Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Мәтін арқылы оқушылардың сөйлеу және ойлау қабілетін арттыру /Мәтіндер мен тапсырмалар жинағы /
[ Скачать с сервера (674.2 Kb) ] 2015-01-04, 5:15 PM
Мәтін арқылы оқушылардың
сөйлеу және ойлау қабілетін
арттыру
/Мәтіндер мен тапсырмалар жинағы /

Құрастырған:
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Балтабаева Венера Қабылғажықызы




2014 жыл


УДК

Авторы: В.Қ.Балтабаева
«Мәтін арқылы оқушылардың сөйлеу және ойлау қабілетін арттыру».
Жалпы орта білім беретін мектептердің 5-7 сыныптарына арналған
мәтіндер мен тапсырмалар жинағы.

Пікір жазған

Алғы сөз

Мектеп оқушыларына қазақ тілін оқытудағы мақсат - оқушыларға әр түрлі мәтіндер, диалог және монолог арқылы тіл үйрету, яғни қазақ тілінде сөйлей білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
Мәтіндер жиынтығының мақсаты: оқушының жазба тілін дамытуға ,сауаттылыққа, әдеби тіл нормаларын игеруге, күрделі ойлау формасының қалыптасуына, ой қорытындысын жасауға үйрету.



Еңбек

Әлімхан мен әкесі, атасы ауыл аралап келеді. Тұс-тұста үй іргесіне бау-бақша егілген. Жаз мезгілі. Таңертеңгі жайлы ауа. Әркім топырақты баптап, қауын, қарбызын, жүгерісін аралап жүр. Диханшылық кәсіпке үйреніп қалған. Бұдан бұрын осы жерлер бос жататын. Бау-бақша егілмейтін. Егілсе де, баладай мәпелеп қарамайтын деді атасы.
- Есімде,- дейді Әлімханның әкесі.
- Нанның оңайға түспейтінін, еңбекпен, термен дастарқанға келетінін бүгінгі нарық заманы талап етуде, - дейді атасы.
- Қиын, бірақ еңбек етсең жағдайың оңалатынына көбіміздің көзіміз жетті, - дейді.

Тапсырма:
Сұрақтарға жауап беріңдер.
- Мәтін кімдер туралы?
- Қай жыл мезгілі суреттелген?
- Адамдар не істеп жүр?
- Атасы не деп айтты?
- Нан дастарқанға қалай келеді?



Тауық, тышқан және құр.

Ерте заманда тауық, тышқан, құр - үшеуі бір тұрыпты. Бір күні тауық арпаның дәнін тауып алыпты. Ол қуанғаннан:
- Дән таптым!-деп айқалапты.
- Мұны диірменге апару керек. Кәне, қайсың алып жүресің? - депті тауық.
- Мен апара алмаймын, - депті тышқан.
- Мен де апара алмаймын, - депті құр.
Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті. Диірменге тарттырыпты.
Тауық:
- Енді ұнды үйге кім арқалап апарады?-депті.
- Мен апара алмаймын,-депті тышқан
- Мен де апара алмаймын,-депті құр.
Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті.
- Кім қамыр илейді?-деп сұрапты тауық.
- Мен илей алмаймын,-депті тышқан.
- Мен де илей алмаймын,-депті құр.
Қамырды тауықтың өзі илепті.
Тауық:
- Кім от жағады? - деп сұрапты.
- Мен жаға алмаймын, - депті тышқан.
- Мен де жаға алмаймын, - депті құр.
Отты да тауық өзі жағыпты.
- Пешке нанды кім салады? - деп сұрапты тауық.
- Мен сала алмаймын,- депті тышқан.
- Мен де сала алмаймын, - депті құр.
Нанды да тауықтың өзі салыпты.
- Нан қып-қызыл болып пісіп шығыпты.
Тауық нанды алып қойыпты да:
- Мұны кім жейді? - деп сұрапты.
- Мен, - деп тышқан стол қасына келіп отырыпты.
- Мен де жеймін, - деп, құр да стол қасына келіп отырыпты.

Тапсырма:
1.Мәтін кімдер туралы?
2. Ой қозғау.
Нан туралы не білесің?

Түске алданғандар.

Үш аңшы аңға шығыпты. Күні бойы құс аулап, кешке жалғыз үйрек атып алыпты. Аңшылар әбден шаршап, бір өзеннің жағасына келіп түнейді. Үйректі пісіреді. Үйрек піскен соң, бір аңшы:
- Бұл үйректі үшеуіміз жеп тоймаймыз, сондықтан біреуіміз ғана жейік, - депті.
- Үйректі жауып қояйық та, үшеуіміз де жатып ұйықтайық.
- Кім жақсы түс көрсе, үйректі сол жесін, - депті бір қу жігіт.
Түн ортасында қу аңшы тұрып, үйректі жеп, табақты бұрынғыша жауып қояды. Таңертең аңшылар оянып, тұрған соң:
- Қандай түс көрдіңдер? - деп сұрайды.
- Мен ақ боз атқа мініппін, басыма алтын тәж киіппін, патша болыппын, - дейді
- Мен жұмаққа кіріппін, жұмақта қор қыздарымен бірге жүр екенмін, - депті екінші аңшы.
Сонда қу аңшы айтыпты:
- Екеуің де рас айтасыңдар, мен сендерді көріп жаттым. Бірің патша болған соң, енді бірің жұмаққа кіріп кеткен соң, бір үйрекке бола қайтып келмес деп, үйректі мен жеп қойдым, - депті.

Тапсырма:
1.а) Аңшылар нешеу?
ә) Қандай құс аулады?
б) Түс дегеніміз не?
в) Аңшы қандай қулық жасады?
2. Көнерген сөздерді тап.



Менің досым


Апасы Ырысбектің қолына екі алма ұстатты.
Мына алманың біреуін өзің же де, біреуін досыңа бер.
– Апа, менің досым жалғыз емес.
– Ендеше қанша?
– Бесеу.
– Олар кімдер?
– Антон, Ғаниден, Әпсалам, Бауыржан, Вова...
Шешесі бес алма берді.
– Досқа бергенің босқа бергенің емес. Дұрыс істегенсің.
Ырысбек алмаларды алып, үйден шықты.

Тапсырма:
1.Зат есімдерді теріп жаз.

жалқы жалпы





2. Өзіңнің досың, құрбың туралы әңгімелеп айт.

Қожанасыр.

Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты. Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп, қайта келіпті. Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде:
- Қожаке, алыңыз, алыңыз! - деп қадірлепті. Қожа етті жемеді, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же, шапаным, же,-деп отыра беріпті. Үй иесі өкпелеп:
- Сіз не қылғаныңыз, шапан ет жей ме? - дейді.
Сонда Қожа:
- Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой, - деп жауап беріпті.

Тапсырма:
1.Зат есімдерді теріп жаз.

жалқы жалпы




2.Қожанасырға мінездеме жаз.

ақылды

Қожанасыр

Ақселеу.

Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі-Ақселеу де, екіншісі-Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.
- Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды! - деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.
Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды. Абыз Ақселеудің жанына келіп:
- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің, - деді.
- Мен қашсам, денсаулығың жоқ, алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым, - деді Ақселеу.
-Ақселеу бала да болса, азамат екен! - деді екеуінің әңгімесін тындап тұрған бір ақсақал сүйсініп.

Тапсырма:
1. Мәтін не туралы?
2.Достық ұғымын қалай түсінесің?
3. Балалардың аты кім?
4.Олар неден қорықты?
5.Ақселеу қандай ерлік көрсетті?
6. Сын есімдерді тап. Тапқан сын есімдерді пайдалана отырып , Ақселеуге мінездеме беру.

Егінші мен қасқыр



Егінші таңсәріден егін орып, шаңқай түсте демалды. Аздап тыныққан соң, қолына нан алып, жей бастады. Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:
- Адам, не жеп отырсың? – деп сұрады.
- Нан.
- Маған да наныңнан берші!
Егінші нанынан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады. Сондықтан да ол егіншіге мынадай тілек білдірді:
- Сенің тамағың дәмді екен. Менің де күн сайын тамақ жегім келеді. Сен маған оны табудың жолын үйретші...
Егінші қасқырға:
- Алдымен жер жыртасың, одан соң тырмалайсың, – деді.
- Содан соң нан бола ма?
- Жоқ, жерді жыртып, тырмалап боласың да, тұқымды әзірлейсің, себесің...
- Содан соң нан бола ма?
- Жоқ, жоқ! Күзде қара бидай егесің. Ол көктемде көгеріп жер бетіне шығады, ал жаз ортасында піседі.
- Содан соң нанды жеуге бола ма?
- Қайда әлі! Қара бидайды ору, оны баулау керек. Ол бауларды жақсылап жел қағып, күнге кептірген соң, қырманға апарып, маялау керек...
- Сонда нан бола ма?! –деп қасқыр айқайлап жіберді.
- Жоқ қара бидайды жиып алған соң, бастыру керек, бастырып болған соң, бидайды диірменге апарып, ұн ғып тарту керек.
- Сонда жеуге бола ма?
- Жоқ, әлі! Қамыр ашытып, оны илеп, пісіру керек...
- Сонда нан бола ма?
- Иә, сонда нан болып, жеуге жарайды, – деді егінші.
- Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей-ақ қояйын, –деді қасқыр.

Тапсырма:
1. Сұрақтарға жауап бер.
а) Мәтін кім туралы? (Егінші мен қасқыр)
ә) Екеуі не туралы сөйлесіп отыр? (Нан туралы)
б) Қасқырдың қандай екенін байқадыңдар? (Шыдамсыз).
Рөлге бөліп оқыту.
2. Ой қозғау.
 Нан қалай жасалады?
 Нанның қандай түрлерін білесіңдер?
 «Нан» ұғымын қалай түсінесіңдер?

Құлын.

Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Оны ана ағашқа байлап қойды. Биенің қасында ойнақтап жүрген құлын әдемі-ақ. Жанына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекул еттім. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып, қарап тұрды. Қайта келіп, есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. ”Жануар-ай, шөлдеген екенсің ғой” деп ойладым.
Көшедегі су құбырының суын ағызып қойдым. Құлын жасқана басып суға жақындады. Аузын тосып еді, су танауына кіріп кетіп, пысқырынып шегінді. Суды азайтып ағыздым. Құлын суға тұмсығын тосып, ұзақ ішті. Осылайша екеуіміз достасып кеттік. Жалынан сипасам, сүйсіне қарап тұрады.

Тапсырма:
1. Сұрақтарға жауап бер.
а)Құлын қай жануардың төлі?
ә)Жылқының пірін қалай атайды?
б)Құлын әңгімесінде не суреттеледі?
2) Жинақтау. Мәтіндегі тірек сөздермен жұмыс.
Құлын

Бие

Ағаш

Су

Көше

Достасу
Ұлттық киім.

Ерлердің киімдері: жейде, шалбар, қамзол, ішік, тон. Ерлердің бас киімінің түрлері көп: қалпақ, тымақ, бөрік, малақай т.б.
Әйелдердің ұлттық киімдері ерекше болады. Олардың киімдері әсем өрнектермен оюланып тігіледі. Көйлектердің сыртынан алтын жіппен, асыл тастармен әшекейлеген қамзол киіледі. Үйлену тойына киілетін сәукеле қымбат тастармен, күміс, маржанмен әшекейленеді. Бұны жасаушылар бір жыл еңбектеніп, көп қаржы жұмсаған.

Тапсырма:
1.Төмендегі сөздерді оқып, аударып, мағынасын табыңдар.
Черный, дешевый, принести, большой, хороший, ночь, тонкий, низкий, продать, покупатель, новый, дать.

2. Сөздерді бағандарға бөліп жаз.
Сырт киім Бас киім Аяқ киім.
Көйлек, тымақ, жейде, етік, туфли, белдемше, тон, бәтенке, бөрік, пальто, шалбар, костюм, орамал, қалпақ, күртке, шапан, қамзол.
2. Мәтінге 5-6 сұрақ құрастыр.

Ойын.

Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр. Екеуі допты әрі тепті, бері тепті. Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды. Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті. Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда допты әрең тауып алып, сыртқа беттеген. Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті. Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды. Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр.
- Қорықпа. Сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз, - деді Асқар.
- Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым деймін, - деді Ораз.

Тапсырма:
1) Ой қозғау.
- Егер сен Ораздың орнында болғанда не істер едің?
- «Өтірік айту» қандай қасиет?

2) Венн диаграммасы
Ораз Асқар


Аулада бірге ойнады
Ойынды жақсы көреді
Екеуі де жас бала

Үй шаруасы.

Мұғалім сабақ сұрағанда, Мұрат білмеді.
- Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба?
- Қолым тимеді, ағай!
- Не істедің?
- Үй шаруасымен айналастым.
- Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?
- Әкем үйде жоқ. Жолаушы кеткен. Апам ауырып жатыр.
Мұғалім аяғандай болды.
- Отыра ғой, шырағым! - деді.
Ертеңіне Мұрат оқуға келмей қалды. Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне бардық. Әбден терлеген, шаршаған екен. Біз жабылып отынын тасып бердік. Аттарына, сиырларына шөп салыстық.


Тапсырма:
1.Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар.
2. Көмек беру, қол ұшын беру, жәрдемдесу деген сөздерге түсінік бер.

3. Туыстық атауларды топтастыр

4. Нақты, нақты емес зат есімдерді теріп жаз.
деректі дерексіз

Жаман жолдас.
Екі дос ағаштың арасымен келе жатып бір аюға кездесті. Олардың біреуі әлсіз, ауру екен. Аюды көрген кезде сауы ауру жолдасын тастап, жүгіріп барып, бір ағаштың басына шығып кетеді. Ауру, ә лсіз досының ағашқа шығуға дәрмені болмайды. Ол жерге етпетінен түсіп, өлген кісідей, дем алмастан жата қалады. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен. Аю жатқан адамның қасына келіп, иіскелеп, дыбысы білінбеген соң, жөніне кетеді.
Аю кеткен соң, ағаштың басындағы жолдасы жерге түсіп, ауру досынан:
- Аю сенің құлағыңа не деп сыбырлап кетті? - депті.
- Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді, - деп досы жауап беріпті.
Тапсырма:
1.Ой шақыру.
- Сеніңше, жаман жолдас бола ма?

Мәтіннен үзінді Менің пікірім
Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді....



2. Жолдасың туралы әңгімелеп бер.
3. Сын есім сөздерді теріп жаз.
4. Әңгіме бойынша талдау жаса

1 топ 2 топ
Жақсы Жаман
Ауру жігіт
Жерге құлады
Аю иіскеді
Жерден тұрды
Жауап берді Сау адам
Ағашқа шықты
Аю
Ағаштан түсті
Сұрады

Торғай.

Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін. Итім жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей бұға бастады. Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Ит балапанға ептеп жақындай бергенде, кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл қасына кеп қонды. Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Ол балапанын өз денесімен бүркемек болды. Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп, дауысы шыр-шыр етеді. Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр. Мен итімді тез өзіме шақырдым. Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық күші мені таң қалдырды. Мен жөніме кеттім.

Тапсырма:
1. Мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастыр.
2. Қандай құстарды білесің?
3. Торғай сөзіне фонетиикалық талдау жаса.
4. Мына саөдерді сөз құрасына талда:
Итім, денесімен, балапанға, торғайдың, аналық, ұясынан.

Қолқанат.
Сәкен шаруаға ұқыпты болды. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді. Ағайынды жетеуміз. Сәкен бәрімізден үлкен. Жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. Біз оянып, далаға шыққанда, Сәкен есік алдында жүреді. Ол бізді Қараөзек бойына соқпақ жолмен бастап алып кетеді. Мөлдір бұлақ басына барамыз да, жуынамыз. Сәкен әуелі кішкентай қарындасымыз Рахима, Халима, Сәлималарды жуындырады, шаштарын тарап, өріп береді. Содан кейін барып, өзі жуынады. Біздің күндегі әдетіміз-осы. Қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай жүреміз.
“Айналайын, менің ақ қаздарым”, - деп анамыз есік алдынан бізді қарсы алады. Сәкеннің маңдайынан сүйіп жатып:
- Қолқанатым менің! - дейді.

Тапсырма:
1. Қолқанат деген сөзге синоним келтір.
2. Сәкен қандай бала деп ойлайсың?
3. Етістіктерді теріп жаз.
4. Сен анаңа қалай көмектесесің?
5. Өз бауырларыңа қандай қамқорлық көрсетесіңдер?
6. Нақты, нақты емес зат есімдерді теріп жаз.
деректі дерексіз

Теңбіл доп
Шатақтың бәрі теңбіл доптан шықты. Бұрын олар футболды Қайраттың жыртық қара добымен ойнаушы еді. Соның өзі қызық болатын. Ойда жоқта базарға барған әжесі теңбіл доп сатып әкеліпті. Оны көрген Тұрсынның қуанышында шек жоқ-ты. Теңбіл допты құшақтап барлық балалардың үйіне кіріп шықты.
Жаңа доппен футбол ойнауға құмартып, олардың бәрі түгел жиналды. Қайрат «енді бұнымен ойнамаймыз» деп қара допты қақ айырып тастады. Сол күні ойын да қызық болды. Ойынның қызықтығы сондай, қас қарайса да бірде-біреуі үйіне қайтпады. Допты өзі мақтанып көрсетсе де, енді Тұрсын өкіне бастады. Басқалар бұның добын қатты-қатты тебе ме, қалай өзі? Қараңғыда тікенек кіріп жарылып кетсе ше? Әрі өз добыңмен ойнаған қызық емес екен. Жыртық қара допты аямай соғатын, теңбіл допты жай тебем деп дұрыс ойнай алмады.
Түу, сол күнгі ойынның ұзаққа созылғаны-ай! Әжем шақырып жатыр деп алдап кетпекші еді, абырой болғанда өздері де тарады. «Ертең тағы ойнаймыз, добыңды қалдырмай ала кел»,– деді балалар, Тұрсын допты ұмытып кететіндей-ақ.
Бірақ, шынында да, олар келесі күні футбол ойнамады. Теңбіл допты біреу ұрлап кетіпті. «Кім болса да көрсетер едім»,– деп балалардың көзінше өп-өтірік кіжінді Тұрсын. Өйткені теңбіл допты тығып қойған өзі еді. Олар бір-біріне жала жауып, төбелесіп әрең тарасты.
Теңбіл доп жоғалған соң балалар футбол ойнауды доғарды. Ал Тұрсын өзін қоярға жер таппады. Ол футбол ойнауды сұмдық жақсы көретін. Енді кіммен ойнайды?

Тапсырма:
1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.
2. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар.
3. Тұрсынның әрекеті туралы не айтар едіңдер?
4. Егер Тұрсынның орнында сен болсаң не істер едіңдер?
5. Мәтінді жалғастырып көріңдер.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: мади95
Просмотров: 8620 | Загрузок: 163 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 4:32 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru