Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

БАЯНДАМА «Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда жеке тұлғаның танымдық қызметін дамыту жолдары »
[ Скачать с сервера (49.5 Kb) ] 2014-02-05, 4:14 PM
Астрахан орта мектебі
БАЯНДАМА
«Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда жеке тұлғаның танымдық қызметін дамыту жолдары »

Астрахан орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиет пәні
мұғалімі Қамырова Айым Біржанқызы

Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесінде, оқу процесінде өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің, нарықты экономика кезеңінің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін керек ететіні белгілі.
Қазіргі таңда біздердің, қазақ тілі мұғалімдерінің, мойындарында ауыр жүк жатыр-өскелең ұрпақты жоғарыдағыдай талаптарға сәйкестендіру. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтары балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқыту үрдісі оқушының танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекеттерін дамытуына жол ашуы қажет.
«Танымдық қызығушылық» жөніндегі ой-пікірлер қазіргі кездегі педагогикалық теориялар мен тәжірибелердің ашқан жаңалығы емес. Оның негізі философиялық және педагогикалық ілімдерінде жатыр.
Мен өз жұмысымда Сократ, Платон, Әл-Фараби еңбектерінен бастау алып, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, Л.В. Занков, Л.И. Божович т.б. психолог-ғалымдардың еңбектерін басшылыққа алдым. Соның негізінде, танымдық қызығушылықты арттыру мақсатында сабақтарды жаңа технологиямен ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Оқытушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі, танымдық іс-әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлай білуі, ізденімпаздығын арттыру қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Оқытушы қызметінің мәні жас буынның санаткерлік, адамгершілік және дене күштері мен қабілеттерінің үйлесімді дамуының талаптарымен анықталатын білім мазмұны шеңберіндегі шәкірттің оқу-танымдық іс-әрекетін басқару болып табылады. Оқытушының басқару іс-әрекеті өзінің және оқушының іс-әрекеттерін жоспарлаудан, осы іс-әрекеттерді ұйымдастырудан, оқыту сапасын талдаудан, оқушының жеке тұлғалық дамуын болжаудан т.б. тұрады. Оқытушы өз қызметін шебер ұйымдастыра отырып, оқушының да танымдық іс-әрекеттерін өз бетімен жоспарлап, оны оңтайлы ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін үйретеді.
Мен өз мектебінде 4 жыл істеймін. Менің бірінші сабақтарымнан, оқушыларды бақылауымнан кейбір оқушыларға қазақ тілін үйрену қиын да қызықсыз екенін аңғардым: пәнге деген қызығушылық жоқ екені жиі кешігуден, сабаққа дайын болмағаннан, үй жұмысын орындамағаннан, сабақта белсенділік танытпағандарынан байқалды. Тілге деген қызығушылықтарын, сабақтың тиімділігін дамыту керек болды.
Ал оқытылған материалға деген танымдық қызығушылықты арттыру үшін тақырыпты оқытудағы әдіс-тәсілдердің, инновациялық технологиялардың орны ерекше.

Сондықтан мен әрбір сабақтың мақсатын қоюдан бастап тақырыпты түсіндірудің әдіс-тәсілдерін жақсылап ойластырамын. Сабақты балаларға соғұрлым қызықты етіп беруге тырысамын. Мәселен, тақырыпты қайтала не бекіту мақсатында «Кірпіш» ойынын пайдаланам. Осы ойында отырған балалар қатысушы 3-4 оқушыға кезек-кезек сұрақтар қояды, ал қатысушылар сол сұрақтарға соғұрлым тез жауап береді де бір кірпіштің өлемінен алға жылжиды. Мәреге бірінші келген оқушы жеңімпаз атанады. Бұл ойынның жағымды жақтары өте көп: оқушылардың барлығы қатысады, ауызекі сөйлеу тілі, ойлау қабілеттері дамиды, білім негіздерін жаңғартады, танымдық қызығушылықтары артады (ойнау).
Сондай-ақ тіл дамыту уақытында әртүрлі әліпбилік жұмбақтар жасыру өте тиімді. Оқушыларды төл дыбыстарды дұрыс айтуға, төл дыбыстары бар сөздерді есте сақтап дұрыс жазуға дағдыландырады.
Мен өзімнің 4 жылдық тәжірибемде оқушыларымның танымдық деңгейлерін арттыру мақсатында әртүрлі жаңа технологиялардың элементтерін қолдану арқылы көп болмаса да, бірақ жетістіктерге жеттім. Қазіргі уақытта мұғалім жұмысы МАБ, ҰБТ, олимпиадалармен бағаланады. МАБ-тан өткен жоқпын, ал ҰБТ-дан оқушыларым 2008-2009 жылы аудан бойынша ІІІ орын иеленсе, Шалабаева Динара атты оқушым сол жылы аудандық олимпиададан І орын иеленді, 2010-2011 жылы 8-сынып оқушысы Кадырова Аделина аудандық олимпиадада І орынға иеленді. Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі деп осыны айт. Осыған орай менің пән бойынша мәселем де: «Қазақ тілін оқыту барысында инновациялық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық деңгейін дамыту» деп аталады.
Оқушының танымдық деңгейін дамытудың үш факторы бар, бұл- мектеп, қоғам, отбасы. Баланың оқушы кезіндегі танымының дамуына, біздің, мектеп өкілдерінің қызметі орасан зор. Сондықтан сабақ бергенде түбінде оқушыларымыз терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға болып даму үшін оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуда мен өз тәжірибемнен жаңашыл мұғалімдерге мынандай негізгі ұстанымдарды атағым келеді:

Сонымен, мұғалім білімді болса, білімге оқытқан уақытта тиімді әдіс-тәсілдерді қолданылса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, қазіргі заманға бәсекеге қабілетті білім беретін жаңа мектепке керегі-білімді, жан-жақты, басқаға үлгі болатын жаңашыл ұстаз. Міне, Елбасымыздың «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген мақсатты жүзеге асыру үшін ауылға маман болып келген мен өзімді жаңашыл ұстаз деп есептеймін.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Айым
Просмотров: 4862 | Загрузок: 210 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 11:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru