Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Тіл ұстартудың қарастыратын мәселелері
2014-11-05, 8:56 AM
Тіл ұстартудың қарастыратын мәселелері
Тіл ұстарту- сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен күрделі ой, күрделі ойдан әңгіме, шығарма құрастыруға дейін сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға, айтқанын жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыру жолындағы амал-тәсілдерді қарастыратын және осы мақсатта мұғалімдердің шеберлігін аса қажет ететін күрделі процесс.
Қазақ тілінің ғылыми негізін мектепте оқыталатын курстың әрбір бөліміндегі тілдік материалдар арқылы меңгерту мақсат етіледі. Қазақ тілі пәнін оқыту барысындағы практикалық жұмыстарда көбінесе оқушының сөздік қорын байытуға, ауызша, жазбаша тілін дамытуға айрықша мән берілуі тиіс.
Тіл ұстарту- ауызша, жазбаша, тілдің заңдылықтарына орай оқушыны мәдениетті сөйлеуге, әдеби,тіл нормаларын меңгеріп,сауаттылығын арттыруға, ауызша, жазбаша тіл стилдерінің ерекшеліктерін танытуға алналған амал- тәсілдер жиынтығы.
Сондықтан тіл ұстарту сөйлеу тілін, жазбаша тілді дамытуды қарастырады. Ауызша сөйлеу тілі мен жазбаша тілдердің өзіндік стиль ерекшеліктері мен заңдылық нормалары бар.
Ауызша сөйлеу тілі- адамдардың бір-бірімен жүзбе-жүз кездесіп, өзара пікір алысу құралы.
Ауызекі сөйлеу процесінде орфоэпия заңдылықтарының нормалары мен дауыс ырғағының алатын орны ерекше. Ауызекі сөйлеу барысында адамның қандай көңіл-күйд нендей сезімде тұрғаны да аңғарылып қалады. Сөйлеген кезде адам ойын еркін, көсіле айтуға бейім болады. Сондықтан ауызша сөйлеуде адам айтайын деген ойын жинақтап, тұжырымдап беруге, жүйелеп сөйлеуге онша мән бере бермейді. Сөйлеу тілінде жалпы халыққа түсінікті ортақ сөздердің қолданылуымен қатар, жергілікті жердің, өзіндік сөйлеу говорлары да қосылып айтыла береді. Мысалы, оқушының сөйлеу тілдерінде көңіл деудің орнына, кеуіл, қай жақта деген тіркес қаяқта деп айтылатын жайттар ұшырасатыны белгілі. Сол сияқты, ауызекі сөйлеу тілінде грамматикалық тұлғалардың қолданылуында да өзгешелік ұшырасып отырады. Мысалы,барған соң тіркесін барғасын, барарсың дегенді барғайсың, балалар сөзін балдар, шық етістік сөзін чық деп айту жиі кездеседі.
Ауызша тілде ой көбіне жай сөйлем түрінде құрастырылып диалогқа құрылады. Ауызекі тілде қолданылатын сөйлемдердің құрамында сөйлем мүшелерінің орын тәртібі онша сақтала бермейтін жайттар да болады. Мұның бәрі ауызекі сөйлеу тілінің ерекшелігіне жатады. Бірақ ауызекі тілдің мұндай құбылыстарының оқушылардың тілінде жиі ұшыраспау жақтары қадағалау қажет. Ойдың шашыраңды болмай, жинақталып айтылуына дағдыландыру мақсат етілуі керек.
Қорыта келгенде, ауызекі сөйлеу тілінің көркемдік стилі де, сөйлем құрылысы да ондағы сөздердің орынды қолданылуы да, грамматикалық тұлғалардың көрінісі де жазу тіліне қарағанда жеңілірек, қарапайым болып келеді.
Жазбаша тілде сөздердің қолданылуы сұрыпталып, сөз тіркесі де ойластырылып жұмсалады. Жазу тілінде сөздер де, сөз тіркестері де, грамматикалық тұлғалар да, сөйлем құрамы да түрліше болып жұмсалуының белгілі бір жүйеге түсірілген, қалыптасқан заңдылықтары бар.
Жазуда ой жинақы, жатық баяндалады.
Сонымен қатар жазу тілінің нормаланған, бір ізге жүйеге түсіп қалыптасқан стильдік тармақтары болады. Жазба тілінің мәтіндері белгілі бір стиль негізінде жазылады. Олар мынадай болып келеді: Ресми қағаздар стилі, іс қағаздарының стилі, ғылыми-техникалық әдебиет стилі, публицистика стилі, көркем әдебиет стилі.
Бұлардың қандай түрі болсын, сөйлеу тілі мен жазбаша тілге ортақ. Ойдың түрлі стильде айтылуы және жазылуы қазақ тілінің орфография және орфоэпия заңдылықтарына бағынады.
Ресми қағаздар стилі. Ресми қағаздар стиліне үкімет орындарының түрлі қаулылары, өкімдері, заң ережелері, үндеулері, шарттары, ноталары, хабарламалары, халықаралық келісімдері тәрізді ресми іс қағаздардың жазылу үлгілері жатады.
Ресми баяндалатын ойлар мен пікірлер жайылма және құрмалас сөйлемдер құрамында құрастырылып, жазбаша тілдің нормасы толық сақталып жазылады. Ресми қағаздардың стилінде басы артық қосалқы, қыстырма сөздер қолданылмайды.
Іс қағаздардың стилі. Бұл- түрлі кеңсе, мекеме орындарының жұмыс түрлеріне байланысты жүргізілетін жазу үлгілері. Мұндай іс қағаздарының стиліне: басшылардың беретін бұйрықтары, куәліктері, анықтамалары, түрлі шарт үлгілері, есеп үлгілері, есеп үлгілері, қолхат,сенімхат, сияқты жазу үлгілері жатады. Мұндай кеңсе, мекеме, орындарының іс қағаздарының стилінде жиі қолданып, тұрақталған (қалыптасқан) сөздер мен шағын тіркестер жиі қолданылады.
Ғылыми-техникалық стиль. Ғылыми-техникалық стильге ғылыми әдебиеттердің тілі жатады. Ғылыми стильмен жазылған әдебиеттерде сөздің көп мағыналылығы, қанатты сөздер, теңеу фразеологиялық тіркестер, образды көркемдегіш сөздер аз қолданылады, кейде тіпті қолданылмайды. Әр ғылым салаларының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты түрлі атаулар мен терминдер, жаңа ұғымды білдіретін сөздер қолданылады.
Мұндай терминдердің, атаулар мен жаңа ұғымдардың мағыналарының аясы кең болмайды. Олай дейтін себебіміз: аясы тар терминдер мен атаулар зерттеу жүргізілген салалардағы адамдарға ғана таныс түсінікті болып, көпшілік халыққа жаңа ұғым, жаңа атау, неологизм сөз болып танылады. Мұндай жаңа мағыналы сөздер қоғамда практикалық қолданылу мәніне және атқаратын қызметіне қарай бір кезде халықтық лексикадан орын алып, тілдің сөздік қорын байытады. Мысалы: машина, трактор, комбайн, трамвай, журнал, фабрика сияқты сөздер алғашында арнаулы термин сөздер болғанымен, қазір қазақ тілінің лексикалық қорынан орын алып, жалпы көпшілікке түсінікті мағынада актив сөздер тобына еніп отыр.
Ғылыми-техникалық стильде жазылған еңбектердің сөйлем құрамында қалыптасқан (стандарттық) тұрақты сөздер қолданылуы міндетті емес. Ғылыми зерттеулерде баяндалатын ой күрделі сөйлемдермен беріліп, нақты дәлелдемелер, анықтамалар, қорытынды, тұжырымдама түрінде жазылады.
Көркем әдебиет стилі. Көркем шығармалардың проза, поэзия жанрларының жазылуында өзіндік ерекшеліктері мол. Әдеби шығармалардың тақырып, мазмұн-сюжетінің жазылу мақсаты түрліше. Әдеби шығармаларда қоғамның даму тарихы, ондағы тұрмыс-малт, табиғат құбылыстары, адам психологиясы сөз болады. Жазушы, ақын шығарма оқиғасына байланысты әр кейіпкерді түрлі тіл стилімен сөйлету арқылы типтік образдар жасайды.
Сөйтіп, көркем әдеби шығармаларда оқиғалар, ой желісі, түрлі сезім-күйлер- көріністерді баяндау, суреттеу,бейнелеу, әсірелеу, теңеу, салыстыру тәрізді көркемдегіш сөздер мен фразеологиялық тіркестерді қолдану арқылы өрнектеледі. Жазушы шығармасын ауызекі сөйлеу стилімен де, жазу тілінің нормасымен де жазады.
Әрбір көркем шығармадан сол ақын, жазушының ой-өрісі, тіл шеберлігі, өзіндік стиль ерекшелігі танылады.
Публицистикалық стиль. Публицистикалық стильге түрлі газет-журналдардың, очерктердің, мақалалардың, қысқа әңгімелердің, естеліктердің тілі жатады. Публицистикалық стиль ауызша сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де ортақ қолданылады.
Публицистикалық стильде сөйлем құрылысы мен сөздердің қолданылуы жалпы халыққа бірден түсінікті болады. Мұндағы ойлар жайылма және құрмалас сөйлем түрімен баяндалады.
Публицистикалық стильге шешендер сөздері де жатады. Ол орфография мен орфоэпия нормаларында, әдеби тіл заңдылықтары негізінде қалыптасады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Асхатовна
Просмотров: 1326 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 12:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru