Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Мемлекеттік тілді оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер
2014-11-23, 5:16 PM
Мемлекеттік тілді оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар оқытудың жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін айтқан.
Қазақ тілі мемлекеттік дәрежеге көтерілді. Қазақ тілін оқыту мәселелеріне айрықша көңіл бөлуді талап етіп отыр. Мемлекеттік тілді орыс мектептерінде оқытуда оқушыларды қазақша дұрыс сөйлеуге, оқуға, сауатты жазуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға (айту, жазу, оқу, сөйлеу) үйрету, ойлау қабілетін дамыту, ойын қазақша жеткізе алатындай болуы көзделеді. Шәкірт талабын шыңдау қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғаліміне үлкен жауапкершілік жүктейтіні рас. Сондықтан оқыту технологияларын оқу мазмұнына оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынаудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.[2]
Инновация сөзі латын сөзінен аударғанда жаңалықты ендіру деген ұғымды білдіреді.Ал инновциялық оқыту дегеніміз - жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу.Қазіргі кейбір жаңалық жүйесі ескінің айналып келуі немесе өзгеріске еніп қайталануынан туған мәселелер.
Білім берудің инновациялық технологиясы – бірыңғай мақсатпен біріккен және оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық технологияларды қамтыған, оқыту, тәрбиелеу және басқару түрлерінің, әдістері мен оқу құралдарының жиынтығы, оқытудың инновациялық технологиялары – нәтижесінде оқу процесіне деген ішкі себептің оң қатынасы анағұрлым жақсаратын, тұлғалық бағытталған, кіріктірілген, ұжымдық іс-әрекеттік, ақпараттық, қашықтықтық, дамытушылық, модульді дамытушылық және т.б. технологиялар жетекші орын алады. [3] «Шәкірт – біліммен толтыратын бос құмыра емес, ол жануға дайын тұрған шырақ, ал ұстаз шырақшы ғана...». Сондықтан, білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа техналогияларын меңгермейінше, сауатты болу мүмкін емес.
Жалпы білім беруде баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын бірінші қойып отыр.
Бұл жүйенің басты компоненті – оқыту мақсаты. Ол мақсат өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдық іс - әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет.
Мұнда бірінші орында білім алушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Оқытудың франтальды түрі – бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады. Технологияландыру процесін іс жүзінде модульдеп оқыту арқылы да жүзеге асыруға болады. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру үшін инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселе болып табылады.
Қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде мектепте білім беру жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырауда . Оған себеп:
- ақпараттық технологияның жедел дамуы;
- жаңа типті мектептердің пайда болуы;
- дарында балалармен жұмыс істеу бағдарламасының дүниеге келуі;
- балаларды шет елдерде оқыту мүмкіндігі туды.
Жаңа технология түсінігіне тоқталсақ, "техно " - өнер, шеберлік, ал "логос" - ғылым деп түсіндіріледі. Өндіріс саласында өнімнің шығару тәсілімен сапасын білдірсе, педагогика саласында шеберліктің мәнін береді.
Жаңа технологиямен оқытудағы негізгі мақсат: Баланың ашылмаған қабілетін ашу, дамыта оқыту, белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдырдың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек, оқыту технологиясы – педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет.
Өз тәжірибемде мынадай технологияларды басшылыққа аламын:
1. Ақпараттық технологиялар;
2. Ізденіс технологиялары;
3. Ойын технологиялары;
4. Педагогикалық технологиялар;
5. Білім беруді ізгілендіру технологиясы;
6. Проблемалық оқыту технологиясы;
7. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы;
8. Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы;
9. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;
10. Ұжымдық ойлау технологиясы;
11. Сын тұрғысынан ойлау т.б.
Бұл педагогикалық технологиялардың маңыздылығы:
- Білімгер барлық тақырыпты меңгереді, яғни жоқ дегенде міндетті деңгейді біледі.
- Білімгер жоғары деңгейде меңгереді, дамиды, ізденеді.
- Білімнің теориялық, жариялық, әділдік қағидалары сақталады.
- Ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасы өзгереді.
- Білімгердің танымдық, интелектуалдық қабілеттері дамиды.
- Өзіндік көзқарасы қалыптасып, тыңдай, сыйлай білу мәдениеті артады.
Инновациялық технология нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.
3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың.
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Қазақ тілі мұғалімдерінің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 бабында: «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық - коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген. Қазақ тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде қазақ тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялық әдістерді барынша қолдануға тырысады. Қазақ тілін оқытуда әлемге кең таралған технологиялар:
Деңгейлік саралау технологиясы - саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әр түрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық - психологиялық ұйымдастыру және басқару шаралары біріктіріледі.
Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту - оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен модельдерін қарастырады:
- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулық, компьютер, т.б) болады.
Жекелік оқудың басты жетістігі - баланың қабілеті мен оқу қызметінің желісін, әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ) ОҮӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы. ОҮӘ принциптері:
- жоғары жетістікке талпыну;
- алынған мәліметті бір - біріне лезде кідіріссіз жеткізу; оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық; әртүрлі деңгейлік;
- тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі.
Аталған жұмыстарды жүзеге асыруда интерактивті әдістің алатын орны аса зор. «Интерактивті әдістер» - оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер немесе оқушылардың бір - бірімен қарым - қатынас жасауға мүмкіндік туғызатын әдістер деп түсінеміз.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытынға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
Ойын арқылы оқыту технологиясы. Міндеті - ойынның оқыту сипатын, оның мазмұны баланың танымдық әрекетін дамытуға бағытталады.
Ойындарға қойылатын талаптар:
1. Ойынға берілген уақыт оқушыны жалықтырмайтындай болуы;
2.Тақырып аясынан ауытқымай, оның мазмұнын ашуы қатаң ескеріледі;
3. Ойынға қажетті материалдар алдын ала даярлануы;
4. Ойынның оқушыға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;
5. Оқушының жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етуі керек.
Қазақ тілі сабақтарында: "Буыннан сөз құрайық", "Алма бағы", "Орамал тастамақ", "Дүкен", "Орнынды тап", "Баспалдақ" т.б.
Ақпараттандыру технологиясы арқылы заман талабынан сай сабақ берідің тиімділігі өте көп. Күнделікті сабақта видео, аудио қондырғыларды мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелерге жеткізіп отыр. Ақпараттық технологияның ерекшелігі: оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің қөзқарасын логикалық түрде дәлелдейді. Проблемалық оқыту технологиясы – білім, білік, дағдыға ие қылу; өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы – білім, білік, дағды қалыптастырумен бірге жеке мәліметтеріне қарамастан оқыту; және оқытуды жеделдету.
Түсіндіре басқарып оза оқыту – білім, білік, дағды меңгертумен мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру.
Деңгейлеп - саралай оқыту технологиясы - әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; оқытуда әр түрлі топтардың ерекшелігіне сәйкес бейімдеу.
Модульдік технологияның ерекшелігі - оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға бағытталуы.[6]
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп ойламын.
Оқыту процесінде жетістіктерге жету үшін оқушыларға ана тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілін де, жазу мәдениетін де ұғындыруымыз қажет.- пікірлерді тұжырымдай келе, коммуникативтік әдіс - тәсілдерді қолдану негізінде мектепте өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрете оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Инновациялық білім беру үрдістерінің мәні, түрлері және құрылымы //Ізденіс. – Алматы, 2005. № 3 (2).
2. Инновациялық білім беру үрдістерін жүйелі басқару үлгісінің қызметтері, құрылымы және технологиялары //Ұлт тағылымы. – Алматы, 2005. № 4. – Б.35-38.
3. Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту методикасы. А, Қазақ университеті, 1991. 20 бет.
4. Жұмабаев М. Педагогика Алматы, Рауан, 1993, 154 б.
5. Маманов Ы. Орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту. А, 1977. 71. бет.
6. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері. Пед.ғыл.докт.дис.-Алматы, 1996ж.
7. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерге қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, "Ана тілі", 1996-206б.
8. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, Ана тілі,1991, 184 бет.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 03000
Просмотров: 1645 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 4:24 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru