Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Грамматикалық ойындар арқылы оқушылардың белсенділігін
2014-12-02, 11:02 AM
Грамматикалық ойындар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.
Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді.Бірақ олардың ақыл-ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалдарды ұғынуға бірдей емес.Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Кейде үлгере алмайтын оқушылар да кездеседі. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау және еркін шығармашылыққа жетелейтін осы пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі-грамматикалық ойынның түрлері. Дамыта оқыту жүйесінде грамматикалық ойындардың атқаратын маңызы зор.Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Ойын сабақтары оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін щыңдайды.
Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін, әсіресе тіл сабағын меңгерту мақсатында жиі пайдаланамын. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.
Қазақ тілі пәнінің фонетика,лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әр түрлі әдіс-тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика саласы бойынша
«Кім жылдам?» ойыны.
1. А әрпінен басталатын қалалардың аттарын жазыңдар.
Мысалы: Алматы, Астана,Ақмола,...
(Ол қалалрдың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп,қала туралы не білетінін сұрау).
2. Тек қана а ( е,ы,і) даусты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар.
Мысалы:Шағала, Тамара,тамаша,...
(ы) Ыдыс,Ыдырыс, ыстық,...
(і) Ілгіш,ірімшік, тіршілік,...
(е) Береке,текемет,ертең,...
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: Азиза, нан, қырық,....
«Кім көп тауып айтады?» ойыны.
1. Басы да, аяғы да қ немесе қ дыбысынан келетін 5 әріптен аспайтын сөздер тауып айтыңдр.
Мысалы: Қазақ, қонақ,....
Керек, күрек,....
2. Оңға оқыса да, солға оқыса да мағынасы бар сөздер жазыңдар.
Мысалы:Нарық-қыран,қал-лақ, ескек-кексе,...
«Дыбыс таңдау» ойыны.
1. Ойынның шарты: Құралбайдың құраған сөйлемдері мынадай:
Қойдан қалып қойған қара қозыны Қосай кораға қамап қойды.
(ал сен осындай сөйлем жаза аласың ба?)
2. Бастапқы дыбыстары біркелкі бірдей дыбыстардан басталған жұмбақтар немесе жаңылтпаш жазыңдар.
Мысалы: Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді. (Ерін)
(жұмбақты шешуін фонетикалық талдау жасаңдар).
«Сөзтізбек» ойыны.
Шарты әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасаңдар.
Мысалы:Көйлек-кеме-емес-наурыз-....
(бұл ойында кімде-кім белгілі бір уақыт ішінде (5мин.) 20сөз жазып шықса, сол жеңімпаз болып саналады.
«Адасқан әріптер» ойыны
Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жасаңдар.
1. Р,о,б.
2. А,ш, а,ғ.
3. Т, р, е, м,е.
4. Қ,ы,а,з,қ.
5. А,л,а,д.
6. І, м, б,л,і.
«Әліпби тәртібі» ойыны.
Сыныптарындағы оқушылардың есімдерін әліпби тәртібімен жазып шығыңдар.
(ішінен мұғалім біреуін атайды, оқушы оған мінездеме береді, жақсы қасиеттері мен өзі ұнатпайтын әс-әрекеттерін айтады.)
«Әріптерді қосып оқыңдар» ойыны.
Төменгі дауыссыз дыбыстар мен дауысты дыбыстарды ретіне қарай қосып оқысаңдар жұмбақ шығады. Ол қандай жұмбақ?
Шешуі не?
С, н, м, з, қ, н, ш.
Б,л, м, й, м, з.
Т, н, м, н, қ,з.
А, ы, ы, а,а.
І,е, і.
Ү,і,е,ө.
І,е,і.
«Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» ойыны.
Бастауыш төменгідей жаңылдырғыш сұрақтар жазылған плакатты тақтаға іледі де:
-Кім жаңылмай жауап берер екен? –деп ойынға қатысушыларға қарайды. Жаңылмай жауап беруге бекінген бала:-Жаңылдырсаң да жаңылмаймын-деп тақта алдына шығады да, жауап береді.
Жаңылдырғыш сұрақтар.
1. Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?
2. Сөз құрамында дыбыс көп бола ма, буын көп бола ма?
3. Шалға қарағанда балада не көп?
4. Қай буында дыбыс көп болады?
Ашықта ма, тұйықта ма, бітеуде ме?
5. Ант пен қант, оқ пен тоқ,ұрт пен мұрт, ерт,пен серт деген жұп сөздерде 2 ұқсастық және 2 айырмашылық бар екен. Соны тауып дәлелдеші.
6. Бота мен қозы ұқсас екен дейді кейбір балалар. Олар қалай ұқсас бола алады?
Лексика саласы бойынша
«Жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөздер жазылады. Олардың қалған сөздерін оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда.....
2. Ұшқанда.......
3. Ата көрген.....
Ана көрген.....
4. Істі......
Терең.....
Икемді.....т.б.
« Кім білгір?» ойыны. Тақтаға заттардың, жан-жануарлардың суреттері ілінеді. Суретке байланысты айтылған мақал-мәтелдерді кім біледі?
(Көп айтқан оқушы жеңімпаз болады).
« Кім тапқыр?» ойыны. Ішінде анатоним сөздері бар мақал-мәтелдер тауып жазыңдар.
1. Үйдің.....-қыс түскенде білерсің.
Кімнің....-...іс-түскенде білерсің.
2. Ашу-.....,ақыл-....
3. Ақылдан жақын...жоқ,
Ашудан жаман....жоқ.
4. ... аттың жалы жоқ.
...жалымен теңелер.
....адамның малы жоқ.
....малымен терең. ( Оқушыларға антоним сөздердің мақал-мәтелдердегі орны туралы айттырамын).
«Жылдам жауап» ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал- мәтелдермен дұрыс әрі жылдам-жылдам жауап берулері керек.
Әзіл аралас сұрақтар
1. Қар жана ма?
2. Келіннің сөзі қандай, баланың сөзі сондай№
3. Көрдім деген неше сөз, көрмедім деген неше сөз?
4. Ананың сүті мен баланың тілі бірдей дейді. Сонда қалай?
5. Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?
6. Адамның қай жеріне нан піседі.
7. Сиырдың сүті қай жерінде?
8. Қандай бала сүйкімді?
9. Қандай кілт аспанда
10. Тауы түс көре ме екен?
Кім дұрыс пайдалана алады? Ойыны. Плакатқа жазылған тұрақты тіркестерді тақтаға іледі.Ойынға қатысушылар оларды қатыстырып, әрқайсысына бір сөйлемнен ойлап жазулары керек.
Тұрақты сөз тіркестерін дұрыс пайдаланып, сөйлем құрай білген балалар жеңіске ие болады.

Тұрақты тіркестер:
1. Ат ізін салмау.
2. Шаш ал десе, бас алу.
3. Қолын жылы суға малып отыру.
4. Қабағы ашылмау.
5. Төрт көзі түгел.
6. Бетіне қакпау.
« Кім жылдм?» ойыны. Мынадай сөздердің қайталануымен аяқталған мақал-мәтелдерді кім тауып айта алады? Мақалдың мәнін түсіндіріңдер.
1. ... ... шығады,
... ... шығады.
2. ... ... ортақ,
... .... ортақ.
3. ... ... –бал,
... ... –бал.
4. ... ... боларсың,
... .... боларсың.
«Кім тез табар?» ойыны. Әріптерді жүйелі қолдансаң, бір мақал шығады. Тауып көр. Мақалдың мағынасын түсіндір.
Ұ Н Ы Д А
Й А ұ Т қ
Д С А Ы М

«Мені түсін» ойыны. Қағазға бір мақал жазылмайды. Оны ойынға қатысушы бір оқушы оқып, мағынасына қатысты басқа мақал жазады да, алғашқы мақалды көрсетпей қағазын бүктеп, келесі ойыншыға өзінің жазған мақалын оқытады.Ол сол мақалдың мағынасына қатысты мақал жазады да, келесі ойыншыға береді.
Ойын осылай жалғаса береді. Ең соңында ойын жүргізуші қағаздағы мақалдың басынан бастап тізіп оқиды. Сонда мақалдардың мағынасы бір-бірінен сай болса, сол топ жеңіскер атанады.
«Саяхат» ойыны. Төмендегі тірек сөздердің қатыстырып, әңгіме жазыңдар. Жексенбі күні, көктем, саяхат, ауыл сырты, қандай көркем, көкпеңбек, масатыдай құлпырды,түрлі-түсті гүлдер, таза ауа, гүл, теру, үйге оралу.
«Кім кідірмей айта алады?» ойыны. Жан-жануарлар мен хайуанаттардың, төрт түлік малдың төлдерінің аттарын білесіңдер ме? Білсеңдер айтып көріңдер.
Мысалы. Ешкі баласы-лақ.
(Төмендегідей екі тармақты ұйқас құрастырып көріңдер).
Мысалы. А) Қызыл, сары, ақ,
Ешкі баласы-лақ.
Б) Құлақтары шұнақ,
Ешкі баласы-лақ.
Ә) Секірді тастан бір-ақ.
Ешкі баласы-лақ.
Морфология саласы бойынша.
Қос сөздер қай сөз табына жатады.
Төменгі қос сөздерді оқып шығып, қайсысы қай сөз табына жататынын айтыңдар. Оларды қатыстырып сөйлем құраңдар.
Дау-дамай, жалғыз-жарым, пыш-пыш, өліп-өшу, майда-шүйде, кімде-кім, өзінен-өзі, мең-зең, телегей-теңіз, жалынып-жалпаю, күйбең-күйбең, жеңіл-желпі, пай-пай, жиған-терген.
«Ойлан тап!» ойыны. 1. Біріккен сөздердің барлығы екі сөздің бірігіп айтылуынан жасалады. Ал үш сөзден бірігіп жасалған адам,жер-су аттарын ойлап табыңдар.
2. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі-тағам пісіретін ыдыс аты. Ол қай сөз?
3. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп,бір аңның атын білдіреді. Ол қай сөз?
4. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады.
«Білсеңдер айтыңдар» ойыны. 1. А) Қара қызыл.Ә) Түкті, түксіз, Б) Басты, мүйізді, кеуделі, санды, қанатты, ізді, тірсекті деген сын есімдер қай жұмбақтарды кездеседі.
2.А) Бейнетсіз
Ә) Семіздің семіз.
Б) Тату деген сын есім қай мақалада кездеседі.
«Сөз» ойыны.Бір оқушы сын есім айтады, екінші оқушы оның айтқан сан есіміне ұйқастырып, сөз тіркесін немесе сөйлем құрастырып айтады.
Мысалы: Бір-сыныпқа тез кір.
Менімен еріп жүр.
қозғалмастан тұр.
Немесе, мына тұрғыда: Бір дегенім-бесік,
Шықтық содан өсіп.
«Бір және мың» ойыны. Бір және мың сан есімдері бар мақал-мәтелдер ойлап жазыңдар. Мысалы. Білекті бірді жығады.
Білімді мыңды жығады.
«Ойна да ойла» ойыны.
1. Адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жазыңдар.
2. Қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жазыңдар.
3. Көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға болмайтын зат есімдер жазыңдар.
«Ойлан, тап! Ойыны. Ма, ме, ба,бе,па, пе буындарына аяқталған сөздердің бәрі болымсы етістік бол бере ме? Ойынды дәлелде.
Мысал келтір.
«Сыңарын тап!» ойыны.
Сызбада берілген сөздердің сыңарлары бойынша біріккен сөздерді табыңдар. Қай сөз қай сөздің сыңары?
Біріккен сөздердің мағынасын түсіндір.
аспан
мұрын
көз
адыр
бота
ат

ала
ақ
жалман
ит
сақал
балық

«Кім тез тауып оқи алады?» ойыны. Төмендегі сөйлемде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
1. Абайдың жайында баяндама біз өмірбаяны тындадық.
2. Баға өте пен Мұрат әдебиет алды жақсы алгебрадан.
Грамматикалық ойындар оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, тапқырлыққа, жылдамдыққа, байқағыштыққа баулиды. Ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтеді, шығармашылық қабілетін ұштайды.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Асхатовна
Просмотров: 3412 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 10:28 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru