Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2014-04-02, 7:24 PM
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Досбергенов Дулат, 6 «ә» сынып оқушысы
Жетекшісі: Мухсинова А.М.

Жазғы демалысымда отбысыммен ауылға бардым. Ауылда алғашқыда өте көңілсіз болды. Ауылда жүріп қаладағы достарымды аңсадым. Сыныптастарыммен бірге жүріп доп қуғанымды, интернет кафедегі компьютерлік ойындарды, тіпті мектептің алдындағы тұрбалардың үстінде отырып алып әңгімелескенімізді еске алып, қалаға тезірек қайтқым да келді. Мен біраз күндер өткеннен кейін көрші маңайдағы балалармен таныстым. Олар маған өздерінің ойын түрлерін үйретті. Сонда менің таңқалғаным соншалық осындай ойындардың бар екендігіне сене де алмадым. Өте керемет болды. Ойын өте күрделі болғанымен, өзіңді бірден баурап алады. Тіпті үйге кіргім де келмей қалады. Мен телевизорды да, телефонды да, компьютерді де ұмыттым. Балалардан «бұл қандай ойын?»-деп сұрадым. Бұл қазақтың ұлттық ойындары екен. Ауылды жерде қазақтың ұлттық ойындарының ұмытылмағандығына қуанып қалдым. Мен қалаға барғанда осы ойынды өзімнің достарыма үйреткім келетіндігін ойлап та қойдым. Қалаға қайтқаннан кейін, халық ойындарын қалалық жерде жаңғырту керек деп таптым. Бұл ойын тек қана көңіл көтеру емес, балаларды тәрбиелеуде де маңызы зор. Сонымен қатар халқымыздың тарихын, салт-дәстүрлерін де жаңғыртады.
Сыныпта оқушылардың арасында қазақтың ұлттық ойындары туралы сауалнама алдым.
Сауалнамаға қатысқан оқушы саны 85 оқушы
Мерекелерде ойналатын ойындардың аттарын біледі 85 оқушы 100%
«Асық” ойнайтындар 10 оқушы 11%
“Арқан тартыс” - -
“Ұшты-ұшты”ойыны 5 оқушы 5,8%
“Тоғызқұмалақ” 25 оқушы 29%
Ұлттық ойындарды мүлдем ойнамайды 45 оқушы 53%
Сыныптастарымның көбісі қазақтың ұлттық ойындарының тек қана айтулы мерекелерде ғана ойналатынын жазыпты. Ата-аналар да қолдары бос болмағандықтан балалармен сирек ойнайтындарын жазыпты.
Балаларымен ойнайды 9 адам
Балаларына ұлттық ойын түрлерін үйрететіндер 11 адам
Қазақтың ұлтық ойындарын білетіндер 12 адам
Өздері балалық шақтарында ойнағандар 15 адам
Жас ата-аналар қазақтың салт-дәстүрлерін сақтап қалуда белсенділік танытты. Ал жастары келген ата-аналар қазақтың ұлттық ойындарының сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа таратылуын қалайды. Қазіргі уақытта көпшілік ата-аналар балаларына аз көңіл бөлетіндіктен, ұлттық ойындардың ұмытылып бара жатқандықтарын айтады. Қазақстандағы қанша ұлт өкілдері болса әр ұлттағы ойналатын ұлттық ойындардың мәні мен маңынасы бірдей болады. Сондықтан да мен өзімнің достарымды қазақтың ұлттық ойындарымен таныстырғым келеді.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар.
Отбасылық - рулық салтанаттардың арасында үйлену тойларын өткiзуге болды. Үйлену тойы кезінде бәйге ойыны үнемі өткізіліп, оған берілетін сый-сияпат та өте қомақты болады.
Отбасында ұл баланың дүниеге келу құрметіне шілдехана тойы жасалады. Баланы бесікке бөлеу рәсіміне байланысты бесік той, баланың дүниеге келгеніне қырық күн толғанда қырқынан шығару рәсімі, мұсылмандық ырым сүндетке отырғызу үш жас пен он жас аралығында тойланады.
Әр тойланатын тойдың өзіндік тарихы бар, мысалы, шілдехана тойын өткізу жоққа затқа сенуге байланысты туған, «бала өмірге келгеннен үш күн арасында оны рухтар айырбастап әкетпесін деген ырым». Ал шілдехана тойындағы жастардың ойын-күлкілері рухты қуады деген сенімге байланысты туған.
Көктемнің келуіне байланысты халықтық мейрамдар қалыптасқан. Яғни, ауыл адамдарының қыстақтағы мекендерінен жайлауға көшуі Жаңа мекенге көшіп келгенде де үлкен той думан құрған, ұлттық ойындар түнннің бір уағына дейін ойналған.
Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Наурыз – көне мейрам. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады.
Ұлттық ойындарды саралау кестесі
Ойын түрлері Мақсаты Ойын атаулары
Ойын-сауық, ат ойындары және
әскери ойындар. Жастардың бойында күш-жігер, ептілік, төзімділік, батырлық, ержүректтілік қасиеттерін қалыптастырады. «Аламан бәйге», «Көкпар тарту», «Казакша курес», «Тымак алу».
«Қыз куу», «Сайыс», «Аударыспак»,
«Жамбы ату»,«Теңге алу».
Зияткерлік Ойлау қабілеттері мен байқағыштық қасиеттер дамиды «Тоғызқұмалақ»,
«Ұшты-ұшты».
Жастар үшін Мәдени қарым-қатынысқа тәрбиелеу, Жастардың бойында күш-жігер, ептілік, төзімділік, батырлық, ержүректтілік қасиеттерін қалыптастырады. «Ак сүйек», «Қыз қуу», «Алтыбақан» т.б.
Балалар ойындары Дене күш-жігерлерін жетілдіреді. Адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дамытады. “Асық ату”, “Тымақ алу”, “Итеріспек” , “Түйілген орамал”, “Ұшты-ұшты”, “Бес тас”, “Арқан тартыс”, “Тұтқынға алу”, “Сақина салу”, “Кім түртті” , “Орныңды тап” т.б.
Аламан бәйге — ат жарысы. Аламан бәйгеге 20-60, кейде одан да көп сәйгүлік қосылады. Ат 25-100 шақырым қашықтыққа шабады.
Бәйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Қазақ халқы бәйге аттарын ерекше күтімге алған, Құлагер, Ақбақай, Маңмангер, сияқты сәйгүліктерді ән-жырға қосқан.
Жорға жарыс, жорға салу–жорға мінген шабандоздар жарысы; ұлттық ат спорты түрлерінің бірі.
Жекпе-жек: Жеке батырлар шайқасы. Ежелгі және орта ғасырларда ұрыс алдында қарсыластар шеп құрып тұрып, екі жақтан ортаға бір-бірден батыр шығарған.
Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі.
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан.
Жамбы ату– түркі тектес халықтардың арасында ертеден кең таралған спорт түрі. Атпен шауып келе жатып биік сырықтың басына ілінген күміс теңгені садақпен атып түсіру керек.
Теңге алу - қазақ ұлттық ат спорты. Ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жасы 18-ден асқан адамдар ғана қатысады. Ол ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған.
Қазақ күресінің даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес.
Тымақ ұру ойыны жазық кең алаңда ойналады. Ойынға қатынасушылар екі жарым метрдей таяқты жерге қадайды да, оның басына тымақ, не малақайды іліп қояды. Ортаға бір ойыншы шығады. Оған таяқтың басында ілулі тұрған тымақты көрсетеді де орамалмен көзін көрмейтіндей етіп мықтап байлайды. Сонан соң оны атқа мінгізіп, қолына қамшы ұстатады да, бірер айналдырып басына тымақ ілінген таяққа қаратып қоя береді. Көзі байланған салт атты қолындағы қамшысымен тымақты ұрып жерге түсіруі тиіс.
«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны. Бір деңгейде байланған екі арқанға екі адам қарама-қарсы отырады да, төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді. Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс.
Ақсүйек . Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады.
Тоғыз-құмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
«Итеріспек» ойыны. Кімде-кім өзінің күштілігін сынағысы келсе «Итерiспек»ойынын ойнауға болады. Қарсыластар бірін бірі бір аяқпен секіріп жүру арқылы шеңберден шығарып жібереді. Екінші аяқты жерге тигізіп алса да жеңіліп қалады.
«Бес тас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған. Жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнайтын ойын. Ойынға керекті зат бес асық немесе кішірек бес домалаң тас.
«Сақина жасыру» Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады.
«Ақ сандық, көк сандық» — ұлттық ойын. Бұл ойын көгалды алаңда, мектеп ауласында, дене шынықтыру, спорт залдарында, мәдениет үйлерінде, мектептің кең дәліздерінде ойналады. Ойынға қатынасушылар екі ойыншыны ортаға шығарады. Ортаға шыққан екі ойыншы бір-біріне арқаларын беріп, қолдарын айқастыра ұстасып отырысады.
«Кім ұрды?» Ойынға қатысушы жолдастарына арқасын беріп тұрады. Арттағы тұрған балалар бір-бірлеп алақанымен ұрады. Ал дәті таусылған бала тез арада кімнің ұрғанын тауып алуы қажет.
Мен осы мақаламды жазу барысында өзімнің ойымды құптайтын көптеген серіктестер таптым. Сонымен қатар қазақтың ұлттық ойындарының қай уақытта ойналатындығына көз жеткіздім. Қазақтың әрбір ұлттық ойындарының сан алуан түрлері мен ойынның шарттарымен таныстым. Қасымдағы достарымды да таныстырдым. Пән мұғалімімен келісе отырып дене шынықтыру сабағында да ойнадық. Менің кішкене ғана мәліметімның арқасында балалар қазақтың ұлттық ойындары туралы көп мағлұматтар алады да оны өздері достарының арасында ойнай алады. Бұл ойындар бізді шыншылдыққа, бір-біріне деген дұрыс көзқарастарын қалыптастырады. Ойын барысында достығымыз нығаяды. Бос уақытты көңілді өткіземіз. Жиналған мәліметтерді сыныптан тыс іс шараларды өткізгенде мұғалімдер мен сынып жетекшілер қолдана алады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: мен
Просмотров: 7834 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 3:12 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru