Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сабақтың тақырыбы: «Абай- дана, Абай – дара қазақта»
[ Скачать с сервера (115.0 Kb) ] 2014-01-28, 11:39 AM
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Горьковский орта мектебі
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
Исина Бибигуль Толеубаевна

Сабақтың тақырыбы: «Абай- дана, Абай – дара қазақта»
Сабақтың мақсаты:
1. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап,шығармаларының тақырыбы мен идеясын, композициялық құрылымын талдау.Оқушының әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
2. Оқушылардың сөздік қорын ,тіл байлығын молайтып,өзінің ой-пікірін еркін жеткізе білуге баулу.
3. Шығармашылық қабілетін дамыта отырып,оқушыларды халқын ,елін ,жерін Отанын сүйе білуге,адамгершілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекілік құралдар: Абай Құнанбаевтың портреті,Абайдың шығармалары,үнтаспа,интерактивті тақта

Сабақтың түрі: конференция сабағы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. «Бақыт туралы аңыз» айту./музыканы ақырын қою/
Конференцияның басталуы
Жүргізуші:Қайырлы күн ,құрметті оқушылар мен ұстаздар! «Абай-дана, Абай –дара қазақта»атты конференцияға қош келдіңіздер! «Абай –дана,Абай-дара қазақта» атты конференциямызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіз! Бүгінгі конференцияның жұмыс жоспарымен таныстырып өтейін:
1 бөлім-Ғылыми-әдеби бөлім.Сіздердің алдарыңда отырған жас ғалымдар, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар жасайды.Бүгін Сіздер Абайдың кейбір әндерін тамашалайсыз.
Конференцияның жүргізуші- Сәкен Жолдаспаев.
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтыбақ, Топай.
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң, өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдың " Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған "кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз- ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көтеріңкі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобаға жетік, өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады.
Сөйтіп, көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Хафиз, Физули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы "Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.

Сәкен «Желсіз түнде жарық ай»әні(32DO )
Өмірбаяны

Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға қарап: "Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыда кеңінен толғап ,сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. Абай сегіз жасында әуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабитханнан оқыған. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң, Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл оқыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтың "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен ,дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен, өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің қалпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен қарай білетін, сезімді оқушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, таңдап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, кәрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмытылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның қалыптасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі қарай оқытпай қайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жұмыстарына араласады. Ол әке қасында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған қарсы батыл қимылдар жасаған. Алайда, оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің құрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартысқа түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. Қоңыркөкше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ұстауға күш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілігімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі."

Сәкен «Көзімнің қарасы...»әні(ЕFB2)


Абай шығармашылығы.
Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы қалады деген пікірге сияды. Абай "Өлең -сөздің патшасы" өлеңінде «сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел!" -деп жұртшылыттан ақындық сөзге зор маңыз беріп қарауын, поэзияның жоғары қоғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қазақ өмірінің сол кездегі жағдайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы түсінді, мұны оның "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақтар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде құлаган тосаңсиды, Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей".
Бұдан біз ақын өлең-жырларындағы жаңа, соны ой-пікірлерді жұртшылықтың қалай қабылдайтынына ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз. Өлең-жырға көңіл қоятын мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап етті. "Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей". Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқтаушы болуға тиіс деп санаған. Абайдың өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Қалың елім, қазағым, кайран жұртым", "Жаз", (Жаздыгүні шілде болғанда) "Желсіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сұрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк тұман - алдындағы келер заман" секілді өлеңдерінің қай-қайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бұларға қоса "Ем таба алмай", "Ата-анаға көз қуаныш", "Сағаттың шықылдағы емес ермек", "Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер табиғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Мен көрдім ұзын қайың құлағанын" сияқты тағы сан алуан шығармаларды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты немесе өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топка жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған Абай соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға үмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлең-дер тақырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа тереңдеп бару үшін қажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген, көркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне ұқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні. Абайдың тіпті жылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), "Жаз" ("Жаздыгун шілде болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын өлеңдері де әрқайсысы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, құрылысы жағынан әр түрлі болып шыққан. Сондай-ақ өлең, ән-күйдің мәнін, ақындық өнердің қасиетін бағалайтын,.тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы", "Біреудің кісісі өлсе, қаралы-ол". "Мен жазбаймын.өлеңді ермек үшін". "Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа". Өзгеге көңілім тоярсың", "Адамның кейбір кездері" деген шығармалары да ойды әр қырынан өрбітуі пікір соныңғы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір- бірінен өзгеше сипатталған. Осындай бір-біріне ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. '"Өлсе өлер табиғат, адам өлмес". "Көк тұман алдындағы келер заман". "Сағаттың шықылдағы емес ермек" деген сияқты өлеңдерін оқыса, онда Абай -ойшыл акын екен деп танимыз, "Жүрегім, нені сезесің", "Не іздейсің, көңілім, не іздейсің", "Жүрегім, ойбай, соқпа енді" секілді өлеңдерді оқығанда, Абай асқан сыршыл лирик акын-ау деп тамсанамыз. Ал "Қан сонарда бүркітші шығады аңға". Жаздыгүні шілде болғанда". "Желсіз түнде жарық ай".
"Жазғытұры қалмайды кыстың сызы" сияқты өлеңдерге назар салсақ.Абайдың өмір құбылыстары сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге айналдырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер ақын екеніне ден қоямыз.. "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Бөтен елде бар болса", тағы сондай туындыларға қарап нағыз сықақшыл, өткір мысқылға шебер ақын осындай-ақ болар десек. "Мәз болады болысың" атты өлеңді еске түсіріп, әжуалап келемеждеудің мұндай да өте нәзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. «Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" атты өлеңдердің қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені көңіл аударады. Ал "Сен мені не етесің, 'Ем таба алмай", "Қор болды жаным" секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілеріне екені айқын аңғарылады.. Абайдың әр өлеңінде оның осындай ақындық тұлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешілігі болады десек, олар іштей астасып жатқан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. "Сегіз аяқты" оқығанда мұнда терең сыршылдық, ғибратты насихатшылық, бейнелеп суреттеуге, тіпті өлең өрнегін өзгеше өрнектеуге шеберлік те бәрі ұштасып келетіні анық көрінеді.Абайдың көркемдік ойлауы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды. Осының өзі-ақ оның поэзиясына жаңашылдық сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлык түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілініңі, қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын жетілдірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық -ритмикалык, байлығын терең ашып көрсетті, жаңа ырғакты, үйлесімді өлең үлгілерін енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалық мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың ақындық тілін әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік жаңа сапаға көтеріп, жаңа үлгіде қалыптастырды.
Сәкен «Айттым сәлем,Қаламқас» 4АСА
Абай және қазақ. Шығыс әдебиеті.
Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу арқылы Абай араб, парсы, шағатай тілдерін жетік біліп, Шығыс ақындарының шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Казақтың халықтық өлең – жырларын, ертегі, қисса, аңыз-әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Шөже, Бәйкөкше, Балталардан естіп, жастай жадында сақтады.
Абай парсы, төжік әдебиетінің кемеңгері Фирдоусидің, әзірбайжан ақындары Низами мен Физулидін, парсы акыңдары сағди мен Шәмсидің, өзбек классигі Науаидың көптеген шығармаларын, оның ішінде, «Шаһнама», «Ескендірнама», «Ләйлі – Мәжнүн», «Фархат - Шырын» жйне арабтың «Мың бір түн» сияқты тамаша туындыларын сүйіп оқып, сол аркылы Шығыс елдерінің тұрмыс-тіршілігімен, салт – дәстүрімен, әдет-ғұрпымен танысты. Олардың кейбірін өз шығармасының сюжетіне арқау етті. Мысалы, Абай Шығыс халықының «масғұт» атты ертегісін өз поэмасының мазмұнына желі етеді.
Поэмасының түйінінде байлық та, хандық та ақылға табынған. Ақылды алған адам азып-тозбайды, тіршіліктің тұтқасы – ақыл мен білімде деген қорытындыға келіп, жастарға соны үлгі етіп ұсынады.
Ал «Ескендір» поэмасында қөрші елдерге шабуыл жасап, ханың өлтіріп, халқын талап, жазықсыз жандардың қанын судай шашқан қанішер, жауыз Ескендірдің (Александр Македонскийдің) шапқыншылық әрекетін суреттейді. Ақыры темір қорғанды қақпаға кездесіп, қамалды ала алмай дағдарысқа ұшыраған патшаға қақпаның күзетшісі орамалға түйген адамның көз сүйегін сыйға тартады. Оның мінісін түсінбей ашуланған Ескендір ойшыл – ғалым Аристотель адам көзі тіршілікте еш ңәрсеге тоймайтының, тек өлгенде топырыққа көміліп тынытының айтады. Ақын жауыздықты ізгілік жеңеді деп қорытынды жасайды.Абай арабтың классикалық шығармасы «Мың бір түн» ертегісінен «Әзім әңгімесін» поэма етіп жазып, Бағдатта бояушы, суретші, алхимик Әзім атты жігіттің басынан кешкен уақиғасын баяндайды.
Сәкен «Желсіз түнде жарық ай» BFB2

Абай және Шығыс әдебиеті


Низами
(әзірбайжан ақыны)

Әбілқасым Фирдоуси
(940-1020/30 ж.) Шамсуддин Шәмси
Мұхаммед Физули (т.ж. белг.-1247ж.)
(1494-1556 ж.)

Әлішер Науаи
(1441-1501ж.)

Абай және орыс, Батыс әдебиеті.
1860 жылдардың аяғында Абай өзінің білімінің таяздығын сезініп, Семей қалысындағы Гоголь кітапханасына келіп, орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын өз бетінше ізденіп оқи бастайды. Осы кітапханада Л.Н. Толстойдың шығармаларын оқып отырған Абай Петербург университеті студенттерінің саяси ереуіліне қатысқаны үшің жер ауып келген жаратылыстанушы ғалым Е.П. Михаэлиспен кездесіп танысында, кейін олар айырылмас дос болып кетеді. Михаэлис орыстын ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков – Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер – демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Еуропаның ұлы ақын – жазушылары Шекспир, Байрон, Гете, А. Дюмалардын, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин, т.б. еңбектерін оқуға кеңес береді. Бұрын қолына түскен кітапты оқитын Абай енді орыс, Батыс ғаламдары мен ақын-жазушылардың еңбектерін белгілі мақсатпен жүйелеп оқуға көшеді. Абайдың «Дүниеге көзімді ашқан – Михаэлис» деуі осыдан туындаған. 1880 жылдары Михаэлис арқылы ол Долгополов (антрополог), Леонтьев (адвокат) сияқты Ресейден жер ауып келген демократтармен достасады. Олар Абайдың аулына келіп, қазақ өмірімен танысады. Абай бұлардың әсерімен Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділерді, Лермонтовтың «Бородино», «Теректің сыйы», «Демон», «Жалау», «Жартас», т.б. ондаған өлеңдерін, Крыловтың «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Шегіртке мен құмырысқа», «Бақа мен өгіз», «Піл мен қанден», «Есек пен бұлбұл», т.б. мысалдарын аударрады. Гетенің «Қараңғы түнде тау қалғып», өленің орысшадан (Лермонтов) аударып, ән де шығарады.
Абай орыс, Батыс классиктерінің шығармаларын аударған. Аудармаға өршіл бостандықты аңсаған «Бородино», «Қанжар», «Жалау», т.б. сияқты өлендері мен әділетсіздікті, топастықты әшкерелейтін мысалдарын таңдап, талғап алған. Ақын орыс және Батыс мәдениетің таңдап оқу керектігіне де көңіл бөледі. «Интернатта оқып жүр» деген өленңінде сол кездегі қазақтың оқыған жастарының халық үшін қызмет етуден гөрі, шен алып, шекпен киіп патша әкімдеріне жағуды мақсат тұтатынына ызаланып:
... Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой... –
Деп мінеп- сынайды. Абай орыс классиктерімен сыншылдық ой бөлісе отырып:
... Военный қызмет іздеме,
Оқалы киім киюге.
Бос мақтанға салынып,
Бекер көкірек керуге.
Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге...-
деп жастарға ой тастайды. Мансап үшін оқыма, білімінді, пайданды халқыңа жұмса, ел қамқоры – азамат бол деп жастарға халық атынан үлкен бағдарлама ұсынады. Тіпті ол қолыңнан келмесе егін ек, сауданың тегін үйрен... адал еңбек етсен, қара жер де құр қалдырмайды дегенді айтады.
Абай және орыс, Батыс әдебиеті

Иоганн Гете

А.С.Пушкин
М.Ю.Лермонтов И.А.Крылов

Абайдың қарасөздері.
Абай XIX ғасырдың 90-жылдары өзінің ой толғаныстарын қарасөздермен жазған.өз шығармасын қарасөзбен жазудың публицистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қарасоз қазақтын көркем жазба әдебиеті тарихында Ы. Алтынсариннен басталады. Ал одан әрі дамытушы Абай болды.
Абайдың қарасөздері көркем әңгіме емес – ғақлиялық даналық сөздер. Онда ғылыми – философиялық толғаныстар кең орын алған. Абай қарасөздерді жазуға зор дайындықпне келген. Ол бұл еңбектерін діни сопылық – теологиялық ғылымды да, жаратылыс зандарын ашқан Галилей, Коперник, Спенсер, Ньютон, Пифагор, Дарвин еңбектерінде, ертедегі философ ғылымдар Сократ, Аристотель, Платон шығармаларын да, Шығыстың ойшыларды Фирдоуси, Шамси, Қожа Хафиз, Бабыр және т.б. еңбектерін де оқып, ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жазуға кіріскен. Ол қарасөздердегі келтірілген терміндік атаулар мен сілтемелерден немесе ой – пікір үндестігінең байқалады.
Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы терен, оқушыға ой саралық , ғибрат беруді көздей құрылған. Копшілік қарасөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады немесе өзімен-өзі кеңесу , ой-пікір білдіру үлгісінде құралады. Бұл – Батыс, орыс ойшылдарының қөп қолданған әдісі. Ғылым, қөркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдалған.
Абай өзінің қарасөздерің жазудағы мақсатын бірінші сөзінде былай баяндайды: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жок десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры, осынған бел байладым. Енді мұнан басқа ешбір жұмысым жок». Бұл – ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым – қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы қарым – қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.
Қарасөздердің жалпы саны – қырық бес. Олардың әрқайсысы әлеуметтік өмірдегі белгілі бір мәселені сөз етіп, ой – пікір білдіреді.
Абайдың қарасөздерің тақырып жағынан бірнеше топка бөлуге болады.
1. Дүниенің тылсым сырын танып – білу мәселесіне «жетінші», «Он тоғызыншы», «Отыз бірінші», «Отыз сегізінші», «Қырық үшінші» қарасөзінде: «Козбен көріп, құлақпен естеп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады да, содан білгені, қоргені көп адам есті, білімді болады», - дейді. Ал «Жетінші қарасөзінде: «бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ісшем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары ... Екіншісі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, қөзі корген, қулағы естігеннің бәрін сұрап тыншымау. Бұл – жан құмары...» - деп, жан мен тәннің байланысын ашуға талпынады да, қырық үшінші сөзінде: «Адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты – ақыл, ғылым ... Ол талаптылықпен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды.
Абай естіген, білген нәрселерді еске сақтаудың, есті тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын да сөз етеді. Ол өзінің «Отыз бірінші» сөзінде: «Естіген нәрсені ұмытпасққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде, ғибраттану (үлгі алу) керек, қоңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінең бірнеше рет қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер бір көз болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы – күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – қуллі ақыл мен ғылымды тозыратұғын нәрселер» деп ынта қоя тындау, естігенді ойда қайталап бекіту, көніл күйдің әртүрлі әсерлеріне үнемі салынып, беріліп кетпеу, ерік – жігерді тізгендеп ұстау жөнінде педагогиқалық тұргында ақыл –кеңес береді.
2. Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» қарасөздері ілім – білімге ұмтылуға бөгет болатын надандық, талапсыздық, жалқаулық мінездерді сынауға арналған. Ол бірлік, тірлік деген сөздердің мәнін аша келіп, «Алтыншы» сөзінде: «... Жоқ, ондай тірлік? Ол соы жан кеудеден шықпағандық па? Жок, ондай тірлік итте де бар... Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес, кокірегі, көңілі тірі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табұға жігер қыла алмайсың... Одан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық», - дейді.
3. Ар-ұят, адамгершілік, мәселелері «Бесінші», «Он бірінші», «Он сегізінші» сөздерінде әңгіме болады. «Отыз үшінші» сөзінде мал табудың жолдарын өнерден іздеу туралы өсиет айтады. «Егер де мал керек болса, қолонер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол...» - дейді. Абай: «...Тегінде, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ онан басқа ңәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» («Он сегізінші» сөз), - деген қорытынды жасайды.
4. Абай ғылым, білім, білім, өнер жайын сөз еткенде, ең алдымен, сауданың тегін білетін өзбек, татар жұртын, өнер – ғылымның жолын қуған орыс жұртын үлгі етеді. «...хикмет те, өнер де, мал да, ғылым да – бәрі орыста тұр. Залалынан қашық болу, пайдасына ортак болуға тілің, оқуын, ғылымын білмек керек... Әрбір жұрттың тілің, оқуын, ғылымын білмек керек... Әрбір жұрттың тілің, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына («тең болу» деген мағынада) енеді... Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі» («Жиырма бесінші» сөз), - дейді.
Абайдың көптеген өлендеріндегі сияқты қарасөздерінде де нақыл, мақал – мәтелге айналып кеткен айшықты сөз тіркестері жиі кездеседі. Мәселен, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық», «Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол», «Қайратсыз ашу - тұл, тұрлаусыз ғашық – тұл, щәкіртсіз ғалым - тұл», «Биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпінден ұшып қыран да шығады», т.б.
Абай еңбектің адам баласының игілігі үшін қажетті іс-әрекет екенін айта келіп, оны жоғары адамгершілік қасиетпен байластырына қарастырады. Мәселен, ол: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамгершіліктің қарызы еңбек қылсан, Алланың сүйген қулынын бірі боласың», Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамдың баласы - бауырың деп бүкіл адам баласын сүю, халыққа, көпке пайдасын тизігу сияқты ұлы гуманистік қасиеттерді дәріптейді. Абайдың қарасөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік, т.б. туралы ой – пікірлер оның ағартушылық, демократиялық қөзқарасын айқындай түседі.
«Қарасөздер» Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады. Себебі, 1900-1904 жылдары арасында жүрек ауруының асқынуы салдарынан ұлы ойшыл өндіріп көп еңбек жаза алмаған.
Сәкен.-Абай атамыз айтқандай «Ұйықтап жатқан көңілді ән оятар»Абайдың ақындық өнерімен қоса әншілік ,сазгерлік өнерді де аса жоғары бағалаған.Сіздер конференция барысында «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Айттым сәлем ,Қаламқас»әндерін тындадыңыздар.. Абайдың өзі шығарған 20 шақты өлең-әні бар.
« «Сегіз аяқ»-үлкен бір белдей әрі мол,әрі бір жағынан көркем,келісті шыққан,зор шығарма»,- деген М. Әуезов.(Әнді тындау)ECOC1
«Сегіз аяқ»-Абай әндерінің ішінде бұрын да ,қазір де кең тарап,жиі айтылатындарының бірі.Өлең ақынның өз басының мұңын шаққан арнауынан басталады.Ақын сөзге ермей ,қор еткен топас,озбыр ортадан безінген кемеңгер өзінің жалғыздық мұңын шағады,күңірене күрсінеді. «Сегіз аяқтағы »Абай мұны мен зары ,түптен келгенде,дәуір мен халық қайғысының көрінісі.Абай соның бәрін жиып,өз атынан ,өзі басынан кешкен сезім арқылы айтты.
«Сегіз аяқ»өлеңі даналық,афоризм сөздерге бай.Мысалы:
1. Қиналма бекер тіл мен жақ,көңілсіз құлақ ойға олақ.
2. Бойда қайрат,ойда көз,болмаған соң,айтпа сөз.
3. Болмасын кекшіл,болсайшы көпшіл.
4. Еңбек қылсаң ерінбей,тояды қарның тіленбей.
5. Адал бол-бай тап,адам бол-мал тап.
6. Біріңді қазақ,бірің дос,көрмесең, істің бәрі бос...
7. Тамағы тоқтық ,жұмысы жоқтық,аздырар адам баласын.
Сәкен:Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді.
Конференцияны Абай сөзімен аяқтағым келеді
«Өлді деуге сыя ма,ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Корхова
Просмотров: 8571 | Загрузок: 374 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/6
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 4:39 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru