Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ү дыбысы мен әрпі.
2014-11-24, 9:14 PM
Благодар орта мектебі
Бастауыш класс мұғалімі. Усманова Жания Шындауылқызы
Сауат ашу
Тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.
Білімділік мақсаты: Ү дыбысы мен әрпін таныту; ү дыбысы бар сөздерді оқу ; жазуға үйрету арқылы сөз қорын, тілін дамыту; әдемі жазуға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: оқушылар бір-бірінің ойын тыңдауға, адамгершілікке қайырымдылыққа баулу.
Дамытушылық мақсаты: сабаққа қызығушылығын, логикалық ойлауын дамыту; ақыл-ой еңбегіне баулу.
Көрнекілігі: Ү әрпі, кесте әріптер, сөздер, түлкі ойыншығы, мазмұнды суреттер.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Әдістері: талдау-жинақтау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру.
1. Психологиялық дайындық
Күн, күн менде, менде
Күн, күн сенде, сенде
Білім менде, білім сенде
Білім бізде, бізде!
2. Күн шуағының жылуын сақтап білімімізді кеңейтіп, көрсете білейік.
2. Негізгі бөлім
1. Тірек білімдерін жетілдіру.
«Мен ұ-дыбысымын». 1 оқушы ұ дыбысы туралы қайталап өтеді.
-Қандай сөздер үйрендің? Не ерекше есіңде сақталды?
2. Жаңа материалды меңгерту.
-Үстел берсең, кіргенде
Үлкен кісі есіктен.
Үлкен екен,-демей ме?
Үйренген ғой бесіктен.
«Үстел, үлкен, үйренген сөздеріне назар аудартып, ү дыбысын шығарып алу және таныту».
3. Суретпен жұмыс
-Суреттен ү дыбысы бар нелердің суреттерін көріп тұрсыңдар?
-Үйрек, үкі, үстел, қыз бала, үкілі бөрік.
-Осы сөздердің ішінен үкі, үтік, үйрек сөздерін кеспе әріптермен жазып, дыбыстық талдау жасасақ, сабақ қонағы келеді.
4. Дәптермен жұмыс.
-Балалар, түлкі қуланып тұр.
Мен түлкімін, түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Байқамасаң балалар,
Алдап кетуге әзірмін.
Түлкі алдап кетпей тұрғанда ,ү әрпінің кіші түрін жазып үйренейік.
-Мұғалімнің түсіндіруі
-Ауада және дәптерге орындау.
5. Оқулықпен жұмыс.
-Түлкі қандай аң екен?
-Түлкі туралы білгілерің келе ме?
а) «Ормандағы аңдар» мәтінін мұғалімнің оқуы.
ә) Жеке оқушыларға оқыту.
б) Сұрақтар қою:
-Түлкі қайда тіршілік етеді?
-Оның терісінен нелер тігіледі?
-Сөйлемде неше сөз бар?
-Қай сөзді түсіңбедің?
6. Сергіту сәті.
-Балалар, түлкі айлакер, қу аң екен. Ал сендер қандайсыңдар?
- Мен жақсымын.
- Мен үлкен бола аламын.
- Мен кішкентай бола аламын.
- Мен семіз бола аламын.
- Мен арық бола аламын.
- Бірақ мен сондаймын
- Жаным таза сұлу
- Мен үлгілімін
- Мен әдептімін
Сұрақ: Ү дыбысы бар қандай сөздер кездесті?
7. Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрату.
Балапандарын ертіп серуенге шыққан тауықты көрген түлкі ұрлана жақындап келеді. Ал тауық өзеннің арғы бетіне өтуі керек. Оларды құтқарудың бір ғана жолы бар.
Суретке қарап әңгіме құрастыру.
8. Бекіту.
Қатар тұрған ұ мен ү айтысып қалады. Ұ: -Менің әсем белдігім бар. Қарашы қандай сөздерді айта аламын деп мақтанады.
Ал ү дыбысы ойланып қалады.
-Бізде ойлана отырып, осы сөздерден басқа сөздер ойлап көрейік.
Құн ұн құз құндыз
Күн үн күз күндіз
-Оқушылар, күн шуағынан жылу ала отырып, сабақты бастап едік. Сол жылулық бүгін сақталды ма?
Алдарыңдағы сөздерді оқиық.
Үкі, үлгілі, үйрек, гүлдер, жүгері.
Күн сендерге дән риза, қуанышты. Күндей күліп, жақсылық пен көмектеріңді бір-біріңе бере жүріңдер.
Оқушылар мадақталады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: SAULE777
Просмотров: 733 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 2:28 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru