Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қасиетіңнен айналдым, ана тілім!
[ Скачать с сервера (18.3 Kb) ] 2013-03-04, 9:33 AM
Ғ. Қайырбеков атындағы
№2 мектеп-гимназиясының
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Кампитова Салтанат Амановна
Тақырыбы: Қасиетіңнен айналдым, ана тілім!
Мақсаты: Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой-өрісін дамыту. Өз халқын, туған жерін, тілін сүюге, бағалап, мақтан етуге тәрбиелеу.
Барысы:
1- кезең. «Сәлем- сөздің анасы» (таныстыру)
2-кезең. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» (бәйге)
3-кезең. «Кім зерек?»
4-кезең. «Мақал-сөздің мәйегі»
5-кезең. «Елімнің жүрегі Астана» (мәнерлеп оқу сайысы)
6-кезең. «Сегіз қырлы, бір сырлы» (өнер көрсету)
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Бүгінгі «Қасиетіңнен айналдым, ана тілім!» атты сайыс-сабағымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Бүгінгі сайысқа 5 А сыныбының «Бәйтерек» тобы мен 5Ә сыныбының «Ақорда» топтары келіп отыр.
2-жүргізуші:Халқымыздың: «Асыл тастан, өнер жастан шығады» -деген сөзі бар. Бүгінгі сайыста бізде соның куәсі болатынымыз анық.
1-жүргізуші: Сонымен сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Алдымен сайыстың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1-жүргізуші: Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
2-жүргізуші: 1- кезең. «Сәлем- сөздің анасы» екі топ өздерін таныстырып өтеді
1-жүргізуші: 2-кезең. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» бұл сайыстың шарты бойынша қойылған сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап берулері керек.
2-жүргізуші: 3-кезең.Келесі сайысымыз «Кім зерек?» деп аталады. Оқылатын өлең жолдарының авторын және қалай аталатындығын айту керек.
1-жүргізуші: 4-кезең. «Мақал-сөздің мәйегі» сайысы бойынша мақалдың жалғасын табу.
2-жүргізуші: 5-кезең. «Елімнің жүрегі Астана» мәнерлеп оқу сайысынан жарыс. Астананың 15 жылдық мерейтойына арналады.
1-жүргізуші: 6-кезең. «Сегіз қырлы, бір сырлы» сайысы бойынша әр топ өз өнерін көрсетеді.
2-жүргізуші: Сонымен сайсымызды бастайық.
1-жүргізуші:
Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа.
Сәлемдесу кіреді,
Ата-дәстүр салтына-деп, сайысқа қатысушы топтардың өздерін таныстыруға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауабын табама екен сайыскерлер,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар
І Сұрақ-жауап «Бәйтерек» тобына
1. Қазақтың ұлы ақыны кім?
2. Киіз үйдің төбесі?
3. Қазақтың ұлттық ойындары?
4. Түйе сүтінен жасалатын сусын?
5. Қай жылы қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді? (1989)
6. Астанаға биыл неше жыл болды? (15 жыл)
7. Күн мен түн теңелгенде тойланатын халық мерекесі? (Наурыз)
8. Ел рәміздердің қайсысында қанатты пырақ суреттелген?
9. Тұрмыс-салт жырлары қандай әдебиетке жатады?
10. Абайдың әжесінің аты кім?

ІІ Сұрақ-жауап «Ақорда» тобына
1. 100 жасаған ақын?
2. Ән ұранның әнін кім жазған?
3. Бие сүтінен жасалатын емдік сусын?
4. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
5. Абайдың неше қара сөзі бар?
6. Қазқтың үш биі?
7. Нәрестеге арналған дәстүрлер?
8. Тұғыш «Қазақ хрестоматиясының» авторы?
9. Қуанышты хабар жеткізген адамға берілетін зат қалай аталады?
10. Жеті атаны атаңыздар?
1-жүргізуші: Кезекте 3-кезең «Кім зерек?» сайысы. Сайыстың шарты бойынша оқылатын өлең жолдарының авторын және қалай аталатындығын табу керек.
Абай
«Ғылым таппай мақтанба»
Тілеуің, өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз.

Ыбырай Алтынсарин
«Кел, балалар оқылық»
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.

Сұлтанмахмұт
«Мен қазақпын»
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанмын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім-қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!

Мұқағали
«Үш бақытым»
Ал екінші бақытым-Тілім менің,
Тас жүректі тілммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Мұхтар Шахнов
«Төрт ана»
ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛІ - мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ - тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ....

Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып арлы-берлі жүрді-дағы,
Егінші егін еккен жерге барды. (А. Байтұрсынов «Егіннің бастары»)

Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Ел қорыған мен едің,
Мен де айрылдым көліңнен. (Махамбет «Қызғыш құс»)

Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған,
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған. (Ы. Алтынсарин «Өзен»)

Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды. (Абай «Қыс»)

Жайылып төрге қарай таңның ағы,
Көрінді ауыл-ауыл маңайдағы.
Қарайып, өрген сиыр түйеменен
Ауыджың малға толды әрбір жағы. (С. Торайғыров «Шілде»)

2-жүргізуші: Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұра. Сондықтан да сайысымыздың келесі кезеңі мақал-мәтелдерге арналады.
1-жүргізуші: Сайыстың шарты бойынша оқылған мақалдардың жалғасын тауып айту керек.
Мақал-мәтелдер «Ақорда» тобына
1. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл )
2. Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел болмас
3. Ерді намыс өлтіер (Қоянды қамыс өлтірер)
4. Ата көрген оқ жонар (Ана көрген тон пішер)
5. Әке-асқар тау, (Ана бауырындағы бұлақ)
6. Тіл тас жарады, (Тас жармаса бас жарады)
7. Білекті бірді жығар (Білімді мыңды жығар)
Мақал-мәтелдер «Бәйтерек» тобына
1. Сөзден асқан байлық жоқ, (Тілден асқан жүйрік жоқ)
2. Оқу-білім бұлағы (Білім-өмір шырағы)
3. Туған жердің қадірін (Шетте жүрсең білерсің)
4. Ырыс алды – (ынтымақ)
5. Өнер алды – (қызыл тіл)
6. Отансыз адам (ормансыз бұлбұл)
7. Ата- бәйтерек, (бала- жапырақ)
Полиглот
1. Ер қанаты .......... (ат -лошадь-horse)

2. Төбе ........... тік тұрды (шашы -волосы-hair)

3. Ит өлген ............(жер-земля-earth)

4. Қас пен ........... арасында (көздің-глаза-eyes)

5. Өнер алды қызыл ............. (тіл-язык- language)

6. Сегіз қырлы ......... сырлы (бір-один-one)

7. Тіл тас жарады, тас жармас ......... жарады (бас-голова-head)

8. Отанды сүю .............. басталады (отбасы-семья-famili)

9. Тәрбие басы ............. (тіл-язык-language)

10. Асыл сөзді іздесең,
Абайды ............ ерінбе (оқы-читай-read)

2-жүргізуші: Биыл Астананың 15 жылдық мерейтойын тойлағалы отырмыз сондықтан, кезекті сайысмыз «Елімнің жүрегі -Астана» деп аталады.
1-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша Астана туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу керек.
2-жүргізуші:
1-жүргізуші: «Сегіз қырлы, бір сырлы» сайысы бойынша әр топ өз өнерін көрсетеді.
1-жүргізуші:
Өнердің таусылмайтын кереметі,
Баурап ап жанымызды билетеді.
Арманға үміт жаққан сайыскелер,
Дайын тұр өнерлерін көрсеткелі.
2-жүргізуші: Келесі «Сегіз қырлы, бір сырлы» сайысы бойынша әр топ өз өнерін көрсетеді, қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін сөз кезегін әділқазыларға берейік.
(Әділқазылар сөйлейді)
2-жүргізуші: Сайысқа қатысушылардың құрметіне 6 сынып оқушысы Көшербай Ғасырбек пен Досматова Аизирек орындауында «Астана» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Осымен «Қасиетіңнен айналдым, ана тілім!» атты сайыс-сабағымыз өз мәресіне жетті.
2-жүргізуші: Назарларыңызға рақмет!
1-жүргізуші: Қош сау болыңыздар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: анарка
Просмотров: 2214 | Загрузок: 191 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 0:58 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru