Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ойын элементтерін пайдалану арқылы бастауыш оқушыларының сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу дағдыла
2013-12-23, 8:48 PM
Жамбыл облысы Қордай ауылы
Д.А. Қонаев атындағы №1ЖББАГ мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қошаметова Жанна Жаңбыршықызы
Бастауыш сынып оқушысы – балалықпен толық қоштаспаған,мектепте жаңа бейімделе бастаған ойын баласы. Сондықтан оқу орыс және өзге тілде жүргізілетін бастауыш сынып оқушысының жас ерекшеліктеріне сай сабақты ойын түрінде өткізу қазақ тілі сабақтарында жақсы нәтиже береді.Ойын арқылы баланың сана – сезімі, ақыл – ойы өседі.
Ойын кезінде баланың танымдық қабілеті дамиды,қарым – қатынас жасауына мәжбүрлік туады, үлкендерге еліктеу және өмірге деген қызығушылығы қалыптасады.
Ойынның басты мақсаты – баланы қызықтыра отырып, үйрету.Ойын барысында баланың көптеген танымдық қабілеттері дамиды. Солардың бастысы – есте сақтау қабілеті.Есте сақтау ойынның басты шартына айналса, оқушы сөзді,суретті, мәтінді әрі қимыл - әрекеттерді тез түсіне алады және есте сақтауды саналы түрде меңгереді.
Ойындардың қажеттісін сабақтың тақырыбына қарай қолдана білу ұстаз шеберлігіне байланысты.Бастауыш сыныптарда сөздік ойындарының алатын орны ерекше. Сондықтан әр сабақта cөздік ойындарын қолдануға болады.
Ойындар – белгілі бір білімді,іс-әрекетті үйренудің құралы. Ойын сабақ үрдісінде оқушыларды әлеуметтендіруге, қоршаған ортамен қарым – қатынас жасау түрткілері мен заңдылықтарын түсінуге жәрдемдеседі.
Дидактикалық ойындар сабақты қызықты өтуге, жаңа материалды оңай игеруге септігін тигізеді.Сабақта дұрыс ұйымдастырылып, тиімді қолданылған ойындар оқушылардың тіл заңдылықтарын сапалы меңгеруіне ғана емес, сондай-ақ тілдік қатынасқа түсу біліктеріне, олардың сөздік қорларына молаюына әсер етеді.Бұл туралы ғалымдар Н.Оралбаева мен К.Жақсылықова: «Оқу орыс тілінде жүретін мектепте қазақ тілі сабағында бірыңғай жаттығу жұмыстары оқушыларды жалықтырады.Сондықтан сабақта сергіту жаттығулармен қатар тақырыпты меңгерту,өткенді пысықтау мақсатында грамматикалық ойын түрлерін кең қолдану керек. Оқушы тілінің даму дәрежесі де осы ойын арқылы көрінеді»,- деп ойындар арқылы оқушылардың пікірлесім, сөйлесім дағдыларын жетілдіруге болатынын атап көрсетеді.
Ғалымдар сабақ барысында ойынды қолдану шарттарына мыналарды жатқызады:
- ойын оқушылардың алдында тапсырма ретінде қойылады;
- оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
- оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
- оқу әрекетіне ойын жұмыс элементтері ретінде кіреді;
- ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады;
Бұларға қоса мына мәселелерді назарда ұстауды қажет деп санайды
1.Ойынның басты мақсаты,оқушылар сабақта қандай іскерлік пен дағдыны игереді, ойынның қандай тәжірибелік мақсаты көзделеді?
2.Ойынға қатысушылар саны.
3.Ойында қолданылатын материалдар мен әдебиеттер
4.Уақытты үнемдей отырып, ойын шартын қалай түсіндіруге болады?
5.Ойын қанша уақытқа созылады?
6.Оқушылардың ойынға қатысу белсендігін қалай бақылауға болады?
Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып,тілдесім әрекетіне жеткізу. Бастауыш сынып оқушысының жас ерекшелігіне орай тапсырмаларымен қатар оның боыйнда жауапкершілік, міндеттілік сезімдерін оятуға да назар аударылуы қажет.
Сонымен бірге ғалымдар «Сабақта орынды қолданылған ойын элементтері оқушылардың ыңтасын арттырып,білім дағдыларын игеріп,іскерліктің шыңдауға өз септігін тигізеді». Тіл үйренуде бұл ойындарды әр сабақта тиімді қолдану жақсы нәтижеге жеткізуі сөзсіз.
Ғалым Қ.Молдабектің басшылығымен жарық көрген «Бастауыш мектепте дидактикалық ойындарды пайдалану жолдану» атты әдістемелік құралда ойындарды тілдік материалдарды ұғындыру тұрғысынан фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деп бөлінген.Бұл еңбекте басты назар оқыту үрдісінде оқушылардың ойлау қабілетін, таным, шығармашылық дербестігін мақсатты түрде дамытатын педагогикалық құрал ретінде қолданылатын ойындар арқылы оқушылардың белсенділігі, іс-әрекеті артады.Мұнсыз бала білімінің жетілуі мүмкін емес.Оқушыларға сапалы білім беру мақсатында, олардың оқуға деген қызығушылығы мен түрткілерін арттыруда рөлдік ойындарды да дұрыс іріктеп қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Себебі, бастауыш сынып оқушылары көбінде ойын әрекетіне бейім келеді.Балалардың ойын әрекеттерін оқу әрекеттеріне қарай ұластыруда дидактикалық ойындардың қызметі ерекше.
Қорыта айтар болсам,оқушыларды әр түрлі тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен орындауға ынталандыратын, тілдік қарым- қатынасқа жетелейтін тиімді әдістердің бірегейі және бастысы – ойын әдісі деуге болады.
Менің бүгінгі өтетін сабағым 3-сыныпта
Сабақтың тақырыбы: Күз.
Cабақтың мақсаты:
1.Білімділік: күз модулі бойынша алған білімдерін сараптап, жаңадан меңгерген тірек сөздерді сөйлемдерде дұрыс пайдалана білулерін байқау. Жүйелі түрде өз пікірлерін айта білуге дағдыландыру.

2.Дамытушылық: грамматикалық тапсырмаларды дұрыс сауатты орындау және оқушылардың қисынды ойлау қабілетіне сай тапсырмалар беріп орындата отырып, сөздерді байланыстырып сөйлеуін дамыту.

3.Тәрбиелік: ұлттық салт-дәстүрлерді қадірлей білуге, адамгершілікке, сөйлеу мәдениетін дамытуға тәрбиелей отырып, мемлекеттік тілді еркін сөйлеуге баулу.

Сабақтың түрі: Саяхат арқылы білімді бекіту, ойын сабағы.

Әдіс- тәсілдер: CТО дамыту технологиясы, іздену.

Сабақ көрнекіліктері: интерактивті тақта, электрондық оқулық /тест, суреттер/

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу.

ә) Ой шақыру

Мұғалім жұмбақ айтып, шешуін балалардан сұрайды .

Қызыл, жасыл, сары, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Осы күні киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Бұл қай кезде болады? / Күз/

Қызығушылығын ояту

Cын-тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы бойынша сабақтың 1-кезеңі қызығушылықты ояту.Бұл үйрену үрдісі, оқушының бұрыңғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтан да сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.

/Осы мезгілде есік қағып, сымбатты да сұлу күз қонаққа келеді/

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендердің мектептеріңе қонаққа келдім, мені кім деп ойлайсыңдар?

- Күз.

- Жарайсыңдар, енді мен сендермен сұхбат жүргіземін.

- Қазір қандай жыл мезгілі?

- Жаздан кейін қандай жыл мезгілі келеді?

- Күз айлары қандай?

- Күз айларының ауа райы қандай?

- Олардың ерекшеліктері қандай?

- Яғни, күздің неше кезеңі бар екен?

- Жарайсыңдар, балалар, барлық сұраққа жақсы жауап бердіңдер, қалған тапсырмаларымның бәрі ақылды тақтада, енді сол тапсырмаларды бірге орындайық.
Сынып екі топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту сатысы бойынша күз туралы не білетіндерін сұрадым.Мұнда оқушылар ол жыл мезгілдерінің бірі екенін түсіндірді,ерекшеліктерін айта отырып,ойларымен бөлісті.
- Кіріспе сөз.

- Балалар, бүгінгі сабақ өзгеше өтпекші. Біз күз айларына саяхатқа шығамыз. Саяхатта күз айларының дайындап қойған тапсырмаларын орындаймыз. Тапсырмаларды жақсы орындасақ, күз бізге берекелі сыйынан береді, көңіл-күйіміз көтеріледі.

1. Қыркүйек айының тапсырмалары

А.Сөздікпен жұмыс
- Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның 2- кезеңі «Мағынаны тану» .
Әлем мемлекеттерінде сөздікпен жұмысты сурет арқылы танытады.
Жапырақтар сарғаяды –
Молшылық –
Қысқа дайындалады –
Егін –
Берекелі –

Төртінші артықты тап

Әдемі, қызыл, берекелі, қысқы.
Сыйлық,молшылық,күнделік,сөздік.

«Полиглот» ойыны. Сөздерден сөз құрастыру

Берекелі /бер, кел, ел, ер, ек, екі, кер, іл, келі, елер, бек /
Молшылық /мол, шық, қыл, ол, шоқ, қош, ық, лық/

Суреттер сөйлейді:cурет бойынша құрамына сан есімдерді қосып мәтіндер құрастыру.

Қыркүйек айында көптеген(болжалдық) жемістер-жидектер, көкөністер піседі. Бақта алма,шие, алхоры, алмұрт ағаштары өседі.Біз алманы екеуден(жинақтық) жедік.Ол алмұртты үш-үштен(топтау) әкелді. Он шақты(болж.) ағаштан жиырма(есептік) жәшік алма жинап алдық. Диқаншылар егістікте бидай өнімдерін жинайды.КомОбайыншылар гектарынан жиырма центнерден бидай орды. Адамдар қысқа дайындықтарын жасайды.
Мен биыл үшінші сыныпта оқимын.
Бағдарламаның 3-кезеңі «ой толғаныс»Осы кезеңде, үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап,ой елегінен өткізеді.

Ой толғау
«Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды». Осы мақалды қалай түсінесіңдер?

Диалог бойынша өзара сөйлесу

Топтастыру
Ал, балалар қыркүйек айының аяғында адамдар науқан жинап бітеді. Олар «мизам» тойын тойлайды.

2. Қазан айының тапсырмалары

«Қоржында не бар?» ойыны

Сөйлейміз /сұрақтарды тыңдап жауап береді/

1) Сан есім дегеніміз не?
2) Құрамына қарай қандай екі топқа бөлінеді?
3) Тұлғасына қалай топталады?
4) Негізгі сан есім дегеніміз не?
5) Туынды сан есім дегеніміз не?
6) Есептік сан есім дегеніміз не?
7) Реттік сан есім дегеніміз не?
8) Жинақтық сан есім дегеніміз не?
9) Болжалдық сан есім дегеніміз не?
10)Топтау сан есім дегеніміз не?
11)Бөлшектік сан есім дегеніміз не?

Сергіту сәті /өз өнерлерін көрсету/

Қараша айының тапсырмалары

Грамматикалық тапсырмалар

«Танымпаз оқушы» ойыны

Оқушылар тез әрі ықыласпен мәтінді оқиды. Содан кейін сұрақтар тізімін құрайды.Кімнің тізімі әрі ұзақ ,әрі толық болса,сол бұл жарыста ұтады.

А. Жазамыз /көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып,жаз /
Адасқан септіктер.
1. Күз келді.2. Күзде ағаштардың жапырақтары сарғаяды. 3. Адамдар құстарға жылы үйшік жасайды. 5.Күзде жеміс - жидектерден тосап қайнатамыз.4. Көкөністерді салатқа жуып тураған жөн. 6.Жеміс- жидектерде дәрумендер көп. 7.Біз балалармен баққа шығып жапырақтар тердік.

А. Күз туралы өлеңді тыңдап, есте сақтау

- Алақай,алақай!-
Шаттанды балақай:
-Сабақты сағындық,
Мектепке ағылдық
Бір сыныпқа көштік біз,
Бір жасқа өстік біз.
Береке-салты күз,
Мереке – алтын күз.
Ә. Күз туралы өлеңі бойынша тест тапсырмаларын орындайық.

1.Алақай,алақай не істеді балақай?
А. күлді
Ә.шаттанды
Б. Жазды

2. Қайда ағылдық?
А. үйге

Ә. дүкенге

Б. мектепке

3. Қайда көштік біз?

А. сыныпқа

Ә. қалаға

Б. қалаға

4. Неше жасқа көштік біз?

А.екі

Ә. бір

Б. үш

5. Күздің салты не?

А. береке

Ә. ақша

Б. адам
- Міне, балалар үш айдың тапсырмаларын орындап , саяхатымызды аяқтадық , жарайсыңдар!

4.Шығармашылық тапсырма
«күз»мезгілін сипаттау.
5.Қорыту

1) Сіздің ойыңызда не сақталды?
2) Күз ерекшеліктері қандай?
3)Сіз күздің қай кезеңін ұнатасыз?

Бағалау

Үйге тапсырма беру
Күз туралы мақал-мәтел жазып,мағынасын ашу,суретін салу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: monastrskaya | Теги: панорамный урок, уроки казахского языка в классах с
Просмотров: 3726 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 2:27 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru