Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

жыл мезгілдері
[ Скачать с сервера (745.7 Kb) ] 2014-01-13, 12:07 PM
Орал қаласы
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
№8 облыстық мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі
Хамитова Ғалия Жақсылыққызы
Жұмыс тел: 23-90 20.
Пәні: қазақ тілі, сыныбы: 5 «А»
Сабақтың тақырыбы: л/т: «Жыл мезгілдері»
г/т: «Сан есімдерді қайталау»
Жалпы мақсаты:
Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін сипаттай білу, сан есімдерді қайталау;
Сабақтың міндеттері:
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне сипаттама бере алады, жыл мезгілдері туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер, халық болжауларын біледі, жұмбақтар біледі, кестені толтыра алады, мәтін мазмұнын сурет арқылы баяндай алады, сурет бойынша әңгіме құрай біледі. тақырып бойынша сұраққа жауап бере алады. Сан есімге морфологиялық талдау жасай алады.
Сабақтың түрі: Қайталау, пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық, жұптық жұмыс, рөлдік ойын әдісі;
Керекті жабдықтар, көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте «Жыл мезгілдері», рөлдік ойын «Төрт жыл мезгілі», «Жаз мезгілі» суреті, А4 парақшалары, бояу-қарындаштар, бағалау парақтары, гр. кесте «Сан есім».
Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
Кіріспе: -Бүгін ауа-райы қандай?
- Бүгін ауа-райы өте жақсы, күн жылы, аспан бұлттанып тұр. Түнде аздап жаңбыр жауған, жел жоқ. Ауаның температурасы +25 градус.
Үй тапсырмасын сұрау:
«Жаз» мезгілі тақырыбына диалог.
-Көктемнен кейін қандай мезгілі басталады?
-Көктемнен кейін жаз басталады.
-Жаз айлары қандай?
-Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.
-Жазда күн қандай болады?
-Жазда күн ыссы болады.
-Жазда балалар не істейді?
-Жазда балалар суға шомылады, балық аулайды.
Топқа бөлу: 1-топ «МАУСЫМ», ІІ-топ-«ШІЛДЕ», ІІІ топ- «ТАМЫЗ»
Әр топтың тайм-спикерін сайлап алу.
Тұсаукесер: -Балалар, тақтадағы берілген жұмбаққ көңіл аударыңыз.
Жұмбақ:
Бір ағашта он екі ұя,
Әр ұяда отыз жұмыртқа. ( ... )
- Жұмбақты оқытып, шешуін айтқызу.
Сабақтың мақсатымен, бағалау өлшемдерімен таныстыру
- Сонымен, балалар, біз бүгін сабақта жұмбақ, мақал, тақпақ айтып жыл мезгілдері туралы алған білімімізді пысықтаймыз, кестемен жұмыс жасаймыз, мәтін мазмұны бойынша сурет салып әңгімелеп береміз, Жыл мезгілдерінің тапсырмаларын орындаймыз.
Негізгі бөлім:
«Баяндама» оқыта үйрету ойыны.
Мен оқушыларға бір мәтінді оқуды, соңынан оның мазмұнын сурет, белгі, сызба, түрінде беруді ұсынамын.
Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді.
Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін немесе сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы көрнекі құрал ұсынған топ Жеңімпаз атанады.
Мәтін үлестіріледі.
Бір жылда төрт мезгіл бар. Олар: қыс, көктем, жаз, күз. Бір жылда он екі ай бар. Әр жыл мезгілі үш айдан тұрады. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамаыр. Жаз айлары:
маусым, шілде, тамыз. Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.
Бір жылда 365 күн бар.



Суретпен жұмыс: «Жаз мезгілі»
(әңгіме құрастыру)

Рөлдік ойын: «4 жыл мезгілі»
Есік қағылады: - Сыныпқа Жыл мезгілдері кіреді. Балалар, бізге Жыл мезгілдері қонаққа арнайы келіпті . Қане, тыңдалық, бізге не әңгіме айтады екен, мүмкін сіздерге әкелген қызық тапсырмалары бар шығар.
Жүргізуші: Бір күні жылдың төрт мезгілі орманда кездесіп қалады. Бір-бірімен амандасып, қал сұрасқаннан кейін олардың әрқайсысы өздерінің ерекшеліктерін айтып мақтанады.
Қыс: -Мен қыспын! Мен ең суық, қаһарлы мезгілмін.
- Қыс: Балалар, мен бүгін бір серігімді жоғалтып алдым.
- Көктем: -Мен де өз серігімді жоғалтып алдым.
- Мұғалім: Балалар, жыл мезгілдеріне өз серіктерін табуға көмектесеміз бе?
- Балалар: - Иә, көмектесеміз.
- Мұғалім: -Олай болса, балалар, біз мына кесте арқылы жыл мезгілдеріне өз серіктерін табуға көмек берелік.
«Адасқан жыл серіктері:
(тақтада кесте ілулі тұрады)
Қыс Көктем Жаз Күз
қыркүйек маусым желтоқсан қазан
қаңтар шілде шілде наурыз
ақпан сәуір мамыр қараша
Тапсырма:
Оқушылар адасқан әр ай атын реті бойынша жыл мезгілдерінің астына қойып шығады.
(оқушылардың орындаған жұмысы:)

«Қыс»: - Мен желтоқсан қаңтар, ақпан айларында күнді суытып, қар жаудырамын. Өзендерде, көлдерде мұзды қатырамын. Сол кезде қандай мейрамдар болады?
Балалар: - 1-ші қаңтар Жаңа жыл мейрамы, Рождество Христово мейрамы, 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күні, Құрбан айт мейрамы, Масленница т.б...
Қыс: - Енді балалар, кім мен туралы жұмбақтар біледі?
Балалар:
1. - Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
2. – Қыста жерді жауып кетті,
Ал көктемде ағып кетті. (Қар)
3. –Қолы жоқ сурет салады,
Аузы жоқ тістеп алады. (Аяз)
«Қыс»: Ал, балалар, қыс туралы кім қандай тақпақ біледі?
Никита: «Қыс»
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас, тірі жанды,
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық.
Басқан ізі сықырлап келіп қалды...
-Қыс: - Өте жақсы! Балалар, менің де сендерге әкелген жұмбағым бар.
1. – Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)
2. – Суға батпайды, отқа жанбайды. (Мұз)
«Қыс»: -Рахмет, балалар, сау болыңдар!
«Көктем»: -Мен, көктеммін. Мені адамдар асыға күтеді. Балалар, ол не себепті екен, қалай ойласыңдар?
1-оқушы: -Себебі, көктемде күн жылынады, қар ериді, құстар ұшып келеді.
2-оқушы: - Көктемде көп мерекелер болады. 8-наурыз Аналар күні, 22-наурыз Жаңа жыл мейрамы, 1-мамыр Халықтар бірлігі күні, 9-мамыр Жеңіс күні, т.с.с.
3-оқушы: Көктемді бәрі асыға күтеді, көктемде бәйшешек, сирень гүлдері шығады, ағаштар бүршік жарады.
«Көктем»: -Балалар, кім Көктем мезгілі туралы мақалдар біледі?
Балалар: 1.Жердің сәні - егін,
Ердің сәні – білім.
2. Сәуір болмай тәуір болмас.
3. Шанаңды жазда сайла,
Арбаңды қыста сайла.
«Көктем»: Рахмет, балалар! Өте жақсы! Мен сіздерге ризамын!
«Жаз»: - Мен жаймашуақ жазбын. Мен ең ыстық, жайдары мезгілмін. Мен барда адамдар көп еңбек етеді. Таза ауада көп уақытын өткізеді, суға шомылады, балық аулайды. Балалар, айтыңдаршы, сендер қандай халық болжауларын білесіңдер?
Оқушылар:
1. Мысық пешке тығылса – аяз болады.
2. Қой тісін қайраса боран немесе дауыл болады.
3.Көктемде күн көп күркіресе егін, шөп мол болып шығады.
4. Ит аунаса, жаңбыр жақын деген сөз.
«Жаз»: Тамаша! Сау болыңдар!
«Күз»: - Менің атым күз. Мен байлықпын, молшылықпын. Мені халық «алтын күз» дейді. Мен күнді қысқартып, түнді ұзартамын. Менің кезімде жемістер мен көкөністер пісіп жетіледі.
Енді, балалар, мен сіздерге жұмбақ жасырайын.
1.Аспандағы көлеңке жерге суын шашады. (Бұлт)
2. Түнде бармын, күндіз жоқпын. (Жұлдыз)
3. Ағайынды бәрі, шықса көк, түссе сары. (Жапырақ)
Балалар, сендер күз туралы қандай жұмбақтар білесіздер?
1.Көкпеңбек еді көктемде,
Қызады күз жеткенде. (Алма)
3.Жерге қазақ қақтым,
Басына айдар тақтым. (Сәбіз)
4.Іші -жұмсақ, сырты- қатты,
Еті -қызыл, сырты-тәтті. (Қарбыз)
Сендер қандай жұмбақ білесіздер?
Оқушылар:
1.Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар (Пияз)
2. Тәтті,
Тәттінің іші қатты,
Қаттының іші тәтті. (Өрік)
«Күз»: Рахмет! Сау болыңыз!

Жыл мезгілдерін шығарып салу.
Мәтіндегі асты сызылған сөздерді оқу.
Төрт, үш, үш жүз алпыс бес, отыз.
- Осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
- Қанша? Неше?
- Бұл сөздер заттың несін білдіреді?
- Бұл сөздер заттың санын білдіреді.
- Заттың санын, ретін білідіретін сөздер қалай аталады?
- Сан есім деп аталады.
Грамматикалық кесте: «Сан есім» - қайталау.
4, 3, 365, 30 сан есімдеріне морфологиялық талдау жасалады.
Қорытынды: (кестені толтыру)
Жыл мезгілдері Айлары Күндері Түндері Ауа райы




Бағалау.
Үйге тапсырма
Деңгейлік тапсырмалар:
Жыл мезгілдері туралы 5 мақал жаттау.
«Жыл мезгілдері» мәтінін әңгімелеу

«Менің сүйікті жыл мезгілім» эссе жазу
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ХамитоваГ
Просмотров: 7574 | Загрузок: 289 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 3.6/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 9:47 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru