Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Өнерлі ұлы адамдар
[ Скачать с сервера (17.4 Kb) ] 2014-02-03, 9:07 AM
Ақмола облысы. Ақкөл қаласы.
П.Исаков атындағы № Ақкөл орта мектебі

Бейсенова Айша Жүнісқызы
Санаты: жоғары.

1Сабақтың тақырыбы: «Өнерлі ұлы адамдары»
Эпиграф: «Туғанда дүние есігін ашады өлең» (Абай)

I. Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Өтілген материалды оқушылардың алған, игерген білімдерінің деңгейін анықтау, қорытындылап бір жүйеге түсіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, тексеру, бекіту, шығармашылық ойын дамыту, өз пікірін айта білуін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Ауызша, жазбаша ойлаумен сөйлесу қасиеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: Оқушылардың туған жеріне, тіліне, татулығына, салт-дәстүріне
сүйіспеншілігін тәрбиелеу. Оқушылардың белсенділігін, қазақ тіліне қызығушылықтарын, ықыластарын арттыру, тәрбиелеу.

Сабақтың эпиграфы: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді әрі ата-баба алдындағы ұлы парымыз»
Н. Ә. Назарбаев
«Мемлекеттік тілді білу - өмір талабы» (қанатты сөз)

(ҚР Әнұраны орындалады)
II. Сабақтың түрі: Сайыс-ойын сабағы.
III. Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, ауыз-екі сөйлеу, диалог(сұхбат) сұрақ-жауап арқылы құру, жеке, бірігіп сөйлесу, топпен, мәтіннің мазмұнын әңгімелеп беру, өнер туралы мақал-мәтелдер, жазу сауаттылығын байқау.
IV. Сабақтың көрнекілігі: Тақтада слайдттар көрсетіледі (әнші-күші, сазгерлердің портреттері мен суреттері), білім, тіл туралы қанатты сөздер туралы слайдттар, грамматикаға байланысты тірек-сызбалар, кестелер, ойынға керекті үлестірмелі карточкалар, эмблема-бейджиктер.
V. Сабақтың барысы: ҚР Әнұраны орындалады.
Жүргізуші (Мұғалімнің сөзі): Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және сайыс-ойын сабағымыздағы қатысушылар! Бүгін «Өнерлі ұлы адамдары» атты сайыс-ойын сабағымызда екі топ командылары қатысып отыр.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, сабақтың мақсаты қазақ тілі және әдебиет пәнінен білімдерін тексеру. Осы сабақта біз өтілген материалды қайталаймыз және бекітеміз. Біздің мақсатымыз: осы тақырып арқылы тілдік, танымдық біліктерімізді дамыту.
Осы мақсатпен сайыс-ойын сабағымызда ең күшті, батылды жеңеді. Бастайық. Ойының шарты: ойын тұрады. Әр турға ұпай беріледі (ең жоғары ұпай 5 ұпай).

1 тур. Өзін-өзі таныстыру (топтың аты, ұраны, эмблемасы).
1-ші топ. «Қырандар».- Дина Нұрпейісова және Әміре Қашаубаев.
2-ші топ. «Жастар». – Нұрғиса Тілендиев және Шәмші Қалдаяқов.

2 тур. Үй жұмысын тексеру.
Ұйымдастыру кезеңі. Кезекшімен өзара әңгімелесу.
А) Ережені жатқа сұрау. Мысалдармен дәлелдеу.
Ә) Белгілі адамдардың өнер туралы, күй туралы айтқан сөздерін жазып, жатқа оқып келу.
Б) Сөзжұмбақтарды, ребустарды шешу.(әр команда бір-біріне бір сөзжұмбақтан, ребустан ұсынып, шешуге береді.)

3 тур. Мәтіндер. (мәтіннің мазмұнын әрбір командадан бір-біріне қатысушылар әңгімелеп береді.) Сұхбат.

4 тур. Грамматикалық тапсырмалар:
А) Кеспе қағаздармен жұмыс (үлестірмелі материал). 4 оқушы тақтада, қалғандары орындарында және тақтада да жай сөйлемдерге синтаксистік талдау, фонетикалық талдау, септелу, жіктелу, тәуелдену талдауларын жасайды.
Ә) Сөздік жұмыс. Аудармасы. Кез келген сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді құрастыру. Сөздермен таныстыру: Өнерлі, өнегелі, өнерпаз, өнерпаздық, өнертапқыш, өнержай, оқымысты, сықақ, өнеге, шешен, шешендік, шебер, шеберлік, дарынды, бейне, қойылым, сазгер, атақты, саз, күй, күйші, саз аспаптары, көрме, қаһарман,
Б) Тесттермен жұмыс (10 сұрақ)

5 тур. Капитандар сайысы. Бәйге.Тіл өнері. Тапқырлық.
А) Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру.(10 сұрақ)
Ә) Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру. (10 сұрақ)

6 тур. Әнші-бұлбұлдар. Топ сайысы. Екі топ оқушылары ән шырқайды. 1-ші топ – «Қырандар»- «Ана туралы жыр» әні Ш.Қалдаяқовтікі. 2-ші топ – «Жастар» - «Құстар қайтып барады» әні Н. Тілендиевтікі.


YII Сабақтың қорытындысы. Қорытынды.Бекіту.
А) Балалардың ой пікірлерін тыңдау (1, 2 топ).
Ә) Мұғалімнің сөзі.
Б) Үй жұмысы. Шығарма жазу. Төл сөзге 5сөйлем жазып, оларды төлеу сөзге айналдыру.
В) Бағалау
Мұғалімнің сөзі. Қорытынды сөзді қазылар алқасына береміз. Жеңімпаз оқушылар командылар бойынша орындарын анықтап құттықтаймыз. Бәріне көп рахмет! Сау болыңыздар!


Сайысқа қатысушылар тобы

I топ «Қырандар»
Ұраны: «Біз ақылды қырандар.
Табамыз күшті мақалдар.
Бізге жетер кім бар еді?!»

1. Асаубаева Альбина
2. Бобров Владимир
3. Зенин Александр
4. Құлмағамбетов Арман (капитан)
5. Литвинов Денис
6. Мельникова Альбина

II топ «Жастар»
Ұраны: «Супер пупер мега «Жастар»
Бәрін ұтар үлкен балалар»

1. Прокопьева Зарина

2. Решетникова Карина

3. Төлегенова Әсемгүл
4. Чеверикин Дмитрий
5. Чечель Юлия
6. Чистабаева Жамила
7. Шишкин Александр (капитан)


Капитандар сайысы

1 тапсырма. «Бәйге» бөлімінде капитандар қойылған сұрақтарға тез және нақты жауап беруі керек. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік тіл мәртебесін қай жылы алды? (1989ж.)
2. ҚР тілдер мерекесі қашан? (22 қыркүйек)
3. Абай білім алған медресе? (Ахмет-Риза)
4. «Қыз Жібек» ауыз әдебиетінің қай түріне жатады? (лиро-эпостық жыр)
5. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде 5 асыл іс? (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
6. Салт айтысының түрлері қандай? (қыз бен жігіт, ақындар айтысы)
7. «Менің атым Қожа» повесін кім жазған? (Бердібек Соқпақбаев)
8. «Әсемқоңыр», «Бұлбұл» күйлерінің авторы кім? (Дина Нұрпейісова)
9. Үйлену, бесікке салу, шілдеханаға нелер жатады? (дәстүрлер)
10. Қазақ тілі қай тобына жатады? (түркі тобына)

2 тапсырма. «Жорға» бөлімінде капитандар қойылған сұрақтарға тез және нақты жауап беруі керек. Дұрыс жауапқа 5ұпай.

1. «Полиглот» деген қандай адамды атайды? (көп тіл білетін адамды)
2. «Ақылды» сөзінің түбірі? (ақыл)
3. Абайдың туған жылы? (1845ж.)
4. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
5. Сөлем мүшелері қандай топқа бөлінеді? (тұрлаулы, тұрлаусыз)
6. Абайдың әжесі? (Зере)
7. Киіз үй неше түрге бөлінеді? (4 түрге)
8. Шешен билерді атаңдар? (Әйтеке, Қазыбек, Төле билер)
9. «Махабаттың қос шынары» кімдер? (Қозы мен Баян)
10. Абайдың қанша қара сөзі бар? (45)


«Туғанда дүние есігін ашады өлең» (Абай)

Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге.
Кетігін тап та, бар, қалан. (Абай)

-Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас.
Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.
(Қорқыт ата)

Өнегелі болса – бала көрікті. (Қорқыт ата)

Жігіт қадірі өнерімен өлшенер. (қанатты сөз)
Достоинство джигита измеряет искусство.

Өнер – ердің қанаты,
Өнерліге өлім жоқ. (Мақал)

Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық.(Мақал)
Песня лета жизни прибавляет.

-Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек. (Жұмбақ)


Оқшау сөздер

Сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін, тек айтылатын ойға қатысы бар сөз тобы оқшау сөздер деп аталады.

Оқшау сөздер:

1.Одағай 2.Қыстырма сөз 3.Қаратпа сөз



Одағай
Айтушының көңіл күйін, әр түрлі сезімін, эмоциясын білдіретін оқшау сөздер одағай деп аталады.

Одағай

Көңіл күй Шақыру Жекіру Таңдану
Қап, әттеген-ай Моһ-моһ, кә-кә Тәйт, кәне Ах, алақай, апырай

Қыстырма сөз

Қыстырма сөз – сөйлемдегі ойға айтушының көзқарасын білдіретін оқшау сөздің бір түрі. Қыстырма сөз сөйлемдегі басқа сөздермен байланыспай, сөйлем мүшесі, оқшау тұрады, ерекше интонациямен айтылады.

Ой тәртібін білдіреді Қуаныш, аяушылық, өкінішті білдіреді Растау, теріске шығару мағынасын білдіреді Ойдың кімнен шыққанын білдіреді Күмәнді ойды білдіреді
Біріншіден, екіншіден, алдымен, ақырында, қорыта айтқанда, Бақытына қарай, амал қанша, өкінішке орай, кешіріңіз Сөз жоқ, әлбетте,
Шынында, рас, бәсе Меніңше, оның пікірінше, оның айтуынша, сіздіңше Сірә, мүмкін, бәлкім, кім біледі

Төл сөз

Біреудің сөзінің бұлжытпай, өзгеріссіз берілуі төл сөз деп аталады.

Төл сөзді сөйлемдердің құрылымы және олардың тыныс белгілері
А: «Т»,-А.

Мұғалім барлық дәптерлерді тексеріп болғаннан кейін: «Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар»,-деді.

А: «Т».

Мұғалім былай деді: «Әміре Қашаубаев – қазақ халқының талантты перзенті».

«Т», - А.

«Келешек - өткен тарихты қорғау», - дейді Олжас Сүлейменов.

Төлеу сөз

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана берсе, ол төлеу сөз деп аталады.

Мысалдар:

ТӨЛ СӨЗ ТӨЛЕУ СӨЗ
Мұғалім барлық дәптерлерді тексеріп болғаннан кейін: «Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар», - деді. Мұғалім барлық дәптерлерді тексеріп болғаннан кейін балалар бақылау жұмысын жақсы орындағандары туралы айтты.

1. Тапсырма. Берілген сөз, сөз тіркестерімен сөйлем құрастыр. Толық синтаксистік талдау жаса.

Ол қазақ, сахнасында, қатысты, қойылымдарға, қойылған.

2. Тапсырма. Берілген сөйлемге толық синтаксистік талдау жаса.

Дина апамыз Құрманғазы күйшіге берген антын орындады.

3. Тапсырма. Мына сөйлемге толық синтаксистік талдау жаса.

Әміре қазақ сахнасында қойылған спектакльдерге қатысты.

4. Тапсырма. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса.

Қолына кішкене домбыра ұстаған қыз бала қарияның жанына келіп отырды.

5. Тапсырма. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса.

Қазақ халқының ән байлығын шетелге алғаш таныстырған Әміре еді.

6. Тапсырма. Мына сөйлемге толық синтаксистік талдау жаса.

Мұқан өшпес мұра «Біржан - Сара» операсын жазып қалдырды.

7. Тапсырма. Берілген сөз, сөз тіркестерімен сөйлем құрастыр. Толық синтаксистік талдау жаса.

Қазіргі кезде, атында, Әміре, әншілер, өткізіледі, байқау, арасында.

8. Тапсырма. Берілген сөз, сөз тіркестерімен сөйлем құрастыр. Толық синтаксистік талдау жаса.

«Жалғыз арша», «Ардақ», «Үш дос», ол, қазақтың, тағы, шығарды, басқа, әндерін.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Lena_25
Просмотров: 3033 | Загрузок: 76 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-18, 1:26 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru