Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

сабақ жоспары Құстар туралы 4сынып
[ Скачать с сервера (20.4 Kb) ] 2014-01-30, 7:39 AM
Александра Есенова
Жітіқара қаласындағы
№1 негізгі мектебінің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Сөйлем құруға баулыған құстар
Мақсаты:құстар туралы алғанимәліметтерін қайталау,тереңдету.Сөзді дұрыс қолдануға үйрету.Дұрыс қатесіз оқу. айту дағдыларын дамыту.Сауатты жазуға үйрену.Туған өлке табиғатына, табиғат заттарына, құстарға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: құстардық суреттері, фотомонтаж, үнтаспа, презентация.
Әдісі; сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, әнұран айту, оқушылармен әңгімелесу.
2. Фонетикалық жаттығу:
1,2,3, ал кәнеки ұш
4,5,6,7, мынау –ауыл шеті.
8,9,10, ал кәнеки қон,
Асықпа да саспа.
Бірден қайта баста.
3.Біз өткен сабақта Құстар тақырыбын өттік.Әр түрлі құстармен таныстық. Құстардың қандай ерекшелігі бар екенін білдік.Құстардың қандай пайдасының барын, оларға қандай қамқорлық жасау керек екендігін үйрендік.қандай құстар жылы жаққа кетіп,қандай құстардың қыстайтынын білдік.Енді осы сабақта біз құстар туралы алған білімдерімізді пысықтап, қорытындылаймыз.
- Балалар қазір қандай жыл мезгілі? -Қыс. -Қыс екенін қайдан білдік? -Қыста қар жауады.Адамдар жылы киім киеді.Күн суық болады. -Тағы қандай өзгерістер бар? -Адамдар,құстар,аңдар қысқа дайындалады. -Кейбір құстар не істейді? -Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді, кейбірі қыстап қалады. -Ол қандай құстар? -Торғай, сауысқан, қарға ,сұр. -Қыстап қалған құстарға қандай қамқорлық жасаймыз? -Үйшік жасаймыз,жем береміз. -Көктем жаршысы деп қандай құсты айтамыз? -Қараторғай. -Құстардың қандай пайдасы бар? -Олар зиянды жәндіктерді жейді,тышқанды жейді. -Ең алдымен қандай құстар ұшып келеді? -Тырна, көкек, қарлығаш, тоқылдақ.
-Дұрыс құстар туған жерге топ-топ болып келіп жатады.Күзде қалай топ болып ұшсы, көктемде солай қайтып келеді.Жолда көп қиындықтар көреді,Жыртқыш аңға жем болады.Күзде кеш кеткені ерте, ерте кеткені кеш келеді. Сондай қиындықпен келген құстарды қалай қарсы аламыз?
-Ұя жасаймыз.
4.Тақпақ айту.
Көктем де келді жадырап. Құстарын ертіп қасына, Достардың жайын жадыма ап, Үй салдым терек басына, Кішкентай болсын ол мейлі, Үй салдым жайлы орынға, Бұл үйге мысық келмейді Жетпейді оның бойы да, Үй салдым құстың алдынан Болсыншы ол-өмір панасы. Өзімдей сәби балдырған Өссінші құстың баласы.
-Өте жақсы,құстарды біз осылай ұя эжасап қарсы аламыз.Құстар туралы тағы не білесіңдер?
5.Слайд. Сен білесің бе?
*Жер шарында 100 млрд құс тіршілік етеді. *9 мыңға жуық түрінің 700 біздің елімізде мекендейді. *Құстар 2-3 шақырым биіктікте.60-70 км жылдамдықпен ұшады. * Өңтүстік елдерден құстардың 200 жуығы біздің елімізге ұшып келеді. *Дүниеде ең кіші құс –колибри. *Дүниедегі ең үлкен құс- африка түйеқұсы. *Алматы хайуанаттар бағында құстардың 146 түрі бар. *Дүниедегі ұша алмайтын құстар-пингвин, түйеқұс. *Пингвиндер Антарктидада мекендейді.Пингвиндер жерде жай жүреді, суда тез жүзеді.
6.Слайд. Құстарды сипаттау.
Құстардың өз тіршілігі үшін тұмсығының пайдасы көп.
Тоқылдақтың тұмсығы өткір, мықты болады.Ағашты тесіп,құрттарды теріп жейді, ағаштың дінін тесіп, ұя жасайды.
Бүркіт-көк күмбезінде қалықтап ұшқан қыран құс.Бүркіттің тұмсығы өте мықты,Ол өзінің тұмсығымен ұстаған аң-құстардың етін жұлып жейді,
Бірқазанның тұмсығы үлкен,ол тұмсығымен кең ашып, балықтарды бір-ақ толтырып жеп алады,
Қарлығаш-құстың сүйкімдісі. Өте еңбекқор құс.Ұясын адамдар үйінің маңына салады.Бір қарлығаш жаз бойы 500 мыңнан 1 млн дейін зиянды жәндіктерді жояды.
Сауысқан-қыстап қалатын құстың бірі.Сауысқанның құйрығы ұзын, түсі қара ала.Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.
Көгершін-көк,сұр,қоңыр,ақ түсті болады.Көгершіндер Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі.Ол Бейбітшілік құсы деп есептеледі.
«Ақ көгершін» әні орындалады.
Енді тапсырмалар орындайық.Интерактивті тақтада құстардың суреттері көрсетілген. Олар қалай дыбыстайтыны жазылған. Соны табамыз.
Қарға шырылдайды. Сауысқан сайрайды. Торғай қарқылдайды. Бұлбұл шаңқылдайды.Бүркіт шықылықтайды.
Сергіту сәті.Қарға біздің қарқ-қарқ Сауысқаным саңқ-саңқ Торғайларым шиқ-шиқ Жапалағым ух-ух Көкек,көкек, көкек деп Ұшады екен желпілдеп.
-Енді , ормандағы құстардың дауыстарын естиік. /Үнтаспадан құстар дауысын есту/ - Балалар, құстар туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?
1.Бір-ақ сөзі біледі, 2.Жем көрсе шықылықтап қалтаңдайды соны айтып жүреді, Сескенсе жыпылықтап жалтаңдайды. өз аты онысы /сауысқан/ Және жоқ қонысы. /көкек 3.Тоқылдатып мазаны ап, 4.Екі айыр құйрығы Ағаштарды тазалап, Қияр мұрт қанаты Орманды емдейді, Ұшқырлардың жүйрігі Зиянкесті жазалап. /тоқылдақ/ /қарлығаш/
Бекіту кезеңі.Тест сауалнамаға жауап беру.
1.Ең үлкен құсты ата.
а/Бұлбұл ә/ қараторғай б/ түйеқұс в/ аққу
2.Жер шарында қанша құс мекендейді?
а/100млрд ә/ 10млрд б/ 400 млн в/ 20 млн
3.Құстар немен қоректенеді?
а/Ет ә/сүт б/жәндіктер в/ шай
4.Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс?
а/Жапалақ ә/ қарға б/ сауысқан в/ колибри
5.Әнші құсты ата?
а/Тоты ә/ бұлбұл б/ тырна в/ торғай.
-Сабағымызды бекіту үшін «Ұшты-ұшты» ойынын ойнайық.
Ұшты – ұшты арба ұшты. Ұшты –ұшты қарға ұшты. Ұшты –қшты көбелек ұшты. Ұшты-ұшты тырна ұшты.Ұшты-ұшты сырға ұшты.
Бағалау.
Үйге тапсырма: құстар туралы 3 сөйлем құрап жазып келу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Шурик
Просмотров: 8040 | Загрузок: 296 | Рейтинг: 4.0/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 10:25 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru