Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

тіл тағдыры
2014-08-11, 9:33 AM
Қазақстан – егеменді ел! Тәуелсіздігімізді алғалы міне, 20 жылдан асты. Еліміз егемендік алу жолында бірнеше қиын да, ұзақ асулардан өтті. Ата – бабамыз аңсаған «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған күн» де туды. Алайда, өз қолымыз өзімізге жетсе де, тіл мәселесі әлі де толғандырады.
Ел болған жерде оның тілі - мемлекеттік тіл болуы керек. Біздің еліміз қазақ елі болғандықтан, мемлекеттік тіліміз де қазақ тілі. Бұл Ата Заңымыздың жетінші бабында «тайға таңба басқандай» етіп, мемлекеттік тіл қазақ тілі деп атап көрсетілген. Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет болғандықтан, тіл мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр. Ал тілдің өзі тарих тереңіне бойлайтын, өнер мен мәдениеттің кәусар бұлағынан сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас қазынасы. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын қарудың ең қуаттысы –тіл». Олай болса, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолдану, аясын кеңейте түсу қажетті, заңды құбылыс.
Тарихқа көз жүгіртсек, XVIII ғасырдан бастап қазақтарды орысша оқытуды ұйымдастырған еді.Содан бері елімізде аралас мектептер саны жылдан-жылға көбейе берді. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» - деген алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы тіліміздің тағдырын алыстан сезгендей.
Бәрімізге белгілі елімізде аралас мектептер саны көп. Ал осы көп аралас мектептерінің тіл мәртебесін көтеруге қаншалықты тиімділігі бар? Жалпы аралас мектепте оқып, білім алудың қаншалықты пайдасы бар? Оқып жатқан баланың дамуына, тәрбиеленуіне, өзіндік көзқарасын қалыптастыруына , оның сөйлеу тіліне тигізер әсері бар ма?
Жеке адамның әсіресе, баланың жасөспірім шақтарында дамып жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бала бойындағы қасиеттер даму үрдісінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Әлеуметтік орта – жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Мектеп жасындағы бала үшін оның қоршаған ортасы, әлеуметтік ортасы әрине, ол –мектеп. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық қасиеттері дамып қалыптасады. Адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Соның ішіндегі маңыздысы - баланың сөйлеу тілі. Орыс тілді сыныптарда қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім үшін қазақ сыныптарында білім алып жатқан оқушылар көмегімен өзге тілді оқушылардың сөйлеу тіліне әсер етеді деген үміт аса зор. Алайда заман талабы, уақыт өз дегенімен жүргізеді. Қазақ тіліне деген сұраныстың аздығы ма, айналасындағы орыс сыныптарының көптігі ме қазақ тілді қара көздеріміздің өз ортасында қазақша сөйлегенін аз байқаймыз. Керісінше, қаймағы бұзылмаған қазақ отбасынан мектеп табалдырығына таза қазақша сайрап келген балаларымыз өсе келе шүлдірлеп қалады. Сондықтан да аралас мектептің баланың дамуына, оның сөйлеу тіліне келтірер пайдасынан гөрі зияны мол деп ойлаймын. Көп ішінен шырылдаған қазақ тілі пәнінің мұғалімдер әрекеті бәрі –бір уақыт өте келе су сепкендей басылып қалады. Мекемтас Мырзахметов өзінің бір мақаласында «Су басынан тұнады», яғни заманның кесірімен еріксіз лайланған ана тілімізді бастапқы табиғи мөлдір судай қалпына түсіру үшін, балабақша мен мектептердегі тіл мәселесінен бастау, яғни сөйлеу ортасын қазақыландырудан бастау керек екендігін айтқан еді. Сондықтан да аралас мектептерді таза қазақ мектептеріне айналдыру керек деп ойлаймын.
Қазақ тілі яғни ана тіліміз құрдымға кетпес үшін ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.
Қорыта келгенде, мемлекеттік тілдің болашағы өсіп келе жатқан жастарда. Олай болса сол жастардың сөйлеу тіліне әсер ететін ортаны қазақыландыру басты міндет болу керек деп ойлаймын.

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы
№6 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Джакупова Гүлзат Бауыржанқызы
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: GB
Просмотров: 816 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 5:38 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru