Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» әңгімесі
2014-11-06, 1:58 PM
Ақмола облысы,
Зеренді ауданы,
Зеренді ауылы,
«М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Э.М.Халелова

Сабақтың тақырыбы: Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» әңгімесі
Мақсаты:
а) Дүниежүзілік спорт аренасына шығып, шетелдердегі жарыстарда атақ, даңққа ие болған тұңғыш қазақ - Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолымен, бейнесімен, ерен еңбегімен таныстыру.
ә) Оқушылардың тіл мәдениетіне , ойын толық, дәлелді жеткізе білуіне жетелеу,көркем шығарманы талдай білу дағдысын қалыптастыру.
б) Спортты сүюге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Эвристикалық сабақ (баяндау, сұрақ - жауап)
Пәнаралық байланыс: ән сабағы, география, әдебиет теориясы.
Көрнекілігі: А) Қажымұқан суреті
Ә) Фонограф
Б) Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» кітабы А. 1959ж
В) «Күш атасы» естеліктер А. «Қазақстан» 1990ж
Г) Қажымұқан өмірінен дерек беретін суреттер;
Ғ) «Күш атасы - Қажымұқан», «Қажымұқан - дүниежүзілік спорт аренасына шығып, шетелдердегі жарыстарда атақ –даңққа ие болған тұңғыш қазақ» - деп жазылған сөздер.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылардың сабаққа даярлықтарын қарау;
ә) сабаққа қатынасуларын тексеру; /2 мин /
2.Үй тапсырмасын сұрау:
/ сынып оқушыларын алдын – ала оқу қабілетіне байланысты екі топқа жіктеп: бірінші / орташа оқитындарға / «Қажымұқан» әңгімесін мазмұндау; екінші топқа / жақсы оқитындарға / әңгіме мазмұнымен қоса ақын – жазушылардың Қажымұқан туралы естелік, өлең жырларын қатыстырып жаттау / 10 мин /

3.Жаңа сабақ
Балалар,бүгін біз сіздермен Қалқаман Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» атты әңгімесімен ары қарай таныспақшымыз.Қ.Әбдіқадыров 1903 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қызылорда облысы,Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» кеңшарында зәулім мектепті өз қаржысына салдырған.Өзі балалық шағында жоқшылық тақсіретін көп тартқан Қалқаман кеңес заманында туған жас ұрпақ білім нәрімен еркін сусындасын деп мектепті салдырған екен. Қалқаман – ақын, жазушы,аудармашы.
1941 жылдың көктемінде Қажымұқан Қалқаманның Алматыдағы Карл Маркс көшесі 97 үйіне келіп, өзі туралы өзі туралы кейінгі ұрпаққа жазуын сұрап және жазғанда да « Мені әсірелеймін деп әуреленбе, тек тәңірімнің берген бейнесін ғана жаз» - депті. Сонда Қалқаман «Жазайын, аға» - деп еншісіне тиген 23 күннің ішінде теңізден тамшы ғана алып қалып, «Қажымұқан» хикаятын жазған екен.
Бізге де осынау ардагер ағамыз, қазақ халқының ұлы перзенті, аты спорт тарихына алтын әріптермен жазылған Қажымұқанға небәрі екі - ақ сағат берілгендіктен, мен сендерге оқулықтағы тапсырмадан басқа қосымша тапсырмалар бергенмін. Кім дайын? /5 мин /
Оқушылар жауабы тыңдалғаннан кейін Қажымұқан бейнесіне байланысты және ұлттар достығына байланысты сұрақтар бере отырып, оқушылардың өзіндік ой топшылауын бақылау;
- Қажымұқанның күштілігін қай жерден байқаймыз?
- Шыдамдылығын ше?
- Добрый – Рабый деген кім? Ол Қажымұқанға қандай жақсылық жасады?
- Поддубный мен Қажымұқан туралы не айтасың? Т.б
Олай болса, осындай жойқын күштің иесі Қажымұқанның тұлғасы қандай екен? – деген сұрақ тууы мүмкін.Ол үшін қазір эпидиоскоптан көрсетілген Қажымұқанның дене бітімінің өлшемін көріп, дәптерлеріңе жаза отырып таспаға жазылған Сәкен Сейфуллиннің «Қажымұқан» атты өлеңін тыңдай отырып, тақтадағы Қажымұқанның бейнесін көз алдарыңа ебір сәтке елестетіп көріңдер.
Эпидиоскопта: «Салмағы – 174 кг, бойы – 185 см, кеудесінің ені – 146 см, белінің ені – 173 см, санының қалыңдығы – 71 см, астыңғы және үстіңгі ернінің әрқайсысы – 10см, Маңдайы жалпақ, бас терісі екі елі, үлкен қой көзді. Палуанды ерттеулі аттардың бәрі бірдей көтере бермейді екен.Көбінесе ат жегіп, арба мінген »
Таспадан Сәкен Сейфуллиннің өлеңі тыңдалған соң Қажымұқанның өміріне тоқталамыз; а) Қажымұқан 1883 жылы Ақмоладағы Қараөткел ауданына қарасты Қоспа деген жерде дүниеге келуі.ә) Әкесінің өміріне тоқталу. б) Қажымұқанның әлемді дүр сілкіндірген күрестеріне тоқталу.в) Отбасылық өміріне тоқталу.
Сондай - ақ Қажымұқанның әншілік өнері де болған. Оның көбінесе домбырамен сүйіп орындайтын әні «Жонып алды» екен. Қазір соны тыңдап көрейік. /2 мин / (таспадан тыңдату)
4. Қорыту.
Қара күштің атасы – аталған Қажымұқан 1948 жылы 12 тамызда 65 жасында дүние салды. Жылдар өткен сайын оның ұлы бейнесі ұлғайып, заңғар күші зорайып, тұлғасы биіктей түсуде. Палуанның өзі өлсе де, аты тарихта жазылып қалды.
- Балалар, сендер күрес дегенді қалай түсінесіңдер?
- Куресе білу үшін нені білу керек?
Ал, Қажымұқан: «Күрестің мәні жеңіс пен жеңіліс емес.Оның мәні алақандай аренаға шығып, көрерменнің алдында өз бақытың үшін күресуде.Қимыл – күрестің сыртқы бейнесі. Ал,ең бастысы күрес адамды табандылыққа тәрбиелеп, оны қиындыққа мойымауға үйретеді. Күресті түсіне білудің өзі – күресе білуде », - деген екен.
Мына бір таблицадан әлем чемпионы, даңқты бабаның таңғажайып спорттық жетістіктерінің қысқа ғана тарихын көруге болады. (Эпидиоскоптан палуан өміріне байланысты хронологиялық таблицаны көрсетіп, дәптерге жазғызу)
Сонымен балалар, Қажымұқан аталарыңдай палуан болғыларың келсе, палуандар тілі - спорт. Денсаулықтарың шымыр болсын десеңдер спортты сүюлерің керек.Сөз соңында айтарым:
Қаласын кездім талай дүниенің,
Таныттым мені туған қазақ елін.
Үстімнен жүкті автобус жүрген уақытта,
Сонда да қайыспаған қайран белім, - дегендей өмірде белдерің қайыспайтын батыл, шымыр, еліміздің ертеңінің тірегі бола біліңдер.
5. Үйге тапсырма: а) «Қажымұқан» әңгімесінен теңеулерді теру.
ә) Қажымұқан бейнесін жазу
6. Бағалау
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Эльмира8885
Просмотров: 2696 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 9:30 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru