Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сабақтың тақырыбы: Ұлылардың ұлылығы
[ Скачать с сервера (37.3 Kb) ] 2013-03-09, 11:15 AM
Алмира Ермұханбетқызы Камзина. М.Әуезов атындағы №42 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Ұлылардың ұлылығы
(қайталау сабақ)
Сабақтың мақсаты:
1. Әдебиет сабағында алған білімдерін қайталап, бекіті отырып, көркем бейне, поэтикалық тілі туралы білімдерін кеңейту, алған білімдерін тексеру, тереңдету.
2. Оқушылардың ой-өрісін, танымдық қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тапсырманы түсінуге, жан-жүрегімен сезінуге, талдай білуге төселдіру.
3. Пәнге деген қызығушылғын арттыру, ұйымшылдыққа,шапшаңдыққа, өз пікірін кеңейтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын түрінде талдау, сұхбаттасу,таратым кеспелер.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд презентация, ақын-жазушылар туралы қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сұрақтар қоя отырып оқушының көңілін сабаққа аудару.
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру, сабақ барысын айту.
ІІІ. Бекіту бөлімі. 1. Кіріспе сөз. Балалар бүгін біз сіздермен үшінші тоқсан көлемінде өтілген тақырыптарға шолу жасай отырып, сабағымызда қайталап, алған білімдерімізді бекітеміз. Сабақ төрт кезеңнен тұрады. Әрткезеңнің тапсырмалары әр түрлі. Бағалау кестесі топ башыларының алдарында тұрады. Дұрыс жауаптарға 5 баллдан қойылып отырылады.
Сабақты Ә.Тәжібаевтің мына сөзімен бастаймыз.
«Абайы, Сұлтанмахмұты, Сәкені,Мұхтары, Бейімбеті пен Сәбиті, Ілиясы,Ғабиден мен Қасымы болу бір халықтың ұлт ретінде дұрыс өскендігін дәлелдейді»
Ал, сабағымыздың бірінші кезеңін бастайық. Бұл кезеңде үш тақырыпқа негізделген сұрақтардың бірін таңдайсыздар. Мысалы: Ақын-жазушылар 100. Сұрақ Жамбыл Жабаевтың туған жері, жылы. Жауап қабылданғаннан кейін, тексеріледі. Бірінші кезеңіміз ««Мықты болсаң, тауып көр» деп аталады.
Әр кезеңнен кейін қорытындысы жасалады.
1-кезең. «Мықты болсаң, тауып көр»

І. Ақын-жазушылар туралы.
100 – Жамбыл Жабаевтың туған жері, жылы.
(1846 жыл Жамбыл тауының етегі).
200 – Мағжан Жұмабаевтың туған жері.
(Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола губерниясы).
300 – Әңгіме жанырының, фельсток өлеңдердің хас шебері кім?
(Бейімбет Майлин).
150 – Ілияс Жансүгіров кім?
(Жазушы).
ІІ. Шығармалары.
200 – Қазақстанның екінші Швецариясы атанған жер туралы жазған шығарманың авторы кім?
(«Көкшетау» поэмасы, С.Сейфуллин)
300 – Әйел тағдырын бейнеленген Б.Майлин шығармасын атаңыз.
(«Шұғаның белгісі»).
100 – Мағжан Жұмабаевтың тарихи тақырыпқа жазған шығармасы.
(«Батыр Баян» поэмасы).
150 – І.Жансүгіровтың Ақан сері туралы жазылған шығармасы қалай аталады?
(«Құлагер» поэмасы).
Әдебиет теориясы.
100 – Білемін бар мен жоқтың терең сырын,
Білемін бұл өмірдің ой мен қырын. (Омар Һаям)
Қандай сөздер деп аталады?
200 – Заттың, құбылыстың сипатын, сапасын айқындайтын суретті сөзді атаңыз.
(Эпитет).
Мысалы: Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл туман жерді басқан. (Абай)
300 – Хикаят деп нені атайды?
(көлемі жағынан әңгімеден үлкен, романға жақын баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрі).
150 – Жазушы өз туындысына негіз болған оқиғаны көркем түрде әсерлеп жеткізу үшін қандай әдістерді пайдаланады?
(Баяндау, суреттеу, диалог).
ІІ кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр»
1. М.Әуезов кім?
2. Қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
3. М.Әуезовтың тұңғыш шығармасы қалай аталады?
4. Қандай шығармасы негізінде кинофильм түсірілді? (Көксерек)
5. Н.Гогольдың қандай пьесасын қазақ тіліне аударды? (Ревизор)
6. М.Әуезовтың ұлы туындысы қалай аталады?
7. «Абай жолы» романы неше томнан тұрады? Қалай аталған?
8. Абайдың достары кімдер? (Ербол, Дәркембай, Базаралы, Иса, Балағазы).
9. Шығармадағы әйелдер кімдер? (әжесі Зере, анасы Ұлжан, махаббат иелері Тоғжан мен Әйгерім).
10. «Абай жолы» романын М.Әуезов неше жыл жазған? (15 жыл)

ІІІ-кезең. «Ойлы болсаң озып көр» Оқушылар берілген ұяшықтардағы сөздерді толық оқып, кім туралы сөз қозғалғыны туралы айтады. Содан кейін төменде берілген сұрақтар төңірегінде сөз қозғалады.
2. А) «Қазақ солдаты» романы алғаш қалай аталған? (Қазақ батыры)
Ә) Шығармадағы бас кейіпкердің прототипі кім? (Кеңес Одағының батыры Қадырғали Смағұлов)
Б) Романның басты тақырыбы қандай? (Ұлы Отан соғысы туралы)

ІҮ –кезең Таратым кеспелері беріледі .Онда әр түрлі шығармалардын үзінді беріледі. Оқушылар үзіндіні мәнерлеп оқиды. Ақын-жазушының қандай көркемдегіш құралдарды қолданғанын айтады. Әдебиет теориясы бойынша ережелерін айтып толықтырады.
1 карточка
Курс командирі мен комиссар Сомов, қасында бір топ басқа командирлер бар, жинақы адымдап, ортада тұрған мінбеге шықты. Әр жерде аэродромдардан көтерілген самолеттер лек-лек болып, үстімізден өтіп, батысқа қарай жөнеп барады... ( «Қазақ солдаты» Ғ. Мүсірепов.) Оқушылардың ықтимал жауаптары. Баяндау әдісі қолданылған. Баяндау әдісі дегеніміз....
2-карточка
« ... Түгел түлей қоймаған күзгі бақша жапырақ қанаттарын су-су сілкілеп, ауаны тез тазартыпты. Аз ғана қырбық қар түсіп, асфальт бетіне ақ дастарқан жапқандай екен. ... Бақшаның тап осындай таза бір шағы адамның бойын ғана емес, ойын да тазартып қайтарады: тазалыққа тазалық, настық настыққа шақырады да...»
3-карточка
Биыл Абайдың жасы он үшке толған екен. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрыны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Толық, балғын емес. Сидиып, арықтап, құр созылған сияқты. Қазірде бозғыладанған. Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді.
4- карточка
- Уа, кімсің?
- Ыбыраймыз.
- Жаймысыз?
- Жаймыз.
- Уа, қайдан келесіз?
- Сайлаудан келеміз.
- Елге ойран сап
Ойнаудан келеміз.Төске таққан шеніміз бар,Патшаға жаққан ебіміз
Сабақтың қортындысы Тест тапсырмасы арқылы бекітіледі. Орындап болғанан кейін оқушылар бір-бірінің жауаптырын тексеріп бағалайды. Бағалау кестесі тақтаға жазылады.
Үйге тапсырма: Төмендегі тақырыптардың біріне шағын шығарма жазу.
1. Мұхтар-ұлы тұлға.
2. Ғ.Мүсіреповтың ана тақырыбындағы шығармалар желісі бойынша.
3. Еркін тақырыпта.
Тест
1. І.Жансүгіровтің алғашқы өлеңдер жинағы:
А) «Танысу» Ә) «Дала» Б) «Жетісу суреттері»
2. І.Жансүгіровтің поэмасы:
А) «Гималай» Ә) « Күйші» Б) «Домбра»
3. «Евгени Онегин» романын тұңғыш қазақ тіліне аударған ақын:
А) М.Жұмабаев Ә) І.Жансүгіров Б) А.Байтұрсынов
4. І.Жансүгіровтің пьесасы:
А) «Кек» Ә) «Жастар» Б) «Домбыра»
5. М.Әуезовтың өмір сүрген жылыдары:
А) 1897-1961 Ә) 1898-1960 Б) 1897-1963
6. М.Әуезовтің саутын ашқан алғашқы ұстазы:
А) атасы Әуез Ә) ауыл молдасы Б) ауыл мұғалімі
7. Мұхтардың тұңғыш шығармасы:
А) «Қараш-қараш оқиғасы» Ә) «Еңлік- Кебек» Б) «Жетім»
8. М.Әуезовтің тарихи пьесасы:
А) «Түнгі сарын» Ә) «Абай» Б) «Қара қыпшақ Қобыланды»
9. Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбындағы шығармасы:
А) «Шұғыла» Ә) «Ашынған ана» Б) «Оянған өлке»
10. Ғ.Мүсіреповтің алғашқы туындысы:
А) «Тулаған толқында» Ә) «Қос шалқар»
Б) «Шұғыла»
11. Ғ. Мүсіреповтің Абай атындағы сыйлыққа ие болған шығармасы:
А) « Кездеспей кеткен бір бейне»
Ә) «Ояанған өлке»
Б) «Қазақ солдаты»
12. С.Мұқановтың азамат соғысын бейнелеген романы:
А)»Сұлушаш» Ә) «Ботагөз» Б) «Адасқандар»
13. С.Мұқановтың трилогиясы:
А) «Халық мұрасы» Ә) «Балуан Шолақ»
Б) «Өмір мектебі»
14. Асқар қай шығарманың кейіпкері?
А) «Ботагөз» Ә) «Адасқандар» Б) «Өмір мектебі»
15. С. Мұқановтың өмір сүрген жылдары:
А) 1897-1961 Ә) 1900-1978 Б) 1900-1973
Сабақта қолданылған презентация бірге ұсынылады.
-
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Zara2010
Просмотров: 2585 | Загрузок: 483 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 1:16 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru