Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

разработка урока
2014-12-02, 2:16 PM
З. К. Мусекина
БМФ «Голубой парус» балабақша- гимназиясы»
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі. Астана қ.

Ашық сабақ 2 «Б» сынып
Тақырыбы: Апта күндері
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың белсенді сөздік қорын байыту, ой-өрісін кеңейту, апта күндерін меңгерту, реттік сан есімдердің жасалу жолдарын түсіндіріп, қолдана білу.
2. Дамытушылық: Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беру арқылы ауызекі сөйлеу тілін дамыту, ойлау, есте сақтау, сауатты жазу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Уақытты босқа өткізбей, бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, көрсету, еліктеу, сергіту, ойландыру, жаттықтыру.
Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпы
Көрнекілік: тазалық заттары, суреттер, слайдпрезентация, сөздер, фишкалар.
Пәнаралық байланысы: есеп, дүниетану

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
- Біз қандай тақырыпты өттік?
- Біз «Тазалықты сақтайық» тақырыпты өттік.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Үйге 98-109 бет қайталау берілді.
- Кел, балалар, ойнайық.Ойнайық та , ойлайық!«Саған не керек?» ойыны арқылы өткен тақырыпты қайталаймыз.
Үстелдің үстінде жатқан тазалық заттарын атаңдар. Саған не керек? Сен не істейсің? Сұрақтарға жауап бер.
- Мынау – сабын. Маған сабын керек. Мен қолымды жуамын. (сүлгі, тіс пастасы, тіс щеткасы, тарақ)
- Жақында қандай мереке болды?
- Аналар мерекесі.
- Сендер аналарыңа көмектесесіңдер ме?
- Иә, мен анама көмектесемін?
- Не істейсің?
- Мен кітаптарды, ойыншықтарды, киімдерді жинаймын.
- Заттың көпше түрі қалай жасалады?
- Көптік жалғаулар: -лар,-дар,-тар,-лер,-дер,-тер арқылы жасалады.
Мысалы: кітаптар, киімдер, балалар.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сұхбаттасу.
- Сендер оқушы баласыңдар ма?
- Біз оқушы баламыз,
Жақсы баға аламыз.
Таудай үлкен талабымыз,
Содан жақсы сабағымыз. (тақпақ айтады)
- Сендер мектепке неше күн барасыңдар?
- Біз мектепке бес күн барамыз.
- Неше күн демаласыңдар?
- Екі күн демаламыз.
- Бұл күндер – апта күндері деп аталады.
- Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Апта күндері»
(сабақтың мақсаты, жоспары айтылады)
2. Сөздік жұмысы:кеше, бүгін, ертең (слайд)
а) Сөздерді тыңдау, қайталау.
ә) Сөздерді буынға бөліп, түрлерін анықтайды.
б) Сөздерді сөздік дәптерлеріне жазады.
3. Сұхбаттасу: Бүгін қай күн? Ертең қай күн болады? Кеше қай күн болды? Бір аптада неше күн бар? (слайд)
4. Грамматикалық жұмыс:
Реттік сан есімнің жасалу жолдарын түсіндіру. (слайд)
5. Дәптермен жұмыс: Апта күндерін дәптерге жазады. 110б.2-тап.
Реттік сан есім жұрнақтарын белгілейді.(слайд)
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық!
6.Үлгі бойынша сөйлес. Жұптасып оқы.111б.3-тап.
7.Мәтінмен жұмыс: Тыңда. Оқы. 111б. 4-тап.
ІҮ.Сабақты бекіту:
1.Сұрақ-жауап жұмысы:
- Ертең қай күн?
- Сен не істейсің?
2.Үлгі бойынша сөйлес: 111б. 6-тап.
- Ол дүйсенбі күні сурет салады.
3. Сұхбаттасу: (слайд)
- Сенің сүйікті ісің қандай?
- Менің сүйікті ісім би билеу.
- Сен аптаның қай күні би билейсің?
- Мен бейсенбі күні би билеймін.
Ү.Сабақты қорытындылау:
1.Санамақты жаттау: (слайд)
Апта деген ағайдың
Жеті бірдей ұлы бар.
Біріншісі - Дүйсенбі,
Екіншісі - Сейсенбі,
Үшіншісі - Сәрсенбі
Төртіншісі - Бейсенбі,
Жұма деген бесінші ұлы,
Алтыншы ұл - Сенбі,
Жетіншісі - Жексенбі.
Балалар санамақты хормен оқиды, естеріңде сақтайды.
2.Апта күндерін құрастыру:
Оқушылар ретімен тақтаға шығып, түрлі-түсті қағаздарға жазылған апта күндерін ретімен тақтаға іледі.
3.Оқушыларды бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма:
110-111бет оқу №2 дәптерде жазу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Коллега0547
Просмотров: 1406 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 6:09 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru