара дауылы үдей түсіп дүбелең жайылды. Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды. Әділік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұл түйірілді.

І- жүргізуші:
Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар еліккеннен, еріккеннен шыққан жоқ, алдынамақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «арамтамақ» тәтіпсіздікті «ұйымдастырушылар» деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл совет еліне таратылды. Қазақ ұлтшыл халық деген атқа қалды.
Оқушы:
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн
Оқушы:
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн.
Оқушы:
Қақаған қыстың ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қара көз қазақ қыздарын
ОМОН-дар бастан тепкен күн.
Оқушы:
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрке шапқан күн
Аппақ қар қарға боянып
Қып қызыл мұз боп жатқан күн.
Оқушы:
Қайғы езіп елдің еңсесін
Жаншыдау жанын батқан күн
Енді қайтып келмесін,
Сол бір қарғыс атқан күн.

Көрініс.
Қайрат:
Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұшырдың
Балағаттайсың маған бір түйінін түсінбедім.
Жазықты емеспін қайталай берем несіне,
Оқып көр міне, өлеңге түнде түсірдім.
Тергеуші:
Түкірдім мен жырларыңа
Ит не деген өткір едің
Ине сұқтым тырнағыңа
Өлердей ғып тепкіледім.
Алдап арбау тәсілімен
Мойындата алмадым.
Қайрат:
Мойындата алмайсың
Тергеуші:
Байқа, 87 бұл бүлігі көп
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп.
Тіліңді безеп, өлең айт маған десең,
Свицкийді өлтірдің алаңда сен.
Қайрат:
Бітер екен осы бір «Кеңес» қашан
Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан.
Сенбесеңіз құдай менен достар куә.
Тергеуші:
Жылап бүркіт болмас 10 мың қарға,
Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?
Бәрібір іске аспады амалдарың
Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың
Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз
Паспорттарыңды атуға даярлаймыз.
Қайрат:
Күнадан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Бозтоғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар!

«Азаттық жыры» әні орындалады.

М.Шаханов «Төрт ана»
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы айбыны,
Туған тілі – сарқылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған.
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырымның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!

1-жүргізуші:Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде.Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы.Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.

2-жүргізуші:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Еліміздің Егемендігі жасай берсін!

«Туған жер» хор
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: анарка
Просмотров: 1419 | Загрузок: 183 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 11:30 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru