Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Бұйрық-жарлық құжаттары" тақырыбының сабақ жоспары
2014-09-12, 12:43 PM
№ _________ САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ

Тобы ____________________________________________________________________
Күні _______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Сабақтың тақырыбы: Бұйрық-жарлық құжаттары.
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: Студенттерді бұйрық-жарлық, өкімдік құжаттары түрлерімен таныстыру, бұйрықтың толтырылуын жазуға жаттықтыру.
2. Дамытушылық: Студенттердің пәнге және таңдаған мамандыққа деген қызығушылығын арттыру арқылы, ой-өрістерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Іс қағаздары дамуындағы адамзат мүмкіндіктерімен таныстыру арқылы пәнге деген сүйіспеншілік қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ тілі, саясаттану, тарих
Көрнекті құралдар, жабдықтар, үлестірме қағаздар: интерактивті тақта, плакаттар, таратпа қағаздар

САБАҚ БАРЫСЫ:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттердің назарын сабаққа аудару.
2. Өткен тақырыпты тексеру: жарлық, қағида, нұсқаулық туралы сұрау.
3. Жаңа тақырыпты зерделеу:
ЖОСПАР

1. Бұйрық-жарлық құжаттары туралы ұғым.
2. Бұйрық түрлерімен таныстыру.
3. Бұйрықтың негізгі мәнімен, деректемелерімен таныстыру.
4. Бұйрықтың мәтіні туралы түсінік.

4. Нығайту. Жаңа сабақты түсіндіру:
Бұйрықтар
Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бұйрық-жарлық құжаттары арқылы реттеліп басқарылып отырады. Бұйрық беру құқығына, әдетте, бірінші басшы – несиені реттеуші әкімшілік басшысы ие. Кәсіпорын директоры мен оның орынбасарлары – құрылымдық бөлімше жетекшілері нұсқау, жарлықтар бере алады.
Басшылықтың алқалық органдары (кеңестер, съездер, конференциялар т.б.) шешім қабылдау барысын қағазға түсіріп белгілейтін хаттаманың бір бөлігі болып табылатын шешімдер шығара алады.
Мазмұны жағынан бұйрықтар екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар өндіріс істері, жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие алу-беру, тауарлар өткізу мен қызмет көрсетуді ұсыну, ұйымдастыру мәселелері бойынша басқару жөніндегі шешімдерді белгілейді. Олар сондай-ақ, жоғары органдардың шешімдерін орындау, шаралар белгілеу, орындау мерзімі мен бақылауды және оған жауаптыларды анықтау керек болғанда шығарылады.
Бұйрық нормативті және жекелік болуы мүмкін. Мысалы, еңбек тәртібі ережелерін бекіту туралы бұйрық директордан бастап, барлық қызметкерлерге қатысты, сондықтан ол нормативті болады. Ал өтемқы төлеу туралы бұйрық жеке адамдарға қатысты болғандықтан жекелік болады.
Бұйрықтың жобасы кәсіпорын мамандары тарапынан әзірленеді де, орынбасарлармен, қызмет бабы бойынша бастықтармен, заңгермен, бас бухгалтермен (қаржы жөніндегі), кадрлар бөлімі бастығымен келісіліп, директор қол қояды. Бұйрық беру тәртібі бұзылғанда, оның заңды күші жойылып, кері қайтарылады. Бұйрық жобасына оның қажеттігін, заңдылығын негіздейтін құжаттар қоса тіркеледі.
Бұйрық, егер оның мәтінінде өзге мерзім көрсетілмесе, қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қол қою құқығына мекеме басшылары, олардың бірінші орынбасарлары, сондай-ақ біліктілігі жоғары және басшының тапсыруымен кейбір құзырлы адамдар ие бола алады.
Егер мәтінде бұйрықтың аяқталу мерзімі көрсетілмесе, оның күші тұрақты болады. Оның күшін мекеме басшысы жаңа бұйрық шығарып қана жоя алады, немесе жоғары құзырлы орган немесе сот жояды.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кәсіпорынның бланкісіне толтырылады және мынадай деректерден тұрады: кәсіпорын атауы, құжат түрінің атауы (бұйрық), мерзімі, индексі (нөмірі), мәтін тақырыбы (бекіту туралы, тапсырма туралы т.б), бақылау туралы белгі, мәтін, қойылған қол, бұрыштама, құжаттың орындалғаны туралы, мәліметтердің магнит таспасына аударылғаны туралы белгілер.

Кәсіпорын бланкісіндегі бұйрықтың үлгісі төмендегідей:

БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
00.00.00 №
Шығарылған орны Шығарылған орны
(қазақ тілінде) (орыс тілінде)
Нұсқаулықты енгізу туралы
Мәтін
Кәсіпорын директоры Қолы Қойылған қолдың анықтамасы

Бұрыштамалар
Іске.........
Орындаушының
аты-жөні мен телефоны қолы

Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады: белгілеуші және жарлық.
Белгілеуші бөлікте тиісті істердің мақсат-міндеттері, бұйрық шығарудың себептері баяндалады, не бұйрық шығаруға негіз болған құжатқа сілтеме жасалады.
Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады. Мәтіннің бұл бөлімінде орындалатын істер, оған жауапты адамдардың аты-жөні, лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі. Ол араб санымен нөмірленетін тармақтарға бөлінуі мүмкін. Әр тармақ үшінші жақ бұйрық рай ырықсыз етіс тұлғасындағы етістектен (тапсырылсын, жариялансын т.б) және бұйрықты орындаушыны (лауазымды адамды немесе бөлімшені) көрсетуден басталады. Орындауға жауаптылықты: «Бұйрықтың орындалуын бақылау (лауазымы, аты-жөні) жүктелсін» деп көрсетіледі.
Жекелеген тапсырмалар бұйрыққа қосымша ретінде берілуі мүмкін және бұйрық мәтінінде оларға сілтеме жасалуы тиіс (қосымшаға сәйкес). Егер қосымшалар бірнешеу болса, олардың әрқайсысы нөмірленеді.
Бұйрық пен қосымшалардың беттері бірыңғай құжат түрінде нөмірленеді.
Іс жүзінде кейде түпнұсқаның қандай да бір бөлімінің үзінді нұсқасы ретінде бұйрықтан көшірме даярлау қажеттігі туындап жатады.
Бұйрықтан көшірмеде жарлыққа дейінгі барлық деректер сақталады, ал жарлық бөлімінен тек нақтылы сол жағдайға қажет мағұлмат алынады. Көшірме де үзінді нұсқа сияқты куәландырылады.

Басқару құжаттарын ресімдеуге қойылатын талаптар.
Басқарудың құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, қаржыландыруда, несие беруде, оперативті басқаруда, ұйымның қызметін кадрлық жағынан қамтамасыз етуде т.б. қолданылады. Құжаттарда мемлекеттік құрылым белгіленеді, олар мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және азаматтар арасындағы, заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастар үшін қызмет етеді.

«АСПАРА» бизнес колледжі Мемлекеттік Колледж бизнеса «АСПАРА»
елтаңба

БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
№34
18.02.2008 жыл
Астана қаласы

Курстан курсқа көшіру туралы

Емтихандарды үздік нәтижелермен тапсырғанына байланысты

БҰЙЫРАМЫН:

«Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» ақылы негізде оқитын 2 курс
Б- 24 тобының оқушысы Жасыбаев Ермек Шыңғысұлы келесі 3 курс оқу оқу тобына көшірілсін.

Колледж директоры / қолы / Ж.А. Әлімбаев
М.О.

Белгі ...............................................................

5. Өздік жұмысы.
Жарлық, нұсқау түрлерін жаздыру.

6. Қорыту: Бұйрықты кім береді?
Оның қандай түрлері бар?
Бұйрықтың деректемелерін ата.
Бұйрықтың мәтінінің бөліктерінің атқаратын қызметі қандай?

7. Үй тапсырмасы:
Өкімдік құжаттар, бұйрық-жарлық құжаттары. Бұйрық үлгісін жазу.
8. Бағалау.

Пән оқытушысы Г.Т.Базилбаева
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Учитель1862
Просмотров: 6369 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 7:32 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru