Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Оқушылардың ойлау, сауатты сөйлеу мен жазу қабілеттерін арттыру
[ Скачать с сервера (44.5 Kb) ] 2014-01-28, 8:55 PM
Оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттері мен сауаттылығын жаңа технологияларды қолдану арқылы арттыру
Бейсенова Қарлығаш Тенесқызы, Тоқсан би ауылы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың сөйлеу белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен гөрі оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдістеріне көшу керек. Бұл тапсырманы тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Мұғалімнің қоғам өмірінде алатын орны мен олардың атқарып отырған міндеттерінің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең елжанды, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті. Сондықтан әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, заманауи әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушының білім сапасын арттыруы қажет. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушылардың сөйлеу, ойлау және сауатты жазу қабілеттерін арттыратын жаңа технологиялардың тиімділігін ашатын негіздеріне тоқталғым келеді.
Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты - оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін, еліміздің тарихын танытып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылыстарды тыныс тіршілігімен байланыстыра отырып жан-жақты терең таныстыру. Оқушыларды қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарын түсініп, оған жауап беруге, үйренген сөздерін дұрыс айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйрету қажет. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру мен дамыту, яғни тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында да көрсетілген.
Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз дәлелдеді, осылардың кейбіреулері біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Осы тұрғыда, қазіргі кезде мемлекеттік тілді игеруде көптеген жаңа педагогикалық технологияларды қолданып, оңтайлы жетістіктерге жетуге болады. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда мен күнделікті сабақтар мазмұнына, тақырыбына қарай мына технологияларды тиімді деп санаймын: деңгейлеп саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта оқыту, ақпараттық технологиялар, сатылай кешенді талдау технологиясын пайдалану.
Әр мұғалім мектепте жұмыс атқару барысында білім беру мен тәрбиелеуде оңтайлы нәтиже беретін өз әдістемесін құрған жөн. Сол жағдайда ғана жыл сайын оқушыларының білім деңгейінің өсуін байқауға болады. Мемлекеттік тілді үйретуде басты мақсат - тіл дамыту мақсаты болғандықтан, сабақ барысында көздейтін мақсат - оқушылардың сөйлеу тілін, сауаттылығын таныту, тілді үйретуде әдіс-тәсілдер, оны қызықтырып оқыту амалдары арқылы қазақ тілінде еркін сөйлей білу дағдыларын қалыптастырып, оқушылардың лексикалық қорын байытып, мемлекеттік тілде сөйлей, оқи, жаза білуге үйрету.
Оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру мақсатымен өз тәжірибемде қазақ тіліне оқытуда қолданатын әдістемелік қорым қалыптасты. Қазақ тілін оқытуда, менің ойымша, бір ғана технологияны тілді меңгертудің әр сатысында пайдалану мүмкін емес. Алайда, тіл дамыту жұмысы оқушының сөздік қорына тікелей байланысты.
Сөйлеу үшін оқушының жеткілікті белсенді қоры болу керек, әрі байланыстырып сөйлем құрау заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, әр сабақта тәжірибе түрінде меңгертіп, дағдыларын қалыптастыру қажет. Тілдесім әрекетіне жету үшін жеткілікті сөздік қор болуы да маңызды, сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын байытуға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында оқушылардың міндетті түрде сөздік дәптері болуы тиіс. Сөздік дегеніміз - тілдің қажетті материалы. Қай тілді үйренбейік, алдымен оның сөздік қорын меңгерту қажет. Демек, сөз өзінен өзі жиналмайды, оны жоспармен, белгілі бір жүйемен меңгерген жөн. Сондықтан қазақ тілін үйрену барысында оқушылардың міндетті түрде меңгеруге тиісті сөздерінің тізімін жасау керек. Оқушының үйренген сөздерін берік қалыптастыру үшін мына мәселелер ескерілуге тиіс: сөзге дұрыс екпін түсіріп айту, сөздің мағынасын дұрыс түсіну, орфографиялық жағынан дұрыс жазып, сөйлем ішінде пайдалана білу.
Сабақта оқушылардың сөйлеу тілдерін арттыру барысында жұмыс жүргізудің бірі - мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс - дегеніміз сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құрылады. Мәтінмен жұмыс істер алдында міндетті түрде мәтіндегі кездесетін таныс емес сөздермен тиянақты жұмыс істеу керек. Жаңа сөздердің мағынасын оқушылар түсініп, меңгерулері тиіс. Мәтінмен жұмыс істеуді мынадай түрде меңгеруге болады: толық мәнерлеп оқу, мәтінді бөлімдерге бөліп, оқушыларды өздеріне мәтіннің тиісті бөлімін оқып, бір-біріне мазмұнын айтып беруді дағдыландыру, кейін оларды бір-біріне сұрақ қойып оған жауап беруі тиіс. Бұл жұмыста оқушының сөйлемді дұрыс құрастырып айтуына, сұрақты дұрыс қойғанына, оған жауап беруіне назар аударылады. Осындай жүйелі жұмыс арқасында оқушылар сұрақты еркін қойып, жауап бере алады. Бұл тапсырмалар жаңа буынды оқулықтарда жақсы қарастырылған.
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Сондықтан да, қазақ тілін оқытуда интерактивті тақтаның тиімділігі өте зор. Мысалы, әр сыныпқа арналған электрондық оқулықтар бар. ARTA Learning оқулығы бойынша қазақ тілінен тақырыптар модульдермен беріледі, оқу және үйрену, жаңа сөздермен жұмыс жүргізіп, жаттығуларды орындау, тыңдалым, сөйлесу, өзін-өзі тексеру деңгейлері белгіленген. Оқушылар ізденеді, олардың әр орындаған жұмыстары бағаланады және бағыт-бағдар беріледі.
Жұмыстың тағы бір түрі – мақал-мәтелдерді талдау.Алдымен оқушыларға мақал мен мәтелдердің айырмашылығы түсіндіріледі, оларды оңай жаттау үшін сұрақ қойылады, мысалы: Отан неден де ыстық? Жауап: Отан оттан да ыстық. Оқушылар мақал-мәтелдерді меңгергеннен соң, олардың мәнін түсіндіруге, өз пікірлерін айтуға балаларды үйреткен дұрыс. Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы тапсырмаларды түрлендіруге болады. Мақал-мәтелдер мазмұнына қарай ойларын сөйлем құрумен немесе әңгіме құрастырумен жалғастырады. Бұл жұмысты әр сабақта жүргізу керек.
Оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға шақыру қажет. Мектепте қазір шағын мәтінді кітаптар бар. Осыған орай оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әр тоқсанда келетін демалыс күндері ертегілер, аңыздар, белгілі жазушылардың әңгімелерін оқуға талап қою керек. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, сатылай кешенді талдау арқылы әр мұғалім тіл ұстарту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды.
Оқушылардың тілді меңгеру мақсатында, қоршаған ортаны танып білуіне байланысты белгілі тақырыптар бойынша қысқаша мәлімет, бағыт-бағдар беруге болады, ал олар өз бетінше оны толықтырып, кейін сабақта айтып береді, бұл жұмыстың түрі монолог деп аталады. Тіл дамыту мен оқуға арналған тақырыптар белгіленген.
Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог. Оны құрастыру үшін бір тақырып бойынша оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын түсіндіре отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып, сөйлесуді дұрыс құруға тырысады. Бұл оқушының тілін дамытады.
Тіл дамыту жұмыстарында сөздің мағынасын дұрыс түсіну үшін орфографиялық, синонимдік, антонимдік, этимологиялық, түсіндірмелі сөздіктерді пайдаланудың жолдарын үйрету де артық болмайды.
Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс. Сөйтіп, жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан да осындай әр түрлі тіл дамыту жұмысын жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Сонымен «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» - деп Әбу Насыр әл Фараби айтқандай тіл дамыту жұмыстары саналы меңгеріп, байланыстыра сөйлеуде ғана емес, болашақ ұрпақтың ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда беретін әсері мол. Оқушыларды қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыру әр ұстаздың шеберлігіне, шығармашылығына байланысты. Тілді жақсы білу - толеранттылық мәдениетін қалыптастыруға негіз болатын маңызды фактор. Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, оның әрекет ету аясы кеңейді. Қазақ тілінде білім беру кеңістігінің ұлғайып, сапалы білім берілуде жаңа технологияларды қолдану өте тиімді деп білемін.

Қолданылған әдебиеттер:
1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана «Елорда», 2008ж. 23-бет.
2.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім беру академиясы . Қазақ тілі пәні бойынша оқытуы қазақ тілінде емес жалпы білім беретін мектептің 1-11-сыныптарына арналған оқу бағдарламасы, 2010 жыл
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» республикалық ғылыми-педагогикалық басылым, 2007жыл №8, 24-25бет.
4. «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журнал, 2009 жыл №1(43
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: lastochka
Просмотров: 2580 | Загрузок: 264 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 9:41 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru