Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Кім болғым келеді?"
2014-12-11, 4:16 PM
ШҚО, Семей қаласы, «№ 11 ЖОББМ» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Алшинханова Гульмира Кабдыкаримовна

Сабақтың тақырыбы: «Кім болғым келеді?»
Мақсаты:
Білімділік:мамандықтар туралы алған білімдерін тереңдетіп, олар туралы айтуға дағдыландыру, қалау райдың жасалуын түсіндіру, практикалық жолмен меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорларын молайту, ой - өрісін кеңейту, ауызекі сөйлеу, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: әр мамандықтардың өзіндік ерешеліктерін көрсетіп, мамандықтардың басты мақсаты - елге қызмет көрсету екенін түсіндіру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Топпен жұмыс істеу арқылы ұайымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Тілді құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Міндеттері:
Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;
Оқушыларды қарым- қатынасқа психологиялық дайындау;
Оқушылардың сабаққа дайындылығын тексеру;
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, рөлдік ойын, өлеңді мәнерлеп оқу, ойландыру, іздену, әңгімелеу.
Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі, бейнелеу өнері, технология
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер, слайдтар; дәрігердің, тігіншінің жұмыс құралдары
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Міндеттері:
А) үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;
Ә) кемшіліктер мен қателерді анықтау;
Б) қатемен жұмыс.
Үйге берілген тапсырма: А. Сопыбековтың өлеңін мәнерлеп оқу,өз ата - аналарының мамандығы туралы айту.
Рөлдік ойын.Ал енді ойын түрінде көрейік: дәрігерлер, аспазшылар, мұғалімдер, тігіншілер не істейді? Кім қай мамандықты қалайды, сол топқа барады. Тапсырмаларың үстелдің үстінде жатыр, дайындалуға 3 – 5 минут беріледі.
Дәрігерлер: диалог құрастырады. /керекті сөздер үстелде/.
Тігіншілер: мәтіндегі көп нүктелердің орнына керекті сөздер жазады.
Аспазшылар: бір қазақ халқының ұлттық тағамын даярлау тәсілін айтады.
Мұғалімдер: сабақтың үзіндісін көрсетеді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Кім болғым келеді? Сабақта өзімізге ұнайтын мамандық туралы айтуға үйренеміз.
Жаңа сабақ:
Жаңа сабақты түсіну үшін грамматиканы қайталауымыз керек.
-Етістік нені білдіреді?
-Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
-Сөйлемде қандай мүше болады?
-Оның неше шағы бар?
Етістіктің райы да бар / наклонение/. Орыс тілінде қандай райлар бар?
Орыс тілінде желательное наклонение деген жоқ, ал қазақ тілінде бар.Ол қалау рай деп аталады.
Топтық жұмыс: қазір сендер тірек сызбаны түсініп, қалау рай не арқылы жасалатынын айтасыңдар.Топтық жұмыс.
/ Бір оқушы тақтаға шығып түсіндіреді: Қалау рай -ғы,-гі, -қы, -кі жұрнақтары, тәуелдік жалғауы, одан кейін кел етістігі тіркесіп келу арқылы жасалады./
Оқушы шығып «тілші болғым келеді» сөз тіркесін жіктейді.
Ж.т.
Ж. Менің ... болғым келеді
Сенің ... болғың келеді
Сіздің ... болғыңыз келеді
Оның ... болғысы келеді
Сергіту сәті.
«Кім біледі?» ойыны: слайдтарға қарап кім қай маманның иесі екенін анықтау.
Өздікжұмыс. Тапсырма: жазылған сөйлемдерді аяқтау.
Өмірде мамандықтың ... / …/ көп .
Менің ... ... келеді.
Жақсы маман болу үшін ... / …/ керек .
Мен болашақта жақсы ... /…/ боламын.
Сұхбат құру. Балалар, бізге «Ұстаз» газетінен тілші келіп тұр(жоғары сынып оқушысы), ол сендермен мамандықтар туралы сұхбаттасады. (Сенің атың кім? Сенің кім болғың келеді? Жақсы маман болу үшін не істеу керек? Жақсы маман болу үшін қазақ тілін үйрену керек пе?)
Тіл дамыту. Ақын Әдібай Табылдиевтің «Атамның батасы» деген өлеңді тыңдаймыз./ Электрондық кітап /.
Өлеңмен жұмыс:
1) жаңа сөздерді оқып жазу;
2) әрбір оқушы жаңа сөздерді өз қатарласына оқып аударады;
3) бір оқушы өлеңді оқып аударады;
4)оқушылар жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрастырады;
5) 3-4 оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.
Үйге тапсырма: осы өлеңді, жаңа сөздерді жаттайсыңдар, болашақта кім болғыларың келеді туралы айтасыңдар.
Рефлексия кезеңі. Балалар,аспаннан жұлдыз аққанда, адамдар ішінен өздерінің құпия тілегін айтады, ол орындалады деп сенеді. Сендердің парталарыңда жұлдыздар жатыр. Қазір сендер бір жағына кім болғыларың келеді жазыңдар, екінші жағына фамилияларыңды жазыңдар. Келешекте жақсы маман боласыңдар деген ниетпен осы суреттерді тақтаға іліп қоямыз.
Қорытындылау кезеңі, бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: gulmira8299
Просмотров: 899 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 9:43 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru