Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Саналы оқырман" - Оқушыларды көркем шығармалармен жұмыс жасауға үйрету әдістемесі
2014-01-30, 11:54 AM
«Саналы оқырман» оқушыларды көркем шығармалармен жұмыс жасауға үйрету әдістемесі
Ақмола облысы
Атбасар қаласындағы
№ 6 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Шахарова Әлия Балғашқызы

КІРІСПЕ

…әдебиеттің басты мақсаты
– адамға өзін - өзі тани білуге жәрдемдесу

12 жылдық оқытудағы басты мақсат – қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Сол тұлғаны тәрбиелеу мен білім берудегі, дамытудағы басты құрал – кітаппен жұмыс істей білуге үйрету. Білімнің қайнар бұлағы, тұлғаның рухани қазынасының қайнар бұлағы – кітап. Бәрімізге аян, оқушыны кітаппен дұрыс жұмыс жасай білудің тиімді әдіс – тәсілдерімен қаруландыра алмай, оқушыны саналы оқыта алмайсың. Себебі білім мен білік дағдылары тек мұғалімнің көмегімен ғана емес, ең бастысы, кітап арқылы дариды. Алайда кітап кітаппен дұрыс жұмыс істей алғанда ғана оқушының дамуына көмектесе алады. Оқи білгенде, анығырақ айтсақ, түсініп, саналы түрде оқи білгенде ғана, тәрбие, ақыл - ойдың дамуы дұрыс жүзеге асады.
Баланың оқу жылдамдығын арттыру қиын, ал баланы толыққанды оқырман ету одан да қиынырақ екендігі бәрімізге түсінікті. Көп жылдық тәжірибелер мен зерттеулер мектеп оқушыларының аз пайызы ғана кітаппен жұмыс жасай алатынын көрсетті. Оқығанды түсінбеу, кітаппен жұмыс жасау жолын білмеу, міне, осы себептер оқушының сабаққа ынтасын төмендетеді.
12-жылдық білім берудегі мақсат пен міндеттердің маңызын түсіне отырып, біздер, тіл мұғалімдері, ең бірінші, кітаппен жұмыс жасай білу проблемсын басты назарда ұстауымыз керек. Себебі, әдебиет сабақтарында педагог оқушының ақыл – сезімін тәрбиелеп жетілдіреді, өзін - өзі тани білуге жәрдемдеседі, олардың жаңашыл көзқарастарын қалыптастырады.
Осы қағидалар менің оқушыларға кітаппен жұмыс жасаудың жолдарын үйрету туралы «Саналы оқырман» атты әдістемелік бағдарлама жасауыма себеп болды.
Бұл әдістемелік бағдарламаның мақсаты – оқытудың белсенді тәсілдеріне негізделген оқушыларға кітаппен жұмыс жасаудың жолдарын үйрету. Тек тіл сабақтарында ғана емес, басқа пәндерде, мысалы, дүние тану, тарих сабақтарында да қолдануға болады.
Бағдарламаны мұғалімдер, өз қалаулары бойынша, жеке факультатив ретінде де, сабақта да қолдануларына болады.



КІТАП ОҚУДЫҢ ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ОЙЛАРЫ

- ...егер кітапты оқи қалсаң, оқыған нәрсеңнің негізгі ойын көңіле тоқи біл. Сенека (рим философы, саяси қайраткер, жазушы)


- Ойланбай оқу шайнамай жұтумен бірдей.
Э.Борк (ағылшын жазушысы)

- Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Абай (қазақ халқының ұлы ақыны)

Кітап оқу - міне, үйренудің ең жақсы түрі.

А.С.Пушкин (орыстың ұлы ақыны)

Кітапты оқудың үш түрі бар: біріншіден, оқып шыққаныңнан кейін ешнәрсеге түсінбеу; екіншіден, оқып шыққан нәрсені түсіну; үшіншіден, оқып шыққаннан кейін тіпті жазылмаған сырды да ұғыну.

Я.Б. Княжин (орыс драматургі)

(Бұл қанатты сөздерді сабақтарда эпиграф ретінде немесе оқушы дәптеріне мақсат, міндет, ереже ретінде жазып қоюға болады)

І ТАРАУ. САНАЛЫ ОҚЫРМАН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МІНДЕТТЕР

«Саналы оқырман» әдістемелік бағдарламасының басты міндеттері:

- оқушыларға кітаппен жұмыс жасаудың кешендік білімін ұсыну;
- жастардың кітаппен жұмыс жасаудағы қиыншылықтарды жеңулеріне көмектесіп, саналы оқырман санатына қосылуларына ықпал жасау;
- оқушылардың ой өрісінің кеңейіп, жан – жақты дамуына жәрдемдесу;
- оқушыларды кітапханада өз бетінше көлемді туындылармен, сан алуан ақпараттармен жұмыс жасай алуға үйрету.

«Саналы оқырман» әдістемелік бағдарламасымен жұмыс жасауды жоспарлауда нені ескеруіміз қажет:

- саналы оқырманды қалыптастыру дегенді қалай түсінеміз;
- оқу жоспарына қалай енгізу қажет;
- неге үйретеміз;
- нәтижелерді, жұмыстың тиімділігін қалай бағалаймыз;
- бағдарлама қалайша дамиды.

САНАЛЫ ОҚЫРМАН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Саналы оқырман қалыптастыру қағидаларының өзара қаншалықты байланысы бар екенін түсіне білу өте маңызды.
Интеллектуалдық қағида – кітапты саналы, түсіне отырып оқу арқылы ақпараттарды қабылдау, меңгеру, қажетті ақпараттарды қайдан табуға болатынын білу, түрлі ақпарат құралдарынан алынған сол ақпараттарды алып, қажетті жағдайда оны өмірде пайдалана білу.
Эмоционалдық қағида – оқығанын түсіне, сезіне, көз алдына елестете білу, осы мағлұматтардың қажеттілігін, оның қаншалықты маңызды екенін түсіну.
Әлеуметтік-тұлғалық қағида - өзін жеке тұлға екенін, өзінің қоршаған ортамен қарым – қатынасын түсіну. Кітап оқу нәтижесінде алған ақпараттардың адамдармен қарым – қатынас жасау кезінде тигізер көмегінің маңызын ескеру. Өзінің неге талпынатынын, өз жетістіктері деген не екенін түсіне білуін қалыптастыру.
Рухани қағида – біздің болмысымыздың негізін, яғни, бізге ең басты не қажет, нені бағалай білу керек екендігін саналы сезіну.




САНАЛЫ ОҚЫРМАН БОЛУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Саналы оқырман қалыптастыруды оқытудың негізгі мақсаты оқушыларды интерактивтік әдістер арқылы үйрету болып табылады. Белсенді таным әдістері үйренушілерді өз біліміне жауапкершілікпен қарауға баулиды.
• Естігенімді –ұмытамын.
• Көргенімді – есте сақтаймын.
• Істегенімді – түсінемін.

Мұғалімнің міндеті – материалды саналы меңгертуді қамтамасыз ететін психологиялық жағдай жасау. Ол үшін сабақ басында оқушылармен төмендегідей ереже – талаптарды келісіп алу қажет:
• Тыңдай білу деген – сөйлеушіге қарау, оның сөзін бөлмеу.
• Кезекпен сөйле.
• Тақырыптан ауытқыма.
• Өз ойыңмен бөліс.
• Біреудің жауабы дұрыс болмаса, кекетіп, мұқатпа.
• Өзгелердің де көзқарасымен санас.
• Ойыңа келген сұраққа жауап алуға тырыс.

Нәтижелі оқытудың қағидалары:
• Оқушы оқуға дайын.
• Оқытудың түрлі әдіс – тәсілдері қолданылады.
• Қайталау - білімді бекітудің негізгі жолы.
• Оқу жағдаяты қаншалықты шындыққа сай болса, оқу үрдісі де соншалықты тиімді болады.
• Мұғалім оқушы жауабын дер кезінде, оң бағалап отыру қажет.

«САНАЛЫ ОҚЫРМАН» ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҚАЖЕТТІ БІЛІК ДАҒДЫЛАРЫ

Оқыту технологияларының өзгеруі мұғалімнен жұмыс стилін де өзгертуді талап етеді. Сол себепті де мұғалімде төмендегідей білік дағдылары болуы шарт:
- ұйымдастырушылық қабілет;
- тыңдай білу;
- келіссөздер жүргізе білу;
- сыныпты «сезе білу»;
- ашық болу;
- әдепті болу;
- оқу үрдісін басқару;
- анық, айқын сөйлеу;
- оқушыларға құрметпен қарау;
- сабақтың барлық кезеңдерін логикалық жүйемен жоспарлау;
- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру;
- сынып оқушыларының өзара жұмыс істеуіне ықпал ету;
- оқушыларға көмек бере алу;
- әр оқушыға тұлға ретінде қарау;
- сынып оқушыларының барлығының тапсырма орындауларын қадағалау;
- уақытты тиімді қолдану;
- оқушының жауабын «дұрыс» немесе «бұрыс» деп тіке айтпау;
- бейтарап болу;
- оқушыларды жұмыс жасауға тарта білу;
- оқушыларға сеніммен қарау.

НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

БАЛАНЫҢ СӨЗІН ТЫҢДА
Егер де бала мұғалімнің оны тыңдап отырғанын сезсе, ол өзінің жауабының маңызын түсінеді, сондықтан ол дұрыс, орынды жауап беруге тырысады.

ШЫНШЫЛ БОЛ
Балалар үлкендердің тура, шындықты айтқанын ұнатады. Балалар үлкендер олардың өз беттерімен шешім қабылдауларына жол бергенде үлкендердің оларға сенетіндерін түсінеді.

МАҚТАУ МЕН КӨТЕРМЕЛЕУ - өзін -өзі бағалауын жақсарту. «Жарайсың!» деп мақтап қоюды ешқашан ұмытпау керек.

ӨЗ АШУЫҢДЫ КӨРСЕТУДЕН ҚОРЫҚПА. Тек өз ашуыңның себебін оқушыға түсіндіріп қой.

БАЛАЛАР АЛДАРЫНА ҚОЙҒАН МАҚСАТТАРЫН ТҮСІНЕ БІЛУЛЕРІ ҚАЖЕТ. Олар сол мақсатқа қалай жету керектігін ойлануы қажет.

ҮЙРЕНУШІГЕ КӨМЕК ТҮРЛЕРІ

Шын мәніндегі педагогтің ерекшелігі –
өзінің барлық білімін ғылыми – зерттеу тәжірибесін
түгелімен шәкірттеріне беру,
өз шәкірттеріне өз баласындай қарап,
олардың жетістіктеріне сүйсініп,
кемістік жақтарына күйіну.

Қажым Жұмалиев




ЖӨН СІЛТЕУ

Ұсыныс енгізу арқылы ақпарат беру. Бұл әдіс көмек берушінің нақты білімі болған жағдайда ғана тиімді. Бұл әдісті орынсыз пайдалану баланың өзіндік шешім қабылдауына кері әсерін тигізеді. Кеңес қашанда құндылықтарға емес, белгілі деректерге негізделуі керек.

ОҚЫТУ
Көмектің бұл түрі кейде мәлімет беру мен пікір таластыруға сәйкес келеді. Оқушының нені, қалай істеу білігі мен түсінігін қалыптастырады.

МӘЛІМЕТ БЕРУ
Мәлімет беру деген оқушыға өздігінше шешім қабылдауына жағдай жасап, ақпаратты ұсыныссыз, бұрмаламай беру.Сонда ғана ол өзінің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын болады. Мысалы: Қандай
кітапты оқуы керек? Ол кітапты қалай оқуға болады?

ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ Көмектің бұл түрі шешім қабылдаудан бұрын да шешім қабылдағаннан кейін де тиімді. Көмек беруші оқушының қасында болып қабылдаған шешімінің нәтижесін сезінуіне көмектестеседі.

КЕҢЕС БЕРУ

Оқушының деректерді түсінуіне, оны әрі дамытуына ықпал жасайды. Көмек берушінің жауапкершілігі шешімнің мазмұнын анықтауда емес, шешімді қабылдау үрдісі кезінде өте маңызды .

ШАРА ҚОЛДАНУ
Оқушы өз бетінше әрекет жасай алмаған жағдайда мұғалім тарапынан көмек қажет.

ІІ ТАРАУ. ҚОЛДАНЫЛЫНАТЫН ӘДІС –ТӘСІЛДЕР


(мұғалім қалауы бойынша басқа да әдіс – тәсілдер пайдалануына болады)

ОҚЫТУДЫҢ КІТАПХАНАЛЫҚ ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІ
КІТАПХАНАЛЫҚ САБАҚТАР ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ САНАЛЫ ОҚЫРМАН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Кітапханалық сабақтар жүргізу – оқу үрдісінің талаптарын орындатудан шыққан өмір талабы. Ондағы мақсат - оқушыларды кітапханада өз бетінше көлемді туындылармен, сан алуан ақпараттармен жұмыс жасай алуға үйрету. Әр оқушы қосымша әдебиеттерді дұрыс таңдай алуға, сол бойынша ауызша, жазбаша қарарлар, пікір, рецензия, аннотация жаза білуіне ықпал жасау – жалпы айтқанда, оқушылардың кітаппен жұмыс жасау қабілетін,ой еңбегінің мәдениетін арттыру.

Сабақ барысындағы жасалынатын іс - әрекеттер:

- тақырып бойынша қандай әдебиеттер бар;
- ол әдебиетті кітапханадан табуға бола ма;
- кітапханадан қажетті әдебиетті қалай іздеуге болады;
- оқуды қалай тиімді ұйымдастыра білу керек;
- егер тақырып бойынша қажетті әдебиеттер көп болса оны қалай тез және зер салып қарап шығу қажет;
- ол әдебиеттердегі керекті мәліметтер бойынша жоспар, тезис, конспект жасау жолдары қандай;
- кітапханадағы көрсетілетін қызмет түрлерін (кітапты үйге алу, оқу залында жұмыс жасау, т.б.) білу;
- кітапханадағы кітап қорының алфавиттік, жүйелік, пәндік, тақырыптық болып жіктелетінін білу;
- оқушылардың қоғамдық – саяси, ғылыми, техникалық, өндірістік, мәдени тақырыптардағы анықтамалардың болатынын назарда ұстау;
- статистикалық жинақтармен, тарихи оқиғалар естеліктері, айтулы оқиғалар күнтізбелерімен жұмыс жасату;
- оқушының жеке кітапханасы болуын ескерту.

ИНТЕРАКТИВТІК ӘДІС –ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ САНАЛЫ ОҚЫРМАН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САБАҚТАРЫНДА АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ

Шағын топпен жұмыс. «Саналы оқырман қалыптастыру қағидалары».
Сыныпты төрт шағын топқа бөлу. Әр оқушыға белгілі бір түсті карточка беріледі. Түстер саны - 4.
1 – қызыл - интеллектуалдық қағида
2 – жасыл - әлеуметтік – тұлғалық қағида туралы айтады
3 – сары - эмоционалдық қағида
4 - көк - рухани қағида
Дайындық – 5 минут
Жауап беруші - топ жетекшісі
Жауап уақыты – 2-3 минут
Мұғалім толықтырады.

«Миға шабуыл».
Сұрақ – Саналы оқырман деген кім?
Оқушылар өз ойларын айтады.
Барлық жауаптар қабылданады.

«Шығарманы таны» ойыны.
Оқыған шығармаларының қаншалықты есте қалғанын сынау үшін әр шығарма сюжетінен үзінділер оқып, қай шығарма екенін, авторы кім екенін айтқызу.
Мысалы: Атты екеудің әңгімесі. Хат арқылы жалындаған махаббат. Түрмедегі жігіт. Құсалықпен өмірін өткізген ару. Өлерде жазылған хат. (Б.Майлин. «Шұғаның белгісі»)

«Кейіпкерді таны» ойыны.
Шәкірт үлгі алар, жақсысын үйреніп, жаман қылықтардан жиренер кейіпкерлерді шығармадағы оқиғаға қатысты іс - әрекеттерінен танимыз. Осыған орай «Кейіпкерді таны» атты тест жұмысын өткізу. Онда үш шумақ өлең немесе кейіпкер іс-әрекетінен прозалық шығармалардан үш үзінді беріледі. Оның екеуінде, екі шумағында бір кейіпкердің, ал үшіншісінде өзге бір шығарма кейіпкері туралы айтылады. Осы «артық» нұсқа кім туралы айтылғанын анықтау. Бұл тапсырма оқушыларды зеректілікке, кітапті зер салып оқуға тәрбиелейді.
Мысалы: а) Ауылыңа 700 қол кіргізбесем,
Шектіні таң сәріде тигізбесем.
Мақтанышың сабаңның мойны болса,
Төрт тіліп, керегеңе ілгізбесем. (?)

ә) «Мені жұтар жалмауыз туыпты!» - деп,
Тантық шал Бақа айғырға міне қашты.
Ақымақ шал ақылы жоқ жаман састы.
Баладан қорқып итті қара басты. («Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
жырындағы Қарабай)
б) Бұған ермен, өзгеге ерсем-дағы,
Кәрі басым қоршылық көрсем-дағы.
Балталымен қоныстас бола алмаймын,
Тоқсан мыңды бір жауға берсем-дағы.
«Құндылықтарды бағалау».
Оқушылар оқыған шығармаларындағы мәліметтердің маңыздылығына қарай рет – ретімен жазып шығады.
І қысқа нұсқа ІІ толық нұсқа
Х – ең маңызды пікір Х – ең маңызды пікір
Х Х – басқа да 2 маңызды пікір Х Х – келесі басқа да 2 маңызды пікір
Х – маңыздылығы шамалы пікір Х Х Х - келесі басқа да 3 маңызды пікір
Х Х – 2 маңыздылығы шамалы пікір
Х - маңыздылығы шамалы пікір



«Топтастыру» стратегиясы.
Зигфрид Ахмет Дәуренбек
Портреті Көк көзді, жалбыраған ұзын сары шашты сары бала. Кірпігі мен қасы да сары.
Ширатылған ұзын бозғылт мұрт, шоқша сақалды, өңі жел мен күнге тотыққан ақ сұр шал.

Қара галифе шалбарлы, әскери гимнастеркалы жігіт. Немістерге деген өшпенділігі артқан.


Мінез-құлқы Жайдары, жомарт, ұғымтал, кекшілдігі жоқ, ақылды.
Ашушаң, молданы үйінен қуып шығады. Балажан, бауырмал, қайсар және алған бетінен қайтпайды.
Тез ашуланып, қырсығып қалады. Жауға деген өшпенділігі мол.

Әр түрлі әрекеттер Барлық жағдайға да тез бейімделгіш, ешкімді алаламайды, еңбекқор.

Бауырына басқан баласы үшін өзге ауылға көшіп кетті. Зекенді өз баласындай сүйеді.
Өз қателігін мойындап, Ахметтен кешірім сұрады.Неміс пен фашисті ажырата алмайды.

Кейіпкердің ұстанымы «Бәріміз бір өзеннің арнасы, бір атаның баласымыз»
«Сыртқы түр – перде. Ішін айт, пиғылын айт»
«Жауды аяған жаралы»

Әдебиет сабақтарында қолданылытын деңгейлік тапсырмалар сатысы:
 Шығармашылық саты (Шығарма кейіпкелеріне хат жазу. Қаламгар мерейтойына жыр – шашу. Шығармалар бойынша сурет салу)
 Эвристикалық саты (Шығармалардан үзінді көрсету)
 Алгоритмдік саты (Шығармаларға жан – жақты талдау жасау)
 Оқушы деңгейі (Қаламгер өмірі мен шығармашылығына шолу)

«Саналы оқырман болудың бес сатысы». Оқушылар осы ережелерді дәптерлеріне жазып алып, күнделікті сабақтарда басшылыққа алулары қажет.










- 1 -

«Оймақтай ой».

Оқушылардың оқыған шығармаларын қаншалықты түсінгендерін анықтау мақсатында, оқыған шығармаларының идеясына, мазмұнына, оқиғаға, кейіпкер мінезіне байланысты мақал – мәтелдер немесе сол шығармада кездесетін нақыл сөздерді, негізгі ойды жаздырту.

Мысалы: Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін оқығаннан соң
«Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей – ақ табылар»
үзіндісін жазу.
«Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай...» / Ы.Алтынсарин «Өнер – білім бар жұрттар»/
«Әділдіктен хан тайса, наным кетер» /Ы.Алтынсарин «Залым төреге»/.

«Қарын тоқта әркім-ақ үйде батыр,
Жігітті батырсынған жауда сына» /А.Қорамсаұлы «Жақсы мен жаман»/.
«Оқысаң ғылым қорын, білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар» /Ш.Бөкеев/.

Дебат – сабақ
Абай Құнанбаев шығармашылығын оқытқанда «Абай қарасөздері тақырып, пікір жақтарынан оның өлеңдерімен тығыз байланысты» деген ахуал туғызып, оқушылармен дебат – сабақ өткізуге болады. Оқушыларға көмек ретінде мынадай тірек – сызбалар үлестіріледі:

«Үшінші сөз» «Болыс болдым, мінекей» өлеңі
«Он сегізінші сөз» «Адасқанның алды - жөн, арты – соқпақ»
«Жиырма бесінші сөз» «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
«Интернатта оқып жүр»
«Он тоғызыншы сөз» «Бір дәурен кемді күнгі бозбалалық»
«Білімдіден шыққан сөз» өлеңдерімен мазмұндас екенін оқушылар салыстыра оқып алып, дәлелдейді. Бұл оқушылардың әдеби шығармаларды оқып отырып бір – бірінен ұқсастық тауып, ерекшеліктерін ескере есте қалдыруына себебін тигізеді.

Сұрақ –жауап арқылы оқу әдісі.
Мәтінді оқып отырып, соған байланысты сұрақ қоя білуге машықтандыру. Ойша өз сұрағына жауап беріп, әрі қарай оқи отырып мәтін мазмұны барысындағы жауап пен оқушының өз жауабын салыстыруға үйрету – оқушының шығарманы саналы түрде қабылдауына жол салады.

«Жадыны жаңғырту» әдісі.
Оқыған шығармаларды есте сақтаудың тағы да бір тиімді түрі – конспектілеу. Мәтін мазмұнындағы негізгі мәліметтерді тірек сызба арқылы жазып алу керек. Арада көп уақыт өткен соң немесе қайталау сабақтарында шығарма мазмұнын тірек сызба арқылы қалпына келтіріп айта білу қажет.

«Шығарманың логикалық моделі»

«РАФТ»
Рөл – Абылай/Қалмақ/Қаламгер
Аудитория - 5-сынып оқушылары/қазақтар/
Форма – әңгіме
Тақырып – Ерлік/Қазақ елі/Батырлық образ

Синквейн
Француз тілінен аударғанда «бес жол», бес жолды өлең
Синквейн құру тәртібі:
Бірінші тармақ – негізгі ойға байланысты зат есім;
Екінші тармақ – негізгі ойға байланысты сын есім;
Үшінші тармақ – негізгі ойға байланысты қимылды білдіретін етістік;
Төртінші тармақ – тақырыпқа байланысты сөз тіркесі;
Бесінші тармақ – бірінші тармақтағы сөзбен мағыналас сөз.
«Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі
Жуан сұрақтар Жіңішке сұрақтар
Толық, пысықталған жан-жақты жауап берілуі тиіс Дәл, қысқа да нұсқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Мысалы:
Түсіндір, не себепті...
Неге солай ойлайсың...
Айырмашылығы неде...
Егер де...
Қалай ойлайсың, егер... Мысалы:
Не?
Қайда?
Қашан?
Келісесің бе?
Дұрыс па?

ІІІ ТАРАУ. «САНАЛЫ ОҚЫРМАН» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Тақырып Қандай дағдыларды қалыптастыру қажет Әдіс – тәсілдер
Ауыз әдебиеті Талдау жасау, таңдау, коммуникативтік, бақылау, топпен жұмыс жасай білу, пікір алмасу, өзіндік бағалау, ақпараттармен алмасу, ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін түсіну, салыстыру, бақылау, дәлелдер айту, өз пікірін ортаға салу, сұрақ қою ...

Сергіту, интервью, миға шабуыл, талдау, құндылықтарды бағалау, ойын, триггерлік суреттер, суреттерде көрсетілген жағдаяттарды шешу, квиз-сұрақ, жобаларды қорғау, шығармашылық жұмыстар, ой толғау, дебат, сынақ сағаттары, кіші ғылыми – зерттеу жобаларын қорғау, «Кейіпкерді таны», «Фильм», «Шығарманы таны», «Алмаздық тоғыздық», 7-10 минуттік эсселер, кейіпкерлерге, қаламгерг хат жазу, рефлексия...
Ежелгі дәуір әдебиеті Негізгі ойды айта білу, сол замандағы тарихи жағдай туралы мәліметтер жинау, көне түркі сөздерін қазақ тілімен салыстыру, суреттерді сөйлете білу ...
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті Тірек сызбалар құрастыру, қаламгерлер шығармаларының ерекшеліктерін ажырата білу, зерттеу жұмыстарын орындау машықтарын дамыту, деңгейлік тапсырмаларды орындау, коммуникативтік, топпен жұмыс жасауға баулу, өз ойын дәл, дәлелдер қолданып айта білу, өзіндік ұстанымы болу, іріктеу, негізгі мәселелерді бөліп алу, шығарма стилін талдау, тезис, конспект, шығарма жұмыстарын орындау жазу ...
ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті Кейіпкерлерге мінездеме беру, шығармаға кешенді талдау жасау, ғылыми, қосымша материалдармен жұмыс жасай білу...
Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті Әдебиет жанрларының ерекшеліктерін ажырату, көлемді шығармаларды түсініп оқуға машықтандыру...
Тәуелсіз қазақ әдебиеті Кітапханадан қажетті әдебиеттерді таба алу, әдебиеттермен саналы жұмыс жасау, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білу, өз ойларын жазбаша, ауызша сауатты жеткізе білу...

ІҮ ТАРАУ. САБАҚ ҮЛГІЛЕРІ

Сабақ тақырыбы: «Шығарманы таны» ойыны.
КІРІСПЕ СӨЗ: - Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан кітап оқуды жастар күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
Серке Қожамқұлов.
Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан дүниеңмен сүй. Ол сенің ең жақын досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейін сенімді серігің де.
М.Шолохов.
Кітапты оқудың үш түрі бар: біріншіден, оқып шыққаныңнан кейін ешнәрсеге түсінбеу;екіншіден, оқып шыққан нәрсені түсіну; үшіншіден, оқып шыққаннан кейін тіпті кітапта жазылған сырды да ұғыну.

Жақсы кітапты алғаш оқығанда жаңа дос тапқандай боласың. Осы кітапты қайталап оқу – ескі досыңды тағы да кездестіргенмен бірдей.

Олай болса, өткенге тағы бір шолу жасап, шығармаларды тағы да бір қайталап, ескі досымызды кездестіргендей күй кешейік.

І тур.
Туған елім, туған жерім
* * * *
Маужырап барқыт қоңыр күз.
* * * *
Білім - өмір шырағы.
* * * *
Өткен өмірден
* * * *
Қыс бейнесі
* * * *

Кестеден тақырып таңдау. Әр тақырыпта 4 сұрақтан. Дұрыс жауап берген оқушыға ұпай беріледі.
«ТУҒАН ЕЛІМ, ТУҒАН ЖЕРІМ»
1. Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шексіз, шетсіз қияға өрлеп кете береді. Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары – осының бәрі-бәрі сенің туған еліңді құрайды. («Мен елімді сүйемін». С. Мәуленов.)
2. Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,
Бауырға басқанбыз баршаның баласын.
Татулық, достықтың киелі бесігі-
Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы. (ҚР Мемлекеттік Әнұраны)
3. ...Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің. («Үш бақытым». М.Мақатаев)
4. Торғын төсегінен тұрды. Тым ерте тұрыпты. Күнде желімше жабысып алатын таң ұйқысы бүгін оңай серпілді. Тысқа шықты. Ауылдың алдында деңкиіп-деңкиіп жатқан қызыл шағылдар қоңырайып көрінеді. («Ауыл таңы». Ә.Кекілбаев)

«МАУЖЫРАП БАРҚЫТ ҚОҢЫР КҮЗ»
1. Біраз жүрген соң, көзіме әп-әдемі тиін көрінді. Үлкен қарағайдың түбіне тұра қалып,тиінді бақылап көрдім. Тиіннің әрі әдеміленіп, әрі өзгере қалғанына қайран қалдым. Түсі жаздыгүнгідей сарғыш қызыл емес, сұрғылтым, ағаш жапырағына ұқсайды. («Күзгі орманның көрінісі». Елемес Салықов)
2. –Қайда әлі! Қара бидайды ору, оны баулау керек. Ол бауларды жақсылап жел қағып, күнге кептірген соң, қырманға апарып, маялау керек... –Сонда нан бола ма? («Егінші мен қасқыр» Литван ертегісі.)
3. Күз дегеніміз, біріншіден, байлық, молшылық: қаптаған астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма, өрік, жүгері. Осының бәрі күзде әбден пісіп жетіледі. Әне, қараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да – бәрі сап-сары. («Күздің кереметі». Әбдібай Табылдиев)
4. Сережаның әкесі наубайшы болып істейді. Ол он жыл бойы үздіксіз нан пісіріп келеді. Таңертең ерте, күн шықпастан тұрып жұмысына барады. («Қатқан нан» В.А.Сухомлинский)

«БІЛІМ - ӨМІР ШЫРАҒЫ»
1. -Әже, мен сізге бүгін бір қисса ала келдім, өзіңе оқып берем. Салмақпен, асықпай, байыпты оқып, әрбір бөлімін орнымен баяндап бергеніне соншалық разы болып, батасын берді. («Шоқан» Сапарғали Бегалин)
2. Мән – жай анықталған соң, балалар көңілденіп, парталарына жайғаса отырды. Көрмегенді көрдім деу – ең жаман әдет,әрі-беріден соң жалақорлық. Жиында басқасынан гөрі осы туралы көбірек сөз болды. («Күмән» Машқар Гумеров)
3. Бір күні мұғалімнің тақтаға жазған сөздерін Мағжанның үлкен ағасы Мүсілім дұрыстап оқи алмай тұрды, сол кезде Мағжан қолын көтеріп, мұғалімнен рұқсат сұрап алды да, тақтаға жазылған сөздерді судыратып оқып берді. («Ауылға келген мұғалім» «М.Жұмабаев шығармалары» кітабынан)
4. Баяғыда бір адам жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. («Жақсылардың жақсысы» Р.Босилек, болгар жазушысы)
Ұпай сандарын есептеу.

«ӨТКЕН ӨМІРДЕН»
1. –Мынау отырған Тайкелтір кішкене тілінің ұшы екі айыр біткен екен. Өнері қара саннан келеді екен. Айыр көмей, темір жақтың барып тұрған өзі екен. Екі жақты, бір тілдіге өмірінде сөз бермес. («Қазақ, қалмақтың тыныштығы болсын. М.-Ж. Көпеев)
2. Ең алдымен бұған ат қоюды ауылдағы жеңгелері бастады. Салт бойынша қайнысына ат беру қажет болғанда, «Нар бала» дегенді ойлап тапқан – солар. Құдай бұған қара күш пен денені о бастан-ақ аямай берген ғой. («Дарабоз» Қабдеш Жұмаділов)
3. Бөгенбай батыр қазақтың қалын қолына 30 жасында қолбасшы болған екен. Бір бас қосуда қазақ ортақ мәмілеге келе алмай, тоқырай бастайды. Бірі жоңғарлармен соғыспайық, бас аманда үдере көшейік десе, екіншісі басқа уәж айтады. («Алмас қылышты ардагер»)
4. Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының тағдырын ойсыратып кетті. Ата мекнімізге 70 мыңға жуық қолмен тұтқиылдан лап қойды. Олардың ойы қазақ халқын қырып салып, жерімізді басып алу еді. («Халық қорғаны» Ел аузынан)

«ҚЫС БЕЙНЕСІ»
1. Үлкен терезеден күңгірт аспанның бір бөлігі ғана көрінеді. Қалың қар жауып тұр. Үлкен қар ұлпалары жерге түсерде қызық: баяу қалқып келеді де, сәл орала беріп, құсша қонады... Шешесінің суық тиіп қалады дейтіні есіне түсті. Ол күндегіше жылы киінді де, далаға шықты. («Қар» С.Шаймерденов)
2. Суық қатайғаннан болса керек, аспаннан түскен қар алғашқыдай емес, жабысқақ үгінді қар емес, жұмырланған ұсақ, қатты, қиыршық болып ұра бастады. («Боран» М.Әуезов)
3. Түн арпалыспен өтті. Малды ғана емес, жанды сақтаудың өзі қиынға соқты. Ағалы-інілі Бақтыбай мен Қайрат шашау шыққан қойларды жүгіріп қайырып, кейіндеп қалғанын ілгеріге жеткізіп, дамыл таппай келеді. («Арпалыс» Зейнолла Шүкіров)
4. ...Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалады.
...Шидеи иен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай, теріс айналды. («Қыс» Абай)
ІІІ тур.
І-ІІ тур жеңімпаздары 2 оқушы ойнайды.
Шығармадан үзінді оқылады. Ойыншылар қанша сөзден шығарманы танитынын айтып саудаласады. Кім аз сөзден танитын болса, сол ойыншыға оқылады. Ал ол ойыншы жауап бере алмаса, ұпай қарсыласына беріледі. Ең аз сөз – 5.

1. Жаз шанасын дайындамаған табиғат перзенті туралы: -Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?... («Шегіртке мен құмырсқа»)
2. Үлкен үйіміз туралы: -Ауыл алды, аунаған шөптің қасы. Сағынғанда тым ыстық көрінеді жаста ойнаған үйшік қып таудың тасы. («Отан» Ө.Тұрманжанов)
3. Өте ұятты іс туралы: -Сабақтан кейін қалыңдар. Анықтаймыз. Ал қазір тынышталыңыздар, сабақ бастаймыз,-деді. («Күмән» Машқар Гумеров)
4. Оның аты бір емес, бірнеше өзгерді: -Білемін. Сен екуміз азан шақырып қойған атымызды ұмытқалы қашан! («Дарабоз! М-Ж. Көпеев)
5. Ең басты ас, ас атасы туралы: -Менің папам ауырып қалды...Сондықтан бүгін қатты нан жейміз...(В.В.Сухомлинский. «Қатқан нан»)
6. Ең жақсы сыйлық туралы: -Балалар, бұл-жол басы даналыққа, Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та. («Тарту» А.Байтұрсынов)
ІҮ тур.
ІІІ тур жеңімпазы 1 оқушымен өткізіледі.
1 минутта 10 шығарманы тану.
1. Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін,
Достым, білгің келе ме?
2. ...Сенің тамағың дәмді екен. Менің де күн сайын тамақ жегім келеді. Сен маған оны табудың жолын үйретші...
3. Өй,сен өзің жігіт екенсің ғой! Батыр деп мына сені айт! Батыр болғанда, нағыз қабанның өзі екенсің!
4. Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге...
5. Мен бұл жырды саған ұғынуға ертерек қой деп жүр едім. Бүгін мына «Боз жігіт» қиссасын оқып бергеннен кейін мұндай үлкен жырды ұғатын болғаныңды біліп отырмын.
6. Алыптың қуаты – халықта,
Халықтың қуаты – бірлікте.
7. Айналайын Қабанбай,
Жау тигенде жарағым,
Алыстан асып жау келсе,
Түрулі тұрған құлағым...
8. Мұздай демі бет қарып,
Аяз аузын ашады.
Құлақтанып қызыл күн
Жасыл ұшқын шашады.
9. Әзірге отар аман. Пана болар ештеңе кездеспейді, арттан келген көмек те жоқ. Бақтыбай әлі бағын, Қайраттың қажығанын көріп, қатты қиналады...
10. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен табылады.

Жеңімпаздарды мараппаттау.
Көрініс «Жақсылардың жақсысы»

Сыныптан тыс оқу.
Сабақ тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Жекпе жек»

Нені біліп шығу керек:
1. Б.Соқпақбаевтің өмірі мен шығармашылығы.
2. Әдеби жанр туралы.
3. Шығарманың мазмұны, идеясы, тәрбиелік мәні,көркемдік ерекшелігі.
4. Бокс өнері туралы.

Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсаты мен барысын түсіндіру.
- Бүгінгі сабағымыз бокс түрінде өтеді. Сыныпты екі топқа бөлу. Қызыл бұрышта – «Мирас» тобы, көк бұрышта – «Бекзаттай ұландар» тобы.
- Біздің атымыз – Мирас,
Тек жеңіске, алға бас!
- Бекзаттай ұландар,
Ел намысын қорғаңдар!

Кіріспе сөз: Париж! Адамзат тарихында бел болып таларлықтай талай маңызды оқиғаларды бастан кешірген кәрі Парижде бұл күнде дүние жүзі спорт сүйер қауымын дүр сілкіндірген оқиға болуда...

Сабақ ұраны: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.

І Р А У Н Д.
СӨЗДІК ЖҰМЫС.
Финал Орта салмақ
Чемпион Жеңіл салмақ
Ауыр салмақ Секундант
Тактикалық жоспар Кәсіпқой бокс
Клинч Ринг
Гонг Жанкүйер
Әуесқой бокс Раунд

Жеңімпаз топқа бокс қолғабы беріледі.

*** Бокс өнері - өте ежелден келе жатқан спорт. Ол Англияда 1865 жылы «Маркиз Куинсберг ережесі» деген атпен дүниеге келген. Алайда бұл атау қате, өйткені бокстың авторы – Джон Грэхем Чемберс, ал Маркиз Куинсберг оны халыққа жария еткен. Бұл ережеде рингтің өлшемі, раунд уақыты, қолғаптың салмағы, нокаут,т.б. ережелердің негізі қаланған. Бұл ережелернегізі қазіргі бокста да кездеседі.

ІІ Р А У Н Д .
«ӘДЕБИЕТ ЛОТОСЫ»
Автор Шығарма аты Кейіпкерлері Оқиға желісі Немен аяқталды Не суреттеледі Қандай тәсіл Қазіргі заманмен салыстыр


Топ оқушылары толтырады, кезекпен оқиды, тексеріп, толықтырылады.
Жеңімпаз топқа бокс қолғабы беріледі.
*** Олимпиадалық ойындарда бұрын бокс кірген жоқ. Тек ІІІ Олимпиадалық ойында Сент-Луис қаласында болған бағдарламаға енді, алайда онда тек америкалық боксшылар өнері тамашаланды.
Тек 1920 жылы Антверпендегі Олимпиадалық ойындар бағдарламасына құқылы түрде енгізілді.

ІІІ Р А У Н Д .
1. «СУРЕТТЕРДІ СӨЙЛЕТ»
Шығарма желісі бойынша салынған суреттер көрсетіледі. Суретте қай оқиға баяндалған?
(Францияның «Спорт жұлдызы», Англия «Боксшы», «Шыныққан Америка» газеттерінің суреттері, қонақ үй, хат ұстаған адам суреті.)

2. СҰРАҚ - ЖАУАП
- Неге дүниежүзінің спорт басылымдары бұл күні Мұрат жайлы дүрліктіріп жазуда? (жастығы, алғырлығы)
- Күш сынасатын 16 саңлақтың ішіндегі кеңестік үш спортшыны ата. (Николаев (Мәскеу), Алиоглы (Баку), Мұрат Батырбаев ( Қазақстан)
- Мұраттың финалдық кездесудегі әріптесі кім? Оның лақап аты. («Қисық мұрынды найзағай» Питер Сандересс)
- Питер Сандерессті кім дайындады? (Бирсон)
- Мұраттың жаттықтырушысы кім? (Николай Трофимович)
- Сандересстің негізгі тактиклық жоспары. (ә дегеннен ұпай жинау)
- Харламов кім?
- Америка журналистінің аты-жөні. Ол Мұратқа не деді? (Хикерсон. «Тірі жүргеніңіз жақсы болар»)
- Мұраттың салмағы қанша? (48)
- Питер Сандересстің салмағы. (51)
- Питер Сандересс нешеде? (19)
Жеңімпаз топқа бокс қолғабы беріледі.

*** Еуропа чемпионаты атағы үшін бокстан өнер көрсету 1924 жылы Парижде өтті.
Еуропа әуесқой боксының ең жоғары наградасы – Баркер Кубогы. Қазақстандық Бақтияр Артаев Афина олимпиадасында жалғыз алтын медальмен қоса, осы Баркер Кубогын алды.
Никифоров – Денисов Кубогы да бокстағы үздік техникасы үшін беріледі.
Сонымен қатар, үздік боксшыға Рассел Кубогы – ең үздік әлем чемпионына беріледі.
ФИНАЛ.
Сабақ тақырыбына қосымша мәліметтер бойынша.

- 2004 жылы Афина олимпиадасындағы жалғыз алтын алған қазақ боксшысы. (Б.Артаев)
- 2000 жылғы Сидней олимпиадасының алтын жүлдегері,марқұм болған қазақ боксшысы. (Б.Саттарханов)
- Украиндық ағайынды боксшылар.( Кличколар)
- Әйгілі боксшы американдық Мұхаммед Әлидің шын есімі. (Кассиус Клей)
- Мұхаммед Әлидің қызы, боксшы. (Лейла Али)
- Қазақстандық Атланта олимпиадасының чемпионы, қазір Америка азаматы. (В.Жиров)
- «Темір Майк» аталған, атақты құлақ шайнағыш боксшы. (Майк Тайсон)
- Бекзат Саттарханов қайда туған? (Түркістанда)
- Ринг көлемі. (шаршы тектес, қабырғалары -6м, биіктігі – 1,30см)
Жеңімпаз топқа бокс қолғабы беріледі.

Қорытынды.
Мен осы шығармадан не білдім?

Жеңімпаздары анықтау.
Бағалау.

Сабақ тақырыбы: М.Мағауин «Бір атаның балалары» (повестен үзінді)
Сабақ түрі, әдісі: проблемалық оқыту, баяндау, талдау
Сабақ мақсаты:
а) білімділік мақсаты: шығарманың мазмұнын меңгеру, кейіпкерлерінің іс - әрекеттерін жан – жақты талдау;
ә) дамытушылық мақсаты: прозалық шығарманы кешенді талдау дағдыларын дамыту;
б) тәрбиелік мақсаты: «Бауырластық деген не?» сұрағына жауап іздеу. Оқушыларды бауырластыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: прозалық шығармаларды талдау үлгісінің кестесі, реңдік суреттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын баяндау.
- Сабақ барысында мына ережелерді еске сақта:

• Тыңдай білу деген – сөйлеушіге қарау, оның сөзін бөлмеу.
• Кезекпен сөйле.
• Тақырыптан ауытқыма.
• Өз ойыңмен бөліс.
• Біреудің жауабы дұрыс болмаса, кекетіп, мұқатпа.
• Өзгелердің де көзқарасымен санас.
• Ойыңа келген сұраққа жауап алуға тырыс.
Ал, ережені еске түсірдік, енді сабағымызды бастайық.
Бізге «Өмірбаяншы» М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша баяндап берсін.

«Өмірбаяншы»: М.Мағауин 1940 жылы туған
Әдебиетіміздің ең көрнекті қайраткері.
Оның «Тазының өлімі», «Жыланды жаз», «Бір атаның балалары», «Көк мұнар», «Аласапыран», «Шахан – шері» деген шығармалары бар...

-Рахмет, бүгінгі мақсатымыз прозалық шығармаларға кешенді талдау жасау. М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасын негізге алдық. Енді осы шығарманың мазмұнын «Кино» тәсілі бойынша, көрініс арқылы мазмұндайық. Оның себебі не?
Хормен: Естігенді – ұмытамын.
Көргенді – есте сақтаймын.
Істегенді – ұғамын.
Көрініс арқылы мазмұндалады.

-Жақсы, орындарыңа отырыңдар. М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасы – прозалық шығарма. Қазір бізге «Әдебиетші» прозалық шығарма құрылысы туралы айтып береді.

Кесте:

Проза

Шағын көлемді прозалық шығарма

Орта көлемді прозалық шығарма Кең көлемді прозалық шығарма


- миф
- ертегі
- аңыз
- әңгіме
- новелла
- очерк
- эссе
- фельетон - повесть - роман
- роман - эпопея

- М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасы прозалық шығарманың повесть түріне жату себебі неде?.
Оқушылар жауабы.

Композициялық құрылымы

Шығарманың басталуы
Байланыс
Шарықтау шегі
Шешімі

Оқушылар дәптерлеріне шығарман композициялық жоспарын жазады.

ПІШІН МАЗМҰН
(шындық өмірді суреттеу) (шығармадағы кейіпкерлер өмірін суреттеу)

ҰОС қазақ ауылына Кейіпкерлерін атаңдар.
жетім балаларды алып келу

Оқушылар жауабы.
ОБРАЗ

Романтикалық
Реалистік

- Юморлық
- сатиралық
- драмалық
- батырлық
- ...

Тартыс
(кейіпкерлер арасындағы қарым – қатынас) Дәлел
(кейіпкер үшін – психологиялық дәлел, оқиға үшін – логикалық дәлел)

МІНЕЗДЕУ

Кейіпкерлерге тартыс пен дәлелдерді келтіре отырып мінездеме беру.

«Тарихшы» сол заман шындығы туралы айтады. Оған себеп – кейіпкерлер іс - әрекеті.
Тақырыбы Идеясы Оқушының қабылдауы
Оқушылардың жауабы

Қорытынды: -Балалар, сендер кейіпкер мінездерін аштыңдар. Естеріңде болса, сурет сабағында сендер бояулар түстері туралы өттіңдер. Бояулар – жылы, суық, бейтарап түстерге бөлінеді. Жылы түстер мейірім, суық түстер – қаталдық, бейтарап түстер – бейтарап сезімді береді. Ал егер сен суретші болсаң, кейіпкерлерді қай түстердің аясына қояр едің?
Оқушылар кейіпкерлер аттары жазылған жабысқақ қағазды тақтадағы реңдік суреттер тұстарына іледі.

-Енді, балалар, тақтада ілінген сөздерді оқиық.

Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі.
М.Әуезов

Арамдыққа құл болма, адал болсаң,
Әлсіздерді қинама, адам болсаң.
Нәсір Хосрау
Біздің ел – көп ұлтты ел. Кез – келген отандасың – қай халықтың баласы болса да, ол - сенің досың.

Осы ойлардың шығармаға байланысты мағынасын аша біл.

Біз нені үйрендік?
Үйге тапсырма: Шығарма туралы өз ойларын жазып келу.
Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Қуандық Шаңғытбаев (1925 - 2001) Сабалақ
Сабақтың мақсаты:
- білімділік: «Сабалақ» өлеңінің деректілік негізі, ақын тілі, ұлтжандылық мәні зор екендігіне көз жеткізу, ақындық рухы биіктігін таныту.
- дамытушылық: Оқушының мәтінді мәнерлеп оқу, талдау жүргізе білуге, өз ойын ақын тілімен де, әдеби тілімен де жеткізе білуге жағдай туғызу
- тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжанды болуға, Отанын сүйе білуге, елінің ертеңгі болашақ жастар екеніне сенімін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, талдау, әңгіме, СТО, шығармашылық, ішінара ізденіс.
Көрнекілігі: Ақын портреті, Қазақ хандығының кестесі, Абылай хан туралы слайд
Пәнаралық байланыс: тарих ( Аңырақай шайқасы) тіл білімі (лексика)
Пайдаланған әдебиеттер: Қойшығара Салғары «Хандар кестесі» Абылай хан
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушылардың сабаққа қатысы, дайындығына, сынып тазалығына көңіл бөлу)
ІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, барысын айту.
Қ. Шаңғытбаев « Сабалақ» өлеңі.
«Ой шақыру» Шығарма не туралы болады деп ойлайсыңдар? (оқушылар өз болжамдарын айтады)
Сөздік жұмыс:
Аңырақай
Әбілмәмбет
Қалмақ
Ойрат
Абылай
Сабалақ
«Ой шақыру» Шығарма не туралы болады деп ойлайсыңдар? (оқушылар өз болжамдарын айтады)
«Сабалақ» өлеңі мәнерлеп оқылады.
2 - 3 оқушы мәнерлеп оқиды. (Мәтінмен толық танысқан соң, мәтін талдау жұмысы жүргізіледі.)
Мәтінді талдау:
1. Өлең мазмұнын қандай ой бөліктеріне бөлуге болады?
1. Аңырақайдағы айқас
2. Әбілмәмбет хан.
3. Тосқауылдан жауға тиген қазақ жауынгері
4. Майдан даласы (жеңіс)
5. Сабалақ
6. Ақын арманы немесе түйіні.
2. Мәтінді талдау жұмысы.
Ақын Аңырақайдағы соғысты қалай суреттейді? Тілін тарихпен салыстырып көрейік.
3. Сиреп қалған серіктерін көргенде Әбілмәмбет қандай күйге түсті?
«Сиреп қалған серіктерден сескеніп,
Әбілмәмбет бас бармағын шайнайды»
4. Әбілмәмбеттің шешімі?
«Ата нәкес, жықты ма жау туымды»,
Деп ызаға Әбілмәмбет буынды.
«Ала кетем жастығымды мен де» деп,
Қынабынан алдаспанын суырды.
5. Жауға бүйірден тиген қазақ жауынгерлерін ақын қандай сөздермен бейнелеп көрсетеді?
6. Мәтіннен Сабалақ бейнесін тауып оқы.
«Қыран қанат қас қабағы түйілген,
Жеңіл ғана шидем шапан киінген,
Келе жатыр қол басын бір жігіт
Қаршығадай тас қолданып шүйілген».
7. Сабалақ қандай тұлға? Сабалақ
8. Әбілмәмбет кімге көңілі толды? Не үшін?

3.Триггерлік суреттермен жұмыс.
4. Өлеңге талдау
№1 Өлең жолдарында кездесетін «Ер қаруы – бес қару» атауларын теріп жаз.
Бес қару - қазақтың дәстүрлі жауынгерлік қаруларының толық кешені. Байырғы ортада «Ер қаруы – бес қаруға» өзіндік жұмсау тәсілімен ерекшеленетін ату қаруын (садақ, оқ), түйреу қаруын (найза, сүңгі), кесу қаруын (қылыш семсер, сапы), соғу қаруын (шоқпар, гүрзі), шабу қаруын (балта, айбалта, шақан) жатқызады. Қарулардың бұл бес тобы көшпенді қоғамда біздің заманымыздың I мыңжылдықта пайда болған. Дәстүрлі ортада XIX ғасырға дейін қолданылып келді.
АЛДАСПАН – Жекпе – жек шайқаста сілтесетін семсер.
№2. Өлең жолдарында кездесетін көркемдік өрнектерді ( сөздерді) теріп жаз.

5. Оймақтай ой
Батырды жауда, шешенді дауда сына.
Еліңді сүйсең ерлік істейсің.

Туған ұлдан не пайда - қолына найза алмаса, атаның жолын қумаса.
Махамбет Өтемісұлы
Бөрідей батыл ердің дұшпаны қойдай қырылар.
Күлтегін

6. Топтастыру Абылай кім? Абылай - ел мақтанышы
2) Ақын арманы қандай?
Белгілі ғой айтпасам да аржағын
Сол Сабалақ – Абылай ата тарланың,
Абылай тағы туа ма деп қазақтан,
Тосып келем, сол ендігі – арманым – дейді.
( Оқушылар өз ойларын айтады).
7.РАФТ
Қорыта келгенде, ақын өз шығармасында Абылай атын алғаш танытқан Аңырақай соғысының көрінісін ерекше сипаттап береді. Өлеңінің тарихи негізі зор.
Үйге тапсырма: Абылай хан туралы деректер жинау

Мазмұны

Кіріспе................................................................... ....................................1
І ТАРАУ Кітап оқудың пайдасы туралы ұлы тұлғалар ойлары................................................................................................................2
«Саналы оқырман» әдістемелік бағдарламасының міндеттері.................... 3
Саналы оқырман қалыптастыру қағидалары.................................................4
Саналы оқырман болудың алғышарттары.....................................................5
«Саналы оқырман» әдістемелік бағдарламасымен
жұмыс жасайтын мұғалімдерге қажетті білік дағдылары............................................................................................5-6
Нәтижелі жұмыс жасау қағидалары..............................................................6
Үйренушіге көмек түрлері.........................................................................7-8
ІІ ТАРАУ Қолданылатын әдіс – тәсілдер......................................................9
Саналы оқырман қалыптастыру сабақтарындағы интерактивтік әдіс – тәсілдер ...................................................................................... ................10-13
Кітапханалық сабақтар жүргізу арқылы
саналы оқырман қалыптастыру...................................................................14
ІІІ ТАРАУ «Саналы оқырман» бағдарламасы
бойынша сабақ жоспары..............................................................................15
ІҮ ТАРАУ Сабақ үлгілері.........................................................................16-31
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: шахарова
Просмотров: 4485 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 11:07 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru