Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Жазбаша, ауызша тілдің орфографиялық нормалары.
2014-11-10, 11:33 AM
№9 сабақ
Тақырыбы: Жазбаша, ауызша тілдің орфографиялық нормалары.

Мақсаттары:
1) Сөздің айтылу және жазылу нормалары туралы түсіндіру, фонетикалық, морфологиялық, дәстүрлі принциптер туралы мағлұмат беру.
2) Оқушылардың сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
3) Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке, өз беттерімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметі;
• Оқу құралдарын ретке келтіру;
• Оқушыларды тәртіпке шақыра отырып, сабақтың мақсаты айтылады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар тұрақты тіркестерге мысалдар келтіріп, мағыналарын ашады.

33 жаттығу: Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек жазу.
Мақалдар Мәтелдер
Жауды басындырма.
Жақынды ашындырма.

Батыр болсаң, жауды қайтар,
Шешен болсаң, дауды қайтар.

Достан сырыңды жасырма
Дұшпанды басыңнан асырма. Күш атасын танымас.

Көз қорқақ, қол батыр.

Бөріктінің намысы бір.

34-жаттығу: Оқу мен білімге, тәрбиеге, халықты, елді, Отанды, ата-ананы сүюге, ерлікпен ел қорғауға, достыққа байланысты мақал-мәтелдер жазып келу, мағынасын ашу.
/оқушылар өздерінің мақал-мәтелдерін оқып, мағыналарын ашады/

ІV.Жаңа сабақ: Жазбаша, ауызша тілдің орфографиялық нормалары.



Сөздердің дұрыс жазылу ережелері 3 принципке негізделеді:
1.Фонетикалық принцип: сөздің бөлшектері қалай айтылса, солай жазылады.Бұл принцип сөздегі қосымшалардың жазылуында ескеріледі.
Мысалы:адам-дар, ағаш-тар, қарт-қа т.б.
2.Морфологиялық принцип: күрделі сөздердің арасында айтылуында олардың бір сыңарының кейбір дыбысы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бірақ морфологиялық принципке сай түбірлері сақталынып жазылады.
Айтылуы жазылуы
Мысалы: шегара -шекара
жер-гөк - жер көк
қоян-ғолтық -қоян-қолтық
3. Дәстүрлі принцип:
Қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай жазылса, қазір де сол қалыптасқан күйінде жазылады.
Мысалы: айуан, хайуанат, кейуана, миуа, қиуа т.б.
Сөздердің дұрыс жазылуын орфографиялық сөздіктер. Дұрыс айтылуын орфоэпиялық сөздіктерде көрсетіледі.
ІV.Жаттығулар орындау:
37 –жаттығу: орфографиялық сөздіктен түбір тұлғалары өзгеріске ұшырап жазылған және екі түбірден тұратын бірнеше кісі аттарын теріп жаз:
Торайғыр-Торы-айғыр, Ұлбосын-Ұл –болсын, Амангелді-Аман-келді,
Ботагөз- Бота-көз Сәтбай-Сәтті-бай Сатыбалды-Сатып-алды
Қарагөз-Қара-көз Нұргелді-Нұр-келді

39-жаттығу: Берілген сөздер мен тіркестерді оқып, жазылуы мен айтылуын салыстырыңдар, дыбыстық өзгеруінің себебін айтыңдар.
жазылуы айтылуы
жұмысшы жұмышшы
сөзсіз сөссіз
газ жолы гаж жолы
көз жазбау көж жазбау
боз жорға бож жорға
мұз жарғыш мұжжарғыш
қыс бойы қыс пойы
ақ гүл ақкүл /оқушылар жалғастырады/

V. Тақтамен жұмыс:
Кеспе қағазда орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу. /Оқушылар мұғалімнің үстеліндегі кеспе қағаздардағы сөздерді таңдап алып, тақтаға шығып орындайды/

1. Үздүк оқушы -үздік оқушы
2. Көлөңке -көлеңке
3. Кітәб оқу -кітап оқу
4. Жасса -жазса
5. Ауысша -ауызша

VI. Сабақты бекіту сұрақтары:
*Орфография дегеніміз не?
*Орфоэпия дегеніміз не?
*Қандай принциптерге негізделген?
VI. Үйге:40-жаттығу: Төмендегі сөздерді орфографиялық норма бойынша жазыңдар:
41-жаттығу: Берілген сөздердің мағыналарын анықтап, түсіндірме сөздіктің үлгісімен жазыңдар.

VI. Бағалау
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Гульнурка
Просмотров: 5905 | Загрузок: 0 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 2.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 9:09 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru