Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ауызша тіл ұстартуда жүргізілетін жұмыс түрлері
2014-10-30, 2:17 PM
Ауызша тіл ұстартуда жүргізілетін жұмыс түрлері
Сабақ барысында оқушының ауызша сөйлеуі белгілі бір бағытта,бағдарлама көлемінде өтілген теориялық материалдарды дәлелдеу, анықтама, ережелерді дұрыс түсініп айту мақсатында болады.
Әр оқушының сөйлеу қарқыны,дауыс интонациясы, сөз байлығы, сөйлем құрауы, ой жүйесі түрліше болып келеді. Сондықтан оқушыны сабақ материалдарын өз сөзімен жинақтап айтып беруге дағдыландыру- әр сабақта іске асырылатын тіл дамыту жұмыстары.
Оқушы ойын дұрыс құрастырып сөйлей білумен қатар, айтылған ойды мұқият тыңдай білуі қажет, Тыңдау дағдысы дұрыс қалыптасқан оқушының сөйлеу тілі де, жазу стилі де жатық болмақ. Дұрыс тыңдай білуге дағдыланған оқушы сөйлеп тұрған немесе оқып тұрған кездерде жіберілген кемшілік пен қателерді бірден ағңарғыш келеді.Сонымен қатар, тыңдау қабілеті жақсы дамыған оқушы айтылған сөздердің құрамвнан көркемдегіш қанатты сөздерді есте ұстап қалуға әдеттенеді.
Ауызша тіл ұстарту жұмыстары оқушыны дұрыс сөйлеуге, ынтамен тыңдай білуге дағдыландырады.
Ауызша айтылған ой – пікірлерді жазу тілінің стиліне түсіріп, мәтін етіп жазу-тіл ұстарту жолының негізі болып табылады.Ауызша сөйлеу мен жазбаша тілдің ортақ мәселелері мол.Белгілі бір тіл материалдарын оқыту барысында сөйлеу тілі арқылы түсіндірілген , талданған жайттар жазбаша орындалатын жаттығу ,тапсырма жұмыстарында ойлау ,сөйлеу ,дәлелдеу,жазу жұмыстары жүргізіледі.оқушының ауызша сөйлеу тілін дамытудың барлық пәндерге бірдей ортақ қатысы бар.Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту ,сөйлеу,жазу тілін дамытуға бүкіл мұғалімдер жауапкершілікпен қарауы қажет. Ауызша тіл ұстарту жұмыстары мынандай жүйеде жүргізіледі;1.Қазақ тілі сабағында оқушының жауабы мұғалімнің қатысынсыз өз тарапынан айтылуы тиіс.Оқушы теориялық материал жөніндегі ойын жинақтап сөйлеуге әдеттенеді.Грамматикалық талдау ,сөз мағыналарын ашу ,көрнекі материалдарды жүйелі дәлелдеп беруге дағдыланады.2.Жаттығу,тапсырма жұмыстарының мақсатын ,шартын дұрыс түсініп ,материалды ауызша талдап,дәлелдеп беруге дағдыланады.3.Оқығанын,естігендерін ,көргендерін мазмұндап,сүреттеп,баяндап айта білуге баулу.
Ауызша тіл ұстартудың бұл түрі балабақшадан,бастауыш сыныптан басталады.Мәтін мазмұнын бастауыш сыныптарға мұғалім өзі айтып,одан соң мәнерлеп оқып беру,одан кейін түсінгендерін сұрау арқылы сөйлеуге дағдыландырылады.Баланың сөйлеу тілін осылайша баспалдақты жолмен дамытудың мәтін мазмұнын,айтылған әңгіме мазмұнын есте ұзақ сақтауға,көп сөздерді жадында ұстап,сөздік қорының баюына тигізер әсері мол.
Мәтін,әңгіме мазмұнын айтқызу талабы сынып жоғарлаған сайын күрделеніп,түрленіп отырады.Оқушының жас ерекшеліктеріне байланысты мәтін мазмұнын баяндау жұмыстарының көлемі де,құрамындағы сөйлем түрлері де күрделенеді.
Мазмұндау жұмысының қиын түрлері де бар.Поэзиялық шығармалардың мазмұнын ауызша айтқызу оқушыларға ауырлық етеді.Сондықтан мұғалім поэзиялық шығармалардың мазмұнын айтқызуға өте мұқият қарап,шығарма идеясына терең мән бере білуі қажет.Өлең мәтіндері ішіндегі кейбір сюжетсіз лирикалық шығармаларды қара сөзбен айтқызуға болмайды.Олай дейтін себебіміз,өлеңнің лирикалық көркемдік ерекшелігі төмендеп кетеді.Мұндай шығармаларды мәнерлеп оқуға,нақышына келтіріп жаттауға ұсыну керек.
Оқушыға көрген кино,сурет,мультфильмдердің мазмұнын айтқызу.Ауызша тіл ұстартудың бұл түрі де оңай емес.Әр оқушы көргендерін өзінің ерекшелігімен,өз түсінігі,өз көзқарасы тұрғысынан баяндайды.Сондықтан оқушыларды бір ізбен,бір жуйеде,бірүлгіде баяндап айтудан сақтандыру қажет.Демек,мазмұнды бір сарынды жолмен айтқызуға болмайды.Бір сарында баяндалған жұмыстан оқушылар жалығады да,қызығушылық болмайды.Мазмұндап баяндаудың тартымды болуына мұғалім үнемі жол сілтеп отырады.Ауызша сөйлеудегі мазмұндау-жазу жұмыстарының түрлеріне әзірлік болады.
4.Оқушылардың ізденіс жасаған шығармашылық жұмыстарының қорытындысын жинақтап айтқызу.Мұғалім оқушыға белгілі бір тақырып ұсынып,іздендіреді.Берілген тақырыпқа орай қосымша материал жинатып,жинаған материалдарын жүйелі түрде қорытытындылап баяндама,хабарлама жасатады.Мұндай жұмыстың түрі оқушыны ізденіске баулып,оның белсенділігін арттырып,ойын ретті,тұжырымды, жинақты баяндауға дағдыландырады.
5.Ауызша суреттеп сөйлеу.Табиғат көрінісін,суреттен көргенін,көрмеден,түрлі мәдени орындардан алған әсерін,жанд-жансыз заттарды көз алдында тұрғандай етіп суреттеп баяндаға дағдыландырылады.Суреттеп сөйлеуге баулуда оқушының жауапкершілігі арта түседі.Себебі бір нәрсені суреттеуде,сол заттың белгілері мен ерекшеліктерін айтуда оқушы әр ұғымның атауын іздестіріп,сөздік қорын байытады.Ауызша суреттеу жұмысы оқушының эстетикалық қабілетін дамытып,көркем сөйлеуге жаттықтырады.
Ауызша суреттеуге ұсынылатын тақырып та, тілге тиек етілетін мәселелер де, табиғат құбылыстары да көп –ақ. Бұларды тек балалардың жас ерекшеліктріне қарай таңдап ала білу керек. Мысалы: Өзен жағасы, Сырғанақ, Сарқырама, Жайлау, Цирк, Хайуанаттар паркі, Балапан, Күшігім, Біздің сынып сияқты тақырыптарды суреттеуге болады.
6. Ойдан әңгіме, өлең шығарту. Оқушылыр қиялға өте бай келеді, сондықтан оқушыларға өз қиялдарынан шағын әңгіме, ертегі айтқызып, өлең шығарту жұмысы жүргізіледі. Мұндай жұмыстың түрі оқушының арман, қиялын дамытады. Болашақ ақын, жазушы боламын деген оқушылардың талабын оятып,ауызша, жазбаша тілін ширатады.
7. Көпшілік алдында сөйлеуге баулу. Көпшілік алдында сөйлеу, оқушының белсенділігін арттырып жауапты, батыл сөйлеуге жаттықтыру, оқушыларды сынып сағатында, түрлі мәжіліс, жиналыстарда, үйірме жұмыстарында оқу, тәртіп туралы сөйлетіп әр түрлі мәліметтерді хабарлау, міндеттеме алу, рапорт беру сияқты түрлі баулу жұмыстары да ауызшатіл дамытудың бір жолы болмақ.
8. Мәтін оқу. Мәтін оқу-ауызша, жазбаша, тіл дамыту жұмыстарына ортақ категория, сонымен қатар,оқушы тілін ширату жұмыстарының амал-тәсілдерінің бірінен саналады. Мәтінді дауыстап оқу оның мазмұның толық түсінуге, стилін, тілін, грамматикалық белгілердің қолдану заңдылықтарын дұрыс тануға дағдыландырады.
Жалпы, мәтін оқудың екі жолы бар: бірі-сыныпта оқу, екіншісі-үйде оқу. Сыныпта дауысталып, мәнерлі оқылады. Дауыстап оқуда мәтіннің әр сөзіне, сөз тіркесіне , сөйлеміне мән беріледі. Мәнерлеп оқудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар: мәтін құрамындағы сөздерді, сөйлемдерді дұрыс оқу, белгілі бір қарқынмен оқу, мәнерлеп оқу және оқығанды түсіне, ұғына білу.
Сөзді дұрыс оқу бастауыш сыныптан қадағаланады. Оқушылар мәтінді жүгірте оқу кезінде сөздердің, сөйлемдердің жігін ажыратпай, тұтас оқуға бейім. Сондықтан мұғалім баланың оқуын үнемі бақылап, қатесін бірден түзетіп отыруы қажет.
Мәтінді белгілі бір қарқынмен оқудың мәнісін оқушылыр біле бермейді. Олар оны не өте жылдам, не өте баяу оқиды. Бұлардың қайсысы болса да дұрыс оқудың нормасы бола алмайды. Өте тез, шапшаң оқығанда мәтіндегі тыныс белгілеріне тоқталу ескерілмей қалады. Тез оқуда есту сезімі мен мидың қабылдауы қиынға соғады. Керсінше, жай, ақырын, ежіктеп, баяу оқығанда мәтіннің мазмұн-мағынасы үзіліп, ой бытырап, түсініксіз болады. Олай болса, мәтінді өте тез де емес, өте жай да емес, бірқалыпты жылдамдықпен дауыс үзілістерін сақтап, түрлі тыныс белгілеріне кідіріс жасап оқуға баулу керек.
9. Мәнерлеп оқу. Бұл- мектеп қабырғасында жиі жүргізілетін жұмыстың бірі. Мәтін мазмұнын терең, жақсы түсініп, кейбір синоним,фразалық мәтіндерді жадында сақтауда мәнерлеп оқудың септігі зор.
Мәнерлеп оқу үнемі дауыстап оқу арқылы жүзеге асады және көбінесыныпта жүргізіледі.
5-6 сынып оқушыларына алдымен мұғалім өзі мәнерлеп оқып көрсетеді.Сол сияқты мұғалім сыныпта және үйде істелетін жаттығу жұмыстарының мақсатын өзі мәнерлеп оқу арқылы түсіндіреді. Кейде мәтін мазмұны түсінікті жеңіл болса, жақсы оқитын балаға оқытуға да болады.
Мәнерлеп оқу оқушының мынадай дағдыларын қалыптастырады:
А) оқушының дұрыс оқу дикциясын, дауыс мәнерін реттейді:
Ә) Әр сөздің айтылуын жазылуын және сөздердің нендей бөлшектерден құралған біліп, оларды дұрыс атауға дағдыландырады, сауаттылықты көтереді:
Б) логикалық екпіндерді дұрыс қоя білуін, дауыс ырғағының мәнерлілігін дамытады:
В) тілдік фактілерді талдау процесінде жай сөйлем, құрмалас сөйлем бірыңғай және айқындауыш мүшелер мен оқшау сөздердің контексте айтылу ерекшелігін аңғартады.
Мәнерлеп оқудың өзіндік ерекшелігін таныту мақсатымен мұғалім оқушының жас ерекшелігіне байланысты арнаулы бір мәтінді алып, оған толық талдау жасайды.
Мұғалім оқушының мәнерлеп оқуына үнемі басшылық етуі керек. Мәнерлеп оқуға ұсынылатын мәтін мазмұны өмірмен орайлас, бала ұғымына қонымды, таныс оқиға негізінде болуы қажет. Мәнерлеп оқудың өзіне тән оқу қарқыны өзіндік дауыс интонациясы болатынын көрсетіп оқушының қоңыр, баяу дауыспен оқып,қажет болған жерде үзіліс жасап, сөздерді, сөйлем мағыналарын анық, ашып оқуға дағдыландырған дұрыс.
Мәнерлеп оқуға дағдыландыруда көрнекті, атақты әртістер мен ақындардың мәтін, өлең оқу әдісін үлгі етіп ұсынуға болады. Магнитофон, күйтабақтарды пайдалану арқылы, түрлі үзінділер келтіріліп, оны сынып болып тыңдап, олардың оқылу мәнерімени таныстырылады.
10. Үйде оқу. Үйде оқылатын мәтін, көбінесе, дауыстамай, іштен оқылады. Іштен оқудың да өзіндік белгісі бар:
А) іштен оқуда оқушы шаршамайды, тек көз талуы мүмкін:
Ә) үйдегі оқу мәнерлеп оқудың орнына жүрмейді сондықтан іштей оқығанда мәтін мазмұнын есте ұстап жете түсінуде олқылық, кемшіліктер ұшырасады:
Б) іштен оқуда зейінді түгелдей оқып отырған мәтін мазмұнына бағыттап басқа бірдемеге алаңдамайтын болу қажет.
Мәнерлеп оқуға онша машықтанбаған оқушыға үйде де дауыстап оқу міндеттеледі.
Ауызекі сөйлеудің көптеген түрі бар. Мектеп оқушыларының ауызекі сөйлеуі, көбінесе, мынадай мазмұнда болып келеді.
Хабарлау.Мұнда белгілі жай, оқиға көпшілікке мәлімет беру мақсатында хабарландырыла айтылады.Хабарландырылатын оқиға көлемді болса,дауыс интонациясы баяу,қоңыр дауыспен бір қарқында баяндалады.
Күнделікті көргендерін әңгімелеу. Оқушылар көргендерін, істеген жұмысын, қайда барғанын, оқығанын әңгімелейді. Әңгіме мазмұнына байланысты оқушының эмоциялық жай-күйіне, одан алған әсеріне байланысты сөйлеу қарқыны өзгеріп, түрлі қосымша қимыл-әрекеттер жасалуы мүмкін. Дауыс интонациясының бірде көтеріңкі, бірде баяу болуы мазмұндаған оқиғаға, кейіпкерлердің іс-әрекетіне байланысты.
Сын айту. Оқушылар сынып жиналысында сабақ үлгерімі, тәртіп, тазалық, қоғам жұмыстары, түрлі тапсырмалардың орындалуы жөнінде болған олқылық, кемшіліктерге байланысты бір-біріне сын айтады.
Айтыс, жарыса сөйлеп айтысу. Айтыс- жеке адамдардың немесе екі топ арасында болатын суырып салма сөз жарысы. Сол тәрізді саяси, ғылыми мәселелер жөнінде пікір таласы да кейде сөз жарыстыру, дауласу сияқты хабарлау да айтысу арқылы беріледі.
Таласу. Оқылған кітап, көрген кино, спектакльдерді талқылауда оқушылардың әрқайсысы кейіпкерге, қатысушыларға, олардың мінез-құлықтарына істеген істеріне өз көзқарастары тұрғысынан пікір айтады. Ол пікірлерін әркім өз сөзі, өз сөйлемімен дәлелдеп, тыңдаушысын мақұлдату не сендіру үшін таласа сөйлеседі.Мұндай сөйлеу процесі оқушының белсенділігін,қызығушылығын арттырып,ойын сеніммен дәлелді айтуға баулиды.
Есеп беру.Бұл көбінесе мектептегі қоғам жұмысына қатысатын активтерге тән.Олар көпшілік алдында,мысалы,сынып жиналысында,басқа да түрлі жиындарында істелген жұмыстарға есеп береді.Есеп беру ауызша сөйлеуге немесе ойын қағаз бетіне түсіріп оқып беруге,не жатқа айтуға әдеттендіреді. Әсіресе, төменгі сынып оқушылары жатқа айтуға бейім болады.
Үгіт-насихат. Белгілі бір жұмысқа, жиынға қатысып, онда айтылған мәселені басқаларға айтып жеткізу міндеттеледі. Мысалы, жоғары сынып оқушылары төменгі сынып балаларына үлгі-өнеге көрсетіп, оларды жақсы оқуға, адал дос болуға, қоғамға пайдалы жұмыс істеуге үгіттеп, үлкенді сыйлау, кішіге қамқоршы болуды насихаттайды.
Баяндама жасау. Бұл сөйлеу түрі негізінен жоғары сынып оқушыларына тән. Жоғары сыныпта өтілген тарих, әдебиет, қоғамтану, биология, география тәрізді пәндердің кейбір тақырыптары бойынша баяндама жасау тапсырылады. Бағдарлама материалы негізінде жасалатын баяндамалар сабақта ауызша сөйленеді, не тезис ретінде жазылып, оқылады.
Баяндаманың ауызша, жазбаша түрінің қайсысы болса да оқушының шығармашылық ізденісінің қорытындысы болып табылады. Мұндай ізденістерге барып, шағын баяндама жасау-мектепке қалыптасып, дәстүрге айналған нәрсе.
Құттықтау. Бұл- салтанатты мәжілістерде, мерекелерде, кездесулерде, туған күнді тойлау, ерлік істерімен, еңбектегі табыстарымен көзге түскен үлгілі істерге ықылас, ризашылық білдірудегі құрмет, сый мағынасындағы сөздер. Мұнда дауыс интонациясы көтеріңкі, ерекше ырғақпен сөйленеді. Айтылатын құттықтау сөздердің құрамында терең мағыналы әбеди көркем тіркестер қолданылады. Құттықтау сөздердің мазмұны өтілетін салтанатқа байланысты болады.
Оқушының ауызша сөйлеу тілін дамытуды мұғалімдер мектептегі тәрбие жұмыстарымен ұштастырып, сөйлеудің жоғарыда айтылған түрлерімен байланыстыра саралап, жүйелер жүргізуі тиіс.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Асхатовна
Просмотров: 2612 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 12:32 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru