Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Көктем аруы
2014-04-15, 3:08 PM
Тақырыбы: «Көктем аруы - 2014»
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
Барысы: 1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2-жүргізуші. Бүгінгі „Көктем аруы" атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
„Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2-жүргізуші. Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.
1-жүргізуші. Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.
2-жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
(Қыздарды ұлдар шығарады қол ұстапсып, содан соң қыздар біраз сахнада жүріп, әділ-қазылармен таныстырамыз).
1-жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.

(Әділ – қазылармен таныстыру)

1. Оқу және тәрбие ісінің меңгерушісі – Жексембаева Маржан Толеутаевна
2. Ағылшын пәнінің мұғалімі – Жунусова Зульфия Раметжановна
3. Қазақ тілі мұғалімі – Құрманғазыева М.Қ.
4. Орыс тілі пәнінің мұғалімі – Садвакасова Жанна Ерсайынқызы
2-жүргізуші. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
I. Таныстыру. (Әр топ атын өлеңмен, слайд арқылы таныстыру. Слайдта қыздардың аналарымен бірге түскен суреттері, топ қыздарының дайындығы, көктемгі көріністермен байланысу керек).
II. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
III. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу).
IV. «Тіл жүйріктен де озады»- жасырылған нәрсені тауып, үш тілде айту.
V. «Сұлулық сыры» (Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)

1-жүргізуші. Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

2-жүргізуші. Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Бірінші сайыс : «Таныстыру»

1. 7 «В» сынып оқушысы Укошова Анель

2. 7 «Г» сынып оқушысы увалиева Гульдана

3. 8 «Г» сынып оқушысы Толеубекова Аида

4. 8 «Д» сынып оқушысы Қажыбекова Мадина
1 - жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады
Келесі «Білімді мыңды жығар» сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.
1-ші арудың сұрақтары.
1. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
2. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
3. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)
4.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
5. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).
6.Қошақанның анасы? (қой).
7. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.

2-ші арудың сұрақтары.
1. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)
2. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
3. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)
5. Ана туралы бір мақал айтыңыз.
6. Ешкінің төлі ? (лақ).
7. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).
3-ші арудың сұрақтары.
1. Ас атасы (нан)
2. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем)
3. «Бөбек» қорының президенті кім? (С.Назарбаева)
4. Тіл туралы мақал-мәтел айтыңыз.
5. Ботаның анасы? (түйе).
6.Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).
7. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз).
4-ші арудың сұрақтары.
1. Киелі құс (аққу)
2. Тігінші құралы. ( ине )
3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, алқа).
4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
5. Ең зор байлық (денсаулық)
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).
7. Отан туралы мақал-мәтел айтыңыз.

2-жүргізуші: Үшінші сайыс – «Өнерлі өрге жүзер»
Өнер - білім тапқырлықтың тарлан
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа

Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.

(Қане, қыздардың өнерін тамашалайық)

1 – жүргізуші: Тамызып мақал тілінің
Білімді болсаң жарарсың.
Ұшқыр ой, талап, біліммен
Әлемді жаулап аларсың, – дей келе келесі кезек

«Тіл жүйріктен де озады»- мақалды жалғастырып үш тілде айту.

1. Отанды сүю .... басталады. Отбасы-семья-family
Өнер алды - қызыл ..... тіл-язык-language
2. Отансыз - ..., ормансыз – бұлбұл. Адам-человек- man
Ер қанаты - ..... ат-лошадь-horse

3. Доссыз өмір- тұзсыз .... тағам- еда-food
Мектеп – кеме, білім - ... теңіз – море – sea

4. Кітап – білім бұлағы, .... – өмір шырағы. Білім – знание – Knowledge
Қыз өссе – елдің көркі, ... өссе – жердің көркі. Гүл – цветы - flower

2-жүргізуші. Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз
«Сұлулық сыры» деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса аруларымыз музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету бойынша сынға түседі.

1-жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)

2 – жүргізуші: Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті салт-дәстүрге берелік.
Сыныптар шығып, дайындаған дәстүрлерін көрсетеді.


1-жүргізуші. Әділқазылар сөз алып, «Көктем аруы - 2014» аруын анықтайды.
2 - жүргізуші. Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
1 – жүргізуші: Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!
Наурыз құтты болсын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 1986
Просмотров: 877 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 1:30 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru