Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Открытый урок "Шоқан - ғалым"
[ Скачать с сервера (15.4 Kb) ] 2014-01-09, 11:08 AM
Сабақтың тақырыбы : Шоқан – ғалым
Сабақтың мақсаты : Өзге тілді мектепте қарым-қатынастық біліктілігі дамыған тұлға қалыптастыру .
Сабақтың міндеттері :1.Оқушылардың Шоқан Уәлиханов туралы білімдерін толықтыру, ғалым, зерттеуші , этнограф Шоқанның еңбектерімен таныстыру.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық, эстетикалық қабілетін арттыру, ойын еркін айтуға үйрету, ұғымдарын кеңейту.
3. Тілін, халқының әдет-ғұрпын қастерлеуге, еңбек етуге, туған елін, Отанын сүюге тәрбиелеу .
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Әдіс- тәсілдері : сұрақ-жауап, іздендіру, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс : география, орыс тілі, тарих
Сабақтың барысы :
1 . Ұйымдастыру кезеңі .
Сәлеметсіздерме !
Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеймін. Балалар орындарынан тұрып, қолдарынан ұстап, сендер бір-бірлеріңе не тілер едіңдер?
(батылдық, сенімділік, сабырлық, алғырлық, білімділік, жақсы баға алу, мақсатымызға жету, терең білім алу)

Бүгінгі сабағымызды поэзия минутасынан бастаймыз. Өлеңді мұқият тыңдап, түсінгендеріңізді айтасыздар.(«Сәлем бердік Шоқанға» Ақын Тайжан)
- Өлең жолдары кімге арналған ?
- Бұл өлеңжолдары халқымыздың танымал ғалымы Шоқан Уәлиханов өмірі мен шығармашылығына арналған.
- Шоқан Уәлихановтың шығармашылығы мен өмірінен не білесіңдер ?
- Шоқан Уәлиханов қазақтың тұңғыш ғалымы, зерттеуші,этнограф.
- Ол қысқа да жарқын өмір сүрді .

( презентация ,1 слайд Шоқан портреті )
Дұрыс айтасыңдар, Шоқан Уәлиханов ұлтымыздың біртуар ұлы, ерекше дарын иесі. Осы жылы Шоқан Уәлихановтың туғанына 178 жыл толып отыр. Бүгінгі сабағымызда Шоқан Уәлихановтың өмірі мен зерттеу жұмыстарымен танысамыз. Шоқанның дұрыс есімі Мұхаммед-Қанапия, ал Шоқан –анасының еркелетіп қойған аты .
Шоқан Шығысұлы Уәлиханов қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, фольклорист, ағартушы, демократ. Өз әкесі – Шыңғыс, ұлы атасы Уәлихан. Арғы атасы Абылай. «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгерген.

2. Жаңа сабақ . Сөздік жұмыс (2 слайд)
Құсмұрын бекініс - крепость Кусмурын
зертеттеушілік қабілеті - исследовательские способности
хат таныды - обучился грамоте
үздік оқыды –отлично учился
халықтық жырлар - народные сказания
шаһар – город
жазып алумен айналысу - заниматься

3.Мәтінмен жұмыс .( Мәтінді аудио технология арқылы тыңдау)

Шоқан (Мұхаммедханафия) Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған, кейін Омбыдағы кадет корпусында оқиды.Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей географиясы мен тарихы, батыс философиясы, физика негіздері, шетел тілдері оқытылған. Шоқан үздік оқыды.
Шоқанның зерттеушілік қабілеті оқып жүргенде оянған. Жазғы демалыс кездерінде ол ел ішіндегі аңыз, әңгімелерді, халықтық жырларды жазып алумен айналысады. Шоқан қазақ тарихын зерттеуге ерекше ден қойды. Шоқанның тамаша еңбектерінің бірі- «Алты шаһардың жайы туралы» деген шығармасы. Бұл еңбегінде Шоқан Түркістанның ескі заманнан XIX ғасырдың ортасына дейінгі қысқаша тарихын жазған.
1864 жылы наурыз айында Шоқан генерал Черняевтің шақыруымен Әулиеатаға келеді. Содан Верный қаласына, кейінірек Тезек төренің ауылына барып, тоқтайды. Сонда үйленіп, тұрып қалады.Сөйтіп жүргенде, ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуір айында қайтыс болады.Оның сүйегі Алтын Емел тауының бауырындағы Көшен-Тоған деген жерге қойылған.

Сұрақ-жауап
- Шоқанның шын аты кім ?
- Ол қай жерде қашан дүниеге келген ?
- Шоқан қайда білім алады ?
- Омбыдағы кадет корпусында қандай пәндер оқытылады ?
- Шоқан жазғы каникулда немен айналысады ?
- Оның зерттеушілік қабілеті қашан оянады ?
- Оның қандай еңбегі бар екенін білдік ?
- Бұл еңбегінде не туралы жазған ?
- 1864 жылы кімнің шақыруымен Әулиеатаға келеді ?
- Шоқан қашан және неден қайтыс болды ?
- Оның сүйегі қай жерде қойылған ?
- Осы мәтіннің негізгі ойын қай сөйлеммен білдірер едіңдер?

4. Бекіту
Топпен жұмыс
1-ші топ – осы мәтін бойынша сызба құрып, мәтіннің мазмұнын ашу.
2-ші топ.
Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген.

Сібір кадет корпусына оқуға түседі.

Кадет корпусын бітіріп, атты әскер корнеті атағын алып шыққан соң, Сібір қазақ-орыс әскерінің 6-атты әскер полкына офицер болып тағайындалады
Ф.М.Достоевский және С.Ф.Дуровпен танысады.

Жетісуға бірінші саяхаты

Ыстықкөл мен Жетісу экспедицияға қатысуы. Құлжа қаласына саяхат барысында П.П.Семенов-Тян-Шанскимен алғашқы танысуы.

Орыстың географиялық қоғамының мүшесі болып тағайындалды. Қашқарға баруға дайындық жүргізеді.

Семей қаласынан Қашқарға бара жатқан керуенге қосылады.

Осы жылдың басында Петербург қаласына келді. Орыстың географиялық қоғамында баяндама жасап, қоғамдық, ғылыми жұмыстармен айналысады.

Мұғалімнің сөзі:
Шоқан Уәлиханов өзінің қысқа өмірінде қоғамдық ғылымдардың алуан саласында — тарихта, шығыстануда, географияда, этнография да, экономикада, филологияда, өнертануда — көптеген құнды еңбектер қалдырды.

5. Топтық жұмысты тексеру
1-ші топ – Шоқан Уәлихановтың «Алты шаһардың жайы туралы» еңбегіне зерттеу жүргізу.
Мұғ. сөзі :
1858-1859 жылдары Шоқанның "Жарық жұлдыз", "Қашқария сапары" оны ғылыми-зерттеушілік, ағартушылық саласында жаңа биікке көтерді. Ол кезде Қашқария Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Еуропа ғылымы үшін белгісіз, құпиясы мол ел болатын. Себебі, XII ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, 1603 жылы саяхатшы Голе Қашқария жерінде болғаннан кейін, бұл өлкеге ешкім аяқ баспаған Шоқаннан бір жыл бұрын Қашқарияға Үндістан арқылы барған немістің белгілі географы Адольф Шлагинвейтті жергілікті билеушілер басын кестіріп өлтірткен. Адольфтің бұл қайғылы тағдыры жөнінде алғаш мәліметті жеткізген Шоқан болды.

2-ші топ – Шоқан Уәлиханов өміріне хронологиялық кесте жасау
Мұғ. сөзі :
Заманында дүниежүзілік ғылымға елеулі үлес қосқан Ш. Уәлихановтың әр салалы, терең мазмұнды еңбектері, өзінің асыл тұлғасы мен жарқын бейнесі тарихтың әр кезеңінде жоғары бағаланды.

6. Грамматикалық тапсырма

Екі жай сөйлемнен құрмалас сөйлем құраңдар.
1. Шоқан ақылды, парасатты бала болды. Ол ерте хат таныды.
2. Ол орысша бір ауыз сөз білмеді. Екі-үш жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды.
3.Шоқан өте жақсы оқыды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым, зерттеуші деп атады.

1 топ- синтаксистік талдау
Г.Н.Потанин Шоқанның еңбектерін еркін түсініп, халыққа жеткізді.
(қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем )

2 топ- морфологиялық талдау
Еңбектерін – 1.Тұрақты белгілері .
Ұғым атауы
зат есім, дара, негізгі,жалпы, деректі, көпше, нені?
2)Тұрақсыз белгілері
-тер- көптік жалғау
-і- тәуелдік жал. 3 жағы
- н- табыс септігі
3) Сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады.

Оқушылардың білімін бағалау . Рефлексия кезеңі
Бүгінгі сабақтан алған әсерім.

Не білдім ? Не білемін ? Не білгім келеді ?
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ZHanarTleubaeva
Просмотров: 1888 | Загрузок: 96 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 1:56 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru