Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Дүкенде
2014-01-05, 6:18 PM
Лексикалық тақырыбы: Дүкенде
Грамматикалық тақырыбы: Сан есімді қайталау
Мақсаты: оқушыларға дүкенде қазақша дұрыс сөйлеп, тиісті сөздерін дұрыс қолдануға үйрету және жаңа сөздерді қолдану, Мәдениетті өзінді дүкенде ұстай білу, сөздерді орнымен қолдану.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
А. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, пікір сайыс.
Б. Бүгінгі жаңа сабақпен таныстыру
1.Мәтінмен жұмыс
Гүлдана мен Марат жексенбі күні дүкеннен үйлеріне үлкен үстел мен сегіз орындық сатып алды. Үстел 60000 теңге тұрады, ал әр орындық 8000 теңге тұрады. Оларды дүкеннен үйге тегін жеткізіп берді. Марат үстел мен орындықтарды қонақ бөлмесіне қойды. Сатып алған үстел орындық екеуін қатты ұнады.
2.Тапсырмалар:
а) Мәтінді оқып, аударыңыздар
ә) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
б) Қай дүкен туралы айтылғанын анықтаңыз.
1. Орындық қанша тұрады?
2. Олар үйге ақшаға әкелді ме?
3. Марат үстел мен орындықты қай бөлмеге қойды?

Жаңа сөздер:
Дүкен – магазин
Дүкен түрлері – виды магазинов
Азық түлік дүкені – продуктовый магазин
Әмбебап дүкені – универсам магазин
Жиһаз дүкені – мебельный магазин
Кітап дүкені – книжный магазин
Баскиім дүкені – магазин головных уборов
Аяқкиім дүкені – обувной магазин
Көкөніс дүкені – овощной магазин
Тұрмыстық техника дүкені – магазин бытовой техники
Кеңсе тауарлар дүкені – канцелярский магазин
Өнеркәсіп дүкені – производственный магазин
Сауда үйі – торговый дом
Сауда орталығы – торговый центр
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге көшіру.

3.Бос орындарды толықтырыңыздар
Азық- түлік дүкенінен ________, ________, _________, сатып аламын.
Көкөніс дүкенінен _________, _________, __________,сатып аламын
Кеңсе тауарлар дүкенінен _________,_______, _______, сатып аламын
керекті сөздер: қағаз, нан, қызанақ, сәбіз, сарымсақ, түсқағаз, сызғыш, күріш.
4. Жұптастырыңыздар (Спарте слова)
Нан
Азық – түлік дүкені
Бәтеңке
Жиһаз дүкені
Сәбіз
Кітап дүкені
Оқулық
Баскиім дүкені
Малақай
Кеңсе татарлары
Қалам
Көкөністер дүкені

5. Сұрақтарға жауап бере отырып, ауызша мәтін құрастырыңыздар
1. Қаламызда қандай супермаркеттер бар?
2. Сіз қандай супермаркетке барасыз ?
3. Супермаркет қай көшеде орналасқан?
4. Ол неше қабатты?
5. Қандай бөлімдер бар?
6. Сіз супермаркеттен не сатып алдыңыз?
7. Тауарлардың сапасы қандай?

6. Азық- түліктің бағасын жазбаша жазыңыз.
1 бөлке нан _________________тұрады.
1 литр сүт __________________ тұрады
1 қорап шай ________________тұрады
1 келі қант _________________ тұрады
1 келі сарымай _____________ тұрады
1 келі күріш ________________тұрады
1 келі сиыр еті ______________тұрады
1 келі тауық еті______________тұрады

7. Азық – түлік дүкенінде
Сатып алушы: Сәлеметсіз бе?
Сатушы: Сәлеметсіз бе? Не аласыз?
Сатып алушы: Маған 1 бөлке нан, 1 қорап «Рахат» кәмпиті, 1 жарым келі қант, 1 бөтелке сұйықмай беріңізші.
Сатушы: Міне, алыңыз.
Сатып алушы: Барлығы қанша тұрады?
Сатушы: Барлығы 1690 теңге тұрады.
Сатып алушы: Рахмет
Сатушы: Қалған ақшаңызды алыңыз.
Сатып алушы: Сау болыңыз!
Сатушы: Сау болыңыз!

Тапсырмалар:
а) диалогты рольге бөліп оқыңдар
ә) орысшаға аударыңдар

II.Сабақты қорту

8. Тест тапсырмалары:
1. Жемістерді белгілеңіз.
а) қарбыз, қауын, әңгелек
ә) Шабдалы, шие, құлпынай
б)сәбіз, пияз, асқабақ
в) жүзім, алмұрт, алма
2. Күзде жиналатын көкөністер.
а) бұрыш, қызанақ, қызылша
ә) қарбыз, қауын, алмұрт
б) асқабақ, шие, құлпынай
в) Жауаптардың барлығы дұрыс
3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тіркестіріп жазыңыз.
Базар - ... көп жиналатын жері.
а) Базардың
ә) халықтың
б) адамның
в) мекеменің
4. «Огурец, морковь, груша, арбуз» сөздерінің аудармасын табыңыз.
а) сарымсақ, картоп, сәбіз, қарбыз.
ә) шие, құлпынай, қызылша, асқабақ.
б) қияр, сәбіз, алмұрт, қарбыз.
в) шабдалы, алма, қауын, өрік.
5. Киім дүкенінде не сатып алуға болады?
а) шалбар
ә) диван
б) сәбіз
в) қалам.

III. Қортындылау
Бүгінгі сабақта не ұқтық?
6. Түсінбеген жерлеріміз?
7. Сабақ ұнады ма?
8. Сабақты бағалау.

IV.Үйге тапсырма:
«Дүкенде» тақырыбына кішкентай диалог құрып келу. Өткен сабақты қайталау, жаңа сөздерді жаттау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: мегааягоз
Просмотров: 2756 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 9:12 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru