Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Менің отбасымнан алған тәрбием
[ Скачать с сервера (28.9 Kb) ] 2014-02-01, 11:46 PM
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Сәбит Мұқанов атындағы Тимирязев жалпы білім беретін мектеп-гимназия
Қазақ тілі мұғалімі - Төлебаева Гүлшат Атығайқызы
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасымнан алған тәрбием.
Себеп салдар салалас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға отбасы туралы түсінігін қалыптастыру, отбасы мүшелерінің аттарын дұрыс әрі анық атауға үйрету, әр отбасының өзіндік ерекшелігі болатыны туралы ұғымдарын кеңейту, және отбасы мүшелерінің міндеттері мен өзара қарым қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы түсіндіру.
Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөйлеу дағдыларын, шеберліктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Ой - өрістерін, танымдық, шығармашылық, қабілеттерін, мәдени ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін, топта жұмыс жасау қабілеттерін, шеберліктерін, пәнге деген қызығушылығын, дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды сауаттылыққа, үлкендерді сыйлауға, жинақылыққа бірін - бірі тыңдауға, қадірлеуге, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа, жан - жақтылық қасиеттерін шыңдау арқылы тәрбиелеу.
Көрнекілік: слайд, суреттер, мақал-мәтел,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтпстыру, тірек-сызба,
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін,
Баршаңызға
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
— Балалар бүгін біз де күндей жадырап, бір-бірімізге шын жүрегімізден сабағымызды бастамас бұрын жақсы тілектер айтайық. Мен сіздерге жадыраған күндей жақсы көңіл тілеймін,ал сендер ше, бір-біріңе не тілейсіңдер?
І. Мотивациялық кезең.
— Жұмбақ жасыру:
Маған да, саған да,
Жақынтуыс бес адам.
Үш әріптентұратын.
Оңға оқы, солға оқы
Өзгермейдіешодан.
Бәрі-де өз жұртың
Айтады, қанекіматын? (ана, апа, аға, іні, ата)

- Осылардың бәрін бір сөзбен отбасы дейміз.
Сабақтың мақсат - міндетімен түсіндіру.
- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
«Менің отбасымнан алған тәрбием», олай болса бүгінгі сабағымызға белсене аралауға шақырамыз.
2. Үй жұмысын тексеру.3-тапсырма. "Айрандай ұйыған" тақырыбына шағын шығарма. 1-2 оқушы оқиды.
3.Ой толғау.
«Өзіңнің отбасың туралы айтып бер»
Оқушылардың ойын талдау.
4.«Білгенге маржан, білмегенге арзан»
— Отбасы туралы мақал-мәтел айту.
5.Жаңа сөздермен танысу.
тікелей- прямой
үрім-бұтағы - поколение
қамқорлық - забота
міндетті - обязаны
құқықтық - правовой
6.Мәтінді түсініп оқы, мәтінге сұрақтар құрастырыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.

Отбасы әр адамның шағын отаны. Отбасында өсіп - өніп тәрбие алады. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата - ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата – әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім- бұтақтары ата аналарын қартайғанда,қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заң түрінде бекітілген.Ата-аналар балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса,балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.

7.Сергіту сәті.
Кел, санайық екеуміз.
Бас бармағым – атам.
Балаңүйрек - апам.
Ортантерек – ағам.
Шылдыршүмек – мен.
Кішкенебөбек - сен.
Бірүйдебізнешеуміз?
Бірүйдебесеуміз

8.Қосымша мәлімет. Есіңде болсын!
а) 2006 жыл – ҚазақстанРеспубликасындаОтбасыжылыболыпжарияланды.
ә) 2013 жылы 8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күнi аталып өтті.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл күн осы жылдан бастап қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Ел Президентi мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отыр.
9. "Отбасындағы тәрбие","Менің отбасымнан алған тәрбием."жайлы диалог құрастыру.
10.Себеп салдар салалас құрмалас сөйлемді қайталау.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас сөйлем дейміз.
Жалғаулықтары: сондықтан, себебі, өйткені, неге десең;
Тапсырма. Сызба негізінде "Отбасындағы тәрбие" тақырыбына сөйлемдер құрастырыңдар.
1. [ ― ꞊꞊꞊꞊], сондықтан [ ― ꞊꞊꞊꞊].
2.[ ― ꞊꞊꞊꞊],себебі [ ― ꞊꞊꞊꞊].
3.[ ― ꞊꞊꞊꞊],өйткені [ ― ꞊꞊꞊꞊].
4.[ ― ꞊꞊꞊꞊],неге десең [ ― ꞊꞊꞊꞊].

Берілген бір тақырыпты таңдап алып, осы тақырыпқа шағын эссе жазамыз.
1)Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
2)«Үйінде бақытты адам- ең бақытты адам» деп Лев Толстой айтқандай.
3)"Ата-бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі".А.С.Пушкин

Қорытындылау.
- Саған отбасында қандай тәрбие береді?
- Отбасында бала тәрбиесімен кім айналысады, кім айналысу керек?
- Қазақ отбасында әке мен шешенің орны қандай?
- Отбасындағы тәрбие жайлы біз қандай мақал-мәтелдер білеміз?
Үй жұмысы: "Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер" мақалының мағынасын ашып, шағын шығарма жазу
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 7153721229g
Просмотров: 4392 | Загрузок: 195 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 0:28 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru