Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қадыр Мырзалиев "Жеті өлені"
2014-10-14, 10:41 AM
Сабақтың тақырыбы: Қ.Мырза-Әли. «Жеті» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1.білімділік
Қазақ балалар әдебиетінің атасы – Қадыр Мырза Әлидің кім екендігін түсіндіре отырып, оның өмірімен және шығармашылығымен таныстыру арқылы оқушылардың әдебиет пәніне деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын арттыру.
2. дамытушылық
а) Мәнерлеп оқу, талдау, сұрақ-жауап, іздендіру, «Ой шақыру», «Топтастыру» , Блум таксономиясы, «Еркін жауап стратегиясы», «insert стратегиясы» арқылы оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым – қатынастық біліктілігін дамытуға мүмкіндік тудыру;
ә) Сөздікпен жұмыс, сұрақ-жауап, аудару арқылы оқушыларды қазақша сөйлей білуге дағдыландыруға жағдай жасау.
3. тәрбиелік
а) Қаламгердің өмір жолын оқушыларға үлгі ету;
б) «Жеті» өлеңі арқылы ұлтжандылық сезім оятып, туған жерді, елді сүюге, салт-дәстүрді құрметтеуге ой салу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд-презентация, ақынның өімірі мен шығармашылығына арналған диафильм.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сөздікпен жұмыс, аудару сұрақ-жауап, іздендіру, түсіндіру, мәнерлеп оқу, талдау.
«Еркін жауап стратегиясы», «Ой салу», «Блум таксономиясы», «insert стратегиясы»
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Слайд 1
І Қызығушылығын ояту
а) Мұғалімнің кіріспе сөзі (түсіндіру арқылы):

Балалар, біз бүгін сабағымызда барлық баланың сүйікті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, журналист, редактор, сыншы – Қадыр Мырза Әли туралы сөйлеспекпіз.
«Бала тілі бола алмаса ана тіл,
ана тілі бола алмайды ешқашан» - деп жырлаған, қазақ тілінің қадірін, қасиетін айтудан шаршамаған, қазақтың қадірлі ұлы Қадыр атамыздың өмір жолы және шығармашылығымен танысып, қазақ әдебиетіне өзіндік жыр жолдарымен қолтаңбасын қалдырған ақынның «Жеті» өлеңіне тоқталамыз.

Слайд 2
Өмір жолына тоқталу: Қазақ деп белі қайысқан, қаңтарда туған қыран Қадыр Мырза Әли 1935 жылы Орал облысы Жымпиты ауданында дүниеге келген. Мектеп бітірісімен Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университеттің филология факультетінде оқиды. Оқуын бітіріп, шығармашылықпен айналысқан ақын еңбек жолын «Балдырған» журналынан бастаған.
Қадыр Мырза Әли – балалар ақыны. Ол дүниенің барлық тынысын, жаратылыс әлеміндегі барлық құбылыстарды, құс біткеннің сайрағанын, жан – жануарлардың қарекеттерін бақылып, көкірегіне түйіп, көргендерін балаларға қаз қалпында жеткізу үшін күш – жігерін аямаған.
Қадыр Мырза Әли – халық даналығының білгірі. Оның «Күміс қоңырау», «Ой орманы», «Дала дидары», «Бұлбұл бағы», «Ақ отау», «Домбыра», «Көш», «Жер қыры», «Биік баспалдақтар» деп аталатын кітаптарының барлығы балаларға арналған.
Сондықтан да Қазақстанда ең оқырманы көп, балалардан достары көп ақын Қадыр Мырза Әли деп айта аламыз.Қазақстанға танымал ақын, халық жазушысы. Қадыр Мырза Әлидің өлеңдері мен халыққа тараған әндерін білмейтін адам кемде - кем. Қадыр атамыздың 1959 жылы алғашқы кітабы жарық көрді. Қазіргі таңда 30 шақты өлең жинақтары бар. Өлеңдері орыс, неміс, украин, литва, эстон, грузин, өзбек, тәжік, қырғыз, түрікмен, татар, башқұрт, қарақалпақ, ұйғыр тілдеріне аударылған.
Ақын Қадыр Мырза Әлі 2011 жылдың 22 қаңтарында 77 жасқа қараған шағында өмірден озды.
:
1. «Ой шақыру» бағыты.
А) Балалар, «Жеті» санына байланысты сендерге қандай ой келеді?
Оқушылар жауабы
жеті күн, жеті ата, жеті нан, жеті жарғы, жеті қазына , Жетісу.........
ә) «Жеті»саны неге қазақта киелі сан болып есептеледі?

ІІ Мағынаны ажырату
1. Мәтінді игерту бағыты.
Слайд 3 Сиқырлы сандық суреті
Мұғалімнің сөзі: Балалар тақтадан не көріп отырсыңдар?
Ал бұл сандықтың біздің сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың жауабы
Тақтадағы сандықтан киелі «7» сандары шығады.
Ендеше бірінші жетілікті ашып көрелік7 Сандықшадан шыққан саннан
Қ. Мырза әлидің «Жеті»өлеңі шығады
Ал, енді балалар, олай болса Қадыр атамыздың кітабымызда берілген
осы қасиетті санға арналған «Жеті» өлеңімен танысалық.

2 Слайд 4 (Өлең толық жазылған)
А) Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқып беру;

Ә) Оқушылар әр шумағын жеке-жеке оқиды
;
Б) Өлеңнен не түсінгендерін айтқызу; (мәнерлеп оқу)

В) Аудару, мағынасын аудару, түсініктерін толықтыру;

3 Шумақтардан таныс емес сөздерді, түсінбеген сөз тіркестерін тапқызу, түсінік беру.
Слайд 5 Мысалы:
ұзақ сан – көп сан - много чисел
лақпайды бетіменен – ретімен тұрады – стоять разом
қымбат – жанға жақын – близкий, дорогой
күрт өседі – тез өседі – быстро расти
д) Сөздікті дәптерлеріне жазғызу;

4 Талдау жұмысы

Слайд 6
Ақын өз өлеңінде жеті санының неге қымбат екеніне тоқталады?
Ақын өзінің өлеңінде жеті санының неге қымбат екеніне тоқталады. Жеті саны қазақта киелі сан. Оған мынадай өлең сөздерінен де көруге болады. Жетіге келген бала күрт өседі, яғни есейеді. Сарапшылар еш уақытта жаңылмайды, егер жеті рет өлшеп, бір кессе. Аптамыз жеті күннен, қайтыс болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттатады. Қазақстан жерінде Жетісу деген әсем жер бар. Аспанымызда жеті жұлдыз қордаланып орналасқан, Жеті қарақшы. Соңында жеті санының 3 түгілі, екіге бөлінбейтіні айтылады.



5 Теориялық бағыт. (түсіндіру)
Слайд 7
Мұғалімнің сөзі: балалар өздерің байқап отырғандай өлең шумақтарында қайталанатын бірқалыпты дыбстар бар , соған мән берелік.
(Оқушылар сол сөздерді табады) міне осындай дауыссыз дыбыстардың қайталануын әдебиет теориясында аллитерация дейді.
Аллитерация (лат. allittera-дыбыстас) – дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.


Б.Блум таксономиясы

І деңгей игеруді білдіреді:
Талдау
А) өлеңнің тақырыбы
Ә) Идеясы
Б) өлеңнен не білдіңдер ?
ІІ деңгей ..
Еркін жауап стратегиясы
Сұрақ. «Жеткен бала жетіге күрт өседі» - дегенді қалай түсінесіңдер?

Жауап. Жетіге жеткен бала тез өседі. Бала жеті жасқа келгенде ата-анасы оны мектепке оқуға апарады. «Тілашар» тойын өткізеді.

Біздің бүгінгі тақырыбымызды кеңінен түсіну үшін сиқырлы сандық жеті саны туралы көптеген мәліметтермен танысайық. Өздерің айтып өткендей
Жеті санынан тәрбиелік мәні бар , санамызды кеңейтетін тағылымдарға тоқталайық: Сандықшадан жетілікпен бірге шығады
Слайд 6 Жеті ата
Слайд 7 Жеті күн
Слайд 8 Жеті қазына
Слайд 9 Жеті ғалам
Слайд 9 Жеті байлық
Слайд 10 Жеті қиын
Слайд 11 Жеті жетім
Слайд 12 Жеті жұт
Слайд 13 жеті жетекші
Слайд14 жеті нота


4 Мақал -мәтелдер жасыл желек аясында
Слайд 16 Мақал-мәтелдерді аяқтау

5 Шығармашылық бағыт

Қасиетті Жер жаннаты Жетісуым
Жауап. Алматы, Талдықорған өңірі Жетісу деп аталады. Жетісудың табиғаты көркем, жері өте бай, әрі құнарлы. Ол – « Жер жаннаты» деп аталған өлке. Жетісудың жеті өзені бар болғандықтан Жетісу деп аталған. Жетісудың жеті өзеңдер: Лепсі, Ақсу, Көксу, Сарқан, Қаратау, Іле, Шу. Жетісуда Алматы, Талдықорған, Текелі, Талғар қалалары орналасқан. Алакөл мен Іле арасындағы тау Жетісу Алатауы деп аталады. Жетісуда Қазақстанның екі үлкен қорығы бар. Олар: Алматы қорығы және Алакөл қорығы.

VIІ.»Жет саны тіл мен математика саласында(Анықтамаа беру)

V III Ой түйіні
Кластер құру)
Мысалы: жеті ата, жеті нан, жеті қазына, жеті күн.......

ІХ. Қорытындылау
Мұғалімнің сөзі: Жеті саны-бақытты, киелі сан, ол- адамзаттың сүйікті саны” Көп халықтың түсінігі осындай.
Осы жеті санынан құралған тәрбие көзін бойымызға сіңіре білсек, адамдық қасиетіміздің мәңгі сақталуына күмән жоқ
а) бағалау:

. ә) Үй тапсырмасы:
1. Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығын оқып, мазмұндау. 2. «Жеті» өлеңінің қалаған шумағын жаттау;
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Мырзакановна
Просмотров: 2464 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 1:11 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru