Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Зат есімнің септелуі"
[ Скачать с сервера (28.0 Kb) ] 2015-01-06, 9:12 AM
Сабақ « 8 » қазан 2014 жыл
7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Сабақтың
білімділік мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларының белгілі бір грамматикалық мағына үстейтіндігін меңгерту.
дамытушылық мақсаты: сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;
тәрбиелік мақсаты: : адамгершілік тәрбие беру, таза ,әдемі жазуға баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: баяндау, пікірлесу, түсіндіру, талдау, ішінара ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдтар
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1. 24-жаттығу.
2. Ережелерді қайталау

Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес - өздерінің аттарын ашады. Бұл қазақ тіліндегі жеті септік. Олардың сұрақтары және септік жалғаулары бар екендігін сендер бастауыш сыныпта танысқан едіңдер. Соларды еске түсіріп көрейік. Осы орайда оқушыларға слайд көрсетіледі. «Жетіген» аспабына байланысты аңыз айтылды. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде интерактивті тақтадан кесте – сызбалар көрсетілді.

Зат есімнің септік жалғаулары

Септіктердің аты Сұрақтары Септік жалғаулары
Атау септік Кім? не?
Ілік септік Кімнің? Ненің? - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің
Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? - ға, - ге, - қа, - ке
Табыс септік Кімді? Нені? - ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті
Жатыс септік Кімде? Неде? - да, - де, - та, - те
Шығыс септік Кімнен? Неден? - нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен
Көмектес септік Кіммен? Немен? - мен, - бен, - пен

Сонымен септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде она басқа сөздермен байланысқа түсіреді.

Тәуелденген зат есімнің септелуін жай септеумен салыстырғанда барыс, табыс, жатыс септіктерінде айырмашылық бар.

Септіктер Тәу.жалғаудың І,ІІ жақтарынан кейін Тәу.жалғаудың ІІІ жағынан кейін
Атау септік
Ілік септік -ның,-нің -ның,-нің
Барыс септік -а,-е -на,-не
Табыс септік -ды,-ді -н
Жатыс септік -да,-де -нда,-нде
Шығыс септік -нан,-нен -нан,-нен
Көмектес септік -мен -мен
Суретте көрсетілген ұлттық аспаптармен таныс болып, септеңдер.


Мәтінмен жұмыс.
25-жаттығу.
Тапсырма.Өлең мәтінін рөлге бөліп оқу. Әр септіктің сұрақтары мен жалғауларын естеріңе түсіріңдер.

26-жаттығу
Тапсырма. Өлеңді көшіріп жазып, септік жалғаулы сөздердің қай септікте тұрғанын ажыратыңдар.

«Септеу эстафетасы» ойыны.
Шарты: Тақтаға үш қатардан үш оқушы шығып, берілген зат есімді септейді. Қайсысы бұрын аяқтаса, қатесіз орындаса, жеңімпаз болады. Септіктердің орны ауысып кетпеу және жалғаулары дұрыс жалғануы керек.

Отан, баласы, әжесі, ата, ел.

32- жаттығу. Берілген көмекші сөздердің негізгі сөздермен тіркестіріп, сол тіркесті қатыстырып сөйлем құраңдар.
Маң, қас, орта, үст, аст, іш, шет, қыр.
Үлгі: Ауылдың маңы көкорай шалғын. (Маңы- көмекші есім, ол ауылдың деген сөзбен байланысып тұр.)

30-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауын қойып жазып, қай септік екенін анықтаңдар.
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат аңталас,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен,
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
(Абай)

Сабақты қорытындылау.
- Септік жалағулардың ерекшеліктері неде?
- Зат есімнің сөйлемдегі қызметі септік жалғаумен тікелей байланыстылығын қалай дәлелдейміз?
- Көмекші есімдердің мағыналық қызметі жағынан қандай ерекшеліктері бар?

Үйге тапсырма.
1. 29-жаттығу.
Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап көшіріңдер, ол жалғаудың неліктен түрліше болғанын түсіндіру.
2. 31-жаттығу.
3. Ережені оқу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Рауана
Просмотров: 1188 | Загрузок: 23 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 9:59 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru